Қазақстан Республикасы су көздерінің қысқаша сипаттамасы туралы қазақша реферат
Су – өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.
БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.
Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.
Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады.Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.
Жер ғаламшарындағы су қоры – 1, 400 000 кмз , бірақ оның көбі ащы.Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0,001 % ғана ішуге жарамды.
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.
Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері,әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы – ауылшаруашылығы, екінші орында – өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында – қалалардың коммуналдық шаруашылығы.
Тағы рефераттар
- Ғылыми-педагогикалық тест сұрақтары
- Инновациялық қызметті қаржылық қамсыздандыру
- Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі
- Сыбайлас жемқорлықпен күрес дипломдық жұмыс
- Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы