Кәсіпорынның есеп саясаты туралы қазақша реферат

“ВиГ” ЖК-дің есеп саясаты Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған. Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты “ВиГ” ЖК-дің өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді.  Есеп саясатының жалпы ережелерінде бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың  қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған.

Есеп саясатының келесі бөлімі Кәсіпорынның заңды статусы мен ұйымдастырылу құрылымын қарастырады. Қоғам жекеменшіктік  заңды тұлға болып табылады. Кәсіпорынның негізгі қызметтеріне төмендегілер жатады: геодезиялық приборлармен қызмет көсету және көтерме сауда. Есеп саясатының келесі бөлімінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен ішкі бақылау жүйесі келтіріледі. Ұйымдастыру негізіне қарай:

-қабылданған есеп саясатын есепті мерзім бойы бақылау;

-қаржылық міндеттемелер мен мүліктерді инвентаризациялау нәтижелерін сондай-ақ барлық шаруашылық операцияларын түгелдей есепте қамтылғанын;

-есепті мерзімге шығындар мен табыстардың дұрыс жатқызылғандығын;

-аналитикалық және синтетикалық есеп нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Серіктестік бухгалтерлік есебін активтер, меншікті капитал, міндеттемелер т.б. шаруашылық операцияларын екі жақты жазу әдісімен, Типтік жоспар шоттарына сәйкес және де Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына, Бухгалтерлік есеп стандарттарына, есеп саясатына және басқа да Серіктестіктің бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға байланысты бұйрықтары мен ережелеріне, нұсқауларына  сәйкес іске асырады.  Барлық бухгалтерлік жазбалар Серіктестіктің бухгалтерлік есеп жүйесіндегі Типтік жоспар шоттарына сәйкес жасалынған Жұмыс шоттар жоспары жіктемесіне қарай жасалынып, Серіктестіктің қызмет ерекшелігіне байланысты құрылады. Жалпы бухгалтерлік жазбалар келесідей тәртіппен жасалады:

  1. Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының мазмұнына қарай алғашқы құжаттарға жазылады;
  2. Алғашқы құжаттардағы мәліметтер екі жақты жазумен

корреспонденцияланып, журнал-ордерлер, ведомостерге немесе машинограммаларға жазылады;

  1. Осы құжаттардың негізінде қаржылық есеп құрылады. /16/

Серіктестікте шаруашылық операцияларының құжатталу тәртібі, құжаттардың айналымы, бухгалтерияға немесе архивке түсу уақыты, өңделуі ішкі есеп аппаратының құжат айналымына сәйкес жүргізіледі.  Серіктестікте бухгалтерлік есептің келесідей әдістері қолданылады:

-аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлары мен қаржылық есеп беру  үшін дербес компьютерлер беріліп – есеп жартылай автоматтандырылған немесе журнал-ордерлік нысанда жүргізіледі яғни екі нысанда да жүргізіліп отыруға болады ;

-барлық жасалынған құжаттардағы мәліметтер Серіктестіктің  қызметінің коммерциялық құпиясына жатады;

-құжаттардағы мәліметтермен танысуға Серіктестіктің басшысының рұқсатын алу керек;

-серіктестікте келесідей ішкі ұйымдық құжаттар жасалынады: ережелері, қызметкерлердің қызметтік нұсқаулары, іс және іс- жүргізу нұсқаулары, мүліктерге инвентаризация жүргізу нәтижелерін рәсімдеу мен талаптар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдар, есеп айырысу құжаттары, инвестициялар, қатаң есеп берудегі құжаттар т.б. туралы инвентаризациялық жеке құжаттар;

-қаржылық есеп нәтижелеріне аудиторлық тексеру жүргізіп отыру;

Серіктестікте Типтік жоспар шоттарының негізінде жұмыс шоттары қарастырылған. Онда барлығы да  Типтік жоспар шоттарын қамтиды.

Есеп саясаты 13-бөлімнен тұрады, олар 1-4 бөлімдер жоғарыда айтылып өтті. 5-бөлім. Түгендеу.

2- тарау. Әдістемелік бөлім. 1-бөлім. Негізгі құралдар есебі. 2-бөлім. Материалдық емес активтер есебі. 3-бөлім. Ақша қаражаттар есебі. 4. Еңбек және еңбек ақы есебі. 5-бөлім. Тауарлы-материалдық қорлар есебі. 6-бөлім. Дебиторлармен есеп айырысу есебі. 7-бөлім. Міндеттемелер есебі. 8-бөлім. Кезең шығындары. 9-бөлім. Сату және табыстар есебі. 10-бөлім. Корпоративтік табыс салығы есебі. 11-бөлім. Меншікті капитал. 12-бөлім. Қаржылық есеп беру.

(Есеп саясаты қосымшада тіркелген)
Тағы рефераттар