Intranet корпоративті желісі туралы қазақша реферат
Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер –құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа джа ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратыңмен басқалармен бөлісу мүмкін емес. Бірнеше топ компьютердің және басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды. Ал концепциялық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады. Желіге кіруші компьютермен бірге қолдануға болады: мәліметтерді, принтерлер, модемдер, өзге құрылғылар.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасындағы ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрылады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез-келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастылылатын темір жол және қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкін емес ғаламдық ақпараттық Интернет желісі қазіргі кезде компьютерлік желі кез-келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады. Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер –саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір –бірімен қысқа желілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.
Жергілікті желілерден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуі желілер алады. Бұл желілерді үй мекемелердің, банктер мен олардың фирмалары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдегі : филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Егер желі қала аймақтық масштабтағы компьютерді 10-100 км болатын болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп аталады. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электроэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін. Егер қашықтағы компьютерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (модулятор-демодулятор) сөздің қысқартылуы – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналолгтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық почтаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.
Intranet – бұл ішкі корпоративті желі және бұл желіде Internet базасындағы әртүрлі қосымшалар орындалады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай желіні құру — өнімділікті арттыруға және жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Intranet желісі ақпараттың оперативті жеткізілуін қамтамасыз етуге және ішкі корпоративтік коммуникацияларды қолдап отыруға қабілетті болып келеді.
Intranet – интернет желісіне қарағанда ішкі кәсіпорынның жеке желісі болып табылады. Ереже бойынша Intranet кәсіпорын ішіндегі бірқатар ақпараттарды ортақ қолдануға және басқа ақпараттармен алмасып отыруға ІР протоколының қолданылуы негізінде құрылады, яғни бұл ақпараттар негізінде жұмысшылар тізімі, тапсырыс беруші мен серіктестердің телефон тізімдері болуы мүмкін. Intranet – бұл кәсіпорынның ішкі Web-сайты. Intranet клиет-сервер принципі бойынша ұйымдастырылып, HTTP және HTTPS деп аталатын базалық протоколдар негізінде құрылады. Intranet-сайт Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer, Opera және тағы басқа браузерлер арқылы кез-келген компьютерден көрінеді. Осылайша Intranet – бұл Интернеттің жеке түрі, ол алынған кәсіорыннан бөлек виртуальды кеңістікпен шектеліп отырады. Intranet Internet-ке кіретін көпшілік байланыс каналдарын қолданады.
Intranet термині ең алғаш рет 1995 жылы 19-сәуірде авторы техникалық редактор Стивен Лотон болып келетін Digital News&Review мақаласында пайда болды.
Intranet термин сөзін 1995 ж көктемде пайдалана бастады. Басында бұл сөздін мағынасын адамдар түсінбеді және қате жаңылыс ретінде қабылдады. Содан кейін бұл сөздің өмірге деген құқығы болғаннан кейін мұндай сұрақ пайда болды: «Бұл сөздің астында қандай мағына бар?» — бұл терминнің пайда болғаннан кейін ғана бәрі оны пайдалана бастады.
Intranet – бұл ұйымның жеке желісі, Интернет технологиясының базалануы және қауіпсіздік механизімімен иеленуі болып табылады. Компания өз ұйымның ішкі желісінде Интернет технологиясының қолданылатының “intranet” термині көрсетеді. Мұндай қолданыс компанияның барлық қызметкерлеріне жұмысқа қажет әрбір ақпаратты алу мүмкіндігінің тәуелсіздігі программалық-аппараттық құралдардың және қызметкер компьютерінің орналасқан жеріне қарамайды.
