Профессор Н. Сауранбаев жалғаулықсыз салаластарды «іргелес құрмалас» деп атап, оны салалас құрмаластың қатарынан шығарып, салаластар мен сабақтастардың арасындағы категория деп қарайды: «Сүйтіп, іргелес құрмаласта салаластың да, сабақтастың да белгісі бар. Салаласқа тән белгісі – ондағы жай сөйлемдердің грамматикалық жағынан бір-бірімен тең дәрежеде құрмаласатындығы және баяндауыштың тиянақты қалыпта болатындығы. Бұл екі қасиет іргелес құрмаластарды салалас құрмаласпен жақындастырады. Ал іргелестерді сабақтастармен жақындастыратын белгі – іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан бірін-бірі сыйпаттап, бір-біріне тәуелді болып байланысады. Ал іргелестегі жай сөйлемдер ішкі мағына жағынан сабақтасып байланысады да, сыртқы байланысу формасы жағынан салалас болып келеді» [Н.С., 36-б.]. Тіл білімінде бұған қарсы көзқарастар да жоқ емес.
Бірде іргелес салалас, бірде жалғаулықсыз салалас, бірде үлестес сабақтас деп берілетін сөйлемдердің өзіне тән төмендегідей қызметі көрсетіліп жүр:
- Іргелес салалас сөйлемдер сөзді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады.
- Іргелес салалас сөйлемдер сөзді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады ( «ҚГ», 696-б).
Іргелес салаластарды тұрақты (үнемі жалғаулықсыз қолданылатын) және ауыспалы іргелестер (бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз қолданылатын) деп бөліп қарастырады.
Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
1) алдыңғы компонент (І) көсемше формалы негізгі етістік+отыр еді/еді – кейінгі компонент (ІІ) баяндауышы жедел өткен шақ формасында;
2) І: жедел өткен шақ+ болды, шартты райлы етістік + болғаны;
3) І: жедел өткен шақ+ақ;
4) І: тұйық етістікті бастауыш + мұң еді баяндауышы;
5) ІІ: сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік сөздердің қатысы арқылы.
Қарсылықтық іргелес салаластардың жасалуы:
1) І: бұйрық райлы етістік;
2) І: өткен шақ көсемше+еді;
3) І: -атын, етін тұлғалы есімше – ІІ: тежеу мәнді оқиға;
4) І: келгендей, алғандай, келетіндей, алатындай тұлғалы есімшелі баяндауыштар.
Себептік қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
1) І: бастауышы есімше- баяндауышы сол –ІІ: оқиғаға себеп болған хабар;
2) ІІ: бастауышы есімше-баяндауышы сол;
3) І: көргендей, көретіндей тұлғалы есімше.
Шарттық қатынасты білдіретін іргелес салаластардың жасалу жолдары:
1) І: жедел өткен шақ+ бар ғой
2) І: келер шақ есімше+ бар
3) І: жедел өткен шақ/есімше-ған + екен;
4) І: өткен шақ етістік +ба;
5) І: бұйрық райлы етістік.
Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдер
Үнемi жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және кезектес салаластар жатады. Талғаулы салаластарды А. Байтұрсынов айырыңқы деп атаса, С.Аманжолов бейтарап, ал Қ. Жұбанов талғама салаластар деп атаған. Компоненттерiнде айтылған iс-оқиғаның бiреуiнiң орындалу-орындалмауын талғай, болжау жасай көрсетедi. Жалғаулықтары: не, немесе, әлде, не болмаса, я, құй, мейлi, яки. Аталған жалғаулықтар құрмалас сөйлем компоненттерiн байланыстырудан гөрi бiрыңғай мүшелердi байланыстыруда жиi қолданылады.
Компоненттерiне айтылған ой, iс-әрекеттердiң бiрiнен соң бiрi кезектесiп орындалатынын бiлдiретiн салалстың түрi кезектес салалас деп аталады. Кезiнде С. Жиенбаев талғаулы және кезектес салаластарды, екi жақтылығына орай, оларды бөлмей, бiрге қарастырған болатын, кейiннен олардың мағыналық ерекшелiктерi сараланды. Жалғаулықтары: бiрде, бiресе, кейде.
Қазақ тiлiнде үнемi жалғаулықсыз қолданылатын салалас сөйлемге тек түсiндiрмелi салалас қана жатады. Алғашқы компонентiнде баяндалған оқиғаның мәнi келесi сөйлемде түсiндiрiлiп отыратын салаластың түрi түсiндiрмелi салалас деп аталады. Түсiндiрмелi салалас алғашында iлiктес, анықтамалы болып әр түрлi аталып келдi. Жасалу жолдары:
- Алғашқы компонентiнiң баяндауыштары сол, сондай, сонша есiмдiк, үстеу сөздерiнiң қатысы арқылы жасалады.
