Пайданы алу – кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты. Бірақ, тиісті шығыстарды жүзеге асырусыз, әдетте, қажет етілетін кірістерді алу мүмкін емес.

Егер кәсіпорын пайда алатын болса, онда өнімді деп саналады.

Экономикалық есептерде қолданылатын өніміділік көрсеткіштері салыстырмалы пайдалылықпен сипатталады. Өнімнің өнімділігі мен кәсіпорынның өнімділігі көрсеткіштерін айырып көрсетеді. Өнімнің өнімділігін 3 нұсқада өлшейді: өткізілген өнімнің, тауар өнімінің және жеке бұйымның өнімділігі. Өткізілген өнімнің өнімділігі – бұл өнімді өткізуден оның толық өзіндік құнына пайданың қатынасы. Тауар өнімінің өнімділігі тауар өнімінің ақша бірлігіне шығыстардың көрсеткішімен немесе оның кері шамасымен сипатталады. (Т-Ө) Т100, онда Т – кәсіпорынның көтерме бағадағы тауар өнімі; Ө — тауар өнімінің толық өзіндік құны.

Тауар өнімінің өнімділігін есептеудің классикалық формуласы болып мына формула табылады (Т-Ө)/С100.

Бұйымның өнімділігі – бұл осы бұйымның өзіндік құнына бұйымның бірлігіне пайданың қатынасы. Бұйым бойынша пайда оның көтерме бағасы мен өзіндік құн арасындағы айырмашылыққа тең.

Кәсіпорынның өнімділігі (жалпы өнімділік) – негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаражаттарының орташа құнына теңгермелік пайданың қатынасы ретінде айқындайды. Қордың материалдық және оларға теңестірілген шығындарына қатынасы кәсіпорынның табыстылығын көрсетеді.

Басқаша айтқанда, өнімділіктің жалпы деңгейі, яғни индикатор, барлық салынған капиталдың (активтердің) өсуіне әсер ететін, пайданы 100%-ға дейін есептелген және бөлінген активтерге тең болады.

Өнімділіктің жалпы деңгейі – бұл кәсіпорын өнімділігін талдаудағы негізгі индикатор. Жалпы өнімділіктің, оның деңгейінен шығатын фирманы дамытуды нақты анықтау талап етілсе, екі негізгі индикаторға: айналымның өтімділігі және капитал айналымдарының санын қосымша есептеп шығаруы қажет.

өтімділіктің айналымы көп болған сайын, кәсіпорынның жалпы түсімін салыстыру жөніндегі пайда сонша көп.

«Қазақтелеком» ААҚ-ның табыстылық коэффициенттері № 2.6. талдама кестеде келтірілген.

Өнімділік пен табыстылық көрсеткіштерінің жалпы экономикалық сипаттамасы бар, олар кәсіпорынның жұмысының және олар шығаратын өнімнің түпкі тиімділігін көрсетеді.

Өндірістік қорларға пайданың жалпы сомасының қатынасы өнімділік деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады.

Пайданың шамасын және өнімділіктің деңгейін айқындайтын көптеген факторлар бар. Бұл факторларды ішкі және сыртқы факторларға бөлуге болады. Сыртқы – бұл осы ұжымның күшеюінен тәуелді емес факторлар, мысалы, материалдарға, өнімге, тасымалдау тарифтеріне, амортизация нормаларына және т.б. арналған бағалардың өзгеруі. Мұндай іс-шаралар жалпы көлемде жүргізіледі және кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметінің қорытындылайтын көрсеткіштеріне қатты әсер етеді. Өнімнің ассортиментіндегі құрылымдық өзгерістер өткізілген өнімнің шамасына, өндірістің өзіндік құны мен өнімділігіне әсер етеді.

Экономикалық талдаудың міндеті – сыртқы факторлардың әсер етуін анықтау, қызметкерлердің еңбек салуларын және өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін көрсететін негізгі ішкі факторлардың әрекет нәтижесінде алынған пайданың сомасын айқындау.

