Зерттеу өдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол — жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттар мен құбылыстардың мәнің ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Педагогикада зерттеудің екі деңгейі бар: эмпирикалық және теориялық.

Зерттеудің барлық әдістері келесі негіздемелер бойынша топтастырыла алынады.

Ғылыми танымдық деңгейі — теориялық немесе эмпирикалық. Оларға сәйкес теориялық зерттеу әдістеріі (анализ, синтез, салыстыру, модельдеу, т.б.) және эмпирикалық зерттеу әдістері (байқау, әңгіме, эксперимент, тест, т.б.) ажыратылады.

Зерттеуші-педагогтың объектімен әрекеттесуінің сипаты. Бұған: а) объектіні зерттеу (теориялық және эмпирикалық зерттеулердің аталған барлық әдістері); б) алынған деректерді өңдеу (сапалың және саңдың, онда корреляциялық, факторлық, кластерлік талдау, т.б. әдістері), математикалық-статистикалық өңдеудің әр түрлі деңгейлері. Зерттеуден сенімді нәтижелер алу үшін деректерді өңдеу сипаты маңызды, әсіресе, сандық (статистикалық) талдау, нақтылап айтқанда, әрі қарай алынған нәтижелердің сенімділігі, маңыздылығы және анықтығы сияқты әр түрлі өлшемдер бойынша деректер өңдеу. Зерттелетін құбылыстардың арасындағы байланыстың сипатын немесе оның біреуінің басқалармен бірге алғанда меншікті салмағын анықтау үшін корреляциялың және факторлың талдау әдістері пайдаланылады.

Алайда, жалпы кез келген ғылымда, атап айтқанда, педагогикада зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеудің маңыздылығын атағанның өзінде сапалық, яғни түсіндірушілік, мазмұндық талдау ең бірінші кезектегі және ауыстыруға келмейтіні талдау екені белгілі. Объектіні зерттеушілік әрекеттер негізі бойынша (зерттеу әдістері мен мәліметтерді өңдеуден кейін) алынған мәліметтерді ұсыну, көрсету әдістері: кестелер, графиктер, сызбалар, гистограммалар, т.б. ұсыну әдістерінің әрқайсысын таңдау негізделген және міндеттерге сәйкес болуы керек.

Зерттеудің мақсаты мен ұзақтылығы: а) объектінің, процестің, құбылыстың өзекті жағдайы туралы деректер алу; б) олардың уақыт өткен сайын өзгеру динамикасын қадағалау.

Зерттеу объектісінің өзіне тән ерекшеліктері объект ретінде кімді немесе нені қарастыруға байланысты.


Тағы рефераттар