Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы туралы қазақша реферат

Кез-келген банктiң ұйымдастырылу құрлымы таңдап алынған стратегияның мақсаттарына жетудегi шартардың маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Банктiң тұтас қызметi, оның қалай ұйымдастырылғанына, ондағы басқару субъектi мен объекттiң арасындағы қатынастардың қалай орнатылғандығына тәуелдi болып келедi. Сондықтан, банк қызметiн анықтаушы сыртқы және iшкi факторларға , статегиялық мақсаттарға сай келетiн ұйымдастырылу құрлымын таңдау , қазiргi кездегi банктердiң өзектi мәсәлелерiнiң бiрiне айналып отыр.

Банктер әртүрлi нарықтық жағдайларда қызмет етедi, көптеген қызмет түрлерiн көрсетуге маманданып, алдына стратегиялық  мақсаттар қояды. Ендеше, олардың ұйымдастырылу құрлымдары да әр түрлi болып келедi. ұйымдастырыу құрлымдарының әр бiр түрiнiң өзiне тән ерекшелiктерi мен кемшiлiктерi бар. Осы орайда, бұл мiндеттi түрде ұйымдастырылу әдiсiн таңдауда ескерiлуi тиiс.

Нарық жағдайында қызмет ететiн банктердiң жақсы ұйымдастырылуына, барлық бөлiмшелердегi қызметшiлердiң жұмыстарын тиiмдi ұйымдастыруға, басқару қызметiн жүзеге асыруға, клиенттердiң қажеттiлiктерiн масималды қанағатттандыруға мүмкiндiк беретiн , ұйымдастыру әдiстерiне тоқталып көрелiк. Банк қызметiн ұйымдастырудың негiзгi үш тобын сурет 2  көруге болады.

Жоғарыда көрсетiлген ұйымдастырылу құрлымының топтары, оларды жiктеудiң негiдерi бола алады. Негiзгi жiктеу белгiлерiне орай, ұйымдастырылу құрлымының түрлерiнiң көп екендiнiгiн көруге болады. Оларды кесте түрiнде сурет 3 келтiруге болады.

Нарықтық жағдайлардың барлығына сәйкес келетiн және қолдануға болатын ұйымдастырлу құрлымының жоқ екендiгiн ескерген жөн.

          Банктердiң ұйымдастырылу құрлымдарына  көзқарастардың негiзгi сипаты- банктiң ұйымдастырылу құрлымы қозғалысты элемент болғандықтан,  әрқашанда ұйым мақсаттарна сәйкестендiрiлiп отыруы тиiс.

Бюкратиялық қағида негiзiндегi ұйымдастырылу құрлымы. ХХ ғасырдың басында немiс социологi М. Вебер бюрократия түсiнiгiн ұйымды  құрудың идеалды моделi деп түсiндiрген болатын. Бұл теорияға сәйкес, ұйымның бюрократиялық негiзде құрылуы, басқарудың барлық бөлiмдерiнiң жақсы қалыптастырылған жұмысын, еңбектiң нақты бөлiнуiн, әрбiбр жұмысшы қызметiн қатаң түрде шектеудi және өз маандығына сай кәсiби қызметшiлердi таңдау дегендi бiлдiредi. Мұндай талаптар ұйымдастырылу құрлымына дағдылы болып, көптеген ұйымдардың қызмет негiзiге ендi. Қазiргi күннiң өзiнде бюрократиялық негiзде құрылған ұйымдарды

кездестiруге болады.

Ұйымды бюрократиялық модель негiзiнде құруда төмендегiдей түрлерiн қолдануға болады:

  • Функционалдық ұйымдастырылу құрлымы;
  • Дивизионалдық негiзде ұйымдастырылу құрлымы;
  • Халықаралық нарықтарда қазмет етушi ұйымдардың құрлымы.

Бюрократиялық негiздегi ұйымдастырылу құрлымдарының дамуна жеке тоқталып өтелiк.

 Функционалдық ұйымдастырылу құрлымы. Мұндай белгi негiзiндегi ұйымдастырылған банктер саны аз. Аталған құрлым банктiң қызметiн жекелеген бөлiктерге бөлiп, олардың әр қайсысы мақсатқа жету үшiн қызмет етедi дегендi бiлдiредi. Банктiң қызметiнiң жекелеген бөлiктерi ретiнде банктiк операцияларды басқару, маркетингтiк қызмет, бухгалтерлiк есеп және есеп беру, шаруашылық басқармасы қызметтерi түсiндiрiледi. Әрбiр бөлiмнiң қызметтерiнiң мiндет көлемiне қарай қосымша бөлiмшелер ашылуы мүмкiн. Функционалдық құрлым нарықтық жағдайларға тәуелсiз , қызметтiң қандайда бiр түрiн ұсынуға жетiк маманданған кiшiрек банктерде қолданылады. Ендеше, бұл ұйымдастырылу құрлымы тұрақтылық жағдайдың болуын талап етедi. Ал, нарық жағдайында мұндай идеалды жағдайдың болуы сирек кездеседi, сондықтан көптеген банктер ұйымдастыбылу құрлымының өзге түрлерiн қолдануға ықлас бiлдiредi.

Дивизионалдық ұйымдастырылу құрлымы. Нарық шарттарының әрдайым өзгерiп отыруы, бәсекелестiктiң артуы, банктiк технологиялардың жетiле түсуi және де банктердiң ұйымдастырылуының iрiлене түсуi дивизионалдық ұйымдастырылу құрлымдарын қолдану қажеттiлiктерiне әкелдi. Ендеше, банктердi ұсынылатын өнiмдердiң түрлерiне, тұтынушылар тобы немесе аймақтық белгiлерi бойынша ұйымдастыру қажеттiлiгi арта түстi денен сөз. Осының салдары ретiнде, банктердi дивизионалдық негiзде ұйымдастырудың үш түрi бар :

  • Банк өнiмдерiнiң көптеген түрлерiн ұсынуға бағытталған құрлым;
  • Тұтынушылардың көптеген түрерiне бағыттылған құлым;
  • Аймақтық негiздегi ұйымдастырылу құрлымы;

Банк өнiмдерiнiң көптеген түрлерiн ұсынуға бағытталған құрлым  клиенттерiне жекелеген банк қызметтерiнiң үлкен көлемiн ұсынатын банктерде жиi кездеседi. Қызмет көлемiнiң артуы соншалықты үлкен болғандықтан, тиiмдi басқару мақсатында, әрбiр өнiмдi басқаруды жеке ұйымдастыру қажет. Бұл қағида өнiмге бағыттылып  ұйымдастырылыған құрлымның негiзi болып табылыды.

Аталмыш құрлым брсқару қызметiн нақты өнiм түрлерi бойынша мамандардың құзырына шоғырландырады, банк өнiмдерiн әлемдiк стандарттарға жеткiзу және жаңа өнiм түрлерiн дамыту мүмкiндiгiн бередi

Банктер мұндай ұйымдастырылу құрлымдарын көтерме және бөлшке сауды клиенттерiне қызмет көрсетуде қолданады. Көтерме сауда клиенттерiне қызмет көрсетуге мамандануда, банктер  ұйымдастырудың қолайлы моделiн iздестiредi. Мұндай модельдерге жататындар:

ـ             Бөлiмшенi басқару негiзiндегi модель;

ـ             Бас корпорацияларға қызмет ететiн, бөлiмшелерге негiзделген модель;

ـ             Шоттардың жүргiзiлуiне жауапты, қызметшiлерге негiзделген модель;

ـ             Өнiм бойынша менеджерлерге негiзделген модель;

ـ             Қоғаммен байлыныстар бойнша менеджерге негiзделген модель;

ـ             Аралас модель.

   Адаптиâтiк ұйымдастырылу құрлымы. Банктер мұндай ұйымдастыру құрлымы банктiк емес институттур тарапынан бәсекелестiк күрт ататқан кезеңде қолдана бастады. Нарық тарапынан өзгерiстердiң болуының мұндай шартында, оған тез арады бейiмделудiң қажеттiлiгi арта түстi. Осы талаптардан адаптивтiк ұйымдастыру құрлымы туындады (Сурет 7). Әлемдiк тәжiрибеде  мұндай құрлымның негiзгi үш түрi бар:

  •  жобалық құрлым;
  •  матрицалық құрлым;
  •  конгломераттар.

