МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……..3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны.
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, даму эволюциясы, экономикалық негізі….5
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері……..11
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері………15
ІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі.
2.1. Бәсекелестіктің мазмұны және түрлері……..17
2.2. Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу….19
2.3. Франчайзингтік қатынастар жүйесі…..22
ІІІ – БӨЛІМ. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу.
3.1. Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі……..27
3.2. Мемлекеттің кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері…….30
3.3. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару…32
ҚОРЫТЫНДЫ……….36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..38
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарына кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайладың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмнің жоқтығы болып табылады. Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Қазақстан 2012 жылға дейін дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Қазіргі жағдайымызда да тым кеш қалып жатқан жайымыз жоқ, әлемдегі 125 елдің ішінде 56-орындамыз. Тіпті бұрынғы КСРО елдері мен көптеген Шығыс Еуропа мемлекеттерінің алдындамыз. Соның өзінде барға малданып отырмай, алға ұмтылу, әрине, жақсы. Жыл басында Премьер-Министр Кәрім Мәсәмовке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ең басты міндеті де осы – бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірудің нақты бағдарламасын дамыту. Бәсекеге қабілеттіліктің негізгі көрсеткіштері бойынша тоғыз талапты ерекше атап өтсек, олар: мемлекеттік институттардың дамуы, инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау, бастауыш және жоғары білім, нарықтың тиімділігі, технология мен бизнес.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Швейцария бірінші орында. Одан кейін Финляндия мен Швеция тұр. Біздің алдымызда тұрған 55 мемлекеттің 29-ы дамыған, қалғаны дамушы елдер қатарына жатады. Реті келгенде мақтанышпен айтатын бір мәселе – Қазақстан рейтінгі бойынша өзінің алдындағы барлық мемлекеттер арасында жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша бірінші орында. 2000-2006 жылдар аралығында елімізде ЖІӨ-нің өсу қарқыны орташа 10% құрайды.
Курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкерліктің мәні, формалары мен бағыттары». Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны», бұл бөлімде кәсіпкерліктің мәні, мазмұны, экономикалық негізі, даму эволюциясы және кәсіпкерліктің түрлері, формалары, тәуекелділіктің мәні деген тақырыптарға тоқталдым.
Екінші бөлім аты «Кәсіпкерлік бәсекелестік». Бұл бөлімде бәсекелестік, оның түрлері, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, кәсіпкерлік құпия, франчайзинг қатынастар жүйесі туралы жазылған.
Үшінші бөлім «Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу». Бұл бөлімде кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің қажеттілігі, мемлекеттік кәсіпкерлік ісіне араласу жағдайы, себептері, Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару және дамыту туралы баяндалған.
Курстық жұмысымның басты мақсаты кәсіпкерлік деген ұғымның мәнін ашу. Кәсіпкерліктің мәні, формалары және бағыттары деп аталғандықтан кәсіпкерліктің айналасындағы барлық сұрақтарға тоқталу керек деп ойлаймын. Оның ішінде, бастысы кәсіпкерліктің өзі, оның түрлері, кәсіпкерлікте болатын тәуекелдер, бәсекелестіктер туралы тоқталу керек. Сонымен қатар, кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеу керек, кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғап және қолдау шаралары, кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару да кәсіпкерлік ортаға кіреді.
курстық жұмыс / 38 бет
Тағы рефераттар
- Ақша қаражаттарының аудиті
- Қазақстан Республикасының үкiметi (министiрлiктер)
- Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
- Қазақстанның экспортына талдау
- Ақтөбедегі өнеркәсіптік-технологиялық саясат