- Алғашқы компонентiнiң құрамында мынандай жалпылауыш сөзi қолданылады. Кейде ол сөз жасырын тұруы да мүмкiн.
- Алғашқы компонентiнiң баяндауыштарында түсiндiрмелi мәндегi есiм, етiстiк сөздер де қолданылады.
2.2. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтас сөйлем деп компонеттерi өзара тең болмай, бiр-бiрiне бағына, бағындырыла байланысатын құрмалас сөйлемдердi айтамыз. Бағынушы компоненттiң баяндауыш формасы тиянақсыз болып, өз бетiнше сөйлем бола алмайды, ал бағындырушы компонент бағыңқы сөйлемсiз де өз алдына сөйлем болып айтыла алады. Сабақтас құрмалас сөйлемнiң бiр компонентi бағынушы, тәуелдi болып тұрса, екiншiсi тәуелсiз, өз бетiнше сөйлем бола алады. Бағынышты, тиянақсыз компонент бағыңқы сөйлем деп аталады да, өз бетiнше тиянақты болып тұратын компонент басыңқы сөйлем деп аталады. Сабақтас құрмаластың бағыңқы компонетi де сөйлем деп аталғанымен, онда қалыпты сөйлемге тән қасиеттердiң көбi жоқ. Себебi оның сөйлемдiк мәнi құрмалас сөйлемнiң құрамында айтылғанда ғана айқындала түседi. Сабақтас құрмалас сөйлемдегi негiзгi ой көпшiлiк жағдайда басыңқы жай сөйлемде берiледi де, басыңқы компонентi көбiне сол басыңқыдағы ойды түрлi жағынан айқындап, дәлелдеп түсiндiру үшiн қолданылатын қосымша бiр мүше ретiнде қолданылады. М. Ақжан серуеннен қайтып оралғанда, киiз үйлердiң маңында қара құра көбейiп қалыпты. Түнде күзетшi ұйықтап қалғандықтан, қалың жылқы егiске түсiп кетiптi (М. Әуезов) – себеп
Бұл қасиет, яғни бағыныңқының басыңқы компонентке тәуелдi болып, оның тұрлаусыз мүшесi секiлдi болуы барлық бағыныңқыға тән емес. М: Кiлемдер тұтылып, әсем оюлы сырмақтар жайылыпты.(М. Әуезов).
Бұл сабақтастың бағыңқы компонентi басыңқы компонентке меңгерiлiп тұрған жоқ. Мағыналық жағынан алғанда мұндай бағыныңқының мазмұны да тиянақты, басыңқы сөйлемге тәуелсiз, тиянақсыздық тек баяндауыш формасында.
Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыңқы компонент арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың 2-бiр тобы бастауышты бағыңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады. (Сагибатталов Г.Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айт-қ, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларды сөйлемдегi тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компонентiнде ортақ болып келетiндiгiн де айтады.
Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов (өзб), М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш- баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды.
Қай тiлдiң құрмалас сөйлемi болмасын, оның өзектi мәселесi сабақтас түрi болып саналады. Өйткенi құрмалас сөйлемдегi айқындалмаған мәселелердiң көпшiлiгi оның сабақтас түрiмен байланысты келедi. Сабақтас сөйлемнiң құрмаласуы оның бағыныңқы компоненті арқылы қалыптасады. Түркiтанушы ғалымдар арасында бағыныңқы сөйлемдердi ажыратуда пiкiр алшақтықтары орын алып келедi. Ғалымдардың бiрiншi тобы бағыныңқы сөйлемдi айқындауда бастауыш меже бола алмайды дейдi де, олар сөйлемнiң сабақтас екенiн ажыратуда бастауышты негiзгi тiрек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейдi. Сондықтан олар сөйлем компоненттерiнен айырым бастауыштарды талап етпей, баяндауыш мүшенiң болуын басшылыққа алады. Мұндай iлiмдi жақтаушылардың қатарына Н.П. Дыренкова, А.Н. Баскаков, Т.А. Бертагаев, А.З. Абдуллаев, С.А. Аманжолов, М.Б. Балақаев т.б. жатқызуға болады. Олар бағыныңқы сөйлемнiң критерийiн айқындауда баяндауыш мүшенi ең басты меже ретiнде ұсынып, бастауыштың әр компонентте болуын мiндеттi етпей, ортақтаса айтылуын көрсетедi. Ғалымдардың екінші бiр тобы бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерiнде саралай қолдануды ұсынады (Г. Сагибатталов, А. М. Пешковский, С. Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев т.б.). Олар бағыныңқы сөйлемнiң бiр түрлерiнде бастауыштың болуын шарт деп қараса, ендi бiрiнде оны мiндеттi деп санамайды. Бағыныңқы сөйлемдегi бастауышты саралай қарау- ортақ бастауыш iлiмiмен байланысып жатады, яғни бағыныңқының кейбiр түрлерiнде ортақ бастауыштың болуын терiске шығармайды. Айталық, С.Жиенбаев ортақ бастауышты құрмаласқа шартты бағыныңқыны, Ғ.Бегалиев шартты, қарсылықты бағыныңқыларды, Н.Т. Сауранбаев шартты, қарсылықты және мақсат бағыныңқыларға тұрлаулы мүшелердiң қажет екендiгiн көрсете отырып, кейде бастауыштың сөйлем компоненттерiне ортақ болып келетiндiгiн де айтады.