Әрбір қолданушылар intranet-тегі жұмыс станциясы баптауымен Web–браузер арқылы Web–серверде соңғы енгізілген құжаттарға кіру құқығын ала алады. Сонымен қатар қолданушының және Web–сервердің орналасқан жері ешқандай мағына бермейді. Егер компания электронды почтаны құжаттарды беру механизімі ретінде пайдаланса, онда ол көп көлемді мәселелермен қақтығысуына алып келеді. Әрбір мәселелерді шешу жолы болып құжаттарды Web–сервердегі HTML форматында жариялау болып табылады және әрбір операциялық жүйе немесе Web–браузер түсінетін өз жұмыс үстеліндегі клиентті пайдалану. Intranet-ті пайдалану бірнеше басқада қатардан тұрады. Біріншісі, желідегі құжаттар автаматты түрде жаңарып отырады. Мысалы, сіз сату бөліміне өз компанияныздың өнімнің құныннан тұратын құжатты жариялайсыз. Әр уақытта өнімнің сатылуына жеңілдік жасалатын болған жағдайда, сіздің бөліміңіз маңызды ақпаратқа ие болуы керек. Мұндай маңызды ақпаратты автоматтандыру үшін сіз Web–сервердн жаңартып отырасыз. Егер құжаттар қызметкерлерге Файл серверінде файл түрінде сақталған болып келетін болса, онда сіз құжаттын оқылғанын немесе оны қарағаны туралы хабарсыз боласыз. Ал құжат Web-серверінде жарияланған болса, онда әрбір уақытта жарияланған құжатты қанша адам және қай уақытта қарағаны туралы ақпаратты біліп отырасыз.
Ұйымдардын дамуы жаңа мүмкіндіктерді және ынғайлы ақпаратты алу жолдарын талап етеді. Бұл талаптарына World Wide Web болды, себебі онда құжаттарды графикалық, аудио және видео ақпараттарды жариялауға жаңа мүмкіндік берді. Intranet-ті құрудың маңызды фактісі Интернет болып табылады.
«Интра» деп аталатын латын термині «ішкі» деген мағынаны білдіреді. Intranet сөзі интернет технологиясы арасында пайда болды. Intranet – бұл интернеттің протоколдары мен стандарттары қолданылатын жеке компьютерлік желі. Intranet-ті бір кәсіпорын шеңберінде локальданған Web-жүйе деп атауға болады. Қарапйым компьютерлік желілерге қарағанда Intranet ашық стандарттар, технологиялар және протоколдарға негізделеді.
Intranet шеңберінде шешілетін тапсырмалар тізімі:
— Корпоративті саясат туралы ақпарат алу;
— Жобаларды басқару;
— Құжатайналымға қызмет ету;
— Интерактивтік оқыту;
— Тауарлар мен бағалар туралы ақпаратты көрсету;
— Сату туралы есепті жариялау;
— Төлемдер туралы мәліметтерді шығару.
Intranet-тің 5 негізгі функциясы бар – бұл электрондық почта, файлдарды ортақ қолдану, катологизация, іздеу және желіні басқару. Бұл функциялар кәсіпорынның ақпараттарын жариялауға, сақтауға және басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптасады. Мұндай функциялар қарапайым компьютерлік желілерде де болады, бірақ олар компьютерлік платформалардың әрбіреуі үшін сипатталатын әртүрлі тұтынушы интерфейстері арқылы жүзеге асады. Ал интернетте бұл функциялардың барлығы интернет технологиясының бірыңғай стандарттары негізінде қалыптасады.
Intranet бүкіл желідегі қолданбалы программалардың және әртүрлі компьютерлердің қызмет етуін қысқартуға мүмкіндік береді. Intranet – бұл кәсіпорын қызметкерлеріне электронды почтамен, құжаттармен және кәсіпорынның әртүрлі ақпараттарымен алмасуға және оларды ортақ қолдануға мүмкіндік беретін программалық жабдықтауы бар компьютерлік желі. Intranet – кәсіпорынның жеке локальды және ауқымды желілеріне арналған интернет технологиясының қосымшаларына негізделген. Intranet желілеріне арналған программалық жабдықтау – бұл жұмысшы топтарына (LotusNotes, Sap…) жүйелеріне (Евфрат, Optima Workflow) арналған қазіргі заманғы программалық өнімнің арзан және тез жүзеге асатын альтернативасы. Intranet желілеріне арналған қазіргі заманғы программалық жабдықтауына құжаттармен жұмыс жасау кіреді.
Тағы рефераттар
- Микроэволюция түсінігі
- Маклериат және биржалық конторалар
- Тәрбиешілерге арналған сауалнама (балабақшадағы ереже)
- Гайдн симфониялық шығармашылығы
- Жеке табыс салығы реферат