Өткен ғасырлар қойнауынан түркі тілдес халықтардың барлығына ортақ өнер, мәдениет қайраткері – ақын, ақылшы, көріпкел, бақсы, қобызшы, сазгер,жыршы, сәуегей, тәуіп, қол бастаған батыр әрі фиьософ Қарақожаұлы Қорқыт қазақ жерінде дүниеге келіп, дүниенің төрт бұрышын шарлап, өзі өскен Сыр бойына оралып дүниеден қайтады.
«Қорқыт» атауы Шоқан Уәлиханов пен Г.Н.Потаниннің болжауы бойынша «қорқ» — қорқу, қорқамын, қорқыту, өлімнен қорқып қашу, бақсылық үшін қолданылатын іс- әрекет десе, профессор Ә.Қоңыратбаев «хор» — тайпа атына жақындығын айта келіп «құт» сөзінің ескі жұрнақ екенін, Қорқыт – оғыздардың құты, ойшыл, сәуегейі «құт әкелетін адам» тұлғасы бейнеленген,- деп қорытындылайды.
Қорқыт туралы әңгімелер, мифологиясы, болжамдар VII- IХ ғасырларда Сыр бойы оғыз- қыпшақ тайпаларының ауыз әдебиетінде айтылып, ОртаАзия, Кавказ, Түркия, Балқан түбегі аймағында таралып, Қорқыт ата айтқан нақыл сөздер қазақ мақал- мәтелдерінде, жыр жолдарында, жыраулардың толғауларында өзгермей сақталып, халқымыздың жыраулық, бақсылық, қобыз- күй атасы, көріпкел, ақылгөй, адамгершіліктің жоғарғы шыңына баулитын тарихи- өнерлі тұлға ретінде танылады. Сыр бойындағы Шөмекей (Сарыбай) елінде Құлназар ақын Қорқыт ата туралы:
Өлімнен қырық жыл бұрын Қорқыт қашқан,
Қазылған көрді көріп қатты сасқан.
Тағдырдың тақымына тәнті болмай,
Ажалмен арпалысып жанталасқан, —
деп бағалайды. Атағы төрт әлемге тараған оғыз- қыпшақ тайпаларының қобыз ойнау шебері, күйші, бақсы- тәуіп, көріпкел әрі жыршы – жырау, дастан, арнау, толғау айтушы, ақылгөй- ойшыл өз шығармаларының бірінші орындаушысы, уағыздаушы, қобызбен сүйемелдеушісі ретінде халқының санасында сақталған. Осылай көп салалы дамыған қайраткер тұлғаларды «сегіз қырлы, бір сырлы» деп халқымыз бағалайды, мақтан тұтады.
Ерте ғасыр ғалымы Дәуріш Әли әлемге тараған «музыкалық трактатында» атап көрсеткендей Мауреннахр аймағында қатар жатқан Жейхун (Амурдария), Сейхун (Сырдария) саласында қобыз аспабының бақсы- шайырлардың қолында орта ғасырда болғанын айтады.
Ал Әбунасыр әл- Фараби бабамыздың «Китаб аль- музыкаль — кабир» (Музыканың үлкен кітабы) атты трактаты Қорқыт өнері шығармашылығымен
сыбайлас келіп, жарты тон дыбыстар аралықтарын жағымды, жағымсыз деп, 12 дыбыстан тұратын адамның тыңдау, қабылдау қабілетіне сай екендігін дәлелдеп берген жаңалықты, Қорқыт ата орындайтын халық күйлері мен өзінің «Қорқыт» атты күйінде, «Аққу», «Әуіпбай», «Башпай», «Желмая», «Елім- ай, халқым-ай», «Сарын», «Тарғыл ана», «Ұшардың ұлуы» т.б. күйлерінің құрылымынан байқауға болады. Демек, екі дарынның өскен ортасы тыңдалған ән, күй, жыр, айтыс, дастандарды бір кезеңде, бір сарында орындалғандығында көп ашылмаған сыр жатыр емес пе?
Қазақ өлкесінде бақсылық өнердің пірі атанған Қорқыт сырқаттанған, ауырған, ауруға ұшыраған адамдарды Қорқыт атымен, қобыздың сиқырлы үні арқылы зікір салып, бойын сергектетіп, адам бойына жайлаған өлімге қарсы тұрып, өмірге араша болған «халық емшілері» шеберліктің арқасында адамның жағымды әрі ащы дауысымен қобыз сазы арқылы аурудың жан дүниесіне пайдалы әсерін тигізіп, дәрі-дәрмек ретінде күш-қуат, сенім арқылы аурудан айықтырған.
Күйді тыңдау, күйді орындау таңғажайып музыкалы- эстетикалық, педагогика- психологиялық құбылыс, оны тыңдау табиғи қажеттіліктен тұрады. Соның арқасында құдіретті, әсем күйдің, әннің, жырдың т.б. өнер түрлері мен салаларының шығуы, орындалуы,болашақ ұрпаққа көшіп қабылдануы, саналы ұрпақтың рухани байлығына айналды. Әбунасыр әл- Фарабидың сөзімен айтсақ, музыканың адамға емдік қасиетін, жағымды әсерін жан- жақты дәлелдеп, оның адам жан дүниесіне пайдалы әсер етіп, тәрбиелік мәні зор екенін ескертеді.
