Қазақ бейнелеу өнері, ұлттық көркем мәдениеттің бір бөлігі. Ал Қазақстан бейнелеу өнері осы өлкедегі бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы олардың шығармаларынан құралады. Қазақ суретшілері график, кескіндеме шебері, сәндік қолданбалы өнермен айналысатын суретшілер, мүсінші және дизайн туындыларын жасайтын суретшілер болып бірнеше топқа бөлінеді.
Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы түрі болмасын тарихи, тұрмыстық, әскери, анималистік және т.б. жанрларға бөлінеді. Сонымен қатар графика, кескіндеме шығармаларының кейбірі натюрморт, пейзаж жанрларына жатады.
Қазақстан бейнелеу өнері шығармаларының тақырыптары сан алуан. Олар: «Ежелгі қазақ елінің салт дәстүрі», «Ұлттық ойындар», «Айтыс өнері», «Ұлттық киім», «Үй жиһаздары», «Азамат соғысы», «Қазан төңкерісі», «Ұлы Отан соғысы», «Ана образы», «Тарихи тұлғалар бейнелері», «Қазіргі еңбек, өнер, әдебиет, музыка, ғылым, қоғам қайраткерлерінің образы» деген ауқымды мазмұнды қамтиды.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармалары республикалық шет елдер мен халықаралық көрмелерге қатынасқан. Көптеген шығармалар Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік көркемсурет музейінде, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан дизайнерлер одағының, Қазақстан Мәдениет Министрлігінің қорларында, суретшілердің жеке қорларында сақтаулы.
Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылығы туралы жеке кітаптар, монографиялар шығып, кезеңдік басылымдарда бірнеше жүздеген мақалалар жарияланған.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлт өнері сияқты графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері кіретін жеке ұлттық өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің қайсы саласы болса да мейлінше кең дамыған. Оқушыларды бұл өнердің графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін түрлері, тұрмыстық, тарихи, анималистік, портрет, пейзаж жанрларымен сабақта және сабақтан тыс таныстыруға мүмкіндік мол.
Қазақстан бейнелеу өнерінің негізін қалаған көптеген суретшілеріне республикадағы сіңірген еңбегіне қарай «Қазақстан Республикасының Халық суретшісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атақтары берілген.
Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған, көптеген өнер шеберлері,Ә.Қастеевке (1944), Қ.Телжановқа (1963), Х.Наурызбаевқа (1969), Н.Нұрмұхаммедовке (1975), С.Мамбеевке (1979), Е.Сидоркинге (1980), Н.Гаевке (1980), С.Романовке (1981), М.Кенбаевке (1985), Ә. Ысмайловқа (1985) «Қазақстанның халық суретшісі» құрметті атағы берілді.
Бейнелеу өнері саласында «Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атақтары мына суретшілерге берілген: Ә.Қастеев (1942), Н.В.Цивчинский (1951), А.Ненешов (1954), Х.Наурызбаев (1960), Ә. Ысмайлов (1960), А.Галымбаева (1961), П.Зальцман (1962), Н.Гаев, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов (1963), В.Онтоншенко-Оленов, Е.Сидоркин, К.Шаяхметов, Г.Исмайлова (1965), Е.Говорова, К.Қожықов, М.Лизочуб (1966), В.Крылов (1970), К.Баранов, А.Бортников (1971), С.Қожықов (1972), Ә.Хайдаров (1974), С.Романов, А.Степанов, Б.Толеков (1976), Т.Досмағанбетов (1980), А.Дячкин, Е.Мергенов, Ш.Ниязбеков, У.Рахманов, Ж.Шарденов, А.Школьный, У.Әжиев, А.Дроздов (1985), С.Айтбаев, А.Гурьев, Қ.Закіров, И.Исабаев, Б.Табиев (1988), М.Қалымов, Б.Пак, Т.Тоғысбаев (1989).
