Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оған баға беру туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау ушін келесі әдістер пайдаланылады:

  1. кәсіпорынның қаржылық жағдайын қазіргі заманға сай және объективті түрде  бақылау. Яғни кәсіпорынның  осал тұстарын қарастыру, олардың пайда болу себептерін анықтау. Осал тұстарды жою жолдары.
  2. қаржылық жағдайды жақасрту. Жақсарту жолдарын қарастыру. Оның  төлем қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру жолдары.
  3. қаржылық өзгерістерді мүмкіндігінше болжау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудағы мәліметтер ткөзі бухгелтерлік баланс болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты, тұрақсыз және кризистік болу мүмкін. Кәісіпорынның қаржылық төлемдерді уақытында жүргізу, өзін өзі уақытылы қаржыландырып отыру мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның комерциялық және қаржылық қызіметтерінің жоспарға сәйкес орындалуына байланысты.

Кәсіпорынның қаржылқ жағдайын талдау әдетте горизантальді және вертикальді талдаудан басталады.

Кесте 10 — Есепті кезеңдегі баланс мәліметтерінің өзгерісі

көрсеткіштер жыл басы жыл соңы өзгеріс(+,-)
сомасы мың.тг баланстағы үлесі (%) сомасы мың.тг баланстағы үлесі (%) сомасы мың.тг өзгеру қарқыны(%)
I Айналымдағы активтер 269640,16 42,61 218837,53 30,52 -50802,6 -18,84
II Айналымнан тыс активтер 363226,58 57,39 498270,61 69,48 135044 37,18
* Активтердің балансы: 632866,7 100 717108,1 100 84241,4 13,31
I Қыс. мерзімді міндеттемелер 112095,46 17,72 122489,94 17,08 10394,48 9,27
II Ұз.мерзімді міндщеттемелер 96209,83 15,20 179888,65 25,09 83678,82 86,97
III Жарғылық, резервтік кап-л. 424561,45 67,08 414729,55 57,83 -9831,9 -2,32
* Пассивтердің балансы: 632866,7 100 717108,1 100 84241,4 13,31

Жинақталған бухгалтерлік балансты  сараптау кеінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда жалпы активтер 71152,96 мың теңгеге немесе 39,67 %-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда айналымнан тыс активтердің 1350440,3 мың теңгеге немесе 37,18 %-ға артқан. Ал айналымдақы қысқа мерзімді активтер 50802,63 мың теңгегн немесе 18,84 %-ға кеміген.

Жыл ссоңында  жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 57,83 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды 9831,9 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелердің  пассивтегі үлесі жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, ол 17,8 %-ды құрап тұр. Бірақ жыл басымен салыстырғанда ол 9,27 %-ға, яғни 10394,48 мың теңгеге артқан. Пассивте ұзақ мерзімді активтер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, жыл басымен салыстырғанда ол 86,97 %-ға  артып, 83678,82 мың теңгеге артқан.

Қорыта келгенд Кәсіпорынның есепті жылғы балансының  динамикасында өткен жылмен салыстырғанда артулар мен кемулер бар. Кемулер Айналымды активтерде және жарғылық, резервік капиталдардың сомаларында орын алған. Артуларға тоқталатын болсақ Ұзақ мерзімді активтер және қысқа, ұзақ мерзімді міндеттемелерде орын алған.

Жарғалық, резервтік капитал  міндеттемелердің 57,83 %- құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді. Жыл басымен салыстырғанда жарғалық, резервтік капиталдың жалпы міндеттемелрдегі үлесінің 67,08 %-дан    57,83 %-ға азайуы динамика қаржылық тұрақтылықтың кемуін білдіреді, бірақ пайызды санға айналдырып қарасақ жыл соңындағы  жарғалық, резервтік капитал жыл басына қарағанда небәрі 9831,9 мың теңгеге кеміген. ( Қосымша 5)

Төлем қабітеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін уақытылы жауып отыру болып табылады.

Төлемқабілеттілікті талдауғ кіреді:

—               баланстың ликвидтілігін талдау

—               ликвиттілік коэфиценттерін талдау.

Баланстың ликвидтілігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

Активтердің ликидтілігі – активтердің  ақша қаражатына айалу  уқытымен, мөлшері анықталады.

А1 – ликвидті активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық салымдар)-1248 мың тг

А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар)

—        қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар – 36231,7

А 3 — өтімділігі төмен активтер (запастар, ҚҚС, ұзақ мерзімді деьиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы активтер)

—               запастар –173873,2

—               басқа да айналымдағы активтер – 1640 мың тг.

—               ҚҚС – 5844,6

А4 – қиын өтімді активтер ( ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері ) — 498270,6

П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер ( кредиторлық қарыздар)

—               кредиторлық қарыздар – 115669,2

П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа мерзімді кредиттертер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа да қысқа мер. активтер )

—               басқа да қысқа мер. активтер – 5468,1

—               міндетті және ерікті төлемдер – 1352,7

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы табыс)

—               ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар – 179888,6

П4 – тұрақты пассвтер (кпитал, резервтер)

—               жарғылқ қор – 103 мың тг.

—               Резервті қор – 63366,2 мың тг.

—               Бөлінбеген табыс – 351260,3 мың тг.

Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс ликвидті болып табылады:

А 1 ³ П 1; А 2 ³ П 2; А 3 ³ П 3; А 4 £ П 4.

Теңсіздіктерге оралатын болсақ:

  1. А 1 ³ П 1  теңсіздігі бойынша ликвидті активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен немесе тең болуы керек. Бұл теңсіздік орындалып тұр. А1, яғни ликвидті активтер П1 қысқа мерзімді мінднттемелерден 2,5 есе, яғни нақтырақ айтсақ 334642,8 мың теңгеге асып тұр. Бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді.
  2.  А 2 ³ П 2 теңсіздігі орындалып тұр, яғни жылдам өтімді акивтер А2, қысқа мерзімді пассивтерден П2 үлкен. А2=36231,7 > П2= 6820,8 А2 улкен П2 29410,9 мың теңгеге артық болып тұр.
  3. А 3 ³ П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелрден  П3, өтімділігі төмен активтер А3 1469,2 мың теңгеге артық болғандықтан үшінші теңсіздік орындалып тұр.
  4. А 4 £ П 4.    П4 = 414729,5  >  А4 = 302378,6. Төртінші теңсіздік бойынша қиын өтімді активтер тұрақты пассивтердерден 112350,9 мың теңгеге кем .

Қорыта келгенде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып  Серіктестіктің қаржылық жағдайына  берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының ликвидтілігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Серіктестік несие және төлем қабілетті. Озіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар.
Тағы рефераттар