Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: қоғамдық дамудың авторитарлық- тотаритарлық үлгісімен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тотаритарлық үлгінің толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда(нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұсқа) орнатылған фашисттік режимдер болды.
Тотаритарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеологиялық құрылымға сәйкес қоғам мен одақтарды өзгерту үшін құрылды. «Тотаритарлық» ұғымы жиырмасыншы-отызыншы жылдары КСРО-да қалыптасқан әкімгершілік-дәміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тотаритарлық жүйелерге азаматтық қоғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің «Фашизм туралы ілім» деген кітабында былай деп жазды: «Фашизм үшін ең жоғарғы нәрсе мемлекет.[41] Оның алдында жеке адамдармен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рол атқарады». Тоталитаризм-либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің қоғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекетінің барлық салаларын қамтығанын жақтайды.Азаматтық қоғамды тоталитарлық мемлекеттің жұтып қоюының экономикалық негізі-ол рыноктық қатынастарды мемлекеттік-бюрократтық реттеу, жоспарлау және бөлумен алмастыру болып табылады. Бұл жағдайда жеке меншік ауқымының тарылатындығы сонша, тұлғаның бостандығы мен еркіндігінің экономикалық негізі жоғалады.
Саяси салада тоталитаризм либералдық-демократиялық режим мен оның институттарының жойылуын, мемлекеттік- партиялық диктатураның орнатылғандығын білдіреді.
Идеология саласында фашизм мен нацизм ұлтшылдық, шовинисттік жәнесоциалисттік идеалардың эклектикалық қосындысы ретінде демократияға, либерализмге, марксизмге қарсы бағыт ұстады. Бұл теріске шығару және бір мезгілде зорлау мен қорқыту арқылы іске асырылып жатқан «жаңа тәртіптің» қиялдағы тұжырымы негізінде қоғамды қайта құрудың утопиялық доктринасына сену идеологиясы еді.
Экономика саласында фашизм мен нацизм экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесін құрып,оны милитарландыру мен алдынғы соғысқа дайындалуға бағыттады. Фашизм тұсында тап күресін, еңбек пен капиталдың дәстүрлі қарама-қарсы тұруларын мемлекеттік- партиялық аппарат аяусыз басып жаныштады. Кәсіподақтар қуып тартылды.
Басқа оңшыл радикалдық күштерден айырмасы фашизм өзіне көпшілік негіз таба білді. Қоғамның кейбір топтарына фашисттік идеалар, нәсілшілдік теория, антисемитизм ұнады, олар материалдық пайда тапты, кейбіреулер фашисттік қылмыстарға қатысып, қолдарын қанға бояды. Сонымен бірге фашисттік режимдер белсенді әлеуметтік саясат жүргізді. Олар экономикалық дағдарыстарға тосқауыл қоя алды.
Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Германияда және Ресейде революция кең етек жайды. Ол қолбасшылықтың флотты соңғы ұрысқа салуға наразы болған Киль әскери теңізшілерінің көтерілісімен басталды. 1918 жылдың 10 қарашасында Берлин кеңесі екі жұмысшы партиясы-Социал-демократиялық герман партиясы мен Тәуелсіз социал-демократиялық партия өкілдерінен халық уәкілдерінің Кеңесін (СНУ) құрды. СНУ төтенше әскери заңдарды алып тастады, 8 сағаттық жұмыс күнін орнатты және кәсіпкерлерге кәсіподақтар мен ұжымдық келісім жасауды міндеттеді. СНУ конституция жасау үшін Құрылтай жиналысын шақырды. Оның атынан Компьен бітіміне қол қойылды, соғыс аяқталды. Елде социалистік революция, Кеңестер өкіметін орнату және өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікті жойып, жылдам қоғамдық меншікке көшіру үшін қозғалыс күшейе берді. Бұл қозғалысты мүшелері НСДПГ-да болған Спартак тобы басқарды. Топ жетекшілері Карл Либкнехт және Роза Люксембург. Герман қоғамында күштердің сапырылысуы жүрді, алайда үкіметті жақтайтындар көбейді.
