Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді келешекте оның қызметінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорын балансының құрылымына, несие берушілер мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты. Бірақ несие берушілерден тәуелділік дәрежесі қарыз қаражаты мен меншікті қаражат көздерінің қатынасымен ғана бағаланбайды. Бұл меншікті капиталды айналымдағы және айналымнан тыс активтер құрамын бағалауды, және зиянның бар не жоқ болуын, т.б. қосатын көпжақты ұғым.
«Төлем қабілеттілік» және «несие қабылеттілік» ұғымдарына қарағанда «Қаржылық тұрақтылық» ұғымы кеңірек әрі екі ұшты, өйткені, өзіне кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын бағалауды қосады. Сол себепті қаржылық тұрақтылықты бағалау үшін коэффициенттер жиыны немесе жүйесі қолданылады.
1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті. Ол кәсіпорын қызметіне айналған құралдардың жалпы сомасындағы кәсіпорын иесі үлесін сипаттайды. Коэффициент мәні неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорын соғұрлым тұрақты, орнықты сыртқы факторларға тәуелсіз болады. Бұл көрсеткішке қарызға тартылған капиталды шоғырландыру коэффициенті толықтауыш болады.
Әдетте аталған коэффициенттердің жиынтық мәні 1-ге тең. Қарыз құралдарын тарту дәрежесі бойынша әр түрлі пікірлер бар. Меншікті капитал үлесі барынша жоғары болуы керек деген пікір әсіресе кең тараған. Көрсеткіштің төменгі шегі барлық құралдар көздерінің 60% — нан құралады. Меншікті капитал үлесі жоғары кәсіпорындарға несие берушілер қаражаттарын көбірек салуға тырысады, өйткені ол қарыздарды меншікті қаржылар есебінен өтеу мүмкіндігі жоғары. Екінші көзқарас бойынша қарыз көздері басым капитал ұтымды құрылымында. Қарыз капиталы концентрациясы коэффициентінің жоғары мәні банктер мен басқа несие берушілердің кәсіпорындарға сенімінің дәрежесін, яғни оның қаржылық сенімділігін көрсетеді.
2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті. Бұл меншікті капитал концентрациясы коэффициентіне кері көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің серпінді өсуі жалпы көздер сомасындағы қарыз құралдары үлесінің ұлғайғанын білдіреді. Егер оның мәні 1- ге дейін төмендесе, бұл қаржыландыру меншікті көздер есебінен жүргізілетінін көрсетеді. Мысалы, егер оның мәні 1,3-ке тең болса, кәсіпорын активтеріне салынған әр теңгеде қарыз және меншікті құралдары қатынасы мынадай:
0,231/0,769 (1/1,3) = 0,769; 1- 0,769 = 0,231)
3. Меншікті капиталды оңтайландыру коэффициенті. Ол меншікті капиталдың қандай бөлігі ағымдық қызметті қаржыландыру үшін, яғни айналым құралдарына салынған, қандай бөлігі капиталдандырылғанын көрсетеді. Бұл көрсеткіш мәні кәсіпорын қызметінің түрі мен активтер құралымына, оның ішінде айналым активтеріне байланысты активтер елеулі өзгере алады.
4. Ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициенті. Бұл көрсеткішті есептеу логикасы ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар негізгі құралдар мен басқа салымдарды қаржыландыру үшін қолданылады деген болжамға негізделген. Коэффициент негізгі құралдар мен басқа айналымнан тыс активтердің қандай бөлігі ұзақ мерзімді қарыз құралдары есебінен қаржыландырылғанын көрсетеді.
5. Қарыз құралдарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенттері. Бұл ұзақ мерзімді қарыз көздерінің кәсіпорынның меншікті және қарыз капиталының жалпы көлеміндегі үлесі. Бір жағынан, ұзақ мерзімді қарыздардың болуы кредиторлар жағынан кәсіпорынға сенімділігін, келешекке кәсіпорынның тұрақты дамуын көрсетеді. Екінші жағынан, бұл көрсеткіштің серпінді өсімі кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан барған сайын көбірек тәуел бола бастағанын білдіретін жағымсыз беталысты көрсетеді.
6. Меншікті және тартылған құралдар қатынасы коэффициенті. Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының неғұрлым жалпы бағасын береді. Мысалы, мәні 0,5 деңгейінде болса, кәсіпорын активтеріне салынатын меншікті құралдардың әр теңгесіне қарыз көздерінің 50 тиыны келетінін көрсетеді. Көрсеткіш өсімі кәсіпорынның сыртқы қаржылық көздерден тәуелділігінің ұлғаюын, яғни, белгілі мағынада қаржылық тұрақтылықтың төмендеуін көрсетеді.
7. Қорларды меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті. Ол материалдық айналым активтерінің қандай бөлігі меншікті капитал есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Кәсіпорын қызметі түрінде байланыссыз бұл коэффициент деңгейі 1-ге жақын болуы тиіс. Алайда оны, бағалау үшін қорлар құрамын есепке алу керек (кәсіпорынның іркіліссіз қызметі үшін қорлар жеткіліктілігі және артық қорлардың болу не болмауы). Егер нақтылы түрде материалдық айналым активтері кәсіпорынның нақты қажеттілігінен төмен болса, коэффициент 1-ден жоғары болуы тиіс, және керісінше кәсіпорын қорлары қажет қажеттіліктен жоғары болса, коэффициент мәні 1-ден кем болуы керек.
Бірақ, мәні 1-ден елеулі төмен жағдайларда меншікті айналым құралдары ең болмағанда өндірістік қорлар мен тауарларды қандай мөлшерде жабатынын бағалау қажет, себебі материалдық айналым активтерінің дәл осы элементтері бірінші кезекте кәсіпорынның іркіліссіз қызметі мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
8. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті. Бұл құралдардың меншікті және ұзақ мерзімді қарыз көздерінің жиынтық мөлшері мен айналымнан тыс және айналым активтерінің жиынтық құны қатынасы. Ол активтердің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Осыдан басқа ол кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыз өтеу көздерінен тәуелсіздігі деңгейін көрсетеді.
9. Тұрақты актив индексі, бұл-айналымнан тыс активтер құны мен меншікті капитал және резервтер қатынасы. Меншікті құралдар көздерінің қандай үлесі айналымнан тыс активтерді жабуға бағытталатынын, яғни кәсіпорынның өндірістік әлеуетінің негізгі бөлігінің орнын толтыруға бағытталатынын көрсетеді (егер айналымнан тыс активтер құрамында материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді қаржылық салымдар және басқалар үлесі көп болмаса).
10. Тозу коэффициенті. Тозудың жинақталған сомасын негізгі құралдардың алғашқы теңгерімдік құнына бөлудің бөлігі ретінде анықталады. Бұл коэффициент тозу есебінен негізгі құралдарды ауыстыру мен жаңарту қандай деңгейде қаржыландырылғанын көрсетеді. Сонымен бірге негізгі құралдар қаншалықты ұзақ қызмет ететінін, жылдамдатылған амортизация есептелгенін немесе есептелмегенін есепке алған дұрыс.
11. Мүліктің нақты құнының коэффициенті. Ол негізгі құралдардың шикізат қорларының, аяқталмаған өндірістің жиынтық құнын кәсіпорын мүлкінің жалпы құнына (теңгерім валютасы) бөлудің бөлігі ретінде анықталады. Коэффициент алымына қосылған активтер элементтері-бұл шын мәнінде негізгі қызметті жүргізу үшін қажетті шарттар, өндіріс құралдары, кәсіпорынның өндірістік әлеуеті. Коэффициент активтер құрамындағы кәсіпорынның негізгі қызметін қамтамасыз ететін мүлік үлесін көрсетеді. Коэффициент шектелген қолданыста болатыны және тек өндірістік салалардағы кәсіпорындарда ғана нақты жағдайды көрсете алатыны, және де әр түрлі салаларда елеулі өзгешеліктері болатыны белгілі.
