Темір рудалы шикізаттың  экспортымен негізінен Орталық және Солтүстік – Батыс  аймақтардың тау-кен байыту комбинаттары айналысады /кесте 13/. Кестеде көрсетілген 5 аса ірі  экспортерлар үлесіне  2001 ж.  ресейлік экспорттың  100 %-ке жуығы келген. 2001 ж. экспорт көлемі негізінен Стойленск тау-кен байыту комбинатының руданы өткізуі есебінен өсті. Темір кенді шикізаттың экспорты, негізінен Украинаға — 54 % және Шығыс Европа (Словакия, Чехия, Венгрия, Польша) елдеріне – 37  % — бағытталған.

Кесте 13

Ресейден темір рудалары мен концентраттардың экспортерлар бойынша көрсеткіштері.

 

Экспортер-кәсіпорындар

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

Стойленск Т-кБК

Лебединск Т-кБК

Карелия окатышы

Михайловск Т-кБК

Ковдор Т-кБК

4550

8868

2705

2923

223

37,5

48,8

38,3

16,7

6,9

9833

8920

2303

1835

330

81,2

50,4

33,1

13,5

9,5

Кокс импортымен Ресейде негізінен арнайы маманданған кәсіпорындар айналысады – олардың үлесіне 2001 ж. экспорттың 70 %-ы келсе, оның ішінде  “Алтай — кокс” үлесіне экспорттың 57 % келген /кесте 14/. Кокс экспорты 2001 ж. негізінен Қазақстанға – 30 %, Германияға – 29 %, Украинаға – 16 % жөнелтілді.

Кесте 14

Ресейден кокс экспорты.

Экспортер-кәсіпорындар

 

 

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

“Алтай — кокс”

Магнитогорск комбинаты

Мәскеу кокс-газ зауыты

“Северсталь”

“Кокс” (Кемерово қ)

780

280

83

75

139

27,4

5,6

7,9

1,8

9,1

1155

274

131

129

98

42,3

5,7

16,2

3,2

5,7

 

Ресейлік шойын экспортының  шамамен 60 %-н “Тулачермет” ААҚ жүзеге асырады /кесте 15/. Шойын  экспорты 2001 ж. негізінен Германияға – 36 %, Данияға – 21 %, Италияға – 12 %, АҚШ-на – 7 % бағыттайды. ТМД елдерінен ресейлік шойынның импортерларының алғашқы ондығына тек Беларусь пен Украина кіреді.

Кесте 15

Ресейден шойын экспорты.

 

Экспортер-кәсіпорындар

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

“Тулачермет”

“Свободный Сокол”

Новолипецк комбинаты

Кузнецк комбинаты

Косогор металлургия зауыты

Чусовск металлургия зауыты

2000

115

458

81

408

177

95,0

35,4

5,9

3,1

77,9

24,5

2100

529

415

381

350

160

90,0

91,2

5,6

13,8

87,0

23,5

Прокаттың негізгі экспортерлары Ресейдің тоғыз аса ірі кәсіпорындары  болып табылады – олардың үлесіне экспорттың жалпы көлемінің  90 %-тан астамы келеді /кесте 16/.  Ал ірі үш комбинаттың  үлесіне  — Магнитогорск, “Северсталь” және Новолипецк – 2001 ж. ресейлік прокат экспортының 52  %-ы келген. Экспорт Түркия (15  %), Қытай (11  %), Египет (9  %), Тайвань (8  %), АҚШ-на (7  %) бағытталған. ТМД-ның ешбір елі Ресейден ірі импорттаушы қатарына кірмейді /25/.

Кесте 16

Ресейден дайын прокат-экспорты.

 

Экспортер -кәсіпорындар

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

Новолипецк комбинаты

Магнитогорск комбинаты

«Северсталь»

Нижнетагиль  комюинаты

Батыс-Сібір комбинаты

Кузнецк комбинаты

Оскольск электрометаллургия комбинаты

«Мечел»

«Носта»

5445

5355

4324

2653

2392

1378

 

1280

984

786

72,4

61,0

52,2

78,7

53,4

50,7

 

72,3

36,5

35,3

5035

4522

36,74

2605

2611

1494

 

1401

1225

938

68,7

49,6

46,0

71,8

56,4

56,9

 

