Құқық нормасы – әлеуметтік норманың түрі ретінде туралы қазақша реферат

Халык шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялык жағынан болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді, және осы дипломдық жұмыстың жоғарыдағы бөлімдерінде олардың экономиканы баскаруда алатын рөлі, маңызы дәлелденді. Экономика дамуын болжау және жалпы мемлекеттік жоспарларды жасау үшін, 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Республика Президентіне тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі құрылды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның басынқы багыттарын аныктау және стратегиялык жоспарлар жасау аркылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.

Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында Экономика министрлігіне, кейін ол таратылған соң жаңа кұрылған Экономикалық жоспарлау агенттігіне тапсырылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 казанында кол койылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік огандарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы» Жарлығына сәйкес жоғарыда аталған функцияны қайтадан кұрылған Экономика және сауда министрлігі аткаратын, бұл министрлік Экономика және бюджеттік жоспарлау болып қайта аталып, индикативтік жоспарды жасау аталған органға жүктелді.

Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары Қазақстан Республикасыыың Конституциясына, Қазақстан Республика Үкіметінің жыл сайын шығатын «Әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы» Қаулысына және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңына сәйкес негізделеді.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары туралы Қазақстан Республика Үкіметінің Қаулысы әр жыл сайын шығады және онда Қазақстан, облыстар және ұлттық компаниялар, мекемелердің жоспарланған мерзімге мақсаты, міндеттері және әлеуметтік-экономикалық          саясатынын басымдылықтары бойынша Үкіметтің көрінісі беріледі.

Аумақтың индикативтік жоспары Қазақстан Республикасының жоспарланған мерзімге арналған даму индикаторларына (1 кесте) және Үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясатыньщ басымдылыктарына негізделеді және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына» сәйкес жасалады.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2003-2006 жылдарға жоспарлаған республика дамуының негізгі макроэкономикалық индикаторлары 1 кестеде көрсетілген және аумақтардың даму болжамы осы индикаторлардың өсу қаркынынан төмен болмауын жергілікті жоспарлау органдары камтамасыз етуі.

2003-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерін болжамы

Көрсеткіштер 2001 ж. есеп 2002 ж. есеп 2003 ж.

есеп

Болжам
2004 ж. 2005 ж. 2006 ж.
ЖІӨ (жапы ішкі өнім), млрд. теңге 3251 3751 4210 4706 5312 6134,7
ЖІӨ, млрд. АҚШ долл. 22,2 24,4 26,7 29,1 32,1 36,3
АҚШ долл. теңгеге шаққанда курсы 146,7 153,5 147 150 155 159,5
Экономиканың монетизация деңгейі, % 17,7 20,4 22,2 23,6 24,3 24,6
Ұлттық Банктің алтын-валюталық қоры, млн. АҚШ долл. 2508,0 3139,0 4000,0 4231,0 4527,0 5008,0
Тауарлардың экспорты, млн. АҚШ долл. 9101,0 9677,0 10166,6 10606,0 11235,0 13244,0
Тауарлардың экспорты, млн. АҚШ долл. 7849,9 7530,0 8240,0 8715,0 9185,0 10093,0
Тауарлық баланс, млн. АҚШ долл. 1251,1 2147,0 1926,6 1891,0 2050,0 3161,0
Негізгі капиталға инвестиция, млрд. теңге 775,7 1193,1 1372,0 1177,3 1295,1 1498,5
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы мөлшері, млрд. теңге 534,8 555,5 535,5 563,0 609,3 650,7
Өнеркәсіп өнімінің жалпы мөлшері, млрд. теңге 1999,5 2292,0 2477,6 274,5 3140,1 3762,7
Экспортқа шыққан шикі мұнай бағасы, млн. АҚШ долл. 3891,0 5154,0 4686,5 4642,3 5382,1 7707,7
Мұнай бағасы, барелльге АҚШ долларымен 24,4 25,1 21,2 21,0 22,0 22,5
Мұнайдың экспорт бағасы, барельге АҚШ долларымен 18,2 18,3 15,9 15,8 16,5 16,9

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын

шетелдік тәжірибесі

Басқа елдердегі жоспарлау тәжірибесін біздің әлеуметтік-экономикалық жағдапымызға өзгертпей көшіріп алу мүмкін емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты:

1. республика   басқа   елдерден   саяси,   табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялык, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;

2. қазіргі Қазақстан жағдаиында біз ұлттык экономиканы кұру процесіндеміз   және   де   әлемдік   экономикалық   тарихта   құқық-жоспарлык шаруашьшықтан нарықтық экономикага өткен бізге ұқсас бір ел жоқ;

3. басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге      байланысты     тиісті      негіздеусіз      жүргізіледі     және «революциялык»     көрініс     табады,     ал     нарыктык     экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардьщ эволюциялык даму «нәтижесі» болып табылады.

Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау кажеттігі келесі жагдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің кағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылыктарын аныктау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылык процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалык процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатьш қорытынды — көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекетгік реттеудің негізгі кұралдары ретінде халык шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылыктарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады.

Осыған байланысты, шет елдердің жоспарды жасау және колдану тәжірибесін зерттеу өте мацызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай) индикативті жоспарлау — нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуші тәсілінің бірі болып  жоғары нәтижесін дәлелдеді және осы елдердің тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады.

 

Капиталистік елдерде  бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде

экономиканы басқарудың саларалық қағидасы қолданылды. Францияда дайындалған саларалык бағдарламалар барлык шешуші экономикалык салаларды қамтиді және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл аткарады. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарыктық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады. Францияда ағымды, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылдық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді, бұл кызметті Жоспарлау бойынша Комиссириат жүргізеді.

Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймактардьщ үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылык жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналдар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде күкықтык және ұйымдастырушылык тәуелсіздігі жоқ.

Халық шаруашылығында аймактық мәселелер мен оларды салалық эконо.микамен үйлесімді байланыстыруға Швециянын, Англияның, Германияның және де баска дамыған нарықтық жуйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары езінің әлеуметгік-экономикалык саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалык мақсатқа жету.

Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг кызметін жетілдірудің бірнеше колайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде жоспарлау:

1. басшылардың   үнемі   болашақты   ойлауын   ынталандыруға мүмкіндік береді;

2. мемлекет     және     шаруашылық     жүргізуші     субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;

3. көрсеткіштерді     анықтау     және     олардың     орындалуын қадағалауга жол ашады;

4. алдагы   мәселелердің   және   саяси   ұстанымдардың   нақты анықталуын талап етеді;

5. шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;

6. барлык  кызметкерлердің  міндеттерінің  өзара  байланыста. қарым-қатынаста екенін көрсетеді.

Аталған пунктерден ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз колданылады.

Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экрномикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі каржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады, Біріншіден, бюджеттік қаржьшен каржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халык шаруашылыгының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстын үлесі 50 пайыздан жоғары, ал Францияда 50 пайыз шамасында.

Екіншіден, кұрылымдык-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салык салу механизмі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кызығушылығын артгыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару.

Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады.

Австрия, Италия, ФранцІІя үкіметтерінін баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы баскзру органдармен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халык шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиді.

Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылык өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрстетеді. Біріншіден, ол табнғи-климаттык жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табнғи-климаттык фактордың қолайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер аркылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің арқылы ынталандыру.

Екіншіден, тұрғыидардың тамақ өнімдеріне кажеттілігін уақытында қа-мтамасыз етілуіне ауыл шаруашылықөнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл белінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың емірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылык өнімдеріне бага кұру процессіне негізгі мемлекеттік баскару органдары шеттеп түра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде құқық, экономикалық, тікелей, жанама, құкыктык және аймактық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты.

Қытай Халык Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады. Қытайдағы экономикалық реформалардьщ стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен «ауылдан қалаға» деген қагидаға негізделініп ерекшелінеді. Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудін күшті кұралдарын (директивтік жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) колданды. Сол сиякты нәтижелер бір катар Онтістік Шығыс Азия елдерінде — Жапонияда, Тайландта байқалады.

Қытай экономисті Цзииьвэнь Лидің айтуынша: «Қытайда макроэкономикалық жоспарлаудың негізін жекеменшік және мемлекеттік секторларынын тіркестігі кұрайды, соның ішінде мемлекеттік секторы — басымды. Мемлекеттік мекемелер экономикалык дербестікте жұмыс істегендіктен, Қытайда жоспарлау директивтік емес. индикативтік». Қытайда қазіргі жоспарлау жүйесі, бірынғай жалпы мемлкеттік жоспарлауында, көпдеңгейлі басқару принципіне сәйкес құрылады.