12. Автономия коэффициенті. Бұл-капитал мөлшері мен резервтердің баланс валютасына қатынасы. Коэффициент кәсіпорынның қарыз көздерінен тәуелсіздігі деңгейін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің көрсетілген тізбесі мұндай коэффициенттердің көп екендігін көрсетеді, олар кәсіпорын активтері мен пассивтері жағдайының әр түрлі жақтарын көрсетеді.
Осыған байланысты қаржылық тұрақтылықты жалпы бағалауда қиыншылықьар туады. Бұдан басқа, қарастырылған көрсеткіштер үшін бірыңғай нормативтік белгілер тіптен жоқ деп те айтуға болады. Олардың қалыпты деңгейі көптеген факторларға байланысты: кәсіпорын қай салаға жататыны, несиелендіру шарттары, құралдар көздерінің қалыптасқан құрылымы, айналым активтерінің айналымдылығы, кәсіпорын беделі және т.б. Сондықтан, коэффициенттер қолайлылығы, серпінділігінің және өзгерістер бағыттарын бағалау оның қызметі шарттары есебімен тек нақты кәсіпорын үшін белгіленуі керек. Бірдей мамандандырылған кәсіпорындар бойынша кейбір салыстырулар мүмкін, бірақ олар өте шектелген. Тізбедегі кейбір коэффициенттер қаржылық тұрақтылық туралы қайталана ақпарат беретінін, ал басқалары бір-бірімен функционалдық байланысты екенін ескеру қажет. Мұның бәрін мәселені әрі қарай қарастырғанда есепке аламыз.
Коэффициенттердің көп бөлігі кәсіпорын капиталы құрылымын жан-жақты бағалау үшін қызмет етеді. Бұл топ коэффициенттерін бағалау үшін барлық кәсіпорындарға қатысты әмбебап бір белгі бар. Кәсіпорын иелері қарыз құралдары үлесінің ақылға қонымды өсімін қалайды; керісінше, несиегерлер меншікті капитал үлесі жоғары, яғни қаржылық автономия деңгейі жоғары кәсіпорындарды қалайды.
Кейде жалпы қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу үшін әр коэффициенттің балдық бағалауын қосуды ұсынады. Бірақ бұл өте шартты тәсіл, себебі коэффициенттердің маңыздылығын есепке ала отырып, оған берілген балдар саны шартты. Шын мәнінде коэффициенттер бірдей мәнге ие, егер бір-бірін қайталамаса және араларында функционалдық байланыс болмаса. Коэффициенттер тізбесінен өзіндік мәндері бар көрсеткіштерді таңдап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тек азайтылған коэффициенттер жиынтығын қолдана отырып бағалау керек. Мұны орындау үшін қаржылық тұрақтылықтың әр коэффициенті қалай құралатынын қарастыру керек. Ол мына кестеде көрсетілген.
Кесте 3.1
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің
құрылуы және олардың байланысы
Бастапқы мәліметтер және коэффициенттер |
Шартты белгілер |
Бастапқы мәліметтер және коэффициенттер байланысы |
1. Бастапқы мәліметтер | ||
1.1 Капитал мен резервтер |
Сс |
|
2. Құралдар көздерінің жалпы сомасы (теңгерім валютасы) |
Тв |
|
3. Заем қаражаты, оның ішінде |
Зқ |
|
3.1. Қысқа мерзімді |
ҚМ |
|
3.2. Ұзақ мерзімді |
Ұм |
|
4. Айналымнан тыс активтер |
Ата |
|
5. Айналым активтері |
Аа |
|
6. Залалдар |
З |
|
7. Меншікті айналым қаражаты |
Мақ |
Мақ=Сс-Ата-З+ Ұм |
8. Материалды айналым активтері |
Маа |
|
9. Жинақталған тозу |
Жт |
|
10. Негізгі құрал-жабдықтың бастапқы теңгерім құны |
Бн |
|
11. Негізгі құрал-жабдықтың жиынтық құны |
Ри |
|
12. Қаржы орнықтылығының коэффициенті |
|
|
1. Меншік капиталының шоғырлану коэффициенті |
Шк |
ШК=Сс/Тв= Сс/Ұм+Ұм+Сс |
2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті |
Қтк |
Қтк=Қм+Ұм/Қм+Ұм+Сс |