Консервативтік-милитаристік күштер Версаль бітіміне наразылықты пайдалануға тырысып, ұлтшылдықты өршітті. «Ұлттық масқара» неміс халқын «сатқан» марксистерге жабылды. Осындай жағдайда 1918 жылы наурызда құрылған фашистік партия өз позициясын нығайта алды.
Қоғамды өзгерту қозғалысы 1918-1920 жылдары биік шыңына жетті. Күрес барысында көп нәрсеге қол жеткенімен, бәсеңсу басталды. Жұмысшылардың, социал-демократиялық партиялардың ықпалы өсті. Көптеген елдерде кәсіподақ құқы танылды. Австро-Венгрия, Германия, Осман, Ресей империялары құлады. Жаңа ұлттық мемлекеттер құрылды. Скандинавия елдерінде, Австрия, Германия, АҚШ және Ұлыбританияда әйелдер дауыс беру құқына ие болды. Европа картасында үш республиканың орнына 13 мемлекет пайда болды. Осыған мәз болғандар белсенді күрестен ауытқыды. Біразы күрестен шаршады. Біреулері күрес қорытындысына риза болмады. Алғашқыда демократия барлық проблемаларды шешудің кілті болып есептелінген еді. Алайда демократия дегеніміз жалпы сайлау құқы, бостандық көппартиялық өзімен-өзі жұмыссыздықты, бағаның өсуін, өндірістің құлдырауын жоя алмайтындығы айқындалды. Кей жағдайларда демократияның орнауы мемлекеттік өкімет билігін әлсіретті. Демократиялық қиял көпшілікті бірден баураған болса, демократияға көңіл толмағандық та бірден жалпы сипатқа ие болды. Бірқатар елдерде бұл жаппай антидемократиялық қозғалыстың туындауына әкеліп соқты. Осылайша европалық фашизм пайда болды.
Фашизм – ХХ ғасырдағы көбінде европалық саяси қозғалыс, мемлекетті басқарудың арнайы түрі. Ол дүние жүзінің халықтарына теңдесі жоқ азап әкелді. Нақты айтқанда Германия мен Италия сияқты фашистік мемлекеттер екінші дүниежүзілік соғыс отын тұтандырушылардың басты айыпшылары болды. Әрбір елде фашистік қозғалыс өзіндік ерекшеліктерімен айқындалды. Германия фашизмі немесе нацизмінің де біраз ерекшеліктері бар. Мұнда ұлтшылдық шегіне жетіп, нәсілдік формаға ие болған. Нацистердің көзқарасынша адамзат баласының тарихы әр түрлі ұлттардың немесе нәсілдердің өмір сүруі үшін күресі. Осы күресте күштілер жеңеді, жеңілгендер иә бағынады, иә қырылады. Олар өмір сүруге ең қабілетті нәсіл деп немістер жататын «ариилік», «нордилік» нәсілді есептеді. Фашистердің ойынша олардың тарихи миссиясы дүниежүзілік үстемдікті жаулап алу. Ол үшін Версаль бітімшартын жою, барлық немістерді бір мемлекетке біріктіру және Шығыста Германия үшін оған ешқашан блокада қаупі болмайтын «өмір сүру кеңістігін» жаулап алу керек болды. Германия дүниежүзілік үстемдік үшін шешуші шайқасқа дайындалуды бастады. Шектен шыққан ұлтшылдық шектен тыс жүгенсіздік туғызды.
Германияда фашистік қозғалыс бірінші дүниежүзілік соғыстан соң бірден пайда болды. 1919 жылы құрылған Ұлттық-социалистік неміс жұмысшы партиясы (НСДАП) бүкіл фашистерді тартудың орталығына айналды. Бұл партияның лидері көп ұзамай-ақ Адольф Гитлер болды.
20-шы жылдары фашистердің жағдайы адам қызығарлық емес еді. Олардың ықпалы 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс жылдарында тез өсе бастады. Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының дағдарысын да көрсетті. Сан мыңдаған жұмыссыздық, шаруалар мен қолөнершілердің жаппай қайыршылануы үкіметтің халықтың жағдайын жеңілдететін төтенше шаралар жүргізуін талап етті. Алайда бірінен соң бірі ауысқан үкімет ескірген басқару аясынан шыға алмай, онсыз да аз әлеуметтік шығындарды қысқартқан экономикалық саясатты жүргізе берді.