Өнімділікті (табыстылық) көрсеткіштері жалпы экономикалық болып табылады. Олар түпкі қаржылық нәтижені көрсетеді және пайда мен шығын туралы, іске асыру туралы, кіріс пен өнімділік туралы бухгалтерлік теңгерме мен есептілікте көрсетіледі.

Активтердің экономикалық өнімділігі, «Қазақтелеком» ААҚ-ның операциялық пайданы алу қабілеті базалық 1998 жылмен салыстырғанда 0,06 пункке ұлғайды. Ол әр түрлі бағыттағы факторлардың жиынтық әсер етуінің салдары болып табылады: 10% активтердің өсуі, 200% салықтарды төлеуге дейін пайданың ұлғаюы.

Өнімділікті техникалық-экономикалық факторлардың әсер етуінің нәтижесі ретінде, ал негізгі мақсаты негізгі техникалық-экономикалық факторлардан өндірістік-шаруашылық қызметінің түпкі қаржылық нәтижелерінің сандық тәуелділігін анықтайтын техникалық-экономикалық талдау объектісі ретінде қарауға болады.

Өнімділік өндірістік процестің нәтижесі болып табылады, ол айналым қаражаттарының тиімділігін арттырумен, өнімнің және жекелеген бұйымдардың өзіндік құнының төмендеуімен және өнімділігінің артуымен байланысты факторлардың әсерімен қалыптасады.

Кәсіпорынның жалпы өнімділігін бірқатар көрсеткіштердің – факторлардың функциясы ретінде қарау қажет: Негізгі өндірістік қорлардың құрылымы мен қор берушілігі, нормаланатын айналым қаражаттарының айналымдылығы, өткізілген өнімнің өнімділігі.

Жалпы өнімділікті талдау әдістемесі:

1) тиімділік факторлары бойынша;

2) өндірістік факторлардың пайдасы мен шамасына байланысты.

Теңгермелі (жалпы) пайда — өндірістік-қаржылық қызметтің түпкі қаржылық нәтижесі. Кәсіпорында жалпы пайданың орнына жалпы шығын құралуы мүмкін және мұндай кәсіпорын зияндылардың санатына көшеді. Жалпы пайда (шығын) өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден; өткізілген пайда мен шығындардан тыс пайдадан (шығыннан) тұрады.

Салынған капиталды өсіруге оның қабілеті кәсіпорынның өнімділігі деп түсініледі. Бірнеше ережелер өнімділікті талдаудың міндеті болып табылады: жыл басынан бастап өнімділік көрсеткішін, жоспарды орындау деңгейін бағалау, осы көрсеткіштерге әсер ететін және жоспардан олардың бас тарту факторларын айқындайды және бағалайды; шаруашылықты жүргізе алмаушылықтан, басшылықтағы қателіктермен және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі басқа да кемістіктермен туындаған шығындар мен зияндардың себептерін анықтайды және зерттейді; кәсіпорынның пайдасының немесе табысының мүмкін болатын ұлғаюының резервтерін ашады және есептейді.

Табыстылық көрсеткіштерінің жүйесі қаржылық нәтижелер мен және салыстырмалы нәтижелердің ең алдымен абсолюттік көрсеткіштерінен тұрады. Бізді салыстырмалы көрсеткіштер көп қызықтырады, оларды екі кіші топқа жіктейді.

1 типтің көрсеткіштері сатуларға қатысты пайдалылықты бағалауға мүмкіндік береді [№ 3-қосымша].

3 жыл үшін «Қазақтелеком» ААҚ-ның сату көлемдерін талдай отырып, ол 12263023 теңгеге немесе 47% атап өтеміз. Осы кезең үшін пайыздар мен салықтарды төлеуге дейін пайда 2181531 теңгеден 6507651 теңгеге дейін, яғни 4326120 теңгеге немесе шамамен 200% ұлғайды (4326120*100% /2181531).

«Қазақтелеком» ААҚ-ның таза табысы тек 2000 жылы 2303654 теңгені құрады. Алдыңғы 1998, 1999 жылдары ұйым пайдасыз жұмыс істеді. Бұған бірқатар факторлар әсер етті: негізгі қызметтен табыстың ұлғаюы (2000 жыл), ұсынылатын қызметтердің өзіндік құнының өсуі (2000 жыл). Алдыңғы екі жылы — 1998 жылы – 2270333 және 1999 жылы – 4670537 теңгедегі шығындарға қарағандағы 659260 теңгені құраған 2000 жылғы курстық бағам бойынша табысты алу маңызды рөл атқарды.

