ҚР-ғы бухгалтерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:
- Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операиялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте мағызды.
- Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымынелеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.
Элементтер – қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің тұжырымдамасы жеті элемент (активтер, міндеттемелер, капитал, кірістері, шығыстар, пайда, шығындар) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері болып табылады. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғанық нәтижесін сыныпқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұны қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады:
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз ретінде болып келуі мүмкін.
ШЖС активтерге меншік құқығы болуы да болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қаматмасыз етеді және оларды пайдаланудан алатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстар арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тура келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына арналғанын көрсетпейді.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғандығы, белгілі бір қимылының кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағы және болашақтағы түрі болады. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісімшартқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттмеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есесте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы,резервтік капиталы және бөлінбеген пайда. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылық нәтижені өлщеу элементі табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы және субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі емес қызмететн алынған табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы, ТМҚ-дан, жалға беруден, инвестициялық қызметтен түсетін табыстары жатады.
Шығыстар – бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі және өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді. Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
— кез келген болашақтағы олжаны осы баптарда көрініс табу ықтималдығы бар, оның түсуі де шығып кетуі де мүмкін;
— баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
- Бастапқы құны – активтер тараптардың келесімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады, міндеттме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады.
- Ағымдық құны – активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді, міндеттемелер есеп берудегі дисконтталған бағасы бойынша көрініс табады, тап осы сомада өтелуі талап етіледі.
- Сату құны – активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін, міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған сомасын білдіеді және олардың өтелуін талап етіледі.
- Дисконтталған құн – активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын көрсетеді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъекттің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі.
- Баланстық құны – актив пен міндеттеме баланстық есеп беоілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.
Енді біз қаржылық есеп беруді жасаудың тәртібі мен мазмұнын және соған тіркеме ретінде берілетін түсініктеме хаттамасын қарастырамыз.
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға дейін есеп регистрлеріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен, бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сай болуға тиіс.
Бухгалтерлік баланс 2 БЕС мен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарнда анықталған ақпараттардан тұруы тиіс.
Баланс бас кітапта көрсетілген шоттардың қалдығы негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кезегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.
Ағымдағы активтер мен міндеттемелердің өзара зачет жасалуы рұқсат етілмейді. Баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек, немесе бұрып қоюға болдмайды.
Сонымен, баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардық мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.
Сонымен ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.
Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.
Тағы рефераттар
- Ауыл мектебінің бағыттылығы
- Қазақстан Республикасы — егеменді және тәуелсіз мемлекет
- Гумидтік зоналар топырақтары, Таулы обылыстардың топырақтары
- Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі курстық жұмыс
- Несиенің теоретикалық аспектілері дипломдық жұмыс