Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26-желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:

1)    бухгалтерлік баланс;

2)    қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3)    ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-ақ қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстанып отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылу тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсініктемелерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпарат, баға өзгерісінің әсері туралы мәліметтер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толықтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егерде төмендегі көрсетілген үш шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1)    зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;

2)    қаржылық жыл бойы қызметкелерді орташа саны 50-ден аспайды;

3)    активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданып жүрген отандық қаржылық есеп негізгі шамалары бойынша халықаралық есеп стандарттарының талаптарына сай келеді, себебі, ҚР — тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процессі белсенді жүргізіледі, ол біріншіден, негізін қараушы нарықытық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байланысты.

ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарында жаңа көзқарастар пайда болады және оның бағыты өзгереді.

«Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті» №2 «бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, — бұл қолданушының заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайда болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады (12).

Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субеъктінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырған ресурстармен басқарушы орандардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпарттарды қамтиды. Қаржы есебі пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеуге, пайызды төлеуге, несиені қайтару және табысты тарату қабілетін анықтайды. Егерде қолданушылар тек қана субъектіні қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ комерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржыылқ ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпарттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басы көзі ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі  ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушылары да пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, адиторлар жұмыс процесінде дұрыс ешім қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиенттің сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады, ал талдаушылар қаржылық талдаудын бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайда талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншіктік капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасымен жағдайын және кәіспорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланс көрсеткіштері кәсіпорының капиталын орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау ақпаратының ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келеді. Активтер, баланс кәсіпорынының есептік кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соғады. Мүліктің түрлері және оның қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен бабтары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қортынды бабтары ең өтімді айналым қаражаты (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырсу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа ақша қаражаттары.

Баланс посивтің бөлімдері мен бабтары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принциптерге сай құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі кө бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан  бастап бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың түсіндермесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады. Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының «Бухгалтерлік талдау» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: «Баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз – бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсететді (немесе активтер – бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиіс мүлік); пассивтер – бұл кәсіпорынның біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашанда пассивтер сомасына тең болуы тиіс» (13).

Ағылшын ғылымдары шығарған «бухгалтерлік іске кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: Баланс – бұл белгііл бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзімдегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың элементтерін келесідей сипаттайды:

«Активтер – бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе.

Пассивтер – бұл басқа біреуге тиісті нәрсе. «Пассив» термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

Капитал – пассивтердің арнайы түрі.

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады».

Әлемдік банк өндеп шығарған «Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар» оқулыығнда бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: «баланстық есеп – бұл белгілі бір кезеңде жазылған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фото сурет. Қаржыылқ жағдай ұғымымен тікелей байланысқан есеп элементтері дегеніміз – бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәіспорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қарыжыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме».

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері мен элементтері келесідей анықталады:

«Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәіспорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алу мен байланысты кәіспорын ресурстарының шығынына әкеліп соқтырады.

Капитал- бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорының өзіндік қаражаты».

Көрініп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл  анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтармызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. «Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайы бағалауымен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншіктік капитал жәен субъектінің міндеттемесі» болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.

«Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.»

Міндеттеме – бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері» (11).

Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықттамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.

Баланс бухгалтерлік есептің «бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС-2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: «барлық маңызды ақпараттар, қаржылық есептіқолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс» (12).

БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған (16) бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кесте көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.

 

                                                                                                                1-кесте

БЕС-2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс

Активтер

Меншік капитал және

міндеттемелер

1

2

І. Ұзақ мерзімді активтер І. Меншікті капитал
Негізгі құралдар: — жарғылық капитал

— дивиденттер

— жер
— құрылыстар мен ғимараттар қайта бағалау сомасы
— машиналар мен жабдықтар — негізгі құралдардың

— инвестицияның

 — басқа негізгі құралдар резервтік капитал
 — жинақталған тозуы

— аяқталмаған күрделі құрылыс

бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)
Материалдық емес активтер: Жиыны:
— гудвилл ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
— патенттер, тауарлық белгілер