Өткен ғасырдың майталман ақын, жырау, бақсылары: Жанақ, Сабырбай, Найман бала, Құлыншақ, Балқы базар, Нышан Шәмен ұлы, Борықбай т.б. домбыра, қобыз ойнау, тәуіптік іс- әрекетімен халық аузына ілінсе, Жаңаарқа, Сарысу аймағында өмір сүрген қобызшы, сазгерлер аталы- балалы: атасыАлтынбек, оның баласы Дүкен, оның баласы Ықылас, оның баласы Түсіпбек, оның шәкірті Дәулет Мықтыбай Әупік ұлы, Сүгір Әли ұлы, Ашай, Әйкен, Жаппас Қаламбаев болып жалғасады.
1870 жылы Жетісу өлкесіндегі Ақсу ауданында Қобызшы Молықбай Байсақұлы дүниеге келіп, 1930 жылы «бақсы» деген айып тағылып, Алматы қаласында түрмеде қайтыс болады.Атақты ақын Ілияс Жансүгіров 1930 жылы Молықбай қобызшы туралы «Күй» атты поэма жазды. Жазушы серік Жанабіл қобызшы туралы «Қобызшы Молықбай» атты кітапты «Жалын» баспасынан 1994 жылы кітап етіп шығарды. 1993 жылы Серік Жанабілдің «Молықбай қобызшы» фильм- спектаклі республикалық телеэкраннан көрсетіліп, ол «Алтын қорға» енгізілді. Молықбай қобызшы Қорқытты пір тұтқан. Молықбайдың «Қорқыт», «Шурат», «Бозжорға», «Жезкиік», «Кеңес», «Бозінген», «Жетісу», «Алатау», «Ақсу» атты күйлері болған екен.
Қобызшы Молықбай шал Матайдағы,
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы.
Қазақта қобызшыдан қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, —
Деп дауылпаз ақын Ілияс Жансүгіров Молықбайды жырлайды.
Қобызшы Молықбайдың туған- туыстары Алматы облысының Ақсу ауданында тұрады.
1928 жылы Оңтүстік өлкесінде Бөген ауданы Төртгүл Беспай шаруаның Заманбек атты ұлы дүниеге келеді. Мызайым әкесінің қобызымен бүгінде зікір салып, жүйке ауруына шалдыққандарды емдеуде.Бақсы Заманбек Шымкенттің жаны Тельман атты ауылда тәуіптік қызметімен айналысқан.
Қыл қобыз жоғарғы оқу орны саласы Алматы консерваториясында 1968-69 оқу жылында Еркеғали Рахмадиевтың ұсынысымен ашылып, 8 студент қабылданып, Жаппас Қаламбаев 1968-69 жылдары, Дәулет Мықтыбаев 1970-77 жылдары, Болат Сарыбаевпен бірлесе отырып дәріс беріп, 4 студентті Қосбасаров Базарбай (консерваторияда сабақ береді) , Ажмұратов Қуаныш (Құрманғазы ат. оркестрде), Құдайберген Нұрманов (Таразда), Жұмабеков Әбдіманапты бітіртеді.
1977 жылы Дәулет Мықтыбаевтың ұсынысымен Жұмабеков Әбдіманап Республикалық арнаулы музыкалы 11 жылдық қазақ мектеп- интернатына қыл қобыз мамандығы бойынша қызметке қабылданды. Осы оқу жылында аталған музыкалы мектеп- интернатта қыл қобыз мамандығы республикада тұңғыш рет ашылған болатын. Төменде аталған оқушылар: Нұрмашова Нұргүл (Көкшетау филормониясында) , Тұрманова Нағима (Шымкент музыкалық колледжінде), Шабанбаева Гүлназ (Тараз музыкалық колледжінде), Байназаров Батырбек (Қостанай филормрниясында) қыл қобыз класына қабылданып, музыкалы — эстетикалық көркем талғамын қанағаттандыратын, сусындыратын қыл қобыз аспабын болашақ ұрпаққа табыстаған кезеңі еді. Бүгінде Қорқыт ата, Ықыластың қобызы кең етек жайған мезгіл дейміз. Көптеген оқу орындарында арнаулы бағдарламамен қобыз (үш, төрт шекті) , қыл қобыз екі шекті оқытылуда.
Қызылорда мемлекеттік педагогикалық университеті Қорқыт атымен аталады.1998 жылы Қорқытқа арналған халықаралық ғылыми- практикалық конференция өткізілді. Мемлекет тарапынан Қорқыт атаның ескерткіші жаңартылып тұрғызылды. 1980 жыл.
Авторлары: арх. Б.А.Ибраев, физик С.И.Исатаев.
Тағы рефераттар
- Резинаның тұрақтылық қасиеттері
- Қазақстан
- Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері
- Транспорттағы тариф жүйесі
- Қарсыластық стилі