Веймар Республикасының тағдырына Германияның дәстүрлі соғыс-бюрократиялық элитасының өкілдері шешуші роль атқарды. Дағдарыс аяқталуға жақын еді. Нацизмнің жақтаушылары өкімет басына келу мүмкіндігіне сене қойған жоқ. Дәл осы тұста саяси-бюрократиялық элита өзінің президент Гинденбургке ықпалын пайдаланды. Оны үкіметті қалыптастыру мандатын Адольф Гитлерге үкімет басшысы-рейхсканцлер болып тағайындалды.
Атқару билігін қолға алған нацистер Германияда саяси-демократияны жоюға белсене кірісті. Сылтау ретінде рейхстагты жағу қолданылды. Нацистер өзінің саяси қарсыластарына қарсы ашық террор ұйымдастырды. Гитлер Гинденбургқа азаматтардың негізгі құқықтарын жоятын және жазалаушы органдарға шексіз өкілеттілік беретін «халық мемлекетті күзету туралы» арнайы қарарға қол қойғызды. Веймар Республикасы конституциясы негізіне алынған билікті бөлу принципі лақтырылды. Заң шығару функциясы үкіметке берілді. 1934 жылы Гинденбург қайтыс болған соң Гитлерге президент өкілеттілігі де берілді. Осылайша Германиядағы барлық билік Германияның «көсемі», «фюрері» атанған Гитлердің қолына топтасты. Жергілікті басқару органдары жойылған әкімшілік реформасы жүргізілді. Барлық жерде билік жоғарыдан тағайындалған шенеуніктердің қолына көшті. 1933 жылы НСДАП-дан басқа барлық саяси партияларға тыйым салынды. Бұлар зорлықсыз, күшсіз жүзеге асырылмайтын еді. Сондықтан мемлекеттің жазалаушы органдарының ролі күшейді. Штурмовиктер мен күзету отрядтары мемлекеттік аппараттың зорлық-зомбылығының бір бөлігіне айналды. Елде құпия полиция (гестапо) құрылды. 1933 жылдан бастап Германияның барлық жерінде режимге қарсы шыққан адамдарды ұстауға арналған концентрациялық лагерьлер пайда болды. Азаматтардың барлық саяси құқықтары – сөз, жиналыс бостандығы, хат алмасу құпиясы, тұрғын үйге тиіспеушілік жойылды.[42]
Германияның экономикасында да маңызды өзгерістер болып жатты. Гитлер үкіметі дағдарыстан шығу мақсатында шаруашылық өмірді мемлекеттік реттеуді кеңейтті. Мемлекеттің қаржысына жалпыұлттық автожол құрылысы басталады, ол жұмыссыздардың санын көбейтуге мүмкіндік берді. Басты назар соғыс өнеркәсібін жылдам дамытуға аударылды. 1933-1939 жылдары соғыс шығындары 620 млн-нан 15,5 млрд. Рейхсмаркаға дейін өсті. Экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында салыққа жеңілдіктер енгізілді. Шығындардың өсуі мен салықтардың кемуінің қатар жүруі бюджет тапшылығын тудырды, ол ақша шығарумен жабылды. Оның құнсыздануы мен бағаның өсуін болдырмау үшін үкімет баға мен жалақыға бақылау енгізді, бөлу жүйесін карточкаға бірте-бірте көшіру басталды. Экономиканы мемлекеттің реттеу ауқымы ұлғайды.