3. Меншік капиталының маневрлік коэффициенті |
Мк |
Мк=Мақ/Сс=Сс-Ата-З+Ұм/Сс |
4. Ұзақ мерзімді жұмсалым құрылымының коэффициенті |
Ұмк |
Ұмк=Ұм/Ата |
5. Заемдік қаражат тартудың ұзақ мерзімді коэффициенті |
Ұмтк |
Ұмтк=Ұм/Тв=Ұм/Ата+Аа+З |
6. Меншік және заемдік қаражат ара салмағының коэффициенті |
Аск |
Аск=Сс/Зқ=Сс/Қм+Ұм |
7. Қаржыландыру көзінен меншіктік қормен қамтамасыз етілу коэффициенті |
Қек |
Қек=Мақ/Маа=Сс |
8. Қаржы орнықтылығы коэффициенті |
Қок |
Қок=Сс+Ұм/Ата+Аа=Сс+Зқ+ Ұм/Тв-З |
9. Орнықты активтің индексі |
Оаи |
Оаи=Ата/Сс |
10. Тозу коэффициенті |
Тк |
Тк= Жт/Бн |
11.Нақты коэффициент |
Нк |
Нк= Ри/Тв |
Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін нысандандырудан кейін көрінетіні – олардың кейбіреуі шын мәнінде бір ақпаратты береді, сонымен қатар деңгей бойынша бір-біріне байланысты.
Бұл тәуелділікті қарастырайық.
1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті мен автономия коэффициенті – бұл атаулары өзгеше қаржылық тұрақтылықтың бір көрсеткіші.
2. Автономия коэффициенті мен қаржылық тәуелділік коэффициенті қосындысы әрқашан 1-ді береді, себебі Кп=1-Кз.
3. Меншікті құралдарды оңтайландыру коэффициенті мен тұрақты актив индексі қосындысы әрқашан 1-ге тең, себебі: Км=1-Кпа.
4. Ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициенті мен қарыз құралдарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті бір-біріне функционалды байланысты: Кgn=Kg. Aв/Вб, яғни қарыз құралдарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициентінен айналымнан тыс активтер құны баланс валютасынан қанша есе кем екеніне тең болатындай есе кем. Осыдан шығатыны, бұл коэффициенттердің құны өзіндік мәнге ие емес, себебі активтер құрылымына түзетілген басқасына тең. Олардың біреуін қаржылық тұрақтылық коэффициенті ретінде таңдауда көрсеткіш алдында тұрған міндеттерін басшылыққа алу керек. Ұзақ мерзімді қарыз құралдары өз мәнінде салымдарды, яғни айналымнан тыс активтерді қаржыландыру көзі болып табылады. Бұлармен ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар мөлшерін салыстырған дұрыс. Ұзақ мерзімді несиелерге қажеттілік кәсіпорын орындайтын қызметтің капитал сыйымдылығымен анықталады. Сондықтан екі коэффициенттің бірімен шектелуге болады-ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициенті. Оның серпінділігі айналымнан тыс активтер құрылуында қарыз капиталы деңгейін дұрыс көрсетеді. Қарыз құралдарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті серпінділігі айналымнан тыс активтер немесе зияндардың ұлғаюы, не азаюы, яғни ұзақ мерзімді қарыз құралдарын тартуға ешбір қатыссыз активтерін құрылымындағы ілгерілеу жағдайында бұрмалу орын алуы мүмкін.
5. Меншікті және қарыз құралдары қатынасы коэффициенті қосындысы 1-ді беретін автономия және қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінен алынатын ақпаратты қайталайды.
Егер Кз=Сз/Сс, ал Кс=Сс/Сз, онда бұл коэффициенттер қосындысы 1-ге тең. Қаржылық тұрақтылықты осылардың біреуі көмегімен бағалау жеткілікті: екіншісін қолдану артық ақпарат береді. Осылайша, автономия қаржылық тәуелділік пен меншікті және қарыз құралдары қатынасы коэффициенттерінен кәсіпорынның қарыз көздерінен тәуелділік деңгейін бағалау үшін біреуін таңдауға болады. Тәжірибеде меншікті және қарыз құралдары қатынасы коэффициенті кең таралған.
6. Қорларды меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті өзіндік мәнге ие және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қолданылуы тиіс.
7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті өзіндік мәнге тек кәсіпорынды ұзақ мерзімді құралдар болуы жағдайында ие. Егер олар болмай, кәсіпорын теңгерімінде шығындар болмағанда, тұрақты қаржыландыру коэффициенті автономия коэффициентімен толық сәйкестенеді, оның тәжірибеде мақсатты қолданылуы туралы айтылған.
8. Тозу коэффициенті тек қызметтің капитал сыйымды саласында өзіндік мәнге ие.
9. Мүліктің нақты құны коэффициенті өндірістік салаларда үлкен қызығушылық тудырады. Басқа салаларда ол мүлік құрамындағы материалдық айналымнан тыс және айналым активтері үлесі аз активтер құрылымымен бұрмаланады.
Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің бар жеткілікті көп мөлшерін талдаудан өткізіп, мыналармен шектелуге болады:
— меншікті және қарыз құралдары коэффициенті;
— меншікті құралдарды оңтайландыру коэффициенті;
— ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициенті;
— Қорларды меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті;
— тұрақты қаржыландыру коэффициенті;
— мүліктің нақты құны коэффициенті;
Аталған 7 коэффициент ішінде тек 3-еуі ғана қызмет сипаты мен кәсіпорын активі мен пассивыне байланыссыз әмбебап қолданысқа ие: меншікті және қарыз құралдары қатынасы коэффициенті, меншікті құралдарды оңтайландыру коэффициенті мен қорларды меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті. Қалғандарын қолдану қызмет саласымен, кәсіпорынның ұзақ мерзімді қарыз құралдарының болмауымен шектелген. Соңғысын бүгін ереже ретінде қарастыруға болады.
Алайда 3 аталған әмбебап коэфициент шегінде де, олардың өсімі немесе азаюын бір факторлар анықтайтынын байқауға болады: меншікті құралдарды оңтайландыру коэффициенті мен қорлардың меншікті көздермен қамтамасыз етілуі коэффициентінің алымы бірдей-меншікті айналым құралдары. Сондықтан олардың деңгейін салыстыру капитал мен резерв мөлшерінің материалдық айналым активтері құнына қатынасына байланысты. Осыған сәйкес коэффициенттер серпінділігі де меншікті айналым құралдарының бір серпінділігімен және тек бөлімдерінің деңгейлері мен бағыттарының өзгерісі – қорлар мен меншікті капитал өзгешелігімен анықталады. Бұл олардың өзіндік мәнге ие болуына әсер етпейді, бірақ тәжірибеде меншікті айналым құралдарын ұлғайту оны бағалаудың екі белгісі бойынша қаржылық тұрақтылықты жоғарылатуға әкеледі. Меншікті айналым құралдарының өсімі-бұл меншікті капитал ұлғаюының нәтижесі, ал кейбір жағдайларда-айналымнан тыс активтер құнының азаюы нәтижесі.
Белгілі шарттарда меншікті капиталдың ұлғаюы меншікті және қарыз құралдары қатынасының ұлғаюына әкеледі.Бұдан шығатыны, қаржылық тұрақтылықтың 3 әмбебап коэффициенті олардың деңгейі мен серпінділігін анықтайтын факторлармен байланысты. Олардың барлығы кәсіпорынды салыстырмалы айналымнан тыс активтердің аз өсімінде меншікті капиталды ұлғайтуға, яғни бір уақытта мүліктің ұтқырлығын жоғарылатуға бағдарлайды.
Ұзақ мерзімді салымдар құрылымы коэффициенті мен тұрақты қаржыландыру коэффициенті өз мағыналары бойынша жақын. Оларды бір факторлар ұлғайтады: айналымнан тыс активтердің салыстырмалы аз ұлғаюы кезінде ұзақ мерзімді қарыз құралдарының көздері өсімі. Алайда коэффициенттер серпінділігі меншікті капитал өзгерісі мен айналым активтерінің мөлшеріне байланысты өзгешеленеді.
