Гендік инженерия бойынша қазақша Глоссарий
Bigox.kz Ұсынады!
1. АЛЛЕЛЬ-гомологтық хромосомалардың бөліктерінде орналасқан геннің әр түрлі күйі.Біржұп белгіні (тұқым тегіс және кедір-бұдырлы пішінін сары және жасыл түсін) анықтайтын гендер аллельдер деп аталады.Аллель белгілердің дамуын анықтайды, қандай да бір белгінің дамуын анықтайтын гендердің бір немесе бірнеше жұбы.
2. АМПЛИФИКАЦИЯ-хромосомалар бөлігінің бірнеше рет қайта-лануы. ДНҚ тізбектерінің немесе геннің санының бірнеше есе өсуі.
3. АНТИГЕН-организмдерге енгенде антизаттардың (иммуногло-биндердің) синтезделуіне себепші болатын бөтен молекула ( белок не полисахарид)
4. ГЕНОМ (ҚОРЫ) КІТАПХАНАСЫ-ДНҚ клонының қоры. Түр геномының құрамына кіретін ДНҚ фрагментінің әрқайсысынан кем дегенде бір-бір данасы бар жиынты-ғын айтады.
5. БИОИНФОРМАТИКА-бұл есептегіш биохимия, молекулярлы биология және биотехнологияны зерттейтін ғылым.
6. ВЕКТОР-генді бір жасушадан басқасы-на тасымалдай алатын плазмадан неме-се сақина тәрізді вирус ДНҚ-сынан алын-ған ДНҚ молекуласы
7. ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОД-нуклейн қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас жазылу жүйесі.Генетикалық кодтың негізгі қасиеті-әрбір амин қышқылының үш нуклеотидімен жазылуында; ДНҚ-ның нуклеотидтік кодының болуы арқасында, ген белоктағы амин қышқылдарының жүйелігін бақылайды; бір геннің кодондары бірін-бірі жаппайды; көптеген амин қышқылының қалдықтары бірнеше кодондармен кодталады; әрбір жеке кодон тек бір амин қышқылының қалдықтарымен кодталады; әмбебаптылық генетикалық код барлық зерттелген организмдерге бірдей.Тірі жасушаларда генетикалық код, яғни генмен кодталатын белок синтезі; екі матрицалық процестер (транскрипция және трансляция) арқылы жүзеге асады.
8. ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ— генетикалық және биохимиялық әдістер арқылы түр аралық кедергілер жоқ тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу. Алмасудың соңғы өнімін синтездейтін жасуша қожайынында көбейе алатын генетикалық материалдың in vitro жағдайында жаңа комбинациясын бағыттап шығатын малекуланың генетикалық тарауы.
9.ГЕН-хромосоманың белгілі бөлігіне орналасқан тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі немесе белоктың бірінші реттік құрылымы жайлы информация жазылған ДНҚ молекуласының кесіндісі.
10.ГЕНОМ-ағза түрінің гаплоидты хромосомалар тобына тән гендердің жиынтығы. Бір жасушадағы ағза генотипін анықтайтын бүкіл ДНҚ құрамындағы барлық гендер жиынтығын айтады.
11.ГЕНОМИКА— бұл ғылым саласы, тірі ағзалардың геномын зерттейді.
12. Генетикалық карта генетикалық рекомбинация негізінде жасалған хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
13.ДНҚ-ПОЛИМЕРАЗАЛАР-дезоксирибонуклеотидтрифосфаттардан ДНҚ-ның синтезделуін жүргізетін фермент.Реплика- ция кезіндекомплементарлы принцп бойынша бос нуклеотидтен екінші тізбекті түзеді,яғ-ни,ДНҚ-полимераза тізбекті синтездейді.
14.ГЕНДІК ТЕРАПИЯ-ауру адамның мутантты ген бар генотипіне дұрыс функциональді генді енгізу.
15.КЛОНДАУ-жасанды ортада өсіру арқылы ре-комбинантты ДНҚ молекуласын анықтау әдісі.
16.кДНҚ(комплементарлы ДНҚ)-in vitro орта-сында кері транскрипция жолымен синтездел-ген бір тізбекті ДНҚ;РНҚ-ға комплементарлы.
