Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты туралы қазақша реферат
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
- Пайд болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның еркне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс техналогиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгңі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұқрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы және құрылымы, олардың басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурстары, соның ішінде таза табыс қаншалықты көп болса, соншалықты өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге таза табстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе оны өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділікте өседі – яғыни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? – деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігін қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резерфтерге үлке рөл берілелі.
Жоғарыда айтылғандарды қорта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай факторларды атап өтуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі және олардың ақшалай табыспен салыстырғанлдағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен техналогия, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкімінің салық және несие саясаты, кәсіпорын қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өзжинақ қорын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күн ғана емес, болашақтада кәсіпорынның қажылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келеді, ал зйм мерзімі біткен кезде – облигация құнын толвқ өтеуді талап ететін облигация иелерінеде қатысты. Кез еклген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктерде өз несиелері мен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қандай мөлшерде деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғаты кәсіпорынмен келісімшартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдағы, салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқада міндеттерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастардағы потенциялын анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіорынның қаржылық жағдайының абьективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдауғ, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін ақтарады.
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұараққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұлыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықлың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы – дамуына кедергі жасап, басы артық қорлармен және резерфтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндетті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті реттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қкржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің ай
- налымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігі, кәсіпорынның сұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсалюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың денгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақлылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғыни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсу мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және несие қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерйиялық жақтары арасында тығыз байланысы пен өзара тәуелділік бар. Оыслайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштері мен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын оның өнімді сатуына, алын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажеткі денгейге сәйкестігіне және оның бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Жоғарғы сапалы өнімді үздіксіз өндірі және өткізі кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. өндіріс процессінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қыйындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмасайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болды. Еңбек және материалдық ресурстары шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Тағы рефераттар
- АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы
- БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
- Бухгалтерлік баланс — қаржылық талдаудың ақпараттық негізі ретінде
- Мемлекетті Басқару нысаны
- Әлия, Мәншүк, Хиуаз