Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің проблемалары туралы қазақша реферат
Жинақталған бухгалтерлік балансты сараптау кеінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда жалпы активтер 71152,96 мың теңгеге немесе 39,67 %-ға артқан. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда айналымнан тыс активтердің 1350440,3 мың теңгеге немесе 37,18 %-ға артқан. Ал айналымдақы қысқа мерзімді активтер 50802,63 мың теңгегн немесе 18,84 %-ға кеміген.
Жыл ссоңында жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 57,83 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды 9831,9 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.
Қысқа мерзімді міндеттемелердің пассивтегі үлесі жыл басымен салыстырғанда айтарлықтай өзгермеген, ол 17,8 %-ды құрап тұр. Бірақ жыл басымен салыстырғанда ол 9,27 %-ға, яғни 10394,48 мың теңгеге артқан. Пассивте ұзақ мерзімді активтер айтарлықтай өзгеріске ұшыраған, жыл басымен салыстырғанда ол 86,97 %-ға артып, 83678,82 мың теңгеге артқан.
Жалпы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және несие қабілеттілігі жоғары деңгейде. Бұл кәсіпорыннң қаржылқ тұрақты екендігін көрсетеді. Кәсіпорын табысы жоғары деңгейде. Жоғары табыстан салық жеңілдіктерінің арқасында пайданың үлкен көлемді болатындығын байқадық. Барлық есептеулер, зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң баға берілді.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
Оның негізгі мақсаттары:
— Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
— Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
— Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
— Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі екі бағытта дамыған:
— егін шаруашылығы;
— мал шаруашылығы
Осы екі саланың жоғары деңгейде дамығаны егін шаруашылығы екеніне талда нәтижелерінде көз жетті. Егін шаршашылығынан түсетін табыс кәсіпорын пайдасының негізгі бөлігін құрайды. Бидай өнімдерін өңдеуден жіне өткіуден түсетін табыс өте жоғары деңгейде. Сонымен қатар Серіктестік мал басын өсіру, көбейту, сату жұыстарымен айналысады. Соның ішінде ірі қараны бордақылау, көбейту мақсатында “Атасу” асыл тұқымды ірі қарадан 171 бас алынған болатын. Қазіргі етті бағыттағы Атасу шрі қарасын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тағы рефераттар
- Қосылган құн салыгы
- БАЛАБАҚШАЛАРДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ (балабақшадағы ойын)
- Тыныс жүйелерінің құрылысы, жалпы жұмыс заңдылықтары, жас ерекшеліктері
- НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту