Қазақстан экономикасының дамуындағы шетел инвестицияларының ролі туралы қазақша реферат
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Инвестицияның көмегімен инфрақұрылымды жетілдіре беру керек. Оның жетілдірілуі экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі таңда алда тұрған қиын жағдайды шешудің бірден-бір жолы, бұл отандық өндірісті дамыту. Егер де ауыр өнеркәсіпті дамытуға әзірше шама-шарқымыз жетпейтін болса, шағын және орта өнеркәсіпті дамытуды жолға қою кезектегі міндетіміз.
2005 жылдың 27-сәуірінде, Республика президентінің шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданушылармен кездесуінде осы мәселе ерекше әңгіме болды. Бұл бағытты дамыту аса мол инвестицияны қажет етпейді. Отандық инвестицияларын босқа жіберіп жатқан жоқ. Біз жыл сайын 1,5 млр АҚШ доллары көлемінде шетел инвестицияларын пайдаланамыз. Ал, оларды өсіммен қайтару бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп, Сондықтан да отандық инвестицияға қатты көңіл бөлу керек. Қор рыногын жандандырған жөн. Инвестиция иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар азаяр еді. Қазір жұмыссыздардың саны артып отыр.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығына да инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі кезде бұған балл құрылымдары да, шетілдік инвесторлар да барып отырған жоқ.
Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері болуы тиіс. Инвесторлар салықтың барлық түрінен босатылғандары жөн.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық тауарлары арасындағы ара қатынаста жөнге келтіру керек. Ауыл шаруашылығына инвестиция бөлгенде, неше беруге келгенде Үкімет те белгілі мөлшерде тәуекелге баруы керек. Ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындарын ашып, олардың күн көруіне керекті табыс көзін жасап, оларға жалақы төлемесе, күнелту үшін малдан басқа ештеңе қалмағандықтан, мал басы әрі қарай шұғыл азаятын болады. Бұл жағдай халқымыздың бұрынғыдан да арзан жүдеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде аграрлық рынок қорғаусыз қалды, ол әлемдік экономика кеңістігіне тиісті қорғау шараларынсыз енуде. Ал елімізге азық-түлік өнімдерін тасымалдау өсіп келуде. Ет өнімдерін әкелу 1,4 % -дан 10% -ға, қант 37,7 % -дан 60 % -ға дейін, өсімдік майы 25 % -дан 60 %-ға дейін т.б. өсті. Республикада тамақ өнімдері жетіспейтінін пайдаланып, батыс елдері Қазақстанға сақталу мерзімі бітуге таяған арзан азық-түліктерін әкелуде. Өз елімізде жеткілікті көлемде өндірілетін өнімдерді (астық, мақта, жүн, қаракөл, ет. т.б.) сырттаен әкелуге алымдарды жоғары белгілеп, ал өзіміздікін сыртқа еркін шығаруға рұқсат беру керек. Өзімізде жетіспей отырған өнімдерді сыртқа шығаруға тосқауыл қойған жөн. Ең бастысы, өз елімізде өндіруге мүмкіндігі бар тауарларды, әсіресе тамақ, жеңіл өнеркәсіп өнемдерін шеттеп тасымалдауымыз орынсыз. Осының салдарынан, бір жағынан экономика ақсап отырса, екінші жағынан елімізде еңбек жасындағы көптеген тұрғындары жұмыссыз жүр.
Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыруға түрлі қиындықтар кездесуде. Ел экономикасын дамытуда ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ ,ол жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Осыған байланысты, шетел қаржыларын тарту басты мақсатымызға айналып отыр. Осы тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды: Алдағы уақытта шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты мәселеге айнала бастады. Бұл орынды да. Себебі, шетелдік инвестициялар бізге тегін келіп жатқан жоқ. Оны пайдаланғанымыз үшін шетелдіктерге көптеген қосымша қаржы төлеуге мәжбүрміз. Оның мөлшері онша аз да емес және жыл сайын артып келуде. Егер шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. АҚШ доллары көлемінде болатын болса, соңғы жылдары ол 5,8 млрд. АҚШ долларына жетіп отыр. Біз жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе беретін болады. Ал, оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарыын жандандыруы керек.
Осы тұрғыдан қарағанда, шетел капитлын өзімізге тарта берудің жағымсыз жақтары баршылық Шетел инвестициясын өз экономикамызды дамытуға тартқанның өзінде олардың қай пиғылмен келгенін, не істеуді жоспарлағанын, қандай технологияны өндіріске енгізілетінін алдын ала білуіміз керек. Инвестиция алған өндіріс орнына қандац пайда түсетіні күні бұрын көрініп тұрғаны жөн. Шетел инвестициясын өндіріске тарта отырып, оларды шаруашылықтың қай саласына пайдалану тиімді – осыған көбірек мән беру керек. Кейін осы капиталды падаланғанымыз үшін өсім төлейтін болғандықтан өзіміз шешуіміз керек.
Шетел инвестициясын ғылым мен білімді, ғылым жетістіктерін көбірек керек ететін шаруашылық салаларын дамытуға, жаңа технологияны енгізуге жұмсаған тиімді тәжірибеден Байқалып жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік циклды дамытуға немесе шетел тауарлары көп тасымалдауынан бәсекелестік кең өріс алған салаларға жұмсау самарқаулау. Сондықтан да мемлекет отандық тауар өндірушілерді шетелдік тауар өндірушілерден қорғауы керек. Бөл жөнінде арнайы бағдарлама болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты шетке кетіп жатыр, ал отандық кәсіпорындар шикізатсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп отыру керек.
Экономикалық дамуды ынталандырудың бағдарламасына инвестициялық және өнеркәсіптік саясаттарын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн.
Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасау, халықты жұмысқа орналастырумен, олардың хал-ахуалының жақсартумен тығыз байланысты. Жұрт жаппай еңбекпен айналысқан жағдайда жұмыссыздықтан (әзірше шағын қалаларда) қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Инвестицияның біраз бөлігі жаңа технологияны сатып алуға және өндіріске енгізуге жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі түрлі қиындықты айта кету керек: біріншіден, Шетел технологиясын жаппай сатып алу өз елімізде техникалық прогрестің төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Жаман да болса, шетел технологиясын алу керек деген пікір қалыптасады. Сөзіміз жалаң болмас үшін, мына дәлелді келтірейік. Сонау 1965 жылы Каз ПТИ қызметкерлері бұрғылау жұмысында пайдаланатын жасанды алмас коропкасы бар бұрғы дайындаған болатын. Бұл жаңалыққа инвестициядан патент алынған. Оның көмегімен бұрғылау жұмысының құнын 20 пайызға арзандатуға болады.
Бірақ ол қолдау таппады. Оның себебі, біздің елімізде шетел технолоигясына бас ұру басым да, отандық технологияға, отандық опертапқыштарға мән беру кем. Қазіргі уақытта Қазақстанға шетел тауарымен, технологиясымен бәсекелесуге жарамды отандық тауар мен технологияға көңіл бөлетін уақыт жетті.
Ал, екіншіден, отандық машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің өнімсіз технологияны көбірек пайдалана берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз. Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге тіпті мүмкіндігі жоқ немесе тиімсіз технологияны сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан алғанда еліміздің технологиялық қаіпсіздігін ескерген жөн.
Қорыта айтқанда, инвестициялық қорларды тиімді пайдалану үшін төмендегі талаптарды сақтаған орынды:
— экспорттық шамамызды көтеріп, шетелден тасымалданатын тауарды елімізде өндіру;
— елімізден валютаны заңсыз жолмен сыртқа шығаруға жол бермей валюталық бақылау жүйесін жетілдіру.
— Шетел капиталын елімізге тартуға мемлекеттік кепілдеме берулі шектеу.
— Экономикалық өсу тұрақты болуы үшін оны отандық инвестициясымен жарақтандырып, халықтық төлеу (салық, сатып алу) қабілетін жоғарылату.
Осыған байланысты еліміз алдында екі басты міндет тұр: инвестициялық белсенділікті көтеру, ішкі рыноктың тұрақты дамуын қамтамасыз етуі , оның басты бағыттары:
— инвестицияны өндірістік салаларға молырақ бөлу;
— ауыл шаруашылығында жерді тиімді пайдалана білу. Оны жекеменшікке біржолата сатып жібермей, жалға беру, түсетін жал ақысы-жалға алушыларға оны тиімді пайдалануға көмек көрсету;
— Шетелдіктерге жерді пайдалануға шек қою баға қоюдағы арақатынасты реттеп, олардың арасындағы алшақтықты азайту;
— Отандық тауарлар есібінен ішкі рыноктың дамуына жағдай жасау.
Қорыта келгенде айтарымыз, шетелдік және отандық инвестицияларды қайда жұмсауды, қалай пайдалануды тиісті басшылар мен мамандар болып мықтап ойланып, айқын бағыт алған жағдайда, одан еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы үлкен пайда көрері анық.
Тағы рефераттар
- Преимущества зарубежного образования
- Балдырлардың экологиялық белгілері
- Рынокты экономика жағдайында агробизнестің даму ерекшеліктері
- Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштерін бағалау тәртібі
- Халықаралық валюталық қатынастар курстық жұмыс