Қапшағай қаласының желі жағдайы туралы қазақша реферат

Қапшағай қаласы  Алматы  облысының  солтүстік-шығысында  орналасқан,  1970  жылы  негізі  қаланған.  Қапшағай  қаласы  Іле  ауданының  аудан  орталығы  болып  табылады.

Территориясы – 3,6 км2.

Қапшағай  қаласының  тұрақты  тұрғындарының  саны  50898  адам.  1998  жылы  қаланың  әкімшілік-территорылық  бағынуына  Шеңгелді  округі  берілді,  сонымен  қатар  қала  құрамына  8  елді  мекен  кіреді,  олардың  барлығы  ауылдық  елді  мекендер.  Қазіргі  таңда  Қапшағай қаласы мен  Заречный, Арна  және  Шеңгелді  поселкелерінің  жалпы  халық  саны  78257  адамды  құрайды.  Бұл  ауылдардың  барлығын  Қапшағай  қаласында  орналасқан  ҚТТ  «Қазақтелеком» АҚ  қамтамасыз  етеді.

Жұмыс  істеп  тұрған  шаруашылық  субъекттер  саны – 900-ден  артық,  олардың  486-сы  заңды  тұлғалар да,  418-і  жеке  тұлғалар.  Экономика  салалары  бойынша  олардың:  75 кәсіпорын — өндіріс  саласына,  42 – құрылыста, 32 – ауылшаруашылық  және  балық  аулау,  31 – транспорттық,  83 – сауда  және  10  кәсіпорын  қызмет  көрсету  саласына  бөлінген.

Қала  территориясында  «Трансстроймост»,  АҚ  «Қапшағай  ГЭС-і»  сияқты  біріккен  өндірістік  кәсіпорындар  жұмыс  істейді.  АҚ  «Ерминстрой»,  АҚ  «Капшагайтяжстрой»,  АҚ  «Қапшағай  автобекеті»,    АҚ  «Қапшағаймұнайөнімдері»,  АҚ  «Қапшағай  фарфоры»,  Қапшағай  қалалық  телекоммуникация  басқармасы  АҚ  «Қазақтелеком»  сияқты  кәсіпорындар  өз   қызметін   қайта  нығайтып,  өндірістік  қуатын  күшейтуде.

Соңғы  жылдары  қалада  шағын  бизнес  саласы  табысты  даму  үстінде.  Олардың  қатарына  ЖШС  «Аям»,  «Қазақ  ұн»,  «Дружба-пласт»,  «Қапшағай  нан»,   «Қапшағай  қап»,  «Құрама  жем»   сияқты   және  басқа  да  жұмыс  істеп  тұрған  және  халық  тұтыну  тауарларының  20-дан  астам  түрін  шығаратын  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктерді  жатқызуға  болады.

Қазіргі  таңда  қаланың  экономикасына  тікелей  инвестицияны  көздеу  туралы  бағдарлама  шығарылды.  Жақын  жылдарда  3,5 млрд. теңге  шетелдік  инвестицияларын  алу  жобаланып  отыр.

Қаланың  байланыс  желісінің  жалпы  сыйымдылығы  7500 нөмір.  Желідегі  нумерация  бесмәнді.  Қапшағай  қаласы  аймақ  орталығы  болғандықтан,  желі  сыйымдылығының  толық  қолданылуы  қамтамасыз  етіледі. Қаланың  инфрақұрылымының  өсуіне  байланысты  басқа  региондардан  халықтың  көптеп  келуі  ІР-телефония  сияқты  жаңа  қызметтерді  қолданудың  қажеттілігі  артты.

Қапшағай  қаласындағы  қолданыстағы  талшықты-оптикалық  сақинаның  сұлбасы  А  қосымшасында  көрсетілген.

Операторлар  периферияда  қызмет  істейтін  және  тікелей  құрылыс  немесе  басқа  өндіріс  саласымен  айналысатын  өздерінің  бөлімшелерін  сапалы  байланыспен  қамтамасыз  етуді  қажет  ететін  корпоративті  клиенттерге  өз  қызметтерін  ұсынады.  1.1-кестеде  қаладағы  АТС-ның  сипаттамалары  көрсетілген.

Қалалық  байланыс  желісінің  тораптық  бөлігінде  негізінен  ТПП  және  ТГ  типті  талшық  диаметрі  0,5; 0,32 мм болатын,  «ИКМ-30, ИКМ-120»  типті  сандық  тарату  жүйелерімен  тығыздалатын  мыс  кабельдері  қолданылған.  Кабельдік  линиялар,  сондай-ақ  «КАМА»,  «КРР»  түріндегі  аналогты  тарату  жүйелерімен  тығыздалады.  Қолданыстағы  RSU сипаттамалары  1.2-кестеде  келтірілген.

Кесте 1 –  Қаладағы  АТС-ның  сипаттамалары

АТС типтері

АТС кодтары

Сыйымдылығы

Нөмірленуі

Қондырылған  жылы

АТСК/АТСЭ

47/22

12048

470000-479999

220000-222047

1988,1990

1996

АТСК

42

9000

420000-428999

1977,1982,1991

АТСЭ

27

3840

270000-273839

1996

АТСЭ

25/28

10240

250000-257999

280000-282239

1996

2002

АТСК/АТСЭ

62/21

10040

620000-626199

210000-213839

1989,1992

1996

АТСК

296

1000

296000-296999

1978,1980

АТСЭ

26/24

18016

260000-269999

240000-248015

1996

Кесте 2 – Қолданыстағы  RSU сипаттамалары

АТС типтері

Сыйымдылығы

Қайда қосылған

RSU-230

976

АТСК-47

RSU-238

1952

АТСК-47

RSU-280

488

АТСЭ-25/28

RSU-294

1504

АТСЭ-26/24

RSU-206

1952

АТСЭ-26/24


Тағы рефераттар