Қалған екі коэффициенті-тозу коэффициенті мен мүліктің нақты құны коэффициентін қаржылық тұрақтылық белгісі ретінде тек өндірістік салада, әсіресе капитал сыйымды салаларда қолданған дұрыс.Қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің деңгейі мен серпінділігін нақты кәсіпорында дұрыс бағалау өте маңызды. Олардың кәсіпорын берілгендерімен салыстыруға болатындай ешбір нормативтік мәндерін тәжірибеде белгілеу мүмкін еместігі туралы жоғарыда айтылған. Мұндай жағдайда кәсіпорындағы коэффициент деңгейі жеткілікті ме, оларды жоғарылату не азайту керек пе деген сұрақтарға қалай жауап беруге болады? Әр кәсіпорын үшін оның активі мен пассиві құрылымында қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің қалыпты және минималды қажет деңгейін анықтауға болады. Мұны «Қазақтелеком» ААҚ мысалында қарастырайық. Оның берілгендері бойынша қаржылық тұрақтылық коэфициенттері жиынтығын есептейміз, олардың деңгейі мен серпінділігін бағалаймыз.
Қажет бастапқы берілгендер мен коэффициенттер есебі келесі 3.2. кестесінде көрсетілген.
«Қазақтелеком» ААҚ-ның қаржылық орнықтылығының
коэффициенттер есебі
3.2. кесте
Көрсеткіштер |
Бірл. өлшемі |
Талданылатын кезеңнің басы |
Талданылатын кезеңнің соңы |
1. Бастапқы мәліметтер |
36162,1 |
36489,3 |
|
2. Капитал мен резервтер |
3718,7 |
8621,6 |
|
3. Қысқа мерзімді заемдік қаражат |
9753,0 |
10100,5 |
|
4. Ұзақ мерзімді заемдік қаражат |
1533,5 |
1879,0 |
|
5. Айналымнан тыс активтер |
8473,6 |
11533,8 |
|
5.1. Қорлар |
8473,6 |
11533,8 |
|
6. Меншікті айналым қаражаты |
44381,6 |
44710,8 |
|
7. Негізгі құрал-жабдықтың жиынтық құны |
49436,5 |
51651,3 |
|
8. Қаржылық орнықтылық коэффициенті |
|
|
|
1. Меншік және заемдік қаражат қатынасының коэффициенті |
9,763 |
10,105 |
|
2. Ұзақ мерзімді жұмсалым құрылымының коэффициенті |
6,3 |
5,4 |
|
3. Қаржыландыру көзінен меншіктік қормен қамтамасыз етілу коэффициенті |
5,2 |
3,9 |
|
4. Қаржы орнықтылығының коэффициенті |
0,45 |
0,48 |
Есеп нәтижелерін қарастыру кезінде бірінші жуықтауда мынадай қорытында жасалуы мүмкін:
Кәсіпорында қаржыландырудың орнықтылығы, қаржыландыру көздерінен меншікті қорларды қамтамасыз ету меншік және заемдік қаражаттық қатынасқа коэффициенттер өте төмен болады.
Осылардың бәрі активтер құрамындағы – пассивтер мен негізгі құралдар құрамындағы капитал мен резервтердің төмен үлесімен анықталады. Капитал мен резервтер элементі ретінде қосымша капитал бұл негізгі құралдардың өсіп келе жатқан құнын жабу көзі.
