Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру тетіктері сол өнімнің нақты нарықтағы тұтынушылардың талғамдарына сәйкестік деңгейімен айқындалады. Бұл шарт өнімнің бәсекеге қабілет деңгейін анықтауды қажет етеді.

Курстық жұмысымның талдауына негіз болып отырған сүт өнімдері тамақ өнімдеріне жатады, ол адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау, ең алдымен оның сапалық құрамына тәуелді (өңделу деңгейі, дәмі, түсі,иісі, майлылығы, сақталу мерзімі және т.б.). бәсекелес өнімдерден сапалық артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір мүмкіндігі болып табылады. Келесі бағыт оның бағалық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бағалауды қажет ететін тағы бір тұсы, ол – тартымдылық қасиеті. Оған өнімнің сыртқы келбеті, қорабының ыңғайлылығы, сауда белгісі және өнімнің танымалдылығы жатады. Кәсіпорын жұмысының тұтынушылардың талаптарына сай өнім өндіруге негізделуі оның бәсекелік тұрақтылығының жоғарылауына кепіл болады.

Өнімнің сапалық және тартымдылық қасиеттерін балдық жүйе бойынша анықтау тұтынушылардың сараптамалық бағалау мәліметтерімен жүргізіледі. Әрбір көрсеткішке тұтынушылардың берген балдық бағаларын (ең төменгісі 1 балдан, ең жоғарғысы 10 балға дейін) топтастыру арқылы орташа мән алынады және маңыздылық коэффициенттері белгіленеді.

Ұсынылған әдістемеге сәйкес есептелген нәтижелерді 4- кесте мәліметтерінен көруге болады. кестеде келтірілген сүт өнімдерінің бағалары 2011 жылдың сәуір айында қалыптасқан деңгейімен алынған.

«ФудМастер» ЖШС әртүрлі сүт өнімдерін өндіреді, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін мына өнімдер алынды: сүт, кефир, қаймақ сүзбе, балмұздақ.

4-кесте. Сүттің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау

( майлығы 3,2%, 1 литр)

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымды-лық деңгейі Нарықтық бағасы, тг
ФудМастер

9,26

8,07

114

0,66

2

Агропродукт

8,47

7,19

115

0,53

6

Веселый молочник

7,44

9,14

113

0,6

4

Кайсар

6,83

5,37

114

0,32

10

Адал

8,56

6,69

103

0,56

5

Домик в деревне

7,25

8,6

146

0,43

7

Мое

7,86

6,32

140

0,36

9

Айналайын

9,64

9,13

145

0,61

3

Белое

8,0

6,84

133

0,41

8

«Мумуня»

9,59

8,72

125

0,67

1

Ескертпе: статистикалық мәліметтерге сүйене отырып автормен құрастырылған

Бәсекеге  қабілеттіліктің  көрсеткіштерінен  бірінші тұғырға ие болған «Мумуня»  сауда  белгісіндегі  сүті,  біздің  зерттеуіміз бойынша ішкі нарықта бәсекелік қабілеті ең жоғары өнім болып есептеледі (бәскеге қабілеттілігі деңгейі 0,67). Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүті (0,66) және «Айналайын» (0,61) сүті де тұтыну нарығындағы бәсекелік тұғырларының жоғары екендігі көрсетті. «ФудМастер» ЖШС өнімін «Мумуня» сауда белгісіндегі сүтімен салыстырғандағы сапа параметрінің көрсеткіші 0,97-ге, ал «Айналайын» сүтімен  салыстырғандағы  көрсеткіш  0,96-ға  тең.  Бұл  көрсеткіштер 1-ге өте жақын болғандықтан сүттің сапасы жоғары деген шешімге келеміз.

5-кесте. Кефирдің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау

( майлығы 3,2%, 1 литр)

Сауда белгісінің атауы Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымды-лық деңгейі Нарықтық бағасы, тг
ФудМастер

9,33

8,5

115

0,69

1

Агропродукт

8,24

7,12

107

0,55

4

Веселый молочник

7,56

9,21

112

0,62

3

Кайсар

6,9

5,85

98

0,41

6

Адал

8,43

6,26

112

0,47

5

«Мумуня»

9,4

8,32

117

0,67

2

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді

Бұл жерде бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші орында біздің «ФудМастер» ЖШС кефирі (бәсекеге қабілеттілік деңгейі 0,69) болып отыр. Кейінгі екі орынды «Мумуня» (0,67) және «Веселый молочник» (0,62) өнімдері алып отыр, біріншісі сапа деңгейімен, екіншісі тартымдылық деңгейімен ерекшеленді.

