Аудармадағы трансформациялық үрдістер мәселесі туралы қазақша реферат

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көп мән бердік. Алайда аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік текст екеніне назар аударып отырдық. Аудармашының жұмысы осы нақты текстің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеріп отырдық. Ендігі сөз осы нақты әрекеттер туралы.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформациялар деп аталып жүр. Бұндай трансформациялар көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:

1.   Орын алмастыру (перестановки);

2.   Ауыстыру (замены);

3.   Қосу (добавления);

4.   Түсіріп тастау (опушения).

Бұлай бөлу, айта кету керек, шартты бөлу, жуықтап қана бөлу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.

1. Орын алмастыру. Бұл — аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сынарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт — түпнұсқа текстің сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма тексте өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Осыған байланысты бір аударма: Не послушался апрелец своего коня, поднял перо жар-птицы, привез и подносит царю в дар. Мерген тұлпардың айтқанына көнбепті, зымыран кұстың қауырсынын әкеп, патшаға тартыпты. Бұл аударамада орын алмастыру бір сөйлемнің ішінде болып тұр.

Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма тексте бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура келеді:

Менбазардан сатып алған телпекті кидім.

 Бірұзын құнқағары бар аңшының қызыл телпегі еді. –

 Я надел красную шапку, которую утром купил в базаре.

Это была охоничья шапка, с очень-очень длинным козырьком.

Бұл аударуда орын ауыстыруға мүмкіндік берін тұрған нәрсі — «телпек» сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.

Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі – заңды құбылыс. Бір мысалы:

Я в отчаянье, если бы Вы нато не согласились. –

Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

Түпнұсқа текст құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма тексте орын тәртібінің, яғни текстегі орынның өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысал М.Әуезовтің Джек Лондонның «Волк» әңгімесін аударуынан келтіруге болады. Аударма текстегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем;

— Қасқыр ! Қасқыр! Қасқыр! — деп, Медж итін шақырыптұр еді

Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жібереді. Бұндағы 1 сөйлем түпнұсқада 6-шы абзацта тұр:

—  Волк! Волк Сюда! позвала Медж. Ал 2-ші сөйлем 8-ші абзацта тұр:

Ирвин сунул себе в род оба мизица, и его пронзительный свист присоединился к зову Медж.

Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ аударамашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі «.. .свист присоединился к зову Медж» деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма тексте табиғилық сипат беретіндігін творчестволықпен түйсінген.

2. Ауыстыру. Бұл — түпнұсқа текстегі сөз формаларын, таптарын, сөйлемшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. аударма тексте бұлардан өзгеше тілдік единицалармен ауыстыру.

Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақтыатаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.

Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его был сильным. — Ол қатты ысқырды. Бұл жерде «оның ысқырығы қатты болды» деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп оны қазақша «ашуы қатты болды» деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы — жиі кездесетін құбылыс. Мысалы:

Английское правительство – Ағылшын үкіметі, серебряная ложка күміс қасық, мамино пальто — шешемнің пальтосы т.с.с.

Кейде орыс тіліндегі предлогты зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі: Девушка из города қалалық қыз, человек с характером — мінезді адам т.с.с.

Сөйлем мүшелерін ауыстыру.Ауыстырудың бұл түрі орыс тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездеседі: Книга прочитапа мной. — Мен кітапты оқып шықтым. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.

Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады: В комнате стояла жара. – Бөлме қапырық болып тұредіБұл ауысуға себеп орыс тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.

Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтілік мүддені еске ұстаған жөн. Мәселен, Уних был долгий, душевный разговор деген сөйлемді екі түрлі аударуға болады:

1. Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті;

2. Олардың әңгімесі ашықта ұзақ болды.

Егер түпнұсқа авторы әңгіменің «өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші вариант дұрыс болар еді де, ал өткен әңгіменін сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші вариант ұтымды болып шығар еді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.

1.   Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;

2.   Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;

3. Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;

4. Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;

5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.

Бұл трансформациялардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездеседі. Мысалы: Тыңжерді игерудің не екенін білемісің ? Ты знаешь, чпю такое освоение целины? (М.И.)

Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі. Әсіресе орыс тіліндегі «который», «что» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. Мысалы, В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те книги, к которым я постоянно возвращяюсь (Азия) — Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауытып отыратын кітаптар ғана сақталады. (Ауд. автордікі). Чтоволки жадны, всякий знает — Қасқырдың қомағай екепін әркімбіледі. (Крыловтан аударған — автор.) Уединенный дом, куда мы переехали, стоял в глубине тенистого сада (Чехов) — Ал көшіп кірген оңаша үй саябақтың ең тупкірінде тұратып еді. (Ауд. автордікі.)

Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады. Бұған мысал өткен тарауда М.Әуезов аудармасынан қатысты келтірілген.

Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы. Бірден мысалдан бастайық: Разошлись по домам после того, как отряд остановился в центре города и начал размещатъся по квартирам(Н.О.)

Отряд қалашық орталығына келіп орналасқаннан соң үйді-үйлеріне тарады. Бұл құбылыс, әрине, сирек  кездеседі,   дегенмең синтаксистік тузілімнін терең мағынасын білу — парыз.

Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемндігі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі.Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал орыс тіліндн сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Орыс тіліндегі осы сипаттагы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді. Мысалы:

Она была настолько красива, что никтонепыталсязанейухаживать (Гранин) —

Оның сұлу болғандығы сондай, оған қырындауға ешкім бата алмас еді.


Тағы рефераттар