Жастар саясаты туралы қазақша реферат

Облыстағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру  облыстық Мәслихаттың 2004 жылғы 11 желтоқсандағы Х сессиясының  шешімімен бекітілген «Қарағанды облысының  2005-2007 жылдардағы жастары» аумақтық бағдарламасы (әрі қарай — Бағдарлама)    төңірегінде іске асырылуда . 2005 жылы бөлінген қаражат көлемі 17000, 0 мың теңгені, 2006 жылы – 31991,0 мың теңгені құрады (барлығы 48991,0 мың теңге).

Бұл Бағдарлама жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етеді, әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге ықпал етеді, білім, ғылым қолдау саласындағы өзекті мәселелерді шешуді қарастырады.  Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік құрылымдардың  жастардың қоғамдық бірлестіктерімен өзара әрекет механизмін  және  жаңа сапалысын әзірлеуді қалыптастырады.  Бағдарламаның іс-шаралар Жоспарын іске асыру төңірегінде 2007 жылы 120 мың адамды қамтыған  және 34516,0 мың теңге қаржыландыру көлемімен 43 іс-шараны өткізуді қарастырады.

Көрсетілген іс-шаралар жастар ұйымдарының қызметтерін үйлестіреді және мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жаңа механизмін әзірлеуге ықпал ететін болады.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін жастарды әлеуметтік қорғауды құрудың облыстағы негізгі оңтайлы қорытындылары ретінде мыналарды атауға болады:

— Жас азаматтарды табысты социализациялау үшін және  мемлекеттік тұрмыс қызметіне олардың жауапты қатысуларына жағдай құру;

— Әлеуметтік жағдайды жақсарту және жастардың әлеуметтік әлсіз бөлігіне тікелей көмек көрсету,  оның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау;

— мемлекеттік басқару, балалар және жастардың коммерциялық емес ұйымдарын олардың әлеуметтік маңызы рухани-жақсы, ой өрісті және творчествалық  потенциалын көтеру, жастардың әлеуметтік-тұрмыстық және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құқық бұзушылық пен жастар ортасында девианттық және асоциалдық  таралуларының алдын-алу, салауатты өмір салты, жастарды батырлыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу  проблемаларын шешуге біріктіру.

— Еңбек пен жұмыспен қамтуға кепілдік;

— Талантты жастарды қолдау;

— Жас отбасыларын қолдау

.

Тағы рефераттар