Қазақстан суретшілерінің ішінде көптеген өнер шеберлеріне Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтары берілген. Суретші Ә.Қастеевке «Қазақстан жерінде» атты акварельдер сериясы үшін 1966 жылы К.Телжановка «Еңбек адамдары» суреттер сериясы үшін 1967 жылы, Х.Наурызбаевқа «Ш.Уәлиханов ескерткіші» үшін, Е.Сидоркинге «Ақсақалдар» графикалық сериясы үшін 1970 жылы, А.Галымбаеваға «Біз дәуірімізді мақтан етеміз», «Қуанышты күн», «Студент қыздар», «Қостанай пирамидалары» атты суреттер тобы үшін 1972 жылы, Т.Досмағанбетовке «Ә.Жангелдин» ескерткіші үшін 1976 жылы, Н.Нұрмұхаммедовке «Еңбек даңқының адамдары» кескіндеме шығармалар сериясы мен өнертанудағы еңбектер циклдары үшін 1978 жылы, У.Әжиевке «Тың игерушілер», «Тың түлектері» акварельдер сериясы үшін, Б.Зауырбекова, Қ.Тыныбеков, Е.Николаева, И.Яремаларға «Қазақстан» үшін 1980 жылы, Е.Сергебаевқа «М.Әуезов мүсіні» үшін 1982 жылы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Мұнымен қатар суретші К.Моллашев «Қазақстан» сериялық суреттері үшін бүкілодақтық сыйлыққа 1981 жылы ие болды.
Көптеген жас суретшілеркезінде Қазақстан жастар сыйлықтарын алды: 1964 жылы П.Усачевке «Мұхтардың жастық шағы» және «Студент қыз» мүсіні үшін, 1965 жылы С.Айтбаевқа «Менің Отаным» атты бір топ бейнелеу жұмыстары үшін, 1972 жылы М.Қисамединовке графикалық жұмыстар сериясы мен кітаптарға жасаған иллюсиряциясы үшін 1978 жылы Ж.Дөненовке мультификациялық фильмдері үшін, 1980 жылы Б.Әбішевке «Т.Бокин» ескерткіші үшін, К.Молдағалиевке «Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Қарағандылық жауынгерлерге» арналған мемориалдық комплекс үшін берілді.
1982 жылы бір топ қолданбалы өнер туындылары үшін Д.Шоқпаровқа, «Туған өлкенің бейбіт тынысы» атта суреттер тобы үшін Ә.Нақысбековке, монументалдық туындылары үшін М.Ізбасқановқа, 1984 жылы «Асыққан жастық шақ», «Жастық-1», «Жастық-2», «Маңғыстаудың күнделікті тіршілігі» секілді жастарға арналған суреттері үшін, Е.Төлепбаев, Б.Тулкеевтер 1986 жылы фольклорды көркемдеген иллюстрациялар үшін М.Әлинге Қазақстан жастарының сыйлығы берілді.
Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихында суретшілер шығармашылығына байланыста мынадай кезеңдерді көруге болады. Бірінші кезең өнерін оқушыларға таныстыру барысында – қазақ топырағындағы алғашқы бейнелерді қамтиды. Бұл қазан төңкерісіне дейінгі Шоқан Уәлиханов пен Мақы Уәлиханов шығармашылығына қатысты. Сонымен қатар бұл кезең өнері туралы сөз қозғағанда Т.Шевченко, В.Залецкий, В.Верешегин шығармашылығы айтылады.
Екінші кезең өнерін оқушыларға таныстырғанда – Қазан төңкерісінен Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар арасы. Бұл кезеңнің өнеріне байланысты Н.Хлудов, Ә.Қастеев, К.Баранов, А.Бортников, Н.Крутильников, М.Лизочуб, А.Черкасский, А.Исмайлов, К.Ходжиков сияқты алғашқы суретшілердің шығармашылық еңбектері қамтылады.
Үшінші кезеңге өнерін оқушыларға таныстыру барысында – 1950 жылдардан басталатын қазіргі халық халық суретшілері А.Ғалымбаева, Г.Исмайлова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Н.Нұрмұхаммедов, С.Романов, Х.Наурызбаев, К.Шаяхметов, Е.Сидоркин, В.Крылов, Н.Гаев, У.Әжиев, Г.Иляев, А.Хайдаров, А.Степановтардың шығармашылығы талданады.
Төртінші кезеңдегі қазақ өнерін оқушыларға таныстыруда – 60 жылдардан басталатын Қазақстан мен Ресейде көркемдік білім алған суретшілер С.Айтбаев, О.Нұржұмаев, Т.Тоғысбаев, А.Сыдыханов, Ж.Шарденов, М.Кисамадинов, А.Молдашев, Д.Шоқпаров, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Төлеков, Т.Абуов, А.Исаев, Ю.Мингазитдинов шығармашылығындағы өмір құбылыстары, ел өмірі сөз болады.