Кәсіпорын активтерінің табыстылық коэффициенттерінің өзгерістерінің серпінін, өзіндік құнының құрылымын талдап, бұл коэффициент неғұрлым оңтайлы деңгейге тек 2000 жылы ғана жеткенін атап өту керек, яғни 1998 және 1999 жылдар «Қазақтелеком» ААҚ үшін пайдасыз жылдар болды.

«Қазақтелеком» ААҚ-ы өнімінің өзіндік құнының құрылымын талдау

Шығыстар және шығындар баптарының атауы

2005 ж.

2006 ж.

Мың. теңге

Қорыт. %

Мың. теңге

Қорыт. %

1. Материалдық шығыстар, барлығы

7879

7,3

17650

12,1

2. Ұйымдардың тараптық сатып алу қызметі, барлығы

7458

6,9

7267

5,0

3. Өндірістік міндетті

551

0,5

3438

2,4

4. Өндірістік қызметкерлер еңбегінің төлемі

24406

22,5

32714

22,5

5. Әлеуметтік салық

5784

5,3

7742

5,3

6. Әлеуметтік қамтамасыз ету шығыстары

513

0,5

683

0,5

7. Үстеме шығыстар

5562

5,1

7247

5,0

8. Өзге де үстеме шығыстар, барлығы

2007

1,8

2901

2,0

9. Амортизациялық аударым, барлығы

54401

50,1

65768

45,2

ЖИЫНЫ

108561

100

145410

100

 Қызметтің табыстылық көлемінің (2007 ж – 0,4) коэффициентіне ұқсас,2008 жылы табыстылық коэффициенттері негізгі қызметтің зерттеу кезеңінде ең жоғары мәнділікке жетті. Бұл 2006 жылды 2007 жылдың мұндай жалпы табысы (48%-ға) және қызметтерді іске асыру табысы (20%-ға) көрсеткіштерімен салыстырғанда бірден көбейгенін байқатады.

2 типтің көрсеткіштері – инвестицияларға қатысты.

Көрсеткіштердің пайдалылығы кәсіпорын иесінің немесе несиегердің мүлікке салынған немесе инвестицияланған әрбір теңгесінен кәсіпорынның қандай пайда табатыны көрінеді.

Өзгерістер серпінінің меншікті, перманенттік, негізгі капиталы мыналарды көрсетеді. 2006 және2007 жылдарда бұл коэффициенттер таза пайданың оң мәнділігінің болмауынан теріс мәнділікте болады. 2008 жылы ғана коэффициенттер сәйкесінше оң нәтижелерге: меншік капиталының пайдасы -0,06-ға; перманенттік капиталдың пайдасы -0,04-ке; негізгі капиталдың пайдасы -0,04-ке жетті.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер 3 жыл кезеңінде 2006 жылдан 2008 жыл бойынша 583 445 немесе жалпы салыстыру 4%-ға төмендеді. Бірақ,2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 2 318 521 теңге немесе 16%-ға артқаны, ал 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы – 2 901 966 теңге немесе 17,24%-ға төмендегені байқалады.

Бұл айтарлықтай маңызды роль атқарады және ұзақ мерзімді кезеңде компанияның несиеге бейімділігіне (қабілеттілігіне) ықпал ететін сөз жоқ оң факті болып табылады.

ААҚ ұзақ мерзімді негізде қарыз қаражатын тартады, сонымен қатар өз шаруашылық құралдарын (активтер) меншікті капитал мен ағымдағы міндеттемелер сияқты көздер есебінен қалыптастыратындықтан несиегерлер мен инвесторларды кәсіпорын қызықтырады.

Зерттеу кезеңінде тәуелсіздік коэфиценті жалпы өзгерген жоқ және 2006 жылы 0,5 құрады, бұл меншікті капиталдың салыстырмалы тұрақты маңызын  көрсетеді.
Тағы рефераттар