Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Кесте-2. Кен өндіру өнекәсібінің айналым капиталының құрылымы
№ |
Айналым капиталының элементтері |
Олардың үлестері,% |
1 2
3
4 5 6 7 |
Өндірістік запастар
Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттар Болашақ кезеңдер шығындары. Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3). Қоймадағы дайын өнімдер. Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар. Есептеулердегі ақша құралдары. Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары. Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7). Айналым капиталы
|
57 17
8 82 5 7 4
2 18 100 |
Әр түрлі саладағы кәсіпорындардың айналым капиталы құрылымы манадай жәйттерді бірдей қажет етпейді:
- Кәсіпорын спецификасы. Өндірістік циклы ұзақ кәсіпорындарда аяқталмаған өндірістің көлемі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін; тау-кен өнеркәсібінде болашақ кезең шығындары. Өндіріс процесі тез кәсіпорындардың қоймадаңы тауарлар запасының үлес салмағы жоғары болады;
- Дайын өнім сапасы. Егер кәсіпорын сұранысқа ие болмайтын, сапасы төмен өнім өндірсе, онда бір мезетте қоймадағы тауар запасы көлемі ұлғаяды;
- Мамандану деңгейі;
- Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету. Бұл фактор айналым құралдарының құрылымына барлық элементтері бойынша әсер етеді. Егер, кәсіпорынға отынды аз жұмсайтын қондырғы қондырса, қалдықсыз жұмыс жасайтын болса, онда айналым құралдары құрылымында өндірістік запастар көлемі күрт азаяды;
Айналым капиталы құрылымына басқада факторлар әсер етеді. Бірақ факторлар ұзақ уақытты және қысқа уақытты болатындығын білген маржан.
Айналым қорларының құрамы мен құрылымын 4 белгісі бойынша анықтайды:
- Айналым сферасы;
Элементтері;
- Норма ауытқуы;
- Қаржыландыру көздері;
Айналым сферасына байланысты айналым қорлары өндірістік айналым қорлары (өндіріс сферасы), айналыс қорлары (айналыс сферасы) болып бөлінеді. Айналым қорлары айналыс сферасында да, өндірістік сферасында да бір мезгілде, айналымның үш стадиясынан өте, қызмет етеді: жабдықтау, өндіру, өткізу.
Кәсіпорын жұмысында айналым капиталы үш сатыдан өтеді:
- Ақша сатысы. Мұнда ақша өндірістік запастарға айналады. Яғни, кәсіпорын өз ақшасына шикізат немесе материалдар сатып алады. Жабдықтаушылардың счеттарын төлейді және жабады.
- Өндірістік сатысы. Өндірістік запастар бірінші аяқталмаған өндіріске айналады, одан кейін дайын өнімге айналады.
- Тауарлық сатысы. Дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Айналым қорларының бір айалымын мынадан көруге болады:
А-ӨЗ…Ө…ДӨ-А* (1)
Ақша құралдарына (А) кәсіпорын өнім өндіру үшін қажетті еңбек құралдарын сатып алады, олар өндірістік запастарға айналады (ӨЗ), содан кейін өндірістік (Ө) процесс басталады, осының нәтижесінде дайын өнім пайда болады (ДӨ), ол өткізіледі де, кәсіпорынға қайтадан ақша қаражаты (А*) келіп түседі. Осылай айналым құралдары бір айналым жасайды және бәрі қайталанып отырады.
Айналым қорларының әр бөлігі әр түрлі мағынаға ие және өндірістік шаруашылық қызметінде әр түрлі қолданысқа ие, сондықтан олар мынадай элементтерге сыныпталады:
- Өндірістік запастар (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылайфабрикаттар, қосымша материалдар, отын, тара, запасты бөлшектер, арзан және тез тозатын құралдар).
- Аяқталмаған өндіріс және жеке өндіріс жартылайфабрикаттары.
- Болашақ кезеңдер шығындары.
Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).
- Қоймадағы дайын өнімдер.
- Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.
- Есептеулердегі ақша құралдары.
- Банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары.
Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).
Айналым капиталы (п.1+п.2+п.3+ п.4+п.5+п.6+п.7).
Аяқталмаған өндірістің құны оны өндіруге кететін шикізаттың (негізгі және қосымша материалдардың, отын, энергия, су) құнына, амортизация, жұмысшыларға бқлінген еңбекақы суммасына байланысты анықтайды.
Өнеркәсіп өндірісте сатып алынған жартылайфабрикаттармен қоса өзіндік өндірістегі жартылайфабрикаттарды да қолданады, олар табиғатына қарай аяқталмаған өнімге жақын келеді.
Кәсіпорынның айналым капиталының негізгі бөлігін — тауарлы-материалды қор құрайды:
- шикізат;
- материалдар;
- аяқталмаған өндіріс;
- дайын өнім;
- тауарлар.
Тауарлы-материалды қор кәсіпорынның активтерінің негізгі бөлігі болып саналады. Өйткені олар сатудан түскен ақшаның негізгі көзі болып саналады. Оларды бағалау және есептеу кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Тауарлы- материалды қорды басқару үшін оларды бағалау жұмысы жүргізіледі. Ал бағалау үшін 4 үдіс пайдаланылады:
1. Тауарлы-материалды қорды өткізудің таза құны бойынша бағалау. Осы әдіс тауарлы-материалды қордың өзіндік құны жоғалған кезде қолданыылады. Себептері:
- Тауарлы-материалды қор берілгендері жоғалған кезде;
- Олар ескірген кезде;
- Тауарлы-материалды қордың бағасы төмендеген кезде.
