Қазақстан Республикасы және Халықаралық Валюта Қоры арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:
1. Макроэкономикалық тұрақтандыру және жүйелік қайта құрулар үшін Қазақстан Республикасына ресурстар беру бағдарламасы (STF).
2. Резервтік кредит туралы келісім (Stand-by 1).
3. EFF келісімі, Қазақстан оған сәйкес EFF келісімінің бүкіл қолданылу кезеңі бойы Үкімет және ҚҰБ қандай да болмасын валюталық шектеулерді енгізу немесе күшейту, көптеген валюта бағамдарын қолданудың қандай да болмасын практикасын енгізу немесе түрлендіру, Келісім баптарының VIII бабына қайшы келетін кез келген екіжақты төлем келісімін жасау немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізу және күшейту ниеті жоқ екені жөнінде міндеттеме алады.
4. Мақсаты мемлекеттік бюджет дефицитін қысқарту және халықаралық резервтерді жинақтау болып табылатын EFF-2 келісімі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2000 жылғы 24 мамырда ХВҚ кредиттік желілері бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеді.
Ұлттық Банк ХВҚ-ға апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ның АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуір) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығының көрсеткіштері бойынша (сұрақтар бойынша) ұсынылады.
ХВҚ Статистика Департаментінің сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық сұрақтар туындаған кезде консультативтік көмек көрсетеді.
Халықаралық Валюта Қоры Қазақстан 2003 жылы қосылған ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») сәйкес үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистиканы, оның ішінде ақша-кредит статистиканы бағалауды жүргізеді. Бағалау негізінде «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.
ХВҚ-ның стандарттар мен кодекстердің сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы соңғы ретте Алматы қаласында 2006 жылғы қараша-желтоқсанда жұмыс істеді.
2004 жылы ХВҚ миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру мәселелері бойынша техникалық көмек көрсетті.
Сонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да ХВҚ институтында, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасын жасаудың әдіснамалық негіздерін оқытады.
ХВҚ миссиясы ХВҚ Келісім баптарының IV бабына сәйкес жыл сайынғы консультациялар жүргізу үшін Қазақстанға жыл сайын келеді.
Ұлттық Банктің басшылығы жыл сайынғы негізде көктемде және күзде Дүниежүзілік Банктің және Халықаралық Валюта Қорының Басқарушылары Кеңесінің Жыл сайынғы Қарама-қарсы Кездесулеріне қатысады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Валюта Қоры Басқарушыларының Кеңесінде Басқарушы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің шағын топтарына қатысуы шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасын Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Бельгия шағын тобынан Швейцария шағын тобына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының Швейцария шағын тобына кіруінің алғашқы қадамдарының бірі 2010 жылғы қыркүйекте Астана қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Үкіметі арасындағы Бреттон – Вуд мекемелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болып табылады. Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария шағын тобына кіруінің аяқталу кезеңі Швейцария Конфедерациясының өкілін Халықаралық Валюта Қорының және Дүниежүзілік Банктің Швейцария, Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысатын шағын тобындағы Атқарушы Директор ретінде таңдау үшін дауыс беру болып табылды.
Тағы рефераттар
- Жүрек-қантамырлар жүйесінің патофизиологиясы туралы қазақша слайд, презентация тегін
- Франчайзингтің мәні және экономикадағы рөлі
- Геоақпараттық жүйелерінің негізгі типтері
- Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің талдау курстық жұмыс
- Құқық нысанының түрлері курстық жұмыс