Осылайша кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы деңгейін бағалау үшін белгілі бір тәсілдердің қажеті жоқ. Егер қорларды меншікті қаржыландыру көздерімен қамтамасыз ету және мүліктің нақты құны коэффициенттері жеткілікті болса, қалған барлық коэффициенттер деңгейлерін де жеткілікті деп айтуға болады. Тек аталған 2 коэффициентпен шектелу, егер қалғандары солардан шығатын болса, мүмкін бе деген сұрақ тууы мүмкін. Кәсіпорын активтері мен пассивтері құрылымы басқа күнге өзгеріп, талданатын кезеңге қарағанда коэффициенттердің нақты және қалыпты деңгейлері арасындағы өзгешелік басқа болатындықтан, болмайды деп айтуға болады. Қаржылық тұрақтылықтың әр жақты бағалауы нақты мәндердің коэффициенттердің барлық жиынтығында қалыпты мәндермен салыстыруы арқылы қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа мұндай салыстыруда коэффициенттер деңгейіне әсер ететін барлық факторлар көрінеді.Мысалы, қорлардың қаржыландырудың меншікті көздерімен қамтамасыз етілуі коэффициенті қорлар құны, айналымнан тыс активтер мөлшері, капитал мен резервтер сомасы өзгерістерінің әсерімен өзгеруі мүмкін. Коэфициенттің нақты деңгейін қалыптыға дейін жақындату үшін нақты қолдануға болатын факторды табу-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын басқарудың бір міндеті.
Мұндай факторларды іздеу үрдісінде кәсіпорынға ұзақ мерзімді қарыздар іздеп, капиталын ұлғайту орнына қысқа мерзімді қарыз құралдарын өсіру тиімдірек екенін білуге болады. Басқа жағдайда, керісінше қаржыландырудың тұрақты көздерін ұлғайту қажеттілігі тууы мүмкін; егер тәжірибеде мұндай мүмкіндік болмаса, кәсіпорын айналымнан тыс активтерді немесе қорларды азайту тәсілдерін қарастыруға болады.
Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайының аспектілерінің бірін тек бағалауға ғана мүмкіндік бермейді. Оларды дұрыс қолдана отырып, қаржылық тұрақтылық деңгейіне белсенді әсер етуге, минималды қажет деңгейіне дейін көтеруге болады, ал егер ол нақтылы түрде минималды қажет деңгейден жоғары болса, бұл жағдайды активтер мен пассивтер құрылымын жақсарту үшін қолдануға болады.
4-тарау. Еңбекті қорғау
Адам еңбек ететін сау, әрі қауіпсіз шарттарды қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді зерттеу және шешу — жаңа технологиялар мен өндіріс жүйелері талдамаларының маңызды міндеттерінің бірі. Өндірістік жарақаттардың, кәсіптік сырқатттардың, апаттардың, жарылыстардың, өрттердің мүмкін себептерін зерттеу мен анықтау және бұл себептерді жоюға бағытталған шаралар мен талаптарды әзірлеу адам еңбегі үшін қауіпсіз, әрі жағымды шарттар жасауға мүмкіндік береді. Қолайлы, әрі қауіпсіз еңбек шарттары — еңбек өнімділігі мен қауіпсіздігіне,жұмыскерлер денсаулығына әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Еңбекті қорғау — құқықтық, әлеуметтік — экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық — гигиеналық, емдеу – алдын алу, сауықтыру және басқа шараларды қосатын еңбек іскерлігі үрдісінде жұмыскерлер өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
Құқықтық нысанда көрсетілген және бірінші кезекте еңбек заңнамасында бекітілген барлық бұл нормалар еңбек құқығының ерекше бөлігінің маңызды құқықтық институтын құрайды, бірақ еңбекті қорғауды кең мағынада барлық еңбек құқығы деп алуға болады, өйткені оның барлық нормалары барлық жұмыскерлер мүдделерін қорғауға бағытталған.
Еңбекті қорғау сөзі тар мағынасында жұмыскерлер өмірі мен денсалығы үшін қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз етуге тікелей бағытталған нормаларды біріктіретін еңбек құқығының құқықтық институтын білдіреді. Ол мынадай нормалар топтарын қосады:
— еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі ережелер;
— ауыр, зиянды және қауіпті өндірістік жағдайларда жұмыс істейтін тұлғалар еңбегін қорғаудың арнайы нормалары;
— әйелдер, кәмілет жасқа толмағандар және еңбек қабілеттілігі төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалар;
— мемлекеттік бақылау және қоғамдық қадағалау органдары қызметін реттейтін, сонымен қатар, еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті анықтайтын нормалар;
— еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруын реттейтін нормалар.