Экономиканың өзекті мәселелері мемлекеттің қатысуымен шешіледі. Оған төмеыдегілер жатады:

1) экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны, бағыттары және мақсаттары;

2) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру;

3) күрделі қар/кы бөлудің негізгі пропорциялары, мөлшері және оларды үйлестіру;

4) негізгі өндіріс объектілерінің құрылысы;

5) өндірістік күштІ үйлестіру;

6) халықтың материалдык және рухани тұрмысын көтеру;

7) мемлекеттік бюджет, несие қаржыларының түсуі және шығыны, акша эмиссиясы;

8) валюта кірісініңтепе-теңдігі және шетел капиталын пайдалану;

9) стратегиялық тауарларды және материалдық ресурстарды сатып алу және үйлестіру;

10) сыртқы сауда тауар айналымы және экспорт бағасы;

11) ғылым және техника жетістіктерін зерттеу және енгізу;

12)  білім беру, денсаулык сақтау және әлеуметтік саланын баска да салаларын дамыту;

13) экономика және техника саясатының негізгі бағыттары;

14) негізігі тауарлардың бағасы.

Қытайда аумак және сала дамуының жоспарлары, мемлекеттік жоспардың негізігі элементі болып табылады. Мемлекет қоғамдык өндіріс және қоғамдық тұтынудың комплекстік тепе-теңдігін камтиді.

Жалпы ұлттық экономикаға қатысты сұрақтарды шешу бойынша негізгі құкык мемлекет қолында шоғырланған және олар керекті материалдық және қаржы ресурстарымен қамтылған. Бұл шешімдер

орталык органдардың саясатын айкындайды. Бұл Қытайдық жоспарлау жүйесінің негізгі аііырмашылығы болып табылады. Қытай мамандары, осындай жоспарлау жүйесін экономика дамуының барлық кезеңдерінде колдану қажетдеп есептейді.

Сонымен қатар, қазіргі заманға сай, жоспарлау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

— орталыктырылған басшылықты күшейту қажет;

— ұлттык экономикасының тепе-теңдігін қамту бойынша жұмысты жақсарту;

— мекемелерді әр-түрлі деңгенлі жоспарлау дербестігімен камту;

— мекемелердің шаруашылық қызметі мемлекеттік жоспарға кіру қажет, немесе нарық өзгерістеріне сәйкес реттеу қажет.

Қытай экономистері жоспарлаудың үш формасын колданады:

1. Жалпы ұлтык экономикага қатысты міндеттер мемлекетпен орталықтырылран  жағдайда  орнатылады.  Мемлекеттік  органдар  сол бойынша директивтік жоспар жасайды, ол мекемелерге орындалу үшін жіберіледі. Директивтік жоспардың көрсеткіштері екі түрге бөлінеді: орындалуға міндетті және лимиттер.

2. Ұлтық экономикага маңызды міндеттер, әр-түрлі деңгейдегі халыктық үкіметтермен немесе жоспарлау органдарымен бағыттауыш жоспар ретінде орнатылады.

3. Ұлтық экономикаға жалпы болмайтын міндеттер, мемлекеттік жоспарда  қарастырылмайды.   Мекемелер,   өздерінің  және  нарықтын нақты жағдайына сәйкес, өз бетінше жоспар жасайды.

Қытайда индикативтік жоспарлау әр-түрлі деңгейден және мерзімнен құралатын бір тұтас жүйе — ұзақ мерзімді (10-20 жыл), орта мерзіміді (5 жыл) және жылдык.

Ұзақ мерзіміді жоспарлау — экономика, ғылым, техника және әлеуметтік саланың даму стратегиясын айқындайтын бағдарламалык құжат. Оның негізгі міндеті — ғылыми болжамдарға және экономикалык дамудың қаркыньша сәйкес — экономика саясатын кұру.

Жалпы жоспарлау жүйесінде — ұзақ мерзімді жоспарлау жетекші орын алады. Оны Қытай экономистері келесі себептермен түсіндіреді:

1. Ұзақ мерзімді жоспар ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін толык пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Ұзақ мерзімді жоспар — өндірістің технологиялық, аумақтык  және өндірістік жүйесін жетілдіруге мумкіндік береді.

Орта мерзімді жоспар — ұзақ мерзіміді және жылдық жоспардың  байланысты тобы және онда ұзақ мерзімді стратегия міндеттері  анықталады.