17.КОД ГЕНЕТИКАЛЫҚ -нуклейн қышқылдары мо-лекуласындағы тұқым қуалаушы ақпараттың нук-леотидтер тізбегі түріндегі біртұтас жазылу жүйе-сі.Генетикалық кодтың негізгі қасиеті-әрбір амин қышқылының үш нуклеотидімен жазылуында; ДНҚ-ның нуклеотидтік кодының болуы арқасында, ген белоктағы амин қышқылдарының жүйелігін бақы-лайды; бір геннің кодондары бірін-бірі жаппайды; көптеген амин қышқылының қалдықтары бірнеше кодондармен кодталады; әрбір жеке кодон тек бір амин қышқылының қалдықтарымен кодталады; әм-бебаптылық генетикалық код барлық зерттелген организмдерге бірдей.Тірі жасушаларда генети-калық код, яғни генмен кодталатын белок синтезі; екі матрицалық процестер (транскрипция және трансляция) арқылы жүзеге асады.
18.КОДОН(триплет)-генетикалық кодтың өлшем бірлігі.Белгілі-бір аминқышқылын кодтайтын немесе белоктық синтездің басталуы не аяқталуы туралы белгі беретін нуклеин қышқылдардағы көршілес үш нуклеотидтердің кездесуі.Бұлардың әрқайсысы үш азотты негізден құралады.Мурацилгуанин-гуанин триплеті а-РНҚ тізбегінде болғанда белок молекуласында триптофан аминқышқылы болатыны анықталды.
19.КЛОН-(грек.klon-сабақ, бұтақ)-вегетативті жолмен көбею нәтижесінде пайда болаған, генетикалық табиғаты шығу тегімен бірдей жаңа ұрпақ.
20.ИНТРОН-ДНҚ-ның транскрипцияланатын және әдеттегі генетикалық информациясы жоқ бөлігі.Интрон экзондардың арасында орналасады.Эукариоттық гендердің ақпаратсыз бөлігі.
21.ЛОКУС-ағзаның түрлі белгілері мен қасиеттерін анықтайтын хромосоманың гендер орналасқан жеке учаскесі,геннің хромосомада орналасқан жері.
22.СҰРЫПТАЛУ МАРКЕРІ-бұл ағзалардың генетикалық әртүрлілігін қамтамасыз ететін олардың әр түрлі өмір сүру жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік беретін басты эволюциялық фактор.
23.ПЛАЗМИДА—ДНҚ-ның хромосомадан тыс тәуелсіз репликацияланатын (еселенетін) кішігірім сақиналы молекуласы. Бұл терминді 1952 жылы Дж.Ледерберг ұсынды. Плазмида тірі жасушаларда кездеседі және генетикалық зерттеулерде қолданылады.
24. “АДАМ ГЕНОМЫ”жобасы-2000 жылы маусымда Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр және сол кездегі АҚШ Президенті Билл Клинтон “Адам геномын зерттеу” программасы-Human Genome Project бойынша адам геномының алдын-ала варианттарын көрсетті, адамның геномының қатарының 97 пайызы анық екендігін айтты.Бұл проекті әлем лидерлері-АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Япония, Қытай қатысқан.
25.МУТАЦИЯЛАР-генетикалық материалдағы нуклеотидтердің санының, орналасу ретінің және түрлерінің өзгеру немесе онтогенез барысында ортаның жағымсыз факторларының әсерінен тұқым қуалау материялының өзгеріске ұшырауы.
26.КОСМИД-лямбда фагтың соs-сайты енгізілетін плазмида, нәтижесінде плазмидтік ДНҚ in vitro жағдайында фагтың ішіне оралуы (жинақталуы) мүмкін.
27.ПРАЙМЕР-ұзындығы 50 нуклеотидтен аспайтын РНҚ-ның қысқа фрагменттері ДНҚ-молекуласының артта қалған тізбегі синтезінің қозуы (оказаки фрагменттері түзілуі) үшін қажет.
28.ПСЕВДОГЕНДЕР-бұрын функциясы бар геннің мутациялануы нәтижесінде пайда болған активтілігі жоқ элемент.
29.ПОЛИМОРФИЗМ-популяция шеңберінде генетикалық жағынан өзгеше екі немесе бірнеше форманың болуы.Тиісті гомозиготамен салыстырғанда гетерозиготалар тіршілікке қабілетті болса, онда популяциядағы полиморфизм тепе-тең жағдайда болады.Популяцияда бір мезгілде бірнеше генотиптердің болуын айтады.