Бесінші кезең – 70 жылдардан бері көркемдік ортада таныла бастаған Қ.Тыныбеков, М.Аманжолов, А.Ақанаев, К.Дүйсенбеков, Г.Жалмұханов, С.Бөлтірікова, Б.Зауырбекова, М.Қалқабаев шығармашылығы туралы әңгіме қозғалады.
Алтыншы кезең туралы әңгіме барысында мұғалім – 80 жылдардан басталатын жас суретшілер А.Нақысбеков, Б.Тулкеев, Е.Төленбаев, Т.Ордабеков, Н.Нұрмұханбетов, В.Халатов, А.Тұрсынов, Б.Талқанбаев, М.Әлімбаев, С.Иляев, З.Қожамқұлов, Н.Шилібаев, А.Оспанов, Б.Байменовтердің шығармашылық жұмыстары туралы талдаулар жасап көрсетеді.
Графика саласында Н.Гаев, Б.Табиев, Е.Говорова, А.Исмайлов, Е.Сидоркин, К.Хожықов, Н.Исабеков, П.Зальцман, А.Хайдаров, А.Дячкин, Б.Чекалин, А.Бортников, И.Андреев, А,Гурьев, Б.Пак, К.Баранов, М.Кисамединов, Ю.Мингазидинов, Т.Ордабеков. А.Оспанов, Б.Байменов, Н.Нұрмаханбетов өнімді шығармашылық еңбек етіп келе жатқандығы айтылады. Бұған М.Қисамединовтың «Махамбет», И.Исабаевтың «Мұхтар Әуезов», Е.Сидоркиннің «Абай», Ә.Қастеевтің «Турксиб», Б.Пактің «Бақыт», Е.Сидоркиннің «Абай жолы», «Қазақ эпосы», П.Зальцманның «О.Сулейменов өлеңдерін оқығанда», С.Романовтың «Даладағы жәрмеңке», К.Барановтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», А.Гурьевтің «Еске алу: Қазақ жауынгерлерінің әні», Ш.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Рахмановтың «Бұғаудан босану», А.Нақысбековтың «Менің жастығымның теректері», Т.Ордабековтың «Бұхар жырау» шығармалары мысал бола алады.
Қазақ бейнелеу өнерінің кескіндеме саласында халық суретшілері Ә.Қастеевтің, Қ.Телжановтың, А.Ғалымбаевтың, Г.Исмайлованың, М.Кенбаевтың, С.Мамбеевтің, Н.Нұрмұхаммедовтың, С.Романовтың есімі оқушыларға таныстырылады. Ә.Қастеевтің «Түркісиб», Қ.Телжановтың «Жамал», «Көкпар», А.Ғалымбаевтың «Дастархан», Г.Исмайлованың «Қымыз», М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу», «Шопан әні», «Сары арқа», С.Мәмбеевтің «Жайлауда», Н.Нұрмұхаммедовтың «Папам келе жатыр», С.Романовтың «Жер туралы декрет», С.Айтбаевтың «Бақыт», Т.Тоғысбаевтың «Дала туралы балада», Ә.Жусиповтың «Менің Отанымның әйелдеру», А.Степановтың «Жер планетасынан келген адам», А.Молдашевтің «Жер, космос, Қазақстан», О.Нұржұмаевтың «Әке қабыры басында», Е.Толепбаевтың «Көкпар», Б.Тулкевтің «Әке портреті», «41 жыл», А.Нақысбековтың «Р.Қошқарбаевтың портреті» мазмұнымен де көркемдік деңгейінен де жоғары, көпке танымал шығармалар екендігі көрсетіңлді.
Қазақ бейнелеу өнерінің мүсін саласында даңқты мүсіншілер Х.Наурызбаев, Т.Досмағанбетов, Е.Мергенов, Б.Толеков, Е.Сергебаев, Р.Ахметов есімдері құрметпен аталады. Мүсінші Х.Наурызбаевтың жасаған Абай ескерткіші, Т.Досмағанбетовтың Ә.Жангелдин ескерткіші, З.Сергебаевтің құйған М.Әуезов ескерткіші, Б.Толеновтың, Ж. Қуанышбаев портреті, Е.Мергеновтың «Әке портреті», Р.Ахметовтың «Ашаршылық» шығармаларын өнер сүйер қауымға кеңінен танымалы, шығрмалары екендігі әңгіме сабақтың арқауы болаы.
