Қазақстан Республикәсының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2004 жылғы қыркүйек-те 0,8% болды, бұл соңғы 8 жылда қыркүйекте белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады (1996 жылғы қыркүйекте — 1,2%). Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтынтауарлар О,8%-ға, ақылы қызмет көрсету — 0,7%-ға қымбаттады.
Азық-түлік тауарларының құрылымында, әсіресе, жұмыртқаға баға 12,8%-ға өсті, сүт -4,9%-ға, шұжық тәамдары — 3,0%-ға, күріш -2,6%-ға қымбаттады. Жеміс-жидек пен көкөніске баға 1,4%-ға.ұнға -0,4%-ға, нанға-0,1%-ға арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына бағаның өсуі көпжағдайда жанар-жағармайма-териалдарының қымбаттауымен байланысты болды: бензин — 5,1%-ға, дизель отыны — 2,8%-га, көмір — 2,4%-ға қымбаттады. Киім — 0,6%-ға, түрмыстық тоқыма бұйымдары мен аяқ-киім -0,5%-дән қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім беру мекемелерінің қызмет көрсету құны — 6,5%-ға, медицина мекемелерінің қызмет көрсетуі -0,3%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету және жолаушылар көлігінің қызметі — 0,1%-ға қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляцияның деңгейі 3,8% болды (2003 жылдың қаңтар-қыркүйегінде — 2,8%), сонымен бірге азық-түлік тауарларына баға 4,0%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарларға — 4,1%-ға, хәлыққа ақылы қыз-мет көрсету — 3,1 %-ға кетерілді.
2004 жылғы қыркүйекте инфляция жылдық көрсетуде 7,7%-ды құрады (2004жылғытамыз-ца-7,3%).
2. 2004жылдың 1-жартыжылдығындағы телем балансы. Қазақстан экспортының негізгі
тауарларына әлөмдік бағаның жоғары деңгөйі ішкі валюта нарығына экспортерлердің валю-талықтүсімініңедәуір келуінеықпал етті.
2004 жылдың 1-жартыжылдығында төлөм балансыныңағымдағы операцияларының шоты оң сальдомен 96 млн. доллар болып қалыптасты (ағымдағы шоттың профициті — ЖІӨ-нің 0,6%-ы). Тауарлардың сыртқы сауда айналымы осы кезеңде 14,7 млрд. долл. құрады, бұл базалық кезеңнен 4,4 млрд. долларға артық. Сонымен бірге, тауарлар экспорты өткен жылдың осын-дай көрсеткішімен салыстырғанда 40%-ға, ал импорт 47%-ға жуық өсті.
2004 жылдың 1-жартыжылдығында ресур-стардың нетто-әкелінуі талдәу көрінісінде (ре-зервтікактивтердіңөзгеруіне байланысты операцияларды есепке алмағанда) өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды құрады.2004жыл үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға тікелей инвестицияларыныңда өсуі тән болды. 2004 жылдың 1-жартыжылды-ғындаҚазақстанғашетелдіктікелөй инвестици-ялардың жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде тіркелді, нетто-әкеліну 1696млн.долларды құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен 1,7есе асып түседі.
Шетелдегі заемдық ресурстардың салыстырмалы түрдегі төменгі құны және оларға жоғарғы ішкі сұраныс шетел капиталының едәуір көлемін тартуға ынталандырды.
2004жылдың 1-жарты жылдығында борыштық капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд. долларға, резиденттердің шетелдік активтері -1,3 млрд. долл. өсті.
Экспорттық кірістердің өсуі және сыртқы заемдардан елге каражаттың едәуір келуі шетел валютасына ұсыныстың сұраныстан асып түсуіне себеп болды — төлем балансының операция-лары бойынша оң сальдо (талдау көрінісінде) 2004 жылдың 1-жартыжылдығында 1736 млн. долларды құрады.
2004 жылдың 1-жәртыжылдығында жалпы сыртқы борыш 12,7%-ға есіп, 25,8 млрд. доллар-ды құрады. Мемлекеттік және мемлекеткепілдік берген борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд. долларға төмендеген кезде, сыртқы борыш-тың өсімі банктердің және үлесіне сыртқы борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген республика кәсіпорындарының заемдық операцияларымен толық қамтамасыз етілді.
3. Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары. 2004 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтөрі ағымдағы
бағаларда 2,3%-ға өсіп, 6823,9 млн. долларға жетті. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттық қордың активтерін толықтыру ішкі валюта нарығында валюта сатып алумен және Ұлттық Банктегі Үкіметтің шотына шетел валютасының түсуімен бейтараптандырылды, нәтижесінде таза валюталық қорлар 139,3 млн. долларға өсті. Алтындағы активтер Ұлттық Банк жүргізген операциялар мен оның әлемдік нарықтардағы бағаларының 1,0%-ға өсуі нөтижесінде 11,7 млн. долларға өсті.
Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда, яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 3883,8 млн. , долл.) қыркүйекте 2,6%-ға ұлғайды және 10711,7 млн. долларды құрады.
Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2004 жылғы қыркүйекте ақша базасының 4,4%-ға ұлғайып, 402,9 млрд. теңгеге жетуіне себеп болды. Банки Казахстана №10,2004г 12-17 стр
Қазақстандағы инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 % қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңарту қорына, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Қазақстанда инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлем ақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Кеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
1) өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
2) ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
3) шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісінің арасындағы диспропорция;
4) әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
5) материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% — тен 20% — ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгенннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % — ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен, салық түсімдері қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгеріске ұшыратады. Біріншіден, тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. (1- сызба)
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады, бүл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нөтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді. (2 сызбаны қараңыз).
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде косіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвистициялық қызметке қауіпті әсер етеді.
Инфляцияның классикалық көзі — мемлекттік бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,2001-6,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайыңда бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын — өндірушілер инфляциясын арандатушы факторларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың, әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады.
Тағы рефераттар
- БЕТОННЫҢ СУЛЬФАТҚА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
- “Қазақ” газетінің шығуы , қалыптасуы және деректік ерекшелігі
- ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясаты
- Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
- Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы