Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны туралы қазақша реферат
Қазақстан экономикасындағы бизнесті ұйымдастырудың жаңа үлгісі ретінде ретінде енген жаңалық франчайзинг болды. Бұл үлгіні алғашында «АлматыҚұс» компаниясы, «Сеймар» компаниясы қолданды. Қазіргі таңда,
«АлматыҚұс», «Сеймар» компаниялары франчайзинг шарасын үйлестіру нәтижесіндегі шағын кәсіпкерлердің таза табысы жылына 30 мың долларды құрайды.
Франчайзинг жүз жылдам астам уақыттан бері дамыған елдерде қолданылып келеді және өзін бизнесті жүргізудің тиімді жүйе-тәсілі ретінде таныта білді.
Қазақстан Республикасындағы франчайзингті іс жүзіне жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы ( франчайзинг) туралы» заң реттейді. Осы заңмен қоса, Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызғушылық, мүдделілік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық Франчайзинг Ассоциациясы құрылды. Ассоциацияның негізгі міндеті – франчайзингке байланысты шұғыл ақпаратпен, сонымен қатар, франшизаны іздеу саласында кеңестік және әдістемелік көмек көрсету, ассоциациясы мүшелерінің мүдделерін сан түрлі халықаралық және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда таныту және құқығын қорғауды қамтамасыз ету.
Қазақстандық Франчайзинг Ассоциацияның рөлі – Қазақстанда франчайзингтің дамуын қамтамасыз ету. Ассоциацияның мүшелері – франчайзинг жүйесімен қызмет атқаратын кәсіпорындар мен компаниялар.
Франчайзинг Ассоциациясының партнерлары:
— АТФ Банк – «Франчайзингтік операциялардың қаржыландырылуын қамтамасыз ету бағдарламасы»
— PRAGMA – «Орта Азиядағы сауда және инвестицияның дамуы туралы жоба»
— «MICHAEL WILSON & PARTNERS LTD.» — заңдық қызмет көрсетулер, бизнес консалтинг.
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары франчайзинг Қазақстанда да жоғары қарқынмен дамуда. 2004жылға дейін Қазақстанда негізінен 25 франчайзингтік концепциялар пайда болса, қазіргі кезде олардың саны 50-ге жетті. Сонымен қатар, Қазақстан мемлекеті ТМД мемлекеттері ішінде бірінші болып, 2002 жылы «Комплекстік кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» заңын қабылдаған болатын. Шетелдік мамандардың пікірінше, Қазақстандағы заң жүйесі франчайзингтің жоғары дәрежеде дамуына ықпал жасайтынынасенімді. Қазақстан мемлекетінің үкіметі франчайзингтік жүйенің дамуын қолдайды, себебі,бұл жүйе негізінен шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының бір формасы болғандықтан, ал шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту Қазақстан үкіметінің соңғы жылдардағы бірден-бір стратегиясы.
Қазіргі кезде өзінде Қазақстандағы франчайзингті пайдалану сферасы алуан түрлі. Мысалы, ққоғамдық тамақтандырусферасында — «Rostics», қызмет көрсету «1:С Франчайзинг», оқыту – «Ef English First»,өндіріс сферасында — «Tiffani marble» және тағы басқа . Бұл кәсіпкерліктердің барлығы шетелдік сауда маркалары арқылы жұмыс атқарады, сонымен қатар, біздің өзіміздің Ұлттық өндірушілеріміз франчайзингтік жүйе арқылы өздерінің кәсіпкерліктерін ұлғайтуға сенімді және де осы бағытта жұмыс істеуде, олардың ішінде «UMEX» жылжымайтын мүлік агенттігі, «HOLDING SPACE» жиһаз өндіру және «Сеймар» азық-түлік кәсіпкерліктері. Сонымен қатар, Қазақстанда соңғы уақытта франчайзингті қолдайтын әр түрлі мекемелер бар, олардың арасында заң фирмалары «Майл Уотсан» фирмасы, консалтингтік агенттіктер «Бизнес консалт агенттігі», банк мекемелері «АТФ Банк» және тағы басқа. Мысалға, Қазақстанның франчайзинг ассоциациясы «АТФ Банктің» қолдауымен, франчайзинг жүйесі арқылы кәсіпкерлік пен айналысамын деген адамдарға, кәсіпорын иелеріне кредиттік жеңілдіктер жасайды, сондай-ақ банктің Қазқстандағы франчайзингтің дамуына ықпал жасайтын әр түрлі жеңілдіктерберетін программалар жасауда.
2005 жылы Алматыда өткен «Товаары и услуги для бизнеса — 2005» көрмесінде адамдардың франчайзингке деген көзқарасының өзгергендігін көрсетті.
Осындай маңызды шаралар франчайзингтік жүйемен дамитын кәсіпкерлердің санын көбейтетініне сенімдімін. Себебі, әрбір адам немесе кәсіпорын иесі, жаңа кәсіпкерлік ашқысы келсе, кәсіпкерлігін ұлғайтқысы келсе, мұндай жағдайда франчайзинлтік жүйені пайдалану өте тиімді. Сондықтан, соңғы жылдардағы мәліметтерге жүгінсем, франчайзингтің Қазақстандағы даму болашағы зор болып көрінеді.
Тағы рефераттар
- Front Page бағдарламалық жабдығы және олармен жұмыс
- Шеберлік
- Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарты
- Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
- Шоқан Уәлихановтың Абылай хан туралы айтқан сөзі