6-кесте. Қаймақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау

( майлығы 15%, 200г)

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері

Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымды-лық деңгейі Нарықтық бағасы, тг
ФудМастер

9,46

8,63

88

0,93

1

Агропродукт

7,9

7,36

75

0,78

7

Веселый молочник

8,04

9,12

84

0,87

4

Кайсар

6,58

7,22

56

0,84

6

Адал

9,03

8,52

84

0,92

2

Домик в деревне

8,76

9,0

87

0,91

3

Мумуня

9,36

8,23

91

0,85

5

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді

Қаймақ өнімдерін бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалағанда да біздің «ФудМастер» ЖШС-нің өнімі алдыңғы орынға ие болды. Жоғарыдағы кестеге қарап, қаймақтың сапасы өте жақсы және тартымдылық деңгейі де салыстырмалы түрде жоғары деген қорытындыға келеміз.

7-кесте. Сүзбенің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау  (200г)

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері

Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымды-лық деңгейі Нарықтық бағасы, тг
ФудМастер

9,72

9,36

138

0,66

2

 

Агропродукт

8,87

7,78

96

0,72

1

Веселый молочник

8,26

9,12

124

0,61

4

Кайсар

7,84

6,24

83

0,59

5

Адал

8,38

8,15

108

0,63

3

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді

Бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға ие болған «Агропродукт» ЖШС-нің сүзбесі, біздің зерттеуіміз бойынша ішкі нарықта бәсекелік қабілеті ең жоғары өнім болып есептеледі (бәскеге қабілеттілігі деңгейі 0,67). Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүзбесі (0,66) және «Адал» сүзбесі (0,63) де тұтыну нарығындағы бәсекелік тұғырларының жоғары екендігі көрсетті. Біздің «ФудМастер» ЖШС-нің сүзбесінің сапа мен тартымдылық деңгейлерінің коэффициенттері талданған басқа өнімдердің коэффициенттерінен жоғары, бірақ нарықтық бағасы да жоғары болғандықтан, ол екінші орында.

8-кесте. Балмұздақтың бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін бағалау

Сауда белгісінің атауы

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері Бәсекеге қабілеттілік деңгейі, БҚ Бәсекелік тұғыры
Сапа деңгейі Тартымды-лық деңгейі Нарықтық бағасы, тг
ФудМастер стаканчик

9,68

8.46

28

2,9

1

Агропродукт стаканчик

7,24

7,63

26

2,12

3

Кайсар пломбир

6,79

6,85

29

1,6

7

Вечерний Алматы

8,2

8,67

38

1,9

4

Смак пломбир

6,58

7,08

27

1,7

6

Шин Лайн  Снеговик

7,42

7,67

32

1,8

5

Ескертпе – бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау әдісіне сәйкес есептелді

8,06

9,1

28

2,6

2

Бұл жерде бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші орында біздің «ФудМастер» ЖШС-нің балмұздағы  (бәсекеге қабілеттілік деңгейі 2,9) болып отыр. Кейінгі екі орынды «Снеговик» сауда маркісімен Шин Лайн ААҚ (2,6) және «Агропродукттің» стаканчик балмұздағы (2,12)  алып отыр, біріншісі тартымдылық деңгейімен, екіншісі төмен баға деңгейімен ерекшеленді.

«ФудМастер»  ЖШС-нің  өнімдерін талдап,  мынандай  қорытындыға келеміз:  «ФудМастер»  ЖШС-нің  өнімдері ішкі нарықта бәсекеге           қабілетті болып  келеді. Әсіресе бұл кефир, қаймақ және балмұздақ өнімдерінен көрінеді, олар бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіштерінен бірінші тұғырға  ие болған. Ал сүт пен сүзбе өнімдері екінші орынға ие болғандықтан, талдаудан біз  өнімдердің  тартымдылық  деңгейін  өсіру  керек; барлық  өнімнің  сапасы  қанағаттандырады,  жоғары  деген шешімге  келдік.
Тағы рефераттар