Ғалымдардың үшiншi тобы бағыныңқылардың барлық түрiнде бастауыштың қажеттiгiн көрсетедi. Мұндай көзқарасты проф. Абдурахманов, М.З. Закиев, Т. Қордабаев, Қ. Есеновтер қолдайды. Олар құрмалас сөйлемнiң әр компоненттiнде бастауыш-баяндауыштық қатынастың болуын жақтайды. Тiптi жiктiк жалғауында қиыса айтылған шартты бағыныңқының өзiнiң де басыңқы компоненттен бөлек бастауыш болуын талап етедi. Егер сөйлемде қимыл иесi ортақ болса, ондай сөйлемдi жай сөйлем құрамында қарау керек екендiгiн көрсетедi. Қазақ тiлiнде мұндай сөйлемдердi Қ. Есенов жай сөйлемнiң күрделенген түрi деп атайды. Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас” болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.
Сондықтан өзара семантикалық, интонациялық, құрылымдық тұтастықта келетін құрмалас сөйлемнің табиғаты туралы қазақ лингвистикасы ғылымында теориялық мәселелер әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Құрмалас сөйлемнің классификациясын жасауда оны компонент санына қарап саралап алу дұрыс па, әлде семантикалық сипатына, не компоненттер арасындағы грамматикалық қатынас негізінде, тіпті байланыстырушы дәнекерлер сипатына қатысты ажыратқан жөн бе деген заңды сұрақ туады. Түркітануда да, қазақ тіл білімінде де құрмалас сөйлем мәселесіне қатысты басы ашылмаған көптеген мәселелердің бар екендігін жоққа шығара алмаймыз, ал оны зерттеп, зерделей түсу, нақты тілдік фактілерден теориялық тұжырымдар жасау бүгінгі күнгі негізгі бағдар-мақатымыз болып саналмақ.
Сабақтас құрмаласты анықтауыш бағыныңқылы, толықтауыш бағыныңқылы т.с.с. деп топтастыру қазіргі кезде қолданыстан шығып қалса да, грамматикадағы бағыну терминінің өзін аталған грамматикалық нысандардан бөліп алып қараудың қисынсыздығын ескергеніміз жөн. Өйткені бағына байланысатын кіші тілдік бірлік – сөз тіркестерінің сыңарларының арасындағы грамматикалық қатынасты да (анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық), өзі бағынып тұрған сөзге қатысты алғанда тұрлаусыз мүшелерді де осылай атаймыз. Сондықтан кезінде академик Н. Сауранбаев көрсеткен бұл ұстанымның, «бұл бір күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентінің қызметін жеке сөйлем мүшесінің атқаратын функциясымен тең деп қарастыруға әкеп соғады» деген пікірдің үстемдік алғанына қарамастан, әр кезде синтаксистер еңбегінен қылаң беруі ойлануды қажет етеді. Ал қазақ тіліндегі бағыныңқы сөйлемдерді топтастырудағы мағыналық ұстанымның қолайсыздығын Қ.Есенов былай деп ашып көрсетеді; « бағыныңқы сөйлемдердің бойындағы мағыналық мазмұн әр алуан болып келеді. Осыған орай әрбір мағыналық белгіге сай, бағыныңқы сөйлемдерді жіктей берсек, олардың түрлері шектен тыс көбейе берген болар еді [17: 35]. Сонымен бірге Қ.Есенов сабақтас құрмаластың бағыныңқыларын мағыналық-тұлғалық ұстанымға сүйене отырып топтастырады. Автор сабақтас сөйлемдерді мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде пысықтауыштық, қатыстық бағыныңқылы және ыңғайлас сабақтас деп топтастырады.