74,3

43,2

48,2

Сұрыптық прокат экспорты негізінен 2001 ж. Иран (17 %), Қазақстан (18 %), Қытай (8  %), Беларусь (7  %), Украина (7  %) және АҚШ-на  (7  %) бағытталды. Беттік прокат экспорты  негізінен 2001 ж. Малайзия (14 %), Қытай (10 %), Түркия (7 %), АҚШ (7 %), Италия (6 %), Корея республикасы (6 %), Иран (5 %) және Беларуське (5 %) бағытталды.  Прокаттың аса ірі экспортерлары елдегі  Новолипецк металлургия комбинаты мен Батыс – Сібір металлургия комбинаты. Нарықтық экономикаға өту  (1992 ж)  кезеңіне қарай бұл кәсіпорындардағы  прокат өндірісінде  экспорт үлесі аса жоғары  болмады. 1992-1996 жж. кезеңінде екі кәсіпорында да  прокат экспортының көлемі 5-6 есе ұлғайды. Сонымен қатар оның жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы күрт өсті. Кейіннен (1997-1998 жж.) ресейлік металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің  төмендеуі салдарынан экспорт көлемі біршама кеміді. 1999-2001 ж. отандық металл өнімдерінің  бәсекеге қабілеттілігі жоғарылап экспорт көлемі ұлғайды. Тек екі ғана кәсіпорын-комбинаттарда  (Магнитогорск және “Северсталь”) беттік және сұрыптық прокаттың  үлесі 2001 ж. бүкіл прокат  экспортының көлемінде  77-84 % құрады.  Беттік  прокат экспортының 95 %-ы шамасында отандық үш ірі кәсіпорындар үлесіне келді.  Сұрыптық прокаттың аса ірі экспортеры (бүкіл экспорт көлемінің 25 %) 2001 ж. Батыс-Сібір комбинаты болды. Болат құбырларының экспорты жөніндегі мәліметтер 17-кестеде келтірілген. Трубалардың жалпы өндірісінде экспорттың үлес салмағы отандық ірі кәсіпорындарда онша үлкен емес (Северстальдан  өзгелері), алайда олардың өсу тенденциясын байқауға болады. 2001 ж. трубалардың негізгі импортерлары Қазақстан (25 %), Беларусь (13 %), Германия (9 %) және Италия (6 %) болды.

Трубалардың ірі экспортерлары қатарына, сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан кіреді. Бұл елдердің әрқайсысына экспорт көлемінің шамамен 5 %-ы келген /26/.

Жалпы  талдау  нәтижесі  1999-2002  жж.  кезеңінде  ТМД   елдерінде қара металлургия өнімдерінің өндіріс көлемінің өскенін көрсетеді. Осылайша,  болат құбырлар, дайын прокат, болаттың өндіріс көлемдері 52; 40 және 37 %-ға өскен. Алайда бұл аралықты  2 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде (1999-2000 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы жалпы дүниежүзілікке қарағанда жоғары болған (3 еседен астам). Екінші кезеңде (2001-2002 жж.) ТМД елдеріндегі болат өндірісі көлемінің өсім қарқындылығы  жалпы дүниежүзілікке қарағанда  төмен болды (2 еседей). ТМД елдеріндегі қара металлургияның өсім қарқындылығының   баяулауы  Ресей мен жалпы ТМД-ғы өнеркәсіптік өндіріс қарқындылығының төмендеуінен болды.

 Кесте 17

Ресейден болат трубаларының экспорты.

 

Экспортер-кәсіпорындар

Ж  ы  л  д  а  р

2000

2001

мың т.

%

мың т.

%

Челябинск ТПЗ

Волга құбыр

Таганрог металлургия зауыты

Синар құбыр

Первоуральск  НТЗ

“Северсталь”

Выксунск металлургия зауыты

Северск құбыр

88

79

66

33

54

80

29

22

14,0

19,3

14,3

7,0

8,7

47,9

3,8

4,5

105

89

83

79

67

65

32

21

15,3

17,3

16,5

14,7

10,6

38,9

3,9

4,3

Ресей мен Украинаның металлургиялық кәсіпорындарында өндірістің техникалық  деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде. Алайда инвестициялық  ресурстардың жетіспеушілігі салдарынан оның жүзеге асу қарқындылығы аса жоғары болмай отыр.

Дүниежүзілік болат рыногында ТМД-ның, соның ішінде  Ресейдің металлургиялық кәсіпорындары түрлі тарифтік және тарифтік емес шектеулерге ұшырауда. Бұл жағдай және сонымен бірге  көптеген жағдайда өнімнің аса жоғары сапалы болмауы, экспорт  құрылымының қанағаттанарлықсыз болуына әкеліп соқты.

2000-2002 жж. Ресейден ТМД елдеріне бағытталған қара металлургия өнімдерінің экспорт үлесі ұлғайды.
Тағы рефераттар