Фашистік мемлекет жұмысшы күші рыногы мен еңбек қатынастарына да бақылау орнатты. Нацистер мұнда өздерінің ұлтшылдық идеясының басым болуын қамтамасыз етуге жандарын аямады. Олар еңбек пен капитал арасында толық тіл табысушылық болады деп сенді. Сондықтан да нацистік Германияда кәсіподақ жойылды, оның орнына жұмысшылар мен жұмыс берушілерді біріктірген Неміс еңбек майданы құрылды. Кәсіподақ басшылары «еңбек ұжымының көсемдеріне» айналды. Еңбек қатынастары мен жалақыны бақылау үкімет арнайы тағайындалған «еңбек сенімділеріне» көшті. Көп ұзамай оған жалпы еңбек міндеттілігі берілді: енді мемлекет неміс қайда жұмыс істейтінін анықтайтын болды.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басына қарай Германияның экономикасы түбегейлі өзгерді. Жеке меншік сақтала отырып, кәсіпкерлердің еркіндігі едәуір шектелді. Еңбек, тауар және қызмет көрсету рыногы мемлекеттік реттеумен ауыстырылды. Рыноктық экономика өмір сүруін тоқтатты. Осы шаралардың барлығы Германияны дағдарыстан шығуды жылдамдатқандай болып көрінді. 1935 жылы ол өндірістің дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті, ал 1939 жылы оны едәуір басып озды. Осыған сәйкес жұмыссыздық азайды: 1933 жылы 6 млн болса, 1938 жылы — 429 мың адам. [43]Неміс экономикасының жандануы таң қаларлық емес еді: 1933 жылдан бастап Батыстың барлық елдерінде экономика жандану кезеңіне кірген-ді. Оның үстіне Германия экономикасының қалпына келтіру қарқыны оның милитаризациялауына да байланысты болатын. Осы табыстардың құны немістердің 1945 жылғы трагедиясы.
Фашистік Германиядағы өмір нацистердің даурыққанындай емес еді. Зорлық-зомбылық күн асқан сайын күшейе түсті. 1935 жылдың басына қарай нацизмге қарсы 4200-ден астам адам өлтірілді, 517 мың адам тұтқындалды.[44] 1939 жылдың басында саяси сенімсіз 300 мыңнан астам адам тұтқында болды. Алдыңғы қатарлы ой-пікірлі немістер эмиграцияға кетті, олардың қатарына творчестволық интеллигенция қаймақтары – физик Альберт Эйнштейн, жазушылар Томас және Генрих Манндар, Лион Фейхтвангер, Бертольд Брехт, композиторлар Ганс Эйснер, Отто Клемперер, Пауль Хиндемиттер болды.
Фашистік мемлекеттің ресми саясаты – антисемитизм. 1933 жылдың көктемінен өкімет еврейлерге қарайтын барлық мемлекеттерге байкот ұйымдастырды. 1935 жылы еврейлердің герман азаматтығын жойған және оларға мемлекеттік аппараттарда қызмет істеуге тыйым салған бірнеше заңдар қабылданды. Аралас некеге тыйым жасалынды. 1939 жылдан еврейлер үйден және көшелерден арнайы бөлінген орындарға – гетторға көшіріле бастады. Оларға қоғамдық орындарда жүруге, әр түрлі істермен шұғылдануға тыйым салынды. Еврейлер үнемі киімдеріне тігілген сары жұлдызша тағып жүретін болды. 1939 жылы қарашаның 9-нан 10-на қараған түні өкімет еврейлерді жаппай қыруды ұйымдастырды, мыңдаған адам қырылды. Осылайша еврейлерді соғыс кезінде қыруға дайындық жасалды: ол кезде нацистердің нәсілдік ақымақтығынан 6 млн. еврей құрбан болды.
Фашизм адам ақылына да бақылау орнатуға тырысты. Көпшілік хабар құралдары – радио, баспасөз насихат министрі Йозеф Геббельске тікелей бағынды. Өнер де нацистерге қызмет етті: суретшілер, ақындар, композиторлар өз шығармаларында Гитлерді мақтап, арий нәсілі мен жаңа тәртіптердің артықшылығын дәріптеді. Германияның ұлылығын орасан зор, циклоптық сәулет құрылыстары бейнеледі. Нацистік ұйымдар халықты алақанында ұстады, бітпейтін саяси компанияларға тартылды.
1939 жылға қарай Германияға жалпыға бірдей әскери міндеттілік қалпына келтірілді, соғыс авиациясы мен танк әскері құрылды. Гитлер Германияға Австрияны қосты және Чехословакияны бөлшектеді. Германия европаның күшті державасына айналды. Қосып алған территорияларымен бірге Англия мен Францияны басып озып, дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісінің 15%-ын берді. 1939 жылдың басында Германия Европада ең күшті армияға ие болды: 2,75 млн адам, 10 мың зеңбірек, 3,2 мың танк және 4 мыңнан астам самолет. Фашистік Германияға үлкен майдандағы шайқасқа дайын болды. Ол басталды және фашистік Германияның жеңілісімен аяқталғаны мәлім.