Келтiрiлген әрбiр ұйымдастыру тобы өзiне тән мiндеттердi шешеiп, белгiлi бiр шартты жағдайларда ғана қоданылады. Олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар, ендеше оларды қарастырып кетелiк.

Жобалық құрлым- Банк алдындағы үлкен масштабты мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн ұйымдастыру құрлымы. Банктiң өзiне қандайда бiр жүйенi ендiруi жоралық құрлымды ұймдастыруға мысал бола алады. Мұндай қосымша ендiрiлетiн жүйелер жеке басқаруды талап етедi, яғни өте қысқа мерзiмде, негiзгi қызметке нұсқан келтiрмей максималдi тиiмдiлiктi қамтамасыз ету. Жүйе толық қызметке ендiрiлгенен кейiн, құрамына мамандар тобы мен банктiң басқарушы қызметшiлерi кiретiн , арнайы осы мақсатқа құрылған жобалық ұйым тарқатылады.

Ендеше, жобалық құрлым- банкке  уақытша ендiрiлетiн, жобаны жүзеге асыруда жеке басшылықта болатын ұйымдық құрлым.

Матрицалық құрлым. Мұндай ұйымдастыру құрлымы функционалдық және дивизионалдық құрлымдардың артықшылықтарын бiрiктiру мүмкiндiгiн бере  отырып, оған қажеттi икемдiлiктi бередi. Матрицилық құрлым да iрi масштабтағы жобаларды жүзеге асыту үшiн қолданылады. Яғни Банктiң  ұйымдастырылу құрлыммына қосымша матрицалық құрлым “жүктелiнедi”.  Нәтижесiнде пайда болатын “көп” қабатты ұйым банктiң күнделiктi қызмтiмен байланысты мәселелердi және жобаны жүзеге асырумен байланысты мәселелердi тиiмдi түрде шеше алады. Матрицалық ұйымның жобалық ұйыммен салыстармалы ерекшелiгi, тиiмдi де, тұрақты басқаруды қамтамасыз ететiн, бөлiмшелер басшыларының әсерiнен ерiктi емес.

Конгломераттар нарық өзгерiстерiне тез рейiмделу мүмкiндiгiн бреретiн бiршеше құрлымдардың бiрлiгi. Мұндай ұйымдастыру құрлымдары басшылықтың бiр орталықтан болуын, бiрақ бөлiмшелер ағымды қызметпен байланысты шешiмдердi қабылдауда өз еркiн сақтап қалады. Конгломераттық ұйымдастыру құрлымын қолдаушы банктер нарық сегменттерiндегi жекелеген бөлiмшелердiң қызметтерiнiң жетiстiктерi мен жеңiлiстерiне тез арада көңiл аудару мүмкiндiгiн алады.

Ендеше, адаптивтiк ұйымдастыру құрлымы өзгермелi нарық жағдайларына тез арада ұйымды бейiмдеу мүмкiндiгiн бергендiктен, соңғы жылдарда кеңiнен қолдау табуда.

Орталықтану дәрежесiмен ерекшеленетiн ұйымдастырылу құрлымы тұтас банктiң және жекелеген құрлымдардың ықластарын шоғырландыра отырып, орталықтың және төменгi басқару звеноларының атқаратын қызметтерiн қатаң шектеудi көздейдi.

Банк мекемесiнде барлық басқа кәсiпорындар сияқты белгiлi бiр басқару аппараты болады. Оның құрамына ең алдымен банк қызметiнiң ерекше сипаты әсер етедi. Банктi кәсiпорын деп есептесек, барлық басқа кәсiпорындарға тән ортақ белгiлерi де бар, оның дирекциясы, атқарушы бөлiмшелерi, есеп-қисап бөлiмi, кадрлар бөлiмi т.б.