Орта мерзімді (5 жылдық) жоспарда келесі мәселелер орын алады:

1)  экономика дамуының қарқыны;

2)  экономикада қалыптасқан негізгі пропорциялар;

3)  ұллтық экономика дамуының негізгі көрсеткіштері;

4)  ғылыми-технпкалык   прогресстің   жетістіктерін   дамыту   және енгізу мәселелері;

5)  қала және ауыл тұргындарының орташа өмір сүру деңгейі;

6)  табиги ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау;

7)  халықтың табиғи өсуі және туу деңгейі;

8) мемлекеттің экономика және ғылыми-техникалық саясатынын маңызды бағыттары;

9)  жоспарды орындау бойынша негізгі шаралар.

Орта мерзіміді жоспар — өндірісті, кұрылысты, айналымды және

әлеуметтік саланы ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

Сонымен, ұзақ және орта мерзі.мді жоспар — стратегиялык маңызды және экономика дамуында жетекші роль атқарады. Ұзак және орта мерзімді жоспардың стратегиялары жылдық жоспар арқылы іске асырылады. Қытай мемлекеттік жоспарлау органдары, жылдық жоспарды іске асыру барысында айкындалатын жағдайларға және проблемаларға сәйкес, орта мерзімді жоспарды қарастырып, түзету енгізуге мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты, жоспар жүйесін кұру арқылы ұзақ, орта және жылдық жоспарлардың байланыстығын қамту қажет.

Ұзақ және орта мерзімді жоспарды жасауда келесі тәсілдер қолданады:

— жалпы тепе-теңдік тәсілі;

— монографиялық тәсіл;

— жоспарды үздіксіз жасау тәсілі. Жоспар төрт этап бойынша жасалады:

1)   дайындык жұмысы;

2)   бақылау цифрларын жасау;

3)   жоспардың жобасьтн бекітуге өткізу;

4)  жоспарды карастыру, бекіту және төменде тұрған органдарға жіберу.

Қытайда индикатнвтік жоспарды іске асыру бойынша механизм жасауға аса көңіл бөлінеді. Соған байланысты, мемлекеттік макроэкономикалық реттеу тәсілдері және жаңа формалары тұрақты зерттеліп тұрады.

Қытай мемлекеттік макроэкономикалық реттеудің мақсатын үш негізгі топқа бөлуте болады:

1. Экономика өсуін қамту.

2. Экономикалык тұрақтылықты қамту.

3. Экономикалык әділдікті қамту.

Жоғарыда аталған топтар максаттарының арасында байланыстык бар, ол өз бетінше бір жүйені құрайды, онда әр бір мақсат көптеген мақсаттықтарға белінеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық реттеу, сол көптеген мақсаттармен мақсаттықтарді қамти отырып, жалпы комплекстік мақсатты карастырады — ол экономиканы дамыту және қоғамның тұрмыс халін жақсарту.

Қазіргі таңда, Қытайдың макроэкономикалық реттеу келесі негізгі аспекттерді қамтиді:

1. Экономнканың даму қарқынының бір-қалыптығын сақтау. Қытай экономистерінің ойынша, экономика дамуының ты.м жоғары қаркыны сұраныспен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуына, нәтижеліктің төмендеуіне және бағанын өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Соңғы 10-12 жылда экономика дамуының жоғары каркынын қамтуға ұмтылыс, көбінесе шаруашылық белсендікті амалсыз төмендетуге әкеп соқтырды, бұл даму қаркының күрт төмендеуінін себебі болды. Қытай басшылығы, экономика дамуының қарқынын мемлекеттің мүмкіндігіне сәйкестендіріп және оның бір калыптыгын сақтау қажет деп есептейді. Мысалы, экономикалық реформа барысында (1978-1998 жылдарда) Қытайдың ЖІӨ-ң жылдық өсуі 9,9% құрады. Сонымен катар, 1984 жылы — 15,2%, 1985 жылы — 13,5%, 1992 жылы — 14,2%, 1993 жылы — 13,5% кұрады, ал 1990 жылы бұл көрсеткіш ең төмен болып 3,8 пайызды құрады.

1996-2004 жылдар мерзіміне экономика дамуының деңгейін жылына 8-9 пайызда сақтау жобаланған болатын.

2. Валютаның орынды ұсынысы және бағаны ұсынуға болатын деңгейін қамту.

3. Қаржылык түсімдермен шығындарды бақылау. Қытайда сонғы жылдарда, шығындар қарқыны, тұсім қарқынынан басымдылық болып тұратын тенденциясы жойылған.

4. Экспорт және импорт мөлшерін реттеу.

Дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, экономиканы жоспарлау әр елдің геосаясатының, табиғи-тарихтык, табиғи-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар, әлемдік нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кіру ықыласы ескеріледі.


Тағы рефераттар