Италия шабуылының алғашқы объектісі Эфиопия болғаны жоғарыда атап өтілді. 1935-1936 жылдар Италия халқы үшін қиын соқты және бүкіл әлемге фашизмнің зұлымдық сипатын танытты. Одан кейінгі қарулы шабуыл Германиямен бірге Испанияға жасалды.
Фашистік Италия мен Гитлерлік Германия айтарлықтай достық қатынаста емес еді, кейде жаулас десе де болатындай. Себебі екеуі де Австрияны, Дунай бассейнін және Балканды басып алуды көздеген болатын. Бірақ Эфиопиядағы ұрыс көрсеткендей Муссолини Гитлермен одақтас болмай көп нәрсеге қол жеткізе алмайтынын анық түсінді. Сол себептен Гитлердің Австрияны жаулап алуына атсалысты, өзі Албанияны жаулап алғанын қанағат тұтты.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін батыс елдері үшін Германияның жалпы экономикалық жағдайының сауығуы қажеттілікке айналды. Осы бағытта, КСРО-ның қатысуымен шаралар жүргізу мүмкін болмағандықтан олар өз зоналарында ғана ашық реформасын жүргізді. Құнсызданған рейхсмарк неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонаның әрбір тұрғыны бұрынғы рейхсмарктың 60-сы орнына 60 жаңа марка берілді де, қалғандары 100-ге 6,5-нан келетіндей етіліп ауыстырылды. Бұрын тауар жетіспейтін болса, енді ақша жетпеуге айналды. Инфляция тоқтатылды. «черный» рынок жойылды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру үшін жағдай жасалды. 1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін көтерілді, ал 1949 жылдың соңында соғысқа дейінгі деңгейі қалпына келтірілді.
Қорытынды
Италияда 1920 жылы жұмысшылар фабрикалар мен зауыттарды басып ала бастады. Осы кезде Италияның ірі буржуазиясының және помещиктердің революциялық пролетариаттан үрейлері ұша бастады. Сол себепті осы кластардың мемлекетте күшті билік орнатуға деген ұмтылысы күшейді. Соңынан олардың фашистік ұйымдарға көрсеткен көмектері ұлғая бастады.
1922 жылдың күзінде фашистер елдегі көп кәсіпорындарды иеленді. Буржуазияның либералды топтары фашизмге еш қарсылық көрсетпеді.
1926 жылдың қаңтарында коммунистердің үшінші съезі өткізілген болатын. 1926 жылдың 31 қазанында Муссолиниге төртінші мәрте шабуыл жасалды. Алтыншы қарашада ішкі істер министрі Федерцони жұмыстан кетіп, оның лауазымын Муссолини өзі атқара бастады.
1926 жылдың қарашасында фашистік үкімет бес жыл мерзімге төтенше заңдар қабылдады. Бірақ бұл заңдардың мерзімі үнемі ұзартылып, фашистік режимнің соңына дейін күшін жоймады. Осы төтенше заңдарды енгізуге байланысты Италияда күрестің жаңа кезеңі басталды. Төтенше заңдарды қабылдай салысымен фашистерге қарсылардың барлығын жаппай тұтқындау жүзеге асырылды. 1926 жылдың қарашасында алғашқы тұтқындалғандардың бірі коммунистік партияның жетекшісі Антонио Грамши болды. Төтенше заңдар қабылдана салысымен антифашистердің көбісі шетелге бас сауғалап қаша бастады, әсіресе Францияға. Францияға ресми түрде Италия социалистік партиясының және италяндық еңбекшілердің социалистік партиясының басқарушы органдары орналасты.
Италиядағы экономикалық дағдарыстың бірден-бір себебі ол корпоративті саясатты ұстану еді. 1930 жылы Муссолини фашистік мемлекет тек ғана корпоративті мемлекет болу керек, немесе оның несі фашистік деген болатын. Себебі фашистік мемлекетке басқаруға болатын экономика соғысқа дайындалу үшін қабілетімен керек еді. Италияда сол кезде ресми түрде екі әнұран болды. Күнтізбесіне дейін фашистерге бейімделіп дайындалды. Қара көйлектілер, жиырмасыншы ғасыр кімдікі, әрине біздікі деп өзі сұрақ қойып, өзі жауап берген болатын. 1934 жылғы депутаттардың жаңа мәжілісін ашқан Муссолини біз фашизмге қарсыларды жойып біттік деген еді.