30.ПОЛИМЕРАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТІК РЕАКЦИЯ-ДНҚ-ның арнайы амплификациясы іске асырылады.Ол үшін ДНҚ-полимеразаның фермнеті екі праймердің қатынасуымен ДНҚ молекуласының өзара комплементарлы тізбектерін таңдамалы түрде синтездейді. ПТР әдісін 1983 ж К.Муллис ұсынған.
31.ПРОТЕОМИКА-молекулярлы биологияда жаңа пайда болған бағыт, ол салыстырмалы зерттеудің жасушалардың протеомдарын, яғни сол жасушадағы ақуыздардың құрылымымен бір қалыпты уақыттағы даму фазасын зерттеу.
32.РЕСТРИКТАЗА-ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін фермент.Рекомбинанттық ДНҚ-ның екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады.Рекомбинация 2 жолмен жүреді:табиғи және жасанды, анықталған генді өзіндік пайдалы және басқа жасушаға ене алатын бөлігін айтады.
33.РЕКОМБИНАНТТЫҚ ДНҚ-толық құрылымды ДНҚ молекуласынан әр түрлі ДНҚ екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады.Рекомбинация екі жолмен жүреді: табиғи және жасанды(гендік инженерия жолымен алынған
34.РЕВЕРТАЗА-(кері транскриптаза)-онкогендік РНҚ-лары бар вирустардың ферменті, ол кері транскрипция деп аталатын,яғни вирустың РНҚ үлгісімен провирустардың ДНҚ-сын синтездейді.Синтездеу барысында РНҚ-ДНҚ буданы пайда болып,ДНҚ тізбегі ДНҚ-ға тәуелді ДНҚ-полимеразаның әсерімен екі еселенеді, осыдан ту-ған ДНҚ-ның тізбегі әрі қарай еселенеді. Ревертазаның көмегімен синтезделетін вирустың ДНҚ жұқтырылған жасушаның геномына кіреді.
35.РЕПЛИКОН-репликацияның өлшем бірлігі; яғни өздігінен репликациялана алатын генетикалық мо-лекула.ДНҚ репликациясының басталу нүктесінен келесі “кеесі репликация айырымен” кездесетін жерге дейінгі ДНҚ-ның бөлігі “репликон” болып табылады.
36.САТЕЛИТТІ ДНҚ-өзара ұқсас көптеген жүз мың-нан бірнеше млн-ға дейін тандемді қайталанулар-дан құралған тізбек; бірінші реассоциацияланатын ДНҚ бөлігі.Эукариоттық жасушаларда кездеседі.
37.СҰРЫПТАУШЫ ОРТА-бұл ағзалардың ге-нетикалық әртүрлілігін қамтамасыз ететін,олар-дың әр түрлі өмір сүру жағдайларына бейім-делуіне мүмкіндік беретін басты эволюциялық фактор: тұрақтандырушы, қозғаушы, дизруп-тивті сұрыптау болып бөлінеді:
Тұрақтандырушы сұрыптау- популяцияда фе-нотиптің не белгінің орташа вариантын сақтай-ды.
Қозғаушы сұрыптау-фенотиптің белгілі-бір ба-ғытта өзгеруін қамтамасыз етеді, осы белгінің орташа мәндерінің не көбеюімен не азаюымен көрінеді.
Дизруптивті сұрыптау-шеткі варианттарды сақ-тап аралық немесе орташа варианттарды жояды.
38.СЕКВЕНИРЛЕУ-нуклеин қышқылының тізбегіндегі нуклеотидтердің немесе белоктағы амин қышқылының орналасу ретін анықтау
39.ТРАНСФОРМАЦИЯ-1.Бактериялар генетикасында-бөтен, экзогенді ДНҚ-ның тікелей енуі арқылы жасушаның тұқым қуалаушылық қасиетінің өзгеруі; 2.сома жасушалар генетикасында- әдеттегі жасушалардың ісік клеткаларға айналуы..
40.ТРАНСПОЗОН— үш үзілістің салдарынан пайда болатын хромосома сегментінің хромосома ішілік (инверция) немесе хромосома аралық біржақты транслокациясы.Транспазонның бір локустан басқасына ауысуын ДНҚ-ның транспозициялық жүйесі қамтамасыз етеді.
41.ТАНДЕМДІК ҚАЙТАЛАУЛАР-орташа қайталана-тын ДНҚ.Екі бөліктен тұрады:транскрипцияланатын (құрылымды гендер және псевдогендер) және тран-скрипцияланбайтын (спейсер).
