Бүгінгі дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бір неше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.
Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арыс ка жүзге белінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортак тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының экономикасының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, үлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі танда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін біддіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің үлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі. Ұлттың экономикасының тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам — өзімді-өзім тану деген соз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.
Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің үясын тапқан қүс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай үлттың окілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық әкелмейді.
Сонымен, үлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің ор-нынды, ортанды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде гана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.
Егер ұлттық сезім болмаса онда үлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа үлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты.
Ал ондай сезімді тудыратын нәрселер – өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану.
Тағы рефераттар
- Қорқыту
- Аса (мәжбүрлі) қажеттілік
- Жер бетін цифрлық картографиялау процесінің ақпарат-тық базасы
- Корпоративтік табыс салығы
- Ойшылдар мен реформаторлар көзқарастары мен ұсынған реформалары