және басқалар

— қайтарылуы қамтамасыз етілген

несиелер

— материалдық емес активтердің амортизациясы — қайтарылуы қамтамасыз етілмеген несиелер
Инвестициялар:

— еншілес серіктестіктерге инвестициялар

— негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің бір-біріне берілетін несиелері
— тәуелді серіктестерге инвестициялар
— басқадай инвестициялар — кейінге қалдырылған салықтар
Дебиторлық борыш: Жиыны:
— алынуға тиісті борыштар ІІІ. Ағымдағы міндеттемелер
— алынған вексельдер — қысқа мерзімді несиелер және овердрафт
— ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш — ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі

 

 

кредиторлық борыш

— акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының дебиторлық борышы — төленуге тиісті вексельдер және шоттар
— басқадай дебиторлық борыш
— алдағы кезең шығындары
Жиыны: — сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар
ІІ. Ағымдағы активтер
— тауарлы — материалдық қорлар — салықтар бойынша борыш
— алдағы кезең шығындары — төленуге тиісті дивиденттер
— ақша қаражаттары

— қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

— негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестігі арасындағы борыш
— Дебиторлық борыш: — акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыш
— ағымдағы активтерді сатып алуға қажетті аванстық төлемдер  

— басқадай несиелік борыштар

— алынуға тиіс шоттар

— алынған вексельдер

— төленуге берілген шығындар
— ішкі топтық операциялар нәтижесінде пайда болған негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестерінің арасындағы дебиторлық борыш

 

— алдағы кезең кірістері

 

— Акционерлік қоғамдағы лауазымды тұлғалардың дебторлық борышы — алдын ала қарастырылмаған жағдайға байланысты бөлінген төлемдер
Жиыны: Жиыны:
Барлығы Барлығы:

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып табылады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қараай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.

Тікелей  түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1)    ұзақ мерзімді активтер;

2)    ағымдағы активтер;

3)    меншікті капитал;

4)    ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5)    ағымдағы міндеттемелер.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан алда емес, олардың ең маңыздылары келесілер болып табылады:

1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған  кезеңдігі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет.

3. Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогресситік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

4. Баланста кәсіпорынынң қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қорытындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауғаболады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы «материалдар» бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншіде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда ½ (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді.

5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар «материалдар», «дайын өнім», «тауарлар», «дебиторлық борыш» және басқалар. Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.

6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Инфляция, кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектілерінің құны жағынан әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарының «бағасын» (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді. Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтық бағасы мүлдем басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланста көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылық соншалықты көп болады.

7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ факторлардыңда ықпалында болады. Олардың  қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәіспорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оның ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсету мүмкін.

Бұл есептің жасалуы №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей түрде болады.

                                                                                                               2-кесте

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп

Көрсеткіштердің аты

Код

Табыстар

Шығындар (зиян)

1

2

3

4

1. Негізгі қызметтен алынатын табыс

010

*

2. Сатылған өнімнің (жұмыс, қызметінің) өзіндік құны

015

 

*

3. Жалпы табыс

020

4. Кезең шығындары
— жалпы және әкімшілік шығындар

 

 

025

*

— пайыздарды төлеу шығындары

030

*

— сату бойынша шығындар

035

*

5. Негізгі қызмет бойынша табыс (шығын)  

040

6. Негізгі емес қызмет бойынша табыс (шығын)  

045

7. Салық салынған дейінгі әдеттегі қызметтен алынған табыс (шығын)  

050

8. Табыс салығы

055

*

9. Салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған табыс (шығын)  

 

060

10. Төтенше жағдайлардан болатын табыс (шығын)  

065

11. Таза табыс (шығын)

070

 

Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қржылық нәтиженің қалыптасуын ( таза табысты немесе зиянды)ғана көрсетеді.

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады.

Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы – яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 «Бухгалтерлік есеп туралы» заң  күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қараша №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтердың азаюын немесе кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.

№3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі» ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары – бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық қызмет деп субъектінің табыс алу жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық қызмет дегеніміз – бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдамаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес, сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.

.

Тағы рефераттар