Бейнелеу өнері сабақтарында сәндік қолдандалы өнер саласында суретшілер Г.Иляев, Қ.Тыныбеков, М.Қалқабаев, Д.Шоқпаров, Б.Зауырбекова, С.Бөлтірікова, С.Иляев, Г.Жалмұханов, М.Әлімбаев, С.Төленбаев, Ж.Барымбетов шығармашылығысы Қазақстан өнері тарихынан құрметті орын алатындығы айтылады.
Қазақ бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдегі жаңа бағыт абстракция бағыты. Бұл бағыттағы суретшілер шығармаларының мазмұнының кеңдігі, бір ғана туынды шеңберінде терең мағыналы ойды білдіретін, ауқымды тақырыптарға құрылған сюжетті картиналар мен графикалық туындылар беруде. Бұлардың қатарында кескіндеме шеберлері А.Ниязбеков, М.Қасымбеков, А.Губашев А.Мыңлыбаева, Р.Абдулов, Р.Аспандиярова, С.Сулейменова, А.Есдаулетовтар бар. Бұлардың ішінде М.Қасымбековтың «Көкпар», А.Губашевтың «Арал қасіреті», Р.Абдуловтың кескіндеме туындыларын ерекше атауға болады.
Қазақ бейнелеу өнерінде ұлттық салт, дәстүрді, тұрмыс тірлігін жан-жақты бейнелеген шығармалар көптеп саналады. Бұл бағытта Ш.Уалиханов, Ә.Қастеев, Е.Сидоркин, М.Қисамединов, Қ.Телжанов, Е.Төлепбаев, Е.Кенжебаев, В.Флорова, А.Галымбаев, Қ.Тыныбеков, М.Кенбаев сияқты суретшілер шығармашылық еңбектер жазғандығы туралы сабақта мәліметтер беру орынды.
Бейнелеу өнерінде ұлттың салт-дәстүрді, ұлттық ойындарын бейнелейтін Р.Ахметовтың «Қалындық», «Қонақ жайлық», «Жастық шақ», Ә.Қастеевтің «Сатылған қалындық», Е.Сидоркиннің «Жамбыл мен Досмамбет айтысы», В.Фролованың «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы», А.Черкасскийдің «Жамбыл мен Дина», Ш.Уалихановтың «Боранбай», «Тезек төре» шығармалары бар. Сонымен қатар Е.Сидоркиннің «Ақсақалдар, К.Телжановтың «Әжесі мен немересі», С.Кенжебаевтың «Жолдағы әңгіме», С.Романовтың «Ас беру», О.Нұржұмаевтың «Әке қабірі басында», М.Кенбаевтың «Сары арқа», Қ.Тыныбековтың «Дала балладасы», «Тау мен дала аңызы», «Байқоңыр», М.Кисамединовтың «Махамбет» шығармаларында үлкенді қадірлеу, халық дәстүрлері, қазақ даласының тарихы, ерлік үлгілері шығармалардың арқауы болған.
Ұлттық ойындар, аңшылық дәстүр, батырлық үлгісі, ат үйрету өнері, суретшілер В. Верешагиннің «Аңшы қырғыз», Қ. Телжановтың «Көкпар», А. Гурьевтің «Батырдың жебесі», М. Кенбаевтің «Асауды ұстау», С. Романовтың «Құсбегі», Е. Сидоркиннің «Қазақтың ұлттық ойындары», «Қазақ эпосы» туындыларында көрініс тапқан.
Қазақтың ұлттық дәстүрін бейнелеуге ерекше ден қойған суретші – Айша Галымбаева. А. Галымбаеваның «Үш ғасыр», «Дастархан», «Бір кесе қымыз» атты натюрморттары, «Дала қызы» картинасы және «Ұлттық киімдердің» эскиздері қазақ бейнелеу өнерінен ерекше орын алады.
Қазақ бейнелеу өнері басқа ұлттардың өнері сияқты өзіндік ерекшелігі бар. Өнердің бір түрі Қазақ бейнелеу өнері өзінің озық туындылары арқылы бүкіл әлемдік өнердің қатарынан орын алады, оның дәлелі суретшілер Әбілхан Қастеев, Қанапия Телжанов, Сабыр Мәмбетов, Нағымбек Нурмаханбетов,Хәкімжан Наурызбаев сияқты суретшілердің еңбектерінен көруге болады. Қазақстан бейнелеу өнері өзіндік тарихы қазақ елінің даму тарихымен тығыз байланысты.