Бұл әдіс өте аз айдаланылады.
Т.м.қ. өткізу таза құны=болжамды шамамен
құрылған сатубағасы;
2. Орташа өлшемді құнды есептеу әдісі бойынша: тауарлы-материалды құн нақты мерзімде түскен заттардың орташа құнын есептеу бойынша анықталады.
3. ФиФО әдісі. Бірінші сатып алынған бағалары өткізілген тауарлардың өзіндік құнына пайда. Басқаша айтқанда бірінші сатып алынатын бағалары бойынша анықталады.
4. ЛиФО әдісі. Соңғы сатып алынған тауарлар бағалары өткізілген өзіндік құнында пайдаланылады.
Норма ауытқуына байланысты айналым құралдары мөлшерленген айналым капиталы (тауарлы-материалды құндылықтар запасындағы) және мөлшерленбеген айналым капиталы (дебиторлық қарыздар, есептеулердегі құралдар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі және кассалардағы ақша қорлары) болып бөлінеді.
Жоғары тиімділік пен ритмділік көбіне айналым құралдарының (аналым құралдары, айналыс құралдары) оптимальді көлеміне байланысты болады. Сондықтан айналым капиталын мөлшерлеу процесі үлкен маңызға ие.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы — бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды- орнықты орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер. Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаржыларына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданылады.
Орнықты пассивтер:
- Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
- Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
- Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
- Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады. Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
- Өндірістің маусымдылығы;
- Тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің кепілділігі;
- Қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы.
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н= Р*Д (2)
мұнда Р — материалдардың ортакүндік шығыны;
Д — айналым құралының берілген элементі үшін орташа запас мөлшері.
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д) біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П):
Д=Т+С+М+Ф+П. (3)
Ағымдағы запас — запастың негізгі түрі. Оның көлеміне келісімдер бойынша жөнелту, өндірісте пайдалану көлемі әсер етеді.
Ағымдағы запастағы айналым құралдар мөлшері жабдықтаудың орташа циклының 50% көлемінде қабылданады.
Аяқталмаған өндірісте айналым капиталы мөлшері (Н) мына формуламен анықталады:
Н= (В/Д)*Т*К, (4)
мұнда В — IV кварталдың шығындар сметасы бойынша жалпы өнім көлемі, руб;
Д – кезеңдегі күндер саны (90);
Т — өндірістік циклдың ұзақтығы, күндер;
К — өндірістегі шығындардың өсу коэффициенті;
Шығындардың әркелекі өсуіне байланысты коэффициент мына формуламен есептеледі:
K=C/П (5)
мұндағы, С — аяқталмаған өндірістегі бұйымның орташа құны;
П — бұйымның өндірістік құны.
Болашақ кезең шығындарының айналым құралдары мөлшері (Н) мына формуламен анықталады.
Н=П+Р-С, (6)
мұнда П — болжанған кезеңнін басына өтетін болашақ кезең шығынының сомасы;
Р — келесі жылдың болашақ кезең шығыны;
С — келесі жылда өнімнің өзіндік құнын жоюға кететін болашақ кезеңдер шығыны.
Дайын өнімнің қалдықтарына айналым құралдары мөлшері мына формуламен есептеледі:
Н=(B/Д)*Т (7)
мұнда В — өндірістік өзіндік құнының келесі жылдың IV кварталына тауарлы өнім өндірісі;
Д — кезеңдегі күн саны (90);
Т — дайын өнімге айналым құралының мөлшері.
Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті және бір айналым ұзақтығы — кәсіпорынның айналым капиталдарын қолдануының маңызды көрсеткіштері болып саналады.
Айналым каиталының айналымдылық коэффициенті (Кайн) зерттеліп жатқан кезеңде (квартал, жартыжылдық, жыл) айналым құралдары қанша рет айналыс жасағанын көрсетеді. Ол мына формуламен есептеледі
Кайн = Vc/ Qоқ, (8)
мұнда Vc — есептеу кезеңіндегі сатылған өнім көлемі;
Qоқ — есептеу кезеңіндегі айналым капиталының орташа құны.
Бір айналымның ұзақтығы (К) кәсіпорынға оның айналым капиталы сатылған өнімнен түскен түсім болып қайтарылу мезгілін көрсетеді. Оның формуласы:
К= Т/ Кайн, немесе К= Т*Qоқ/ Vс, (9)
мұнда V — есептеу кезеңіндегі мерзім саны;
Т — мерзім уақыты.
Айналым капиталын тиімді пайдаланудың маңызды көрсеткіші айналымға құралдар енгізу коэффициенті. Ол сатылған өнімнің 1 теңгеге шаққандағы табысын аванстайтын, айналым құралдарының сомасын көрсетеді. Басқаша айтқанда, ол айналымдылық қор сиымдылығын, с.с. айналым капиталының өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығынын көрсетеді. Оны мына формуладан көруге болады:
Kе= ( Qоқ / Vс ) * 100, (10)
мұнда Kе — енгізу коэффициенті, тиын. 100 — теңгені тиынға ауыстыру.
Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе) — айналым капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.
Тағы рефераттар
- Кезекті аударма туралы қазақша реферат
- Меншікті капиталдың бухгалтерлік есебінде болатын тексерістер
- Кәсіпорынның сипаттамасы, басқару құрылымы
- Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру
- Радиация және олардың түрлері