Жұмыскердің еңбекті қорғау құқығы
Әр жұмыскердің еңбекті қорғау құқығы бар, оның ішінде:
а) өндірістік жарақат, кәсіби ауру немесе жұмысқа қабілеттігін төмендетуді тудыратын қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қорғалған жұмыс орны;
б) еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының зақымдануы, кәсіби ауруы немесе мертігуінің зиянының орнын толтыру;
в) жұмыс берушіден немесе мемлекеттік және қоғамдық органдардан жұмыскердің жұмыс орнында еңбекті қорғау және еңбек шарттарының жағдайы туралы, денсаулықты зақымдайтын бар қауіп-қатер туралы,сонымен қатар зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлар әсерінен оны қорғау жөніндегі қабылданған шаралар туралы сенімді ақпарат алу;
г) өмірі мен денсаулығы үшін тікелей қауіп төнген жағдайда бұл қауіп жойылғанға дейін ешбір негізделмеген салдарсыз жұмысты орындаудан бас тарту;
д) жұмыс берушінің қаржылары есебінен еңбекті қорғау туралы заңнамалық және басқа нормативтік актілер талаптарына сәйкес ұжымдық және жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілу;
е) жұмыс берушінің қаржысы есебінен еңбектің қауіпсіз тәсілдері мен әдістерін үйрену;
ж) жұмыс берушінің қаржысы есебінен кәсіпорын, цех, телім қызметінің тоқтатылуы немесе жабылуы, еңбектің қанағаттанарлықсыз жағдайлары әсерінен еңбек орнын тарату, сонымен қатар өндірістегі жазатайым уақиға немесе кәсіптік сырқатқа байланысты еңбек қабілеттілігін жоғалту жағдайында кәсіптік қайта даярлау;
з) еңбек шарттарын мемлекеттік қадағалау және бақылау немесе қоғамдық бақылау органдарымен инспекциялау жүргізу, оның ішінде сұрау бойынша жұмыскердің жұмыс орнында жүргізу;
и) мемлекеттік биліктің сәйкес органдары, сонымен қатар кәсіптік кеңестер мен басқа жұмыскерлермен уәкілетті өкілдікті органдарға еңбектің қанағаттандырарлықсыз жағдайлары мен еңбекті қорғауға байланысты шағым жасау;
к) еңбек жағдайларын жақсарту мен қорғауға байланысты мәселелерді тексеру мен қарастыруға қатысу.
Барлық өндірістік үй-жай, құрал-жабдық, технологиялық үрдістер сау және қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Өндірістік үрдістерді ұйымдастыруға қойылған және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған өндірістік құрал-жабдыққа талаптар, жұмыс орындарын орналастыру мен ұйымдастыру, сонымен қатар қауіпсіздік талаптары қауіпсіздік техникасы бойынша ержелерде бекітіледі. Өндірістік үрдістерге тиісті стандарттармен (санитарлық нормалармен) рұқсатталатын шоғырлану және басқа параметрлер деңгейлері, қауіпті және заңды өндірістік факторлар тізбесі жұмыскерлердің кәсіптік сырқаттарының пайда болуын алдын алатын өндірістік санитария нормаларынан тұрады.
Еңбекті қорғау талаптарын жұмыскерлер орындау мақсатында «Қазақтелеком» ААҚ әкімшілігіне инструктаж жүргізу тапсырылды.
Жұмыскерлер инструктажы жүргізу сипаты мен уақыты бойынша мыналарға бөлінеді: жұмысқа тұрып жатқандарға жүргізілетін кіріспелік, қайталама (белгіленген уақытта кезеңді түрде); технологиялық үрдіс немесе құрал-жабдық өзгерісі, еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуы кезінде жоспарлы емес (ағымдық)
Тағы рефераттар
- Модулярлық арифметиканы есептеу
- «Қарашығанақ» кен орнына енгізілген ЫМЖ-ны талдау
- Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
- Тауарлы материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
- Құқық субъектілерінің құқыққабілеттігі және әрекетқабілеттігі