Қазақ елінде қоғамдық құрылыстар дамуы Қазақстан бейнелеу өнеріне ықпал етеді. Қазақ бейнелеу өнерінің дамуы қазақ өмірінің салт-дәстүрі мен тұрмысы, әдет ғұрпы мен шаруашылықғына байланысты. Қазақстан бейнелеу өнері тарихынан ертедегі жартастағы бейнелер ерекше орын алады. Қазақ халқы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысқан. Халық шеберлері сәндік өнерге қажетті жүн, тері, шикізаттарды мал өнімдерінен алып отырған. Сондықтан қазақ халқының өнері оған қажетті материалдар, халықтың тұрмысы мен шаруалығына тығыз байланысты. Ертедегі қазақ халқының өмірін қазақ жерінде болған орыс және басқа шетел суретшілердің картиналарынан көруге болады. Қазақ халқының өнері ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген сақ, үйсін, ғұн тайпаларының өнерімен тығыз байланысты. Олар мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі өмір сүрген.
«Ат адамның қанаты» демекші көшпелілер өмірінде ат қасиеті ерекше бағаланады. Тұлпардың тұяғы жартасқа бейнеленген сурет қазірге дейін Маңғыстау мен Қаратауда кездеседі. Бұл суретте қазақтар «Тұлпар тас» деп атаған. Қазақта жылқы малына байланысты көптеген мақал-мәтелдері бар. Мысалы: Жақсы ат, ердің қанаты, қасқыр малдың жауы болса, жүйрік оны қорғаушысы болып көрінеді. Осыған байланысты ат спорт ойынын «Көкбөрі» деп атаған. Кейін ол «Көкпар» болып аталған. Осы сияқты қазақта, қыз бөрі, қыз қуу сияқты әртүрлі ойындар болған. Ежелгі түрік қағанатының туында – ат бейнеленген. Мұндай суреттер қазірге дейін жартастарда сақталған. Түрік тектес халықтар ертеде бұғы, аққу, өгіз тектес жануарларды, құстарды қасиет тұтқан. Өгіз күш пен бейнеттің символдық белгісі ретінде қабылданған. Бұғы бағыт пен жол көрсетеді деген ниетте болған. Сондықтан ертедегі шеберлер жасаған бұйымдарда бұғы бейнесі жиі кездеседі. Бұғы мен қошқар мүйіз ою — өрнектегі негізгі халық өнеріндегі мотивтің бірі болып табылады. Қазақстан териториясынан сақ дәуірде табылған ескерткіштер аң стиліне жатады. Сақ дәуірі алғашқы кезеңінде аңдар образы реалдық шындыққа жақын берілсе соңғы кездерде стильдеу, ықшамдау басым болды. Аңдар бейнесі біртіндеп ою — өрнек мотивіне айналды.
Тау ешкісі арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында бейнелеу сақ өнерінің архаикалық кезеңіне тән құблыс. Бұлар Қарқаралы ауданының Мырза Шоқы қорғанының, Қайранкөл көлінің маңынан табылған минатюралық разеткеден көруге болады. Аңдорновтың стилінің жарқын ескерткіштерінің бірі Алматы түбіндегі Ыссық қорғанынан табылған алтын киімді адам. Бұл адамның бас киімінен бастап барлық киімі түгелдей алтыннан жасалған. Бас киімі, жаға кеуде, белбеу киімдерінің бөлшектерінде құс қанаты жолбарыс, қанатты тұлпар бейнесі бейнеленген. Бұл Ыссық ескерткіші б.э.д. IX- ғасырға жатады. Ыссықтан табылған өнердің ерекше бір түрі төртбұрышты жиегі 34 см биіктігі 36 см төрт аяқты оюлармен көмкерілген стол. Мұндай заттар қазақ жерінен көптеп табылған. Жолбарыстар мен түйелердің ұрыс көріністері бейнеленген қапсырмалар, Атырау, Орталық Қазақстан, Ақтөбе облыстарының жерлерінде көп кездескен. Аңдар бейнесі салынған кілемді, қазақ кілемдері ішінде болғаны жайлы зерттеуші С.М. Дубин өз еңбектерінде атап көрсетеді. Аң стилінде, негізгі образдар қой, жылқы, қасқыр, бүркіт көріністері, көп фигуралы композиция түрінде немесе осы жануарлар мен аңдардың бас көрінісі түрінде беріледі.
