Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің түп негізі және жүзеге асырылуы туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің түп негізі, нысаны, актісі жоғарғы юридикалық күші бар номативті-құқықтық актісі болып Ата-заң (Конститутция) саналады. Конститутция — Қазақстан Республикасында ең басты мемлекеттік заң. Ол еліміздің қоғамдық қатынастар жүйесінің юейнесін ашатын және қоғамның тұтастығы мен құндылық құрылымын анықтайтын, оның дамуына әсер ететін жалпы негізгі заң- Мемлекеттік басқарудың құқықтық түп негізі.
Одан кейінгі мәртебесі бойынша- заңдар, Қазақстан Республикасының басқарудағы құқықтық реттеудің маңызды нысаны. Ол еліміздің қоғамдық әрекеттердің мәртебелік жағдайы мен юридикалық тәртіппен жүргізілуін анықтаушысы.
Заң-бұл мемлекеттің еркі мен өмірінің негізгі мәселелерін қарастыратын, Конститутциядан кейінгі жоғары юридикалық күші бар, ерекше тәртіппен қабылданған нормативті-құқықтық акт. Заңдар бастауы, мазмұны мен мағынасын ашатын материалды белгілермен және ерекше спецификалық құқықтармен, оның юридикалық теңділігімен, әсіресе құқық шығарушылық процедурасымен сипатталады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеудің заң шығарушылық нысаны қоғамда алатын орны бар. Мұны мемлекеттің қарамағындағы күрделі де, күшті құралдар жүйесімен қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеудің (мемлекеттік басқаруда) тағы бір түрі – заң асты құқықтық нормалар. Бұлар Қазақстан Республикасы Конститутциясы мен заңдарға негізделген және қарама-қайшы кемейтін құзырлы органның юридикалық-нормативтік актімен сипатталады. Оның түрлері:
— Жалпы мемлекеттік. Оның ең бастысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің әр түрлі басқару ісін жүргізудің ережелері мен құқықтық мәртебесі болып табылатын үкімдері.
— Ведомствалық нормативті актілер жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдармен шығарылады. Бұған Қазақстан Республикасының облыс, қала, аудандардың жарғылары кіреді.
— Локальді (ішкі ұйымдық) нормативті актілер ішкі басқарушылық іс-әрекеттерін тәртіптілікпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және жергілікті органдармен қабылданады. Мұны органдар жағдайы, регламенттер, лауазымды инструкциялар және басқа құжаттар құрайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің үш түрі бар. Олар:
- Ø Заң шығарушылық
- Ø Атқарушылық
- Ø Сот билігі
Осы үш билік арқылы мемлекеттік басқару жүзеге асырылады. Ал мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу ең маңыздысы болып табылады.
Негізінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды іс жүзінде Атқарушы билік – Үкімет жүргізеді. Оның негізгі мақсаты мен функциясы болып мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу болып саналады. Сонымен қатар, Атқарушылық билік мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің қажетті заң жобалары мен нормативті-құқықтық актілерін әзірлеп дайындайды. Ал сол заң жобалары мен құқықтық-нормативті актілерін іс жүзінде жүзеге асыруға болатындығы немесе болмайтындығын (сай немесе сай еместігін анықтау) Заң шығарушы билік – Парламент анықтай отырып, сол заң жобалары мен құқықтық-номативті актілерді қабылдап немесе қабылдамай бекітеді. Қабылдамаған жағдайда Парламент заң жобалары мен құқықтық-нормативті актілерін қайтаруға (Атқарушы билікке) құқылы. Ал егер қабылданған жағдайда Қазақстан Республикасының Парламентінен Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге жібереді. Мұнда Қазақстан Республикасының Президенті заң жобаларын немесе нормативті-құқықтық актілерін сәйкес болмаса, Парламенттің қайта қарауына жіберуге құқығы бар.
Қабылданған заң жобалары заң ретінде бекітіледі. Сол заңдар мен нормалардың көп бөлігі өмірлік (бұйрықтық-императивті) сипатқа ие. Бұл реттелінетін мемлекетті басқару қатынастарының мән-мағынасымен байланысты. Осы қатынастар мәні бойынша биліктік қатынастар, яғни “билік-бағыну” негізінде құралған қатынастар болып табылады.
Өкімдер түріндегі нормалар мемлекеттік ерікті білдіреді, басқарушылық қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерінің белгілі бір түрін жасауға немесе құқыққа сәйкес келетін мінез-құлықтың түрлеріне түрткі болады да мәжбүр етеді. Бұл талап атқарушы билік органдары мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында өздерінің нормативтік-құқықтық актілеріне шығарған көздерде де сондай дәрежеде оларға таратылатындығын ерекше атап айту керек. Осы құқыққа сәйкес келетін іс-әрекеттерін олар заңның немесе тиісті заңды тәуелді актінің негізінде жасауға құқылы, бірақ бұл орайда өзінің құзіретінің шегінде және белгіленген рәсімдерді сақтай отырып әрекет етуге міндетті.
Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелінетін қоғамдық қатынастар әрқашанда олардың қатысушыларының теңсіздігін, басқарушылардың еркін атқарушы билік органынан көрініс табатын бірыңғай басқаратын ерікке қатаң бағынуды болжайды. Атқарушы билік органынан шығатын және оның біржақты-биліктік еркін білдіретін нұсқама әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың басқа қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуді Конститутция, одан кейін Президент пен Үкіметтің жарғылары юридикалық-құқықтық нормалармен қамтамасыз етеді.
Негізінен Қазақстан Республикасында құқықтық реттеудің жүзеге асырылуын әкімшілік құқық арқылы іске асырылады.
Әкімщілік құқық- Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланылатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптілігін, бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершілігін арттыру жөнінде әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысушыларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік құқықтарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.
Әкімшілік-құқықтық нормаларды қолданудың атқарудан айырмашылығы, оны атқарушы билік органдары (лауазымды адамдар) жүзеге асырады және олардың материалдық немесе процессуалдық нормалар талаптарына негізделген дара құқықтық актілер шығаруынан нақты көрініс табады. Мысалы, Президенттің нақты адамды министр лауазымына тағайындау туралы жарлығы Конститутцияның 44-бабының 3-тармағын қолдану болып табылады.
Сонымен, атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде әкімшілік құқық өзіне тән тәсілдермен және құралдармен қолданылып жүрген Қазақстан заңнамаларының баптардың орындалуы, сондай-ақ реттелінетін мемлекеттік басқару қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тағы рефераттар
- Гемодинамика, негізгі заңдылықтары
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
- Фонтанды скважина жабдықтары
- Қиял
- Қазақстан экономикасындағы франчайзингтің орны