Сонымен қатар, банк мекемесi ерекше кәсiпорын, ол ақша-несие институты ретiнде қызмет атқарады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы банктiң ерекшелiгiне байланысты. Бұл ерекшелiктердi банк қызметiн ұйымдастырудағы принциптерден байқауға болады, яғни принцип деп банк мекемесi өз қызметтерiн жүргiзу үшiн және банк операциясын орындау үшiн бағыт-бағдар беретiн бастапқы жағдайларды айтамыз.

  1. Банктер әдетте функционалдық қағидасы бойынша ұйымдастырылады. Ол келесi жағдайларды бiлдiредi: банк iрi несие институты ретiнде қызмет атқаратын болғандықтан, оның басқару аппаратында несиелiк, кадрлық бөлiмшелерi болуы тиiс. Сонымен бiрге банк есеп айрысу операцияларын жүргiзетiн болғандықтан, оның құрамында есеп айрысу операциясын ұйымдастыратын құрылымдық бөлiмдер болуы тиiс. Банк нақты ақшаны қабылдап және оны беретiн болғандықтан оның кассасы болуы тиiс. Жалпы алғанда, банк атқаратын қызметтер мен операциялар оны басқаруларға  ерекшелiктер енгiзедi, оларды басқа кәсiпорын құрылымында кездестiруге болмайды. Тек қана мекемелерiне тән болуы тиiс қағида.
  2. Банктi ұйымдастыру принципiне, сонымен бiрге қойылған  мақсатқа сәйкестiлiк принципi де жатады. Бiзге белгiлi, банктың мақсаты – пайда алу болып табылады. Ол, банк мекемесi құрылымында ақша табиғаты бөлiмдер болуы қажет дегендi бiлдiредi (клиенттердi iздейдi т.б.), яғни банк мекемесiнiң құрамында ақшаның түсiмiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер бар: кiрiстер мен шығыстарды жоспарлап, банк бюджетiн құрап, шығындар үнемiн қамтамасыз етедi.
  3. Жеке бөлiмшелердiң билiк өкiлеттiлiгiнiң сатылылығы принципi. Билiктiң екi буыны бар: басқарудың жоғарғы звеносы (буыны) және банктiң басқа да бөлiмшелерi.

Жоғарғысына Банк кеңесi, Банк басқармасы, тексеру комиссиясы басқа да банктiң маңызды мәселелесiн шешетiн персонал жатады. Төменгi буынына – барлық басқа бөлiмшелерi жатады.

  1. Бiрлескен және үйлескен iс-әрекеттердi қамтамасыз ету принципi. құрылым сөзi элементтердiң жай ғана жиынтығы емес, олардың байланысын бiлдiредi. Егер де коммерциялық банк деген статусқа ие болса, онда өзiнiң құрамында iшкi банк операцияларын атқаратын бөлiмшелерi болуы қажет, екiншi жағынан қоршаған орта талаптарына сай болуы керек.
  2. Басқаруды тиiмдi, оңтайлы ету принципi. Осы принципке сәйкес, банк өз қызметiн банктiң дамуына бағыттауы тиiс (мысалы, жаңа қызмет түрлерiн енгiзу, шығындарды қысқарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру, рынокты зерттеу, т.б.)
  3. Бақылауды қамтамасыз ету принципi. Мұндағы  қажеттi шарт: iшкi және сыртқы аудит.
  4. Персоналдың қызметiн зерттеу принципi. Бұл принциптi жүзеге асыру үшiн белгiлi бiр ережелердi жасайды (жарғы, белгiлi бiр бөлiмдер немесе қызметтердiң ережелерi, персоналдың сапалық бiлiктiлiк дәрежесiн анықтайтын сипаттама). Банк мекемесiнiң әрбiр қызметкерi өзiнiң мiндеттемесiн бiлуi тиiс немесе ережелерге сәйкес орындалуы тиiс.
  5. Банк мекемесiнiң ағымдағы және қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiлу принципi және ақпаратты өңдеудiң жаңа әдiстерiн бiлу.

Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк қызметiн клиент мѕддесi ѕшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.

Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.

.

Тағы рефераттар