Аң стилі кезеңінің соңында бұл көріністері ою-өрнектері түріне ауыстырылады. Осыған байланысты ат құлақ, бөрі бас, қошқар мүйіз ою-өрнектері пайда болды. Ертедегі өзіндік ерекшелігі бар қазақ өнерінің бір түрі, тастан ойып жасалған қойдың бейнесі. Бұлар Маңғыстау, Орталық Қазақстан және Тарбағатай тауларында кездеседі. Қойдың бейнесі ертеде байлықтың, сәтті істің символы ретінде қабылданған.
Түрік қағанаты кезінде тастан өрнекті қашау, ою-өнері дамудың жоғарғы дәрежесіне көтерілген. Мұндай тас ою-өнері екі түрге бөлінеді. Бірінші – тас бетіне сызық түрінде ою арқылы бейнелер салынса, екіншісі – көлемді мүсін түрінде кездеседі. Мысалы Орталық Қазақстанда егіз қайтөс маңындағы құдарғы жерінен табылған тас бетіне балалы әйел және үш адам бейнеленген. Бұл суреттің сюжеті ата қабіріне тағзым ету деген мағынаны білдіреді. Осы кезеңдегі бейнелі ескерткіштердің бір түрі ердің алдыңғы жақтарға салынған сурет, бұл суретте аң аулау көрінісі мен жануарлар бейнеленген.
Түрік қағанаты ұрпақтарының мәдени дәстүрін қыпшақ қаңлы тайпаларының ұрпақтары жалғастырды (VII – XV ғ), бұлардың мәдениеті әсіресе X – XII ғ. жоғары дәрежеге көтерілді. Қыпшақ пен қарлықтардың осы кезде ерекше көлемді ескерткіші табылады. Бұлар тастан жасалған адам мүсіндері. Бұл мүсіндер қыпшақтардың сол кездегі мекені болған Орталық Қазақстанда және қарлықтар өмір сүрген Жетісу өңірінде сақталған. Аталған мүсіндер осы дәуірдің (VIII – XIV ғ) алғашқы кезеңінде жазықтық түрінде болып келсе соңғы кезеңінде мүсінге жақындай түседі. Бұл мүсіннен әскери адамдар, малшылар, ел басшылар, әйелдер бейнелерін көруге болады. Мүсіндер бойында киімдердің бөлшектері, қару жарақтар, бас киім, белдік, әйелдердің безендіру (сырға, білезік т.б.) сондай-ақ музыка аспаптары айқын сомдалған.
Кейбір тас мүсіндерде ою-өрнектер салынып құстар мен адамдардың бейнесі бір қырынан бейнеленген. Тас мүсіндерден басқа Ұлытау тауларында сары немесе қызғыш түсті қолдан жасалған саукеле ұқсас бас киімі бар статуеткалар табылған. Бұл статуеткалар Жезқазған қаласының тарихи өлке тану музейінде сақталған. Қорыта айтқанда Қазақстанның жерінде дамыған Қыпшақ, Қарлық, Огуз тайпаларының өнері, қазақ халқының көркем мәдениетінің бастауы болып табылатындығы туралы мәліметтер бейнелеу өнері сабақтарында берілетін білім мазмұнының бір саласы болып табылады.
Қазақ бейнелеу өнерінде Шоқан Уәлихановтың шығармашылығы ерекше орын алады. Ш.Уалиханов қазақ халқының тұңғыш ғылымы ағартушысы болумен қатар сурет өнерімен де айналысқан. Бейнелеу өнерінен білімді Шоқан кадет корпусында оқыған кезде сурет пәнінің мұғалімі И. Пономоревтан алған. Ш. Уәлихановтың бейнелеу шығармашылығы өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарымен шығыс еліне жасаған саяхаттарымен тығыз байланысты. Ол өзінің саяхат жасаған жерлерде адамдарды, жан-жануарларды реалистік тұрғыдан бейнелеген. Шоқан еңбектері бейнелеу, пейзаж, портрет және аналистік жануарларды қамтиды. Шоқанның суреттерін негізінен мынадай кезеңдерге бөлуге болады: 1. Шоқанның жас кезінде Құсмұрында салған суреттері; 2. Кадет корпусында салған суреттері; 3. Жоңғар Алатауына саяхат кезіндегі суреттері; 4. Қытайға барған сапарындағы суреттері.
