Қазақстанда сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру делдалдарының қызметіне бақылауды мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкілік және сақтандыруды қадағалау департаменті жүзеге асырады.
Бұл үдерістердің алуан түрлігі басқару мен реттеу арасындағы ортақтық пен айырмашылықты анықтауды талап етеді. Олар ортақтығы бірдей жүйеде қызмет атқарады: реттеу мен басқару көмегімен жүйенің тұрақтануы қамтамасыз етіледі, серпінділік тепетендікке қол жеткізіледі, бағдарламалық мақсаттар іске асырылады. Алайда басқарудың реттеуге қарағанда өрісі кең, өйткені соңғысы біріншінің негізгі атқарымдық қатарына жатады. Басқару оның мазмұнын сипаттайтын қосалқы жүйелер: ақпараттық қамтамасыз ету, кері байланыс қағидасы, нысаналылық, кадрлық элеует (менеджмент) басқару тетіктерінен тұрады. Бұл ерекшеліктер тек өзінезі басқаратын кеңістік жүйелеріне тән, оларға әлеуметтік, оның ішінде сақтандыру да жатады.
Қазақстанда біршама басқа көрініс қалыптасты. Қазіргі уақытта мұлда «Сақтандыру қызметі туралы» төртінші заң еңгізілген, ол ұйымның қызметін қатаң реттеуге, сақтандыру үдерісін ретке келтіретін, әлементтерді енгізуге мүмкіидік береді. Алайда, оңтайлы сэттерден басқа теріс сэттер де болады. Кейде, мемлекеттік екілеттік органды сақтандыру және қайта сақтандыру Ұйымдарының қызметтеріне бақылау міндеттерін беру, істәжірибеде сақтандыру бизнесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдаумен де ауыстырыи алады. Сонымен, Ұлттық банк істәжірибеде дербес мөлшерлі шығармашылықпен шұғылдана отырып, өзі заң шығарушы орган ҚР Парламенті қызметін де орындайды. Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органның қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері әрқашанда қолданыстағы зандарға, ҚР Конституциясына, Азаматтық кодекске, «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға т.б. сәйкес келе бермейді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы банкілер мен банк қызметі туралы» зандық күші бар, ҚР Президентінің Жарлығы (8бап) банкі қызметіне жатпайтын операцияларды банкілерге жүзеге асыруға тыйым салады, бірақ оларға сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталына қатысуға жол береді. Сондықтан банк саласы басшыларының шындығында нарықты монополиялаңдырып, шағын және орташа сақтандыру компанияларын ығыстырып шығару үшін еншілес сақтандыру компанияларының капиталын пайдалануға мүмкіндіктері бар. Қазір жұмыс істейтін 41 сақтандыру компаниясы сақтандыру нарығының 60%нан астамына ие.
Бұған 1999 жылғы 15 желтоксандағы ҚР Ұлттық банк Басқармасының Қаулысы мүмкіндік туғызды, ол бойынша 2000 жылғы 1қаңтардан бастап жұмыс істеп жатқан сақтандыру ұйымдары үшін, кейін «Сақтандыру қызметі туралы» соңғы заңмен қуатталған, меншікті капиталдың ең аз мөлшері 100 млн теңге мөлшерінде белгіленді. Ресейде де, сондайақ сақтандыру компанияларын капиталдандыруға қатысты талаптар күшейтілді. Мұнда өмірді сақтандыру және сақтандырудың басқа түрлерімен айналысатын ұйымдар үшін ең аз жарғылық қор, ұлттық валютамен есептегенде 14,5 млн теңгені құрайды. Мұндай құбылысты болдырмау үшін мемлекет сыйақылар, тарифтер мөлшерлерін анықтамай, басқа талаптарды қоймай, клиенттерді сақтандыру арқылы қорғауды, сатып алу міндетін реттеуі тиіс. Міндетті сақтандыру туралы кейбір зандардың сақтандыру компаниялары үшін тартымдылығы аздау. Экономиканың кез келген секгорындағы залалдар мен тэуекелдіктер туралы дерекгерін иеленіп, сақтандыру нарығының жемісті қызмет етуі үшін тиімсіз керсеткіштерді көрсетпей, тарифтер мен шарттарын дербес есептей алады.
Қазақстандағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы әлемдік күйден айтарлықтай қалып қоюда. Мысалы, ЖІӨ-нің сақтандыру үлесі Швейцарияда 11,9%, Ұлыбританияда 11,22%, Голландияда 9,41%, Францияда 9,3%, Финляндияда 7,6%, Бельгияда 6,85%, Германияда 6,54%, Данияда 6,3%, Португалияда 5,42%. Қазақстанда сақтандыру компанияларының жиыитық активтері 2003 жылдың басында ЖІӨ-нің бар болғаны 0,55%-ын құрады. Ресейде мұндай көрсеткіш 1,3%-ға жетті.
Қазақстанда өмірді сақтандыру ең дамымаған сала болып табылады. Көптеген отандық сақтандыру компанияларында көрсетілетін қызметтерінің жеткіліксіздігін сскере отырып, айтарымыз олардың көпшілігінің банкротқа ұшырап қалуы әбден мүмкін. Меншікті сақтандыру нарығын қорғау жөніндегі пәрменді шараларды алдын ала қолдану керек. [8.247 б]
Сингапур, Швейцария, Ұлыбритания сияқты елдерде сақтандыру бюросы немесе кеңесі даулы жағдайларды сотқа жеткізбей шешумен айналысады. Қазір біздің елімізде 41 сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Олардың ортақ активі тоғыз ай ішінде 51 пайызға артып, 111 млрд теңгені құрап отыр. Ал сіз сақтандыру компанияларының қызметі жөнінен хабардарсыз ба? Отбасыңыз сақтандырудың қандай түрін тұтынады? Сақтандыру дегенде ең алдымен, автокөлік иелерінің азаматтык-құқықтық жауапкершілігі еске түседі. Расында да, міндетті сақтандырудың осы түрі еліміздің кез-келген елді мекенінде жақсы таныс. Автосақтандыруды сақтандырушы компаниялар жақтыра бермейді. Өйткені, компанияға төленетін сыйақы 4 мың теңге төңірегінде, ал көлігін соғып алғандар көп, сондықтан тұтынушыға төленетін төлемақы да көп. Қаржылық қадағалау агенттігінің дерегінше, сақтандыру компаниялары биыл тоғыз айда міндетті сақтандырудың сегіз түрі бойынша, 13 млрд теңге қаржы жинаған. Мұның төрт млрды, яғни үштен біріне де жетпейтін мөлшері ғана түрлі жағдайларға тап болған тұтынушыларға төлемақы түрінде төленген. Қазір қаржылық қадағалау агенттігіне түсетін шағымдардың жартысына көбін жол-көлік оқиғасына тап болып, бірақ сақтандыру төлемін ала алмағандар немесе оның мөлшеріне коңілі толмағандар кұрайды. Қаржылық қадағалау агенттігіне түскен шағымдардың 80 пайызын – осы автосақтандыруға қатысты шағымдар құрайды. Дегенмен, сот отырыстары кейінге қалдырылып, бірнеше айға созылып кететіндіктен, адамдардың көбі уақытымды босқа жоғалтпайын деп көлігін өзі жөндетіп алуға тырысады. Қаржылық қадағалау агенттігіне түскен шағымдардың 80 пайызы – осы автосақтандыруға қатысты. Ал, сақтандыру компаниялары болса, міндетті сақтандырудан бізге пайда аз, сақтандыру сыйақысының мөлшері көбейтілсін дейді. [17]
Міндетті сақтандырудан ең көп жапа шеккен — фермерлер. 2006 жылы өсімдіктерді міндетті сақтандыру күшіне енгенде фермерлер сақтандырушы компанияларға сыйақыларын төлеген еді. Бидайы шықпай қалған кезде өтемақы алғандар некен-саяк. Былтырдың өзінде бір ғана Батыс Қазақстан облысында егістік жерлердің 47 пайызына бидай шықпай қалды. Егінді құрғақшылық күйдіріп жіберді. Алайда, астықты міндетті сақтандырумен айналысқан компаниялар құрғақшылық туралы заңда жазылмаған деп төлемақы төлеуден бас тартты. Тек он шақты фермер сотқа шағымдану арқылы тиісті ақшасын алды. Міндетті сақтандырудың пайдасы аз болғандықтан да сақтандыру компаниялары көше қиылыстарына агенттерін отырғызып, сақтандыру келісім-шарттарын бекітуді доғарған. Дегенмен, сақтандыру компаниялары шығынға батып жатыр деуге мүлдем болмайды. Қаржылық қадағалау агенттігінің дерегінше, сақтандыру компаниялары биыл тоғыз айда міндетті сақтандырудың сегіз түрі бойынша, 13 млрд теңге қаржы жинаған. Мұның төрт млрды, яғни үштен біріне де жетпейтін мөлшері ғана түрлі жағдайларға тап болған тұтынушыларға төлемақы түрінде төленген. Әрбір сақтандыру компаниясының осы саланың бүге шегесін жете меңгерген білікті мамандары мен тіс қаққан заңгерлері бар. Ал, сақтандыру жағдайына тап болған тұтынушыға олардың алдында өз пікірін дәлелдеу оңай емес. Сондықтан, бірнеше жыл бұрын тұтынушылар құқығын қорғайтын сақтандыру омбудсменін тағайындау жөнінде бастама көтерілген еді. Алайда, әзірге бұл бағытта еш өзгеріс байқалмайды.
Тағы рефераттар
- «Әкем мен шешемнен үлгі-өнеге алып өсемін»
- Кассадағы ақша қаражаттарының есебі курстық жұмыс
- 19 ҒАСЫРДАҒЫ РЕСМИ ІС-ҚАҒАЗДАР ТІЛІ
- Дiннiң адамзат тарихындағы рөлiн әдiлдiк тұрғысынан ашып көрсету жолдары
- Шағын бизнес: мәні – мазмұны, ерекшеліктері