Қабат энергиясының балансы туралы қазақша реферат

Қабаттағы мұнайға түсетін қысым жеткілікті үлкен болған кезде, мұнай өздігінен скважина оқпаны бойымен жер бетіне көтеріледі. Мұнай көтерудің осы әдісі фонтанды деп аталады.

Фонтандауды қамтамасыз ету үшін қабат қысымы неге шығындалады және оның мөлшері қандай болу керек? Біріншіден, скважина оқпанын толтырған қарсықысым Ргст гидростатикалық қысымды төзіп шығу керек. Екіншіден, шегендеуші құбырлар колоннасы мен СКҚ-да сұйықтың қозғалысынан пайда болатын Ргид  гидростатикалық шығындарды компенсациялау керек. Үшіншіден, скважина сағасынан Ртр  жинау пунктіне дейін сұйықтың тасымалдауын қамтамасыз ету керек.одан басқа биіктіктердің Рт  геометриялық айырмашылығын тозу қажетті энергия қажет болған кезде де скважина сағасы жинау пунктінен төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар сұйықтың жоғары қысым аумағынан (қабат) төмен қысым аумағына (скважина) қозғалғанда одан кеңейіп,көтеруге көмектесетін газ бөлінеді. Газдың осы әсерін Ргаз деп белгілеп, фонтандау талабын аламыз:

Рпл= Pгст + Pгид + Pтр – Pгаз +Pг    (4.1.)

Түгелдей фонтандау теориясы академик А.П.Крыловпен жасалды.

Фонтанды скважинаның жұмысының режимін жобалағанда келесілерді ескеру керек:

Қабат сұйықтың келуі түптегі Рзаб қысымы аз болған сайын көп болады. Сол уақытта түптегі қысым көп болған сайын көтергіштің өткізу қабілеттілігі жоғары болады. Қабат пен көтергіштің жұмыс процесінде «пласт-көтергіш» жүйесінің тепе-теңдігі орнатылады.

Қабаттан сұйықтың келуі:

qn=K(Pпл – Pзаб )n     (4.2)

Мұнда К-өнімділік коэффициенті, м3/тәу. МПа; Рпл-қабат қысымы, МПа; Рзаб- түптік қысым, МПа.

Көтергіштің өткізу қабілеттілігі (4.5) формуласымен анықталады, сондықтан талаптарды сақтауға ұмтылу қажет:

qn=qmax

Егер СКҚ түпке дейін түсірілген болса, онда (4.2) формуласында Рзаб түптік қысым болып табылады. Егер скважинаның Н тереңдігі СКҚ-дың L түсіру тереңдігінен көп болатындай СКҚ түптен жоғары болса, онда

Рзаб= Pбаш + (HL) pq    (4.3)

Бұл жағдайда (4.2) формуласының түрі осындай болады:

qn= K( PплBбали –(HL) p q )n  (4.4)

мұнда Рбали-лифтке кірудегі қысым; р-сұйық тығыздығы; лифт ілгегінің Lтереңдігінде оның d диаметрі:

              (4.5)

Лифтінің берілген диаметрінде оның түсуінің тереңдігі:

(4.6)

Мұнда Ру-сағалық қысым.


Тағы рефераттар