АҚШ-тағы Гарвард зерттеу орталығы инновациялық қызметке келесі ұғым береді – «экономикалық игіліктердің таралуы үшін немесе өзінің өнімінен табыс алу үшін тырысатын бөлікті құру, қолдау үшін арналған, мақсаты немесе табыс өлшемі – ақшалай немесе басқа пайда, осы немесе басқа кезеңдегі осы бөлшектің ішкі күйімен және экономикалық, саясаттық, әлеуметтік жағдайлармен өзара байланысты жеке адамның немесе жеке адамдар тобының қарым-қатынас қызметі».

1999ж. Ресей Федерациясының мемлекеттік инновациялық саясаты және инновациялық қызметі туралы федералды заң оны былай түсіндіреді: Инновациялық қызмет — өндірісте ассортиментті кеңіту, жаңарту және шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, оларды шығару технологиясын жетілдіру үшін ғылыми – техникалық қызметтің нәтижесін пайдалану процесі.

2002 ж. инновациялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы инновациялық қызметті өндірістің түрлі саласына жаңа ойларды, ғылыми білімдерді, технологияны және өнімнің түрлерін еңгізуге бағытталған, нәтижесі экономикалық өсуде және бәсекелік қабілетінде пайдаланатын қызмет ретінде анықтайды.

Инновациялық кәсіпкерлік қызмет-ертеде пайдаланбаған саудалы нәтижелі қорларды өндіріске қатыстырумен ұлттық байлықты көбейтетін нарық экономикасымен мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторы. Инновациялық қызмет кәсіпкерлік құрылымдардың қызметіндегі өндірістің нәтижелілігін көтеруінің негізгі факторы болып келеді.

Шаруашылық субъекттермен инновациялық қызметті атқару кәсіпорынның құнын (гудвил) көбесе көтереді, бәсекелік артықшылықты табуға, нарықта әрқашан қажет болып қалуға, нарықта доминантты деңгейін сақтауға және «ойынның» өз шарттарын қоюға мүмкіндік береді. Инновациялық қызмет «квазирентаны» алуына – монопольдік табысқа, байлықты көбейтуіне әкеледі.

Ұйымның инновациялық қызметінің сипаттамасы бойынша мамандандырудың келесі түрлері белгіленеді:

-ғылыми-зерттеу қызметі, жаңалықтарды зерттеу және жобалау (венчурлық қаржыландыру);

— ғылыми қызмет ету саласында қызмет көрсету (инжиниринг, консалтинг, кадрларды оқыту, жаңа техниканы күту).

Сонымен, инновациялық қызметтің ұғымы менеджмент объекті ретінде 2 негізгі аспект қосады:

Біріншіден, бұл қоғамдық қажеттілікдің деңгейін көтеру нәтижесінде өндірісті үздіксіз жетілдіру қажеттілікке әкелетін, объективті экономикалық заң негізінде ғылым мен техниканың үдемелі даму процесі. Ол жинақтық қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін шешуіне бағытталған, шаруашылық тәжірибеде жаңа ғылыми білімдерді құру, таратылу және практикалық пайдалану жолымен өндірістік негізін жаңартуын жорамалайды.

Екіншіден, бұл өндірістің инновациялық потенциалын  құрайтын элементтер жинағын пайдалану. Мұнда қазіргі өндірістік потенциалын, басқару персоналды кең пайдалану негізінде тәжірибе сипаттамасында жұмыстарды орындайтын жоғары маман ғылыми және өндірістік кадрларды қанау саласындағы процестер және оқиғалар, сондай-ақ ұғымда инновациялық қызмет көлемінде және нәтижесінде әртүрлі категориялардың жұмыскерлермен нақты ынталылығын қамтамасыз етуін ұйымдастыру, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық жоспарлардың шараларын қарастырады.

Инновациялық қызмет – бұл ҒТҮ қарқынды дамуын жылдамдатуына және оның әлеуметтік-экономикалық нәтижелілігін көтеруіне бағытталған ғылыми зерттеулермен, өнімнің жаңа түрлерін шығарумен, жабдықтау мен еңбек заттарын, технологиялық процестерін және ғылымның, техниканың жаңа жетістіктерінің негізінде өндірісті ұйымдастыру түрлерін жетілдірумен, ҒТҮ жоспарлау, қаржыландыру, экономикалық тетіктер мен ынталарын жетілдірумен,   шаралар жинағын қадағалау жүйесін  өңдеумен айналысатын әртүрлі тәсілдер, факторлар және басқару бөлімдердің әрекеті мен бір-бірімен әрекетінің күрделі жүйесі.

Ғылыми-техникалық жаңалықтарды зерттеу, меңгеру және жүзеге асыру процесінде инновациялық қызметті жаңа ғылыми, ғылыми-техникалық білімдерді алумен, ұдайы өндіріспен және экономиканың материалды саласында оларды жүзеге асыруымен байланысты қызметтің түрі болып саналады.

Көбінесе инновациялық қызмет ғылыми техникалық ойларды және өңдеулерді нарықта сұранысқа ие болатын нақты өнімге және техналогияға дейін жеткізумен тығыз байланысты.

Нарық экономикасы енді құрылып жатқан жағдайда инновациялық қызметтің экономикалық механизмін жетілдіру үшін, ең алдымен инновациялық менеджментті дамыту керек. Ол негізгі шарт болып келеді.


Тағы рефераттар