Б. Қапалбеков сабақтас сөйлемдерді таптастыруда «ортақ бастауыш» идеясын ұстанған дұрыс па, бұрыс па деген мәселе төңірегінде төмендегідей тұжырым жасайды: «…ортақ бастауышты сөйлемдерді тек бастауыштың санына қарап бөлу жеткіліксіз. Алдымен, бағыныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағыналық қатынастарға қарау керек және құрмалас жасаушы бөліктер пысықтауыш дәрежесінде ме, әлде баяндауыш дәрежесінде ме – соны өлшеуіш етіп алған дұрыс. Егер көсемше, есімше тұлғалары арқылы жасалған баяндауыштарды қалыпты пысықтауыштар емес, баяндауыш деп танитын болсақ, онда есімше, көсемше тұлғалы бағыныңқылы баяндауыштары бар ортақ бастауышты сөйлемдерді сөз жоқ құрмаластар қатарына жатқызамыз» [20: 704].
Расында да тіліміздегі ортақ бастауышқа негізделген сөйлемдердің барлығын бір деңгейде қарастыру дұрыс па? Төмендегі сөйлемдерді салыстырып көрелік:
Жырау домбырасын тастай беріп, енді қолына найзасын алды (І. Е.).
Тең-тең олжа артып, үйір-үйір жылқы айдап қайтпаса да, сұлтан бұл жорығына риза (Ә. Қ.).
Екеуі де ортақ бастауышқа, бір субъектіге (жырау) негізделген бұл сөйлемдердің алғашқысының баяндауыштары бірінен соң бірі орындалған, біртектес іс-әрекетті баяндап тұр. Ал екінші сөйлемде субъект (сұлтан) біреу болғанымен, қос компоненттің баяндауыштары әр түрлі сөз табынан жасалып, әр түрлі жай-күйді баяндап тұр. Салалас құрмаластарда да кездесетін мұндай жағдайда ортақ субъектілі біртектес іс-әрекетті бірыңғай баяндауышты күрделенген жай сөйлем деп танып, ал әр сөз табынан жасалған немесе әр шақта тұрған баяндауышты сөйлемдерді құрмалас деп тану жөн көрінгенімен, аталған мәселеде тағы да қайшылықтарға тап боламыз. Сондықтан, біздіңше, компонент (құрмалас сөйлем компоненті) ұғымының мәні айқындалғаны жөн.
Бұл жайт қазақ тiлi бағыныңқыларын саралауда “предикаттық қатынас болсын деген тұжырымның бiр жақты екендiгiн көрсетедi, сондықтан бағыныңқы сөйлем” субъект-предикаттық қатынасқа негiзделуi керек. Сабақтас құрмалас сөйлемдi айқындауда бұл басты меже болып саналады.
Сонымен, сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентiн айқындауда мынадай белгiлер негiзге аланады:
- Компоненттiң белгiлi шамада сөйлемдiк мағына дербестiгi болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан тиянақсыз болғанымен, толық сөйлемдiк мағынаға ие болады.
- Баяндауыш формасы есiмше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бiрге шылаулардың тiркесуi арқылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақтаспайды.
- Бағыңқы компонент дербес бастауышты болады.
- Бағыңқы компонентке тән интонация тиянақталмаған интонация.
Сабақтас құрмалас сөйлемдегi күрделi мәселесiнiң бiрi – оның түрлерiн саралау. Қазақ тiл бiлiмiнде бiр кездерi бағыныңқы сөйлемдердi саралауда орыс тiл бiлiм-дей, алдымен, функционалды принцип үстемдiк алды, яғни бағ-қының қызметiн жай сөйл-ң тұрлаусыз мүшесiнiң қызметiмен бара-бар санады (Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев) (анықтауыш-толықтауыш, пысықтауыш бағыныңқылар).
Тағы рефераттар
- Еуразия Одағы ішіндегі Орталық Азия рөлі
- Өндіріске қалдықтарының есебі және өндіріс жұмысшыларының еңбекақысының есебі
- Әлемдік уақыт
- Материалдық запастар және оларды жіктеу мен бағалау курстық жұмыс
- Шартты рефлекстерінің шартсыз рефлекстерден айырмалары