Бірінші тамызда коммунистер бейбітшілікті қорғау күнін атап өтуге дайындалды. Бұл хабарды естіген полиция барлық жерлерде тінтулер жүргізіп, әскерилер күшейтілген тәртіппен қызмет атқара бастады. Коммунистер өз кезегінде үнпарақтар мен соғысқа қарсы әдебиеттер таратып үлгерді. Бірақ сол кезде Италияда фашизмнің міндетті түрде соғысқа алып келетінін халықтың барлығы бірдей ұғына қойған жоқ.
1929-1933 жылда Италия экономикасын қатты дағдарысқа ұшырады. Өз әлсәздігін сезінген Италия сол жылдары Кеңес Одағымен бірінші болып сауда-саттық келісім-шартын жасасты.
Кейіннен италияның Сомали мен Эфиопияның шекарасында кикілжіңі басталды. 1934 жылдың желтоқсанында Эфиопия аумағында қарулы қақтығыстар басталды. Эфиопияның барлық аумағын сегіз айдың ішінде басып аламыз деп италияның бас штабы әскери операция жоспарын құрды.
1936 жылдың 5-мамырында Эфиопия астанасына Италия әскері басып кірді. 9-мамырда Үлкен фашистік кеңестің мәжілісі өтті. Италия короліне Эфиопия императорының да тәжі киілді.
1941 жылдың 22-маусымында Гитлер ешқандай Муссолинимен кеңеспестен Кеңес Одағына шабуылын бастады. Кейіннен өз министрлеріне Гитлер маған Ресейге шабуыл жасауға шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл әрине Германия мен Европаның болашағы үшін мәні бар тарихи шешім. Әлемнің түрін өзгертетін осындай орасан зор оқиғаның кезінде Италия жаңа соғыстан шет қала алмайды және осы ұрысқа біз белсенді қатысуымыз керек деп мәлімдеді.
1940-1941 жылдарда сотталғандардың көпшілігі еңбекшілер тобынан болатын. Әсіресе бұрын жұмысшы немесе шаруа болған солдаттар көп болды. Альпі әскерінің бір солдаты Францияға жасалған шабуыл кезінде Бұл жерде халіміз мүшкіл және бұған кінәлі тек ғана Муссолини шошқа деп жазды. Турин жұмысшысы болған солдат Драго казармада жүріп қаруымның пшағын француздарға емес, фашистерге қолдануға құштармын деген екен. Чуфоли деген солдат гректерді өзімнің бауырымдай санаймын, оларға қарсы соғысқым келмейді деп ата-анасына хат жазған.
1943-жылдың 3-қыркүйегінде одақтастар әскері әскери әрекеттерді оңтүстік Италияға ығыстыру үшін Мессинскіні шабуылдай бастады. Дәл осы күні Сицилиядағы Кассибиледе Бадольо үкіметінің өкілдері мен Бірлескен ұлттар үкіметі бітімгершіліктің қысқаша шарттарына қол қойды. Сегізінші қыркүйек күні лондон радиосы Италиямен татуластық деп жариялады. Артынша Бадольо да радиодан сөйлеп, италиян әскерлеріне соғысты доғаруға бұйрық берді. Әскерлер болса түкке түсінбеді. Бадольо үкіметі және король астананы тастап оңтүстікке қарай Пескаруға одақтастар әскерін паналамақшы болып қашты. Екі тәулік ішінде неміс әскерлері барлық Солтүстік және Орталық Италияны жаулап алып, Римге енді. Италия елі меридиан бойынша екіге қақ айырылды. Оңтүстікте ағылшын-американ әскеріне сүйенген Бадольо үкіметінің әскери-монархиялық режимі сақталса, солтүстік және орталық Италияда Гитлердің тікелей қатысуымен Италия социальдық республикасы құрылды.