42.ТРАНСДУКЦИЯ-генетикалық ақпаратты бір бак-терия жасушасынан екіншісіне фаг арқылы жеткізу; бактериялар вирустарының (бактериофагтардың) ДНҚ генетикалық бір бөлшегін бактериялардың донор клеткасынан рецепиент жасушасына тасымалдау процесі. Рецепиент бактерияларға донордың әр түрлі белгілері трансдукция жолымен берілуі мүмкін.Мұн-дай белгілерге:метаболизмнің ерекшеліктері; көмір-суларынан ашыту қабілеті, спора түзушілік, уытты ан-тигенге төзімділігі, беттік антигендердің сипаты жата-ды.
43.ЭКЗОН-белоктың түзілуін анықтайтын генети-калық ақпаратты алып жүруші геннің (ДНҚ) айқын білінетін бөлімі. ДНҚ-ның экзоны сәйкес келетін бө-лімі белоктың алғашқы құрылымын анықтайтын ақ-параттың РНҚ молекуласында да болады. Экзон ген құрылымындағы басқа фрагметтер-интрондар-мен кезектесіп келіп отырады.
44.САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНОМИКА-әр түрлі ағза-дағы ұқсастығы мен айырмашылығы анықтайды. Негізгі мақсаты олардың орталық заңдылықтары мен құрылысын зерттейді.
45.ФУНКЦИОНАЛЬДІ ГЕНОМИКА-идентификатты функцияның әр гені мен геномның бөліктерін, жасу-шаның жүйесінде анықталуы мен байланысуына бағытталған.
46.ЭКЗОНУКЛЕАЗА-нуклеин қышқылын 3`немесе 5` ұштарынан (соңынан) бастап, нуклеотидтен соң нуклеотидті ажырататын фермент (нуклеаза)
47.ЭНДОНУКЛЕАЗА-нуклеин қышқылын кез келген жерінен экзонуклеаза сияқты соңынан ғана емес, орта бөлігінен де ажырататын фермент (нуклеаза)
48.АНТИМУТАГЕНЕЗ-мутациялардың ағзада тұрақталып сақталуын, не мутация әсерлерін болдырмайтын биологиялық механизмдер жиынтығы.
49.ГЕНДЕРДІҢ АМПЛИФИКАЦИЯСЫ— жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында кейбір гендердің көшірмеленіп көбеюі.
50.ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЖҮК-популяция дараларының бейімделушілігін төмендететін мутациялар жиынтығы.
51.КОЛИНЕАРЛЫҚ—ДНҚ молекуласында нуклеотидтердің орналасуының полипептид молекуласының амин қышқылдарына сәйкес келуі.
52.КӨПШІЛІКТІ АЛЛЕЛИЗМ-бір геннің екіден көп формада кездесуі.
53.ПОЛИМЕРИЯ-бірнеше аллельсіз гендердің бірлесіп бір белгіні дамытуы (полигенді тұқым қуалау)
54.ТЕЛОМЕРАЗА-жасушаның бөліну кезінде бұзыған хромосома ұшының құрылысын қалпына келтіруші фермент.
55.ЭКОГЕНЕТИКА-қоршаған орта факторларының ағзаның тұқым қуалаушылығына әсер етуі негізінде қалыптасатын түрліше реакцияларының ерекшеліктерін зерттейтін генетика саласы.
56.ЭПИСТАЗ-аллель емес гендердің әрекеттесуі бір түрі: бір аллель емес геннің екінші аллель емес геннің әрекетін бастырмалайды.
57.ТРАНЗИЦИЯ-гендік мутацияның бір түрі;бұл кезде бір пуриндік негіз екінші пуринмен (А не Г) немесе бір пиримидиннің екіншісімен алмасуы.
58.ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ГЕНОМИКА-геномның эволюциялық жолдары, генетикалық полиморфизмнің себептері мен әртүрлілігін қарастырады.
59.МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНОМИКА-адам геномы мен патогенді ағзаның геномын біле отырып, клиникалық және профилактикалық зерттеулер жүргізеді.
60.ЛЕТАЛЬ-жасушаның не ағзаның өліп қалуына әкелетін мутация.
Тағы рефераттар
- Қазақстан
- «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
- Жинақтаушы зейнетақы қорлары – халықты әлеуметтік тұрғыдан қолдау кепілі
- Тауардың қасиеттері және альтернативті теориялары
- Мерзімді валюталық операциялар курстық жұмыс