Кіріспе………………………………..3

Негізгі бөлім

Гормондар мен гормоналды препараттар

1.1 Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы……………….5

1.2 Аса маңызды гормондардың тізімі және қысқаша сипаттамасы ……………..6

1.3 Мүшепрепараттарды жасаудың жалпы әдістері……………………………………..7

2 Гормоналды препараттар, олардың жіктелуі және өндірудің жалпы принциптері

2.1 Гормоналды препараттар түсінігі, олардың жіктелуі…………………………….8

2.2 Микроағзалардан гормоналды препараттарды алу технологиясы………….14

2.3 Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі. Гомеостаз және оның реттелуі. Гомеостаз және оның механизмдері……………………………………………16

Қорытынды…………………………………….20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………..21

Қосымша А

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ғылыми-техникалық прогрестің қойған мәселелері арасындағы ең күрделісі және көп қырлысы – оның адамзат тағдырына әсері.

Республика Президентінің «Қазақстан — 2030″ жолдауында ел дамуындағы ұзақ мерзімді приоритеттің біріне «Денсаулық, білім және Қазақстан азаматтарының жақсы өмір сүруін» жатқызды. Мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық жақсы дамудың маңызды индикаторы – халықтың денсаулығы болып табылады.

Қазіргі өмір сүру шарттарында денсаулық сақтаудың тапсырма диапазоны халық денсаулығын антропогенді сипаттағы биологиялық, физикалық,  химиялық факторлардың әсерінен қорғау өзектілігінің есебінен кеңеюде.

Соңғы қездері халықтың денсаулығына қоршаған орта  әсерінің зияндылығын бағалауда көптеген жетістіктерге қол жеткізілді.

Халықаралық денсаулық пен еңбекті сақтау ұйымының конвенциясы халықтың еңбекпен қамтылған бөлігі  денсаулығының мүмкіндігінше жоғары деңгейде болуын декларациялайды.

Кейбір авторлардың  мәлімдеуінше, жұмыс орнында денсаулыққа қауіптілікті төмендету және оның алдын алу тек  технологиялық жағынан мүмкін ғана емес, экономика жағынан да тиімді.

Қазіргі кезеңде отандық және шетелдік өндірісіндегі биологиялық белсенді заттар жануар организміне, асқорыту және иммундық жүйелеріне жақсы әсер етеді.

Жануарлардың дұрыс өмір сүруі үшін бейорганикалық заттар, макро- микро элементтер қажет. Макроэлементтер әдетте түрлі ұлпалардың құрылыс материалы болып саналады, ол микроэлементтер, витаминді-минералды, ақзатты-минералды кешендердің құрамына кіреді.

Химияның жетістіктері арқасында гормоналды заттар тек қана ішкі секрецияның белгілі бір бездері қызметі өнімі ретінде ғана емес, табиғатта кеңірек кездесетінін атап көрсетті.

Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);

Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа, гормонды препараттарды қажет мезгілде  жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту үшін пайдаланылады.

Курстық жұмыстың мақсаты гормоналды препараттар мен оларды алу технологиясын зерттеу болып табылады

Осы міндеттерге сәйкес мынадай міндеттер қойдық:

— гормондар мен гормоналды препараттар мәнін ашу;

— гормоналды препараттарды алу технологиясының тарихына шолу жасау;

— гормоналды препараттардың бірқатар түрлерін алу технологиясын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

курстық жұмыс / 22 бет
Тағы рефераттар