Қоғамның мүлкі және капиталы.

Қоғамның мүлкін негізгі және айналым қорлары, және құны өзіндік баланста көрсетілетін басқада мүліктер құрайды. Мүлік Қоғамның жеке құқығында болады.

Қоғам мүлкінің құрылу көздері:

  • Акционерлердің жарғылық капиталға салымдары;
  • Қоғам қызметінен түскен түсім,
  • Қоғамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген өнім;
  • Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынбаған басқада көздер.

Қоғамның жарғылық капиталы 7.903.485.000 теңге, 7.147.485 жай акцияларға бөлінген, бір акцияның құны 1000 теңге; және 756.000 арнайы акциялардан тұрады, бір акция құны 1000 теңге.

Жай акция акционерге сұрақтар шешіміне дауыс бере отырып,  Толық акционерлер жиналысына қатысуына құқық береді. Қоғамның таза табыс көлеміне байланысты дивиденд алу, Қоғам жұмысы тоқтатылған жағдайда қоғам мүлігінің бөлігін алуға құқы береді.

Арнайы акция номиналды құннан 10 % ті дивиденд алуға құқық береді. Арнайы акция иелері жай акция иелеріне қарағанда, жұмыс тоқтаған жағдайда Қоғам мүлігінің көп бөлігін ала алады.

Қоғам акцияларының құнын, санын Қоғамның Директорлар Советі, Қазақстан Республикасының «Аталған акциялар мөлшерін ұлғайту тәртібі» заңнамасына сәйкес белгілейді.

Салық және бюджетке міндетті төлемдерді төлегеннен кейін Қоғамның таза табысын үйлестіру жөнінде шешімді Қоғамның Толық акционерлер жиналысы қабылдайды.

Жиналыстың шешімі бойынша, таза табыс, Қоғам қажеттіліктері өтелгеннен кейін, акционерлер арасында дивиденд түрінде бөлінеді.

Қоғамның акциялар бойынша дивидендтері ақшалай немесе құнды қағаздар түрінде беріледі.

ААҚ «ТҰК Казхромның» негізгі және айналым капиталдарының қаншалықты тиімді екендігін анықтап білу керек. Кәсіпорынның пайдасы мен шығынын, өндірілген тауар, өткізілген тауар көлемін, жұмыс персоналын, еңбек өнімділігін, таза табысты, жалпы табысын және т.б. жағдайларын анығырақ көрсету үшін кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдаған жөн.

Төменде көрсетілген 1-суретке назар аударсақ, өткізілген өнімнен түскен түсім 2008 жылы  34 112 605 млн. теңге болса, 2009 жылы ол 47 929 954 млн. теңгені құрады. Сонда, 13 817 349 млн. теңгеге артты (140%).

Өткізілген өнімнің өзіндік құны кәсіпорында өндірістік ресурстардың пайдаланылуын және нәтижелерін көрсетеді. Өзіндік құн 2008 жылы 24 554 972 млн. теңгені құраса, 2009 жылы 30 487 588 млн. теңгеге жеткенін көреміз. Яғни, өткен жылға қарағанда 5 932 616 млн. теңгеге немесе 120% ке өскен.

Жалпы табысқа келсек, ол өнімнің өзіндік құны мен өткізілген өнім табысына тәуелді. Мысалы, 2008 жылы жалпы табыс көлемі 9 557 633 млн. тг болса, 2009 жылы 17 447 366 млн. тг өсті. Сонда ауытқуы өткен жылмен салыстырғанда 7 889 733 млн. тг, 180% ке артты.

Кезең шығындарын қарастырсақ, шығынның жоғарылап кеткенін көреміз. 2008 жылы ол 3 449 815 млн.тг болса, 2009 жылы  11 604 472 млн. тг жетті, яғни,  8 154 657 млн. теңгеге, 340% ке өскен.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден түскен табыстар 2008 жылы 6 107 818 және 15 045 430 млн. теңге, ал 2009 жылы 5 837 894 және 281 520 млн. теңгені құрады, яғни біріншісі -269 924 млн. теңгеге, екіншісі -14 763 910 млн. теңгеге артқанын байқаймыз.

Кәсіпорынның таза табысының өзгерісін төменде келтірілген  2- суреттен көреміз. Яғни, 2008 жылы таза табыс  14 712 767 млн. тг құраса, 2009 жылы  3 525 569 млн. тг құраған. Сонда өткен жылға қарағанда 11 187 198 млн. теңгеге кеміген (20%).

Өнім рентабельділігі 52,5% дан 8,4% ке кеміді, ол таза табыстың кеміп,  шығындардың артуына байланысты кеміді.

Сату рентабельділігі 35.7% ке кеміді, бұдан біз кәсіпорын өткен жылға қарағанда едәуір шығынға ие екендігін көре аламыз.

Негізгі құралдардың тиімділігін анықтайтын қор қайтарылымдығы 2008 жылы 2,1 теңге құраса, 2009 жылы 2 теңгені құрады.

Қормен қарулану 2008 жылы 1127,8 млн. тг, ал 2009 жылы 1551,5 млн. тг құрады.

Негізгі капиталдың орташа жылдық құны екі жылға шаққандағы ауытқуы 7 412 626 млн. теңгеге өсті.

Айналым капиталының орташа жылдық құны 2008 жылы 6 201 831 млн. теңге, ал  2009 жылы 7770147,5 млн. теңгені құрады. Яғни, 1568316.5 млн. теңгеге, 120 % ке өсті.

Кәсіпорынның қызметінің қаншалықты тиімді атқарылуы оның есепті көрсеткіштеріне ғана емес, басқа да, мысалы жұмысшылар санына тәуелді болады. Төмендегі 3- суреттен ААҚ «Казхром» жұмысшылар миграциясын көруге болады. 2008 жылы жұмыскерлер саны 14 238 адамды құраса, 2009 жылы олар  15 127 адамға жетті.
Тағы рефераттар