Кәсіптік бағдар беру сабағының мәні мен мазмұны туралы қазақша реферат

Кәсіптік бағдар беру сабағының ерекше мәні бар, себебі сабақ мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі формасы болып табылады. Кәсіптік бағдар беру сабақтарында болашақ мамандықты таңдаудағы теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылады. Сабақта көптеген әдістер қолданылады: әңгіме, диспут, түсіндіру, профессиограмманы өзіндік құрау, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шаралар туралы есеп беру.

Бағдарлама үш деңгейде жүзеге асады, олар кейде бір-бірімен байланысып, қатал бір тізбекте орындалмайды. 

1-деңгей — дұрыс, яғни тиімді кәсіптік бағдар беру үшін әмбебап құзыреттілікке ие болу.

2-деңгей – әр түрлі кәсіптік бағдар беру формаларын қолданып көру.

3-деңгей – таңдалған кәсіп бағытына сәйкес жеке білім бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру.

Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету ұжымы болу керек, оларға мына мамандар қажет: психологтар, әлеуметтік педагогтар, қосымша білім беретін педагогтар. Қызмет көрсету ұжымының сандық құрамы кәсіптік бағдар берудің нақты бағытына байланысты болады.

Оқушылардың кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру кәсіптік бағдар беруге арналған мектеп ортасын жобалау, ол үшін мыналарды құру қажет:

—                     кәсіптік бағдар беретін орындардың жұмыс істеу жоспары;

—                     пән оқытушылары жүргізетін кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру жоспары.

Кәсіптік бағдар беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажет:

—                     жақсы жабдықталған кітапханалар, онда кәсіптік бағдар беру және арнайы білімі саласындағы әдебиеттер болуы тиіс;

— интернет ресурстарын қолдану мүмкіншіліктері.

Кәсіптік бағдар беру жөнінде іс-шаралар жүргізілгеннен соң, олардың тиімділігін тексеру жұмыстары жүргізіледі. Оның ішіндегі бірінші әдіс -диагностика.

Диагностика – бұл обьектің жағдайын көрсететін белгілерді меңгеру, оның ауытқушылықтары мен қателіктерді түзеу немесе алдын алу жұмыстарын атқару. [2, 110 б]

Диагностикалық әдістердің кәсіптік бағдар берудің тиімділігін анықтауға қолданылатын әдісі — бақылау.

Бақылау — белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кеңтараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыс тарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісідеп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.

Кәсіби бағдар беруді мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

— кәсіби ақпараттандыру;

— кәсіби кеңес;

— мамандықты таңдау.

Кәсіби ақпараттандыру — әр түрлі аймақтағы топтарды қазіргі заманғы өндіріс түрлерімен, еңбек нарығының жағдайымен, мамандықтар нарығының даму перспективалары мен мазмұндарымен таныстыру. Оларды меңгерудің формаларымен және шарттарымен, мамандықтар бойынша адамдарға талабымен, мамандық аясында квалификациясының өсуі және еңбек ету барысында өзін-өзі дамытудың мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кәсіби кеңес – оқушыға психологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және қоғам қажеттілігіне сай мамандықты дұрыс таңдауға көмек беру.

Мамандықты таңдау — мамандықтардың мүмкін бағыттары туралы ұсыныстарын оқушыларға ұсыну. Оның психологиялық, психофизиологиялық және медициналық диагностика нәтижелеріне сүйеніп сәйкес мамандықты ұсыну. [3, 126 б]

Білімді модернизациялаудың ауыспалы кезеңіне дейін «мектеп-комбинат» ара қатынасы білім басқарамасымен қатал бақыланды: мектептер кәсіптік бағдар бойынша дайындық сағаттарын беруге міндетті болды, оқушылар жұмысшылар мен қызметкерлер мамандықтарын таңдау мүмкіндіктері болды.

Қазіргі кездері жағдай өзгеріп, осы уақытта оқыған оқушыларды кәсіптік оқыту мен кәсіптік бағдар беруде бірнеше мәселелер пайда болды.

Бірнеше мәселелер қатарын қарастырып кетсек:

—       мектептер арасындағы оқу комбинаттары мен жалпы білім беретін мектептер ара қатынасын реттейтін нақты нормативті-құқықтық базаның болмауы мектеп басқармасының көп жағдайда оқушыларды кәсіптік оқыту мен бағдар беру шараларын ұйымдастырмауы;

—       әрбір жалпы білім беретін мектеп оқушыларға кәсіптік оқыту мен бағдар беруде мамандықтардың көптеген түрлерімен қамтамасыз ете алмайды, көбінесе, техникалық бағытта, қолданбалы бағытта, қызмет жасау салалары болады, себебі мұндай бағыттардың дамуы көптеген қаражат қажет етеді;

—       техникалық профильдердің дамуына кететін өте үлкен материалдық шығындарға байланысты жалпы білім беретін мектептерде бұл бағыттарды гуманитарлық бағыттағы мамандықтармен ауыстырған.

Сонымен кәсіптік бағдар беру дегеніміз — педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығушлығы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Мамандық туралы жеткіліксіз білу — мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық таңдауда қателесу сайып келгенде, таңдаған мамандығын ұнатпау, жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.


Тағы рефераттар