Муссолини 15-18 қыркүйекте герман радиосы және Монако радиосы бойынша Италия бұдан былай республика болып, Фашистік республикалық партия құрылғанын хабарлады. Дуче жаңа құрылған партияға герман әскерлеріне тиімді қолдау көрсетуді бұйырды. Қыркүйек айында жаңа құрылған фшистік партияның хатшысы Паволини Римге барып қатарларын толықтыруға адамдарды қанша үгіттесе де олардың саны көбейе қойған жоқ.
23-қыркүйекте Муссолини басқаратын Италия әлеуметтік республикасының үкіметі құрылғаны хабарланды. 1943 жылдың қарашасында Верон қаласында фашистік партияның конгресінде демагогтардың бағдарламасы қабылданды: италяндықтарға Италияны әлеуметтік республика ретінде жариялайтын халықтық құрылтайшы жиналыс құруға уәде берді. Осы Веронда өткен конгресс фашистік партияның алғашқы және ең соңғы ассемблеясы болды, ал оның бағдарламасы ешқашан жүзеге аспайтын.
Италиядағы Гитлер насихатына қарсы ұрысты негізінен неміс әскерлері жүргізді. Әлеуметтік республикадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен де солар болатын. 1943 жылдың қыркүйегінде Италияда құрылған герман әкімшілік аппараты Солтүстік Италиядағы барлық ірі өндіріс орталықтарын өз бақылауларына алды. Муссолинидің үкімет аппараты да герман бақылауына бағынышты болды.
Муссолини өз режимін зорлық пен қуғын-сүргінмен нығайтуға тырысты. Неміс әкімшілігімен ынтымақтастықта болған фашистер еврейлерге қарсы қуғын-сүргінді қайта жаңғыртты. Қарсы болғандардың барлығы басып жаншылды. Барлық мәселе күшпен және жазалаумен шешілетін болды. Осы мақсатта төтенше трибунал және италяндық эсэстер отряды құрылды.
Веронда 1943-жылы 25-маусымда үлкен фашистік кеңестің мәжілісінде Муссолинидің биліктен кетуі туралы шешімге қол жеткізген бұрынғы фашистік топбасшыларын соттау басталды. Сотта бұрынғы шет істер министрі Чиано, Маршал Де Боно, бұрынғы фашистік кәсіподақтар хатшысы Готтарди т.б. істері қаралды. Кейбіреулерін сырттай соттап үкім шығарды. Өлім жазасына кесілген бесеудің ішінде Чиано да бар. 11-қаңтар күні таңертең Веронадағы ескі фортта осы үкім орындалған болатын.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Общая теория государства и права. Л., 1961,
2. Петров В.С. Сущность, содержание и формы государства. Л., 1971,
3. Тольятти П. Лекция о фашизме. М., 1974,
4. Новейшая история стран Запада. М, 1959,
5. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. 1917-1945 гг. М, 1989,
6. Лопухов Б.Р. История фашистского режима в Италии. М, Наука, 1977,
7. История фашизма в западней Европе. М, Наука, 1978,
8. История ХХ века: люди, события, факты. Аквариум, 1999,
9. Дәуірбаева Т. Еуропа мен Америка елдерінің тарихы. 1918-1990 жж. Түркістан, 2004,
10. Италия в конце XIX в.: судьбы людей и территории. М, Наука, 1978,
11. История Италии. М, 1971,
12. «Международная жизнь». 1963, №2,
13. Крах италянского фашизма. М, Наука, 1973,
14. Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945 гг.
15. Алатри П Происхождение фашизма.. М, 1961,
16. Ревуненков В.Г. Новейшая история стран запада. М. 1958.
17. История новейшего времени стран Европы и Америки. 1918-45.
18. w.w.w. mega book. Ru. КМ RU Универсальная энциклопедия М.Б.
19. Б. Муссолини. w.w.w. peoples. Ru.
20. Фашизм по 5-ка ru.
21. Фашизм. Визуальный словарь..vslovar. org. ru.
22. Фашизм. w.w.w. dazzle. Ru.
Тағы рефераттар
- Банктің қаржылық қызметіне талдау
- Еуро-ЕВЖ валютасы
- Теломеразалар әрекетінің тетіктері
- Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
- Биогаздың қолданылуы