Шоқанның бейнелеу өнеріне аса көңіл бөлген тақырыптары пейзаж бен портрет. Олар «Боранбай», «Қашқар қызы», «Тезек төре», «Қытай делегациясын қабылдау», «Автопортрет» шығармалары. Шоқанның салған суреттерінің пейзаж жанрына кіретіндерә «Ақ шамшы», «Жатақ», «Құранды», «Таспа тауының көрінісі», «Құс мұрын», «Сырымбет», «Жоңғар алатауы» деген шығармалары. Шоқан бұлардан басқа «Еліктің лағы», «Жайрандар» деген аналистік шығармалар жазып, «Омбыдағы генерал губернатордың үйі», «Айғаным усадьбасы», «Торанғыл түбіндегі үй» суреттерін салып, сонымен қатар архитектуралық құрылыстар бейнелерін жасаған. Шоқан Уәлиханов сурет салумен қатар өзінің саяхат жасаған жерлердің географиялық картасын түсірумен айналысқан. Шоқанның 19 ғасырдың 2-ші жартысында салған суреті сол кездегі Россияда шығатын «Воскресный досуг» және «Нива» журналында жарық көрген.
Қазақ бейнелеу өнерінен суретші В.Верешегин мен Т.Шевченко шығармалары ерекше орын алады. XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың белгілі суретшісі Верешагин Орта Азия мен Қазақстан жеріне саяхат жасай халық пен ел тұрмысын мәдени-дәстүрін зерттеумен айналысқан. Ол өзінің шығармаларында кейіпкердің көркем образын шығарумен қатар, халықтың антропологиялық ерекшелігіне аса назар салып отырған. В.Верешагиннің қазақ жерінде болған сапарында Шу өзенінің жағасындағы «Қазақтың киіз үйі», «Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда», «Аңшы қазақ», «Райым молда мен Кәрім молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында», «Соғыстың қасіретті ізі», сияқты картиналарын жазған. Суретші «Аңшы қазақ», «Райым молда мен Кәрім молда қонақта», «Мешіт есігінің алдында» картинасында адамдардың ұлттық киімі үлгісімен оның ою-өрнектерін, қоршаған ортаның ұлттық сипатын айқын бейнелеуге көңіл бөлген. Суретші В.Верешагин Шу өзені жағасындағы қазақтың «Киіз үйі», «Лепсі даласын қоршаған тау», «Алатауда» деп аталатын картиналарында қазақтың тұрмысын, жерінің табиғи сұлулығын, өзіндік көркемдік бейнеленген бұл картиналары қазіргі кезде Москвадағы Третьяков галериясында, Санк-Петербургтегі Эрмитажда, Ташкент, Алматы және Бішкек қалаларындағы өнер музейінде сақтаулы.
XIX ғасырдың екінші жартысында (1847-1857 ж) қазақ жерінде болған суретшілердің бірі Украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченко. Суретші Т. Г. Шевченко қазақ жерінде он жыл айдауда болды. Суретшіні патша үкіметі Украин жерін қазақ жеріне жер аударған болатын. Бұл кезде қазақтардың тұрмысын, салт-дәстүрін, балалардың өмірін, табиғат көріністерін бейнелейтін суреттерін Маңғыстау мен Арал өңірінде болған жылдарында салды. Суретшінің «Автопортрет», «Жетім балалар», «Қазақтар киіз үйде» деп аталатын картиналары қазақ даласының сол кездегі өмірінен хабар беретін шығармалар.
Тағы рефераттар
- Ата –ананың бала алдындағы міндеттері
- Ашық және басылыңқы инфляция
- Энергияны таза экологиялық әдіспен алу. Жел энергетикасы. Күн энергиясын алу. Су энергетикасы курстық жұмыс
- Қылмысты саралаудың түсінігі және қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы дипломдық жұмыс
- Гидросфера-биосфера элементі және табиғи қор ретінде туралы қазақша слайд, презентация тегін