Кәсіпорынның сапа бойынша басшылығы келесі нормативті құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген:
— ҚР СТ ИСО 9000:2008 — Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі жағдайлар және сөздік.
— ҚР СТ ИСО 9001:2008 — Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.
— ҚР СТ ИСО 9004:2008 — Сапа менеджменті жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар.
— ҚР СТ ИСО 14001:2008 — Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар.
— ҚР СТ OHSAS 18001 — Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік менеджмент жүйесі.
Басшылық тарапынан талдау
Жоғары басшылық өз тарапынан менеджмент жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігінің верификациясы шегінен тыс талдауды тарату қажет, бұл талдау жүйе тиімділігін бағалайтын үрдіске айналуы мүмкін. Басшылық тарапынан талдауды озат ынталанған жоғары басшылықтың жаңа идеяларымен алмасу, ашық пікірталас, кіріс деректеріне баға беру трубинасына айналдыру керек. Кәсіпорынның анализ қорытындыларына құндылық қосу үшін басшылық тарапынан жоғары басшылыққа өнімнің өмірлік циклі үрдістерін және сапа менеджменті принциптеріне негізделген систематикалық анализ арқылы қосымша үрдістерін жүзеге асыру. Анализ жиілілігі кәсіпорын қажеттілігін ескере отырып белгіленеді. Анализ үрдісінің кіріс деректеріне менеджмент жүйесінің тек нәтижелілік пен тиімділікті қамтып қана қоймайтын шығыс деректерін қайта жасау керек. Анализ нәтижелері кәсіпорынның қызметті жақсарту жоспарлары кезінде қолданатын деректерді береді.
«Қарашығанақ» кен орнында ЫМЖ анализдері басшылық тарапынан ЫМЖ-ны жақсарту мүмкіндігін және өзгерту қажеттілігінің анықтамасының бағасын, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау және сапа облысындағы саясат пен мақсаттарды қамтиды. ЫМЖ анализі «Қарашығанақ» кен орнының сапа бойынша Кеңесінде жылына бір реттен кем емес өткізіледі.
Кеңестің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: жоғарғы кәсіпорындардан және кәсіпорын басшылығынан түскен көрсетілетін қызмет және ЫМЖ сапасы туралы басшылыққа алынатын құжаттар мен мәліметтерді зерделеу; қызметтің көрсетілу сапасын қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын бөлімшелерінің қызметіне анализ жасау; ЫМЖ-ның бизнес-үрдісінің іс-әрекетін анализдеу; ЫМЖ-ны толық жетілдіруге бағытталған болашақ шешімдерді жасау; сәйкессіздіктері бар үрдістер мен қызметтер бойынша болашағы бар алдын ала сақтандыру және түзету жұмыстарын жасау; басшылыққа жұмысшыларды атап өтуге және ризалық білдіруге мүмкіндік тудыра отыра кәсіпорынның үздік жұмыстарына есеп беру. Кеңесте алдыңғы өткен кеңестегі мен оның алдында шешілген мәселелердің орындалуына Кәсіпорынның ЫМЖ тиімділігіне баға беріледі; «Қоршаған орта және сапа менеджменті облысындағы кәсіпорынның саясаты» талаптарының орындалу үрдістерін, көрсетілетін қызмет сапасы мен өндірістің дамуындағы кәсіпорын стратегияларының функционалдау тиімділігін; кәсіпорынның алдағы кезеңдегі даму перспективалары айқындалады; тұтынушылар, кәсіпорын жұмысшылары және басқа да қызығушы жақтың қанағаттанушылығына баға беріледі; кәсіпорынның кәсіпорындық құрылымын стратегиялық жоспарларды қолдау үшін қажет ресурстармен, қаржымен қамтамасыз ету қарастырылады; компанияда стратегиялық серіктестік бойынша кәсіпорын жұмысына анализ жасалынады; кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз етілуін, бүлінбейтін және ішкі бақылаудың функционалдауына анализ беріледі; сертификаттау сұрақтары бойынша ішкі кәсіпорындармен қарым-қатынас нәтижелері ұсынылады; кәсіпорынның ЫМЖ-ішкі және сыртқы аудиттері нәтижелері қарастырылады; кәсіпорынның ЫМЖ анализдеу үрдісінде анықталған сәйкестіктерді жою бойынша түзету және алдын алу шараларының тиімділігіне анализ беріледі; қызмет көрсету этапында анықталған және бөлімшелерді пайда болған ақауларға анализ беріледі; технологиялық үрдістердің орындалуы кезінде технологтарға қадағалау жүргізу үрдісінде анықталған сәйкестіктерге анализ беріледі. кәсіпорынның өндірістік қызметіне әсер ететін әлеуметтік және экологиялық жағдайларға анализ беріледі.
ЫМЖ анализінің нәтижелері компания басшылығы тарапынан «Қарашығанақ» кен орны сапасы бойынша Кеңестер жиналысының хаттамасымен құжатталады.
Тағы рефераттар
- Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, беткі және ішкі сулары
- Кәсіпкерліктегі инновацияның ролі мен функциялары
- Оқыту техникалық құралдарының жүйесі дипломдық жұмыс
- БАСҚАРУ ЕСЕБІНДЕГІ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ курстық жұмыс
- Қылмыстық ізге түсу жеке түрде жүзеге асырылуы мүмкін қылмыстар дипломдық жұмыс