Мазмұны:
I. Кіріспе бөлім
1. Кәсіби оқыту
1.1 Кәсіби оқытудың мазмұны мен жүйесі
1.2 Кәсіби оқытуды ұйымдастыру
ІI. Теориялық бөлім:
2. Есептеу және микропроцессор техника негіздері пәні
2.1 Есептеуіш техниканың даму тарихы
2.2 Ертедегі есептеу құрылғылары
2.3 Микропроцессор туралы мәлімет
2.4 Микропроцессордың түрлері
ІІI. Тәжірибелік бөлім:
3.1. Микропроцессорды орнату
3.2. Микропроцессор мен куллерді тазарту
3.3. Микропроцессордың құрылысын зерттеу ?????
IV. Қорытынды бөлім
VП. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі, осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Мұндай бетбұрыстар адамның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, оның жеке тұлға ретінде жаңаша қалыптасуын талап етеді. Осымен байланысты жоғары оқу орындары білім беруде адамның игерген білім, дағдысымен шектелмей, оның шығармашылық белсенділігін, кәсіби біліктілігін, өз бетімен әрекет жасау мүмкіндігін, өз пәніне қызығушылығын, ғылыми көзқарасын, кәсіби мәдениетін, педагогтік шеберлігін, т.б. қалыптастыруы қажет.
Білімгерлердің бойында мұндай қасиет пен қабілет қалыптасуы үшін оқу процесіне оқытудың жаңа нысаналарын, жаңа технологияларды енгізу қажеттілігі туып отыр.
Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жақсарту және азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығы 2000 жылы қырқүйектің 30-ыншы жұлдызында шығып, Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.
«Білім» мемлекеттік бағдарламасында, білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, дистанциялық оқытуды енгізу және тағы басқалар арқылы оқу процесіне қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық құралдарын енгізу көзделеді.
Білім беруді ақпараттандыру өте қажетті мемлекеттік ағарту үлгісін жүзеге асырудың негізгі құралы болып саналады, сонымен бірге білім беру бағытын қайта қарап, арнайы өндірістік салаға мамандар даярлау мақсатында терең білім беруге бейімдейді.
Кез келген ғылым саласын ақпараттандыру, сол ғылым ерекшеліктеріне тән, оның ішкі дүниесін сипаттайтын алгоритмдерін анықтау және оның ақпараттық қорын жасау болып табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру – өте күрделі және ұзақ орындалатын процесс екені белгілі. Мәселен, оқу процесін ақпараттандыру үшін, оқитын әр пәннің алгоритмдерін анықтап және алгоритмдік оқыту бағдарламасының қолданылу орнын таба білу керек. Компьютерлік оқытудың мұндай бағдарламалары, қалыптасқан дәстүрлі оқумен салыстырғанда білім беруді жоғары сатыға көтеруге мүмкіндік береді: білімгерлердің ой-өрісі деңгейін, ойлау қабілетін т.б. қасиеттерін арттырады, өйткені компьютердің мүмкіншілігі оқыту процесі материалдарының ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді. Сондықтан да алгоритмдік оқуға көшу ол процестің, құбылыстың өздеріне тән қасиеттерінің мәнін терең оқып түсіну деген сөз.
курстық жұмыс / 21 бет
Тағы рефераттар
- Фашизмге қарсылықтың ұйымдастырылуы және фашистік режимнің күйреуі
- Музыкалық ойлаудың негізгі параметрі
- Отбасының дамуы
- Атырау облысының экономикалық жағдайы
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік жәрдемақының қандай түрлері бар?