Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын талдау туралы қазақша реферат
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етілу деңгейін макро, микро деңгейлерде талдаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі біздің елімізде мұнай, газ, басқа да өндіруші салаларға қарағанда төмен бәсекелі блокқа жататыны белгілі. Бірақ та, бұл саланың ерекшелігі айналым қаражаттарының тез айналмалылығында болып қалып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ішкі нарықты толығымен қанағаттандыратын өндірістік қуаттылықтар орналасқан. Саланың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-өндірістік потенциал жеткілікті деңгейде сақталған, болашақты тиімдірек қолдануға болатын сенімді шикізат базасы сақталған. Тұрғылықты халықтың жұмысбастылық қабілетін толығымен қамтамасыз ете алатын саланың қабілеті бар.
Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын бағалау үшін біз жалпы өнеркәсіптің дамуына талдау жасауды, содан кейін ғана саланың дамуын қарастыруды жөн деп таптық.
Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан Республикасы экономикасының негізін құрайды. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, өнеркәсіп жүргізілген реформалардың, сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне байланысты дамып отырды. 2003 — 2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.
Кесте ақпараттарына сүйенсек, өнеркәсіптің ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 2003 жылы 29,3 %-ға, 2004жылы 33,4%-ға тең болды. Осылайша, тек қана 2004 жылы ішкі жиынтық өнімдегі өнеркәсіп үлесінің басқа жылдармен салыстырғанда артық болғанын айта кетуіміз керек, 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 4,1% — ға артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны да солай өзгерген. 2004 жылы тек қана ірі және орта кәсіпорындардың саны көрсетілгендіктен, бұл көрсеткішті алдыңғы жылдармен салыстыруға келмейді .
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі қарастырып отырған барлық жылдарда артып отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда 2003 жылы — 16,8%, 2004 жылы — 12,1% шамасында болды. Салық салуға дейінгі жиынтық табыс көлемі 2003, 2004 жылдары алдыңғы жылмен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің жыл сайынғы артуы оң бағаланады.
2 кесте — 2003 -2004 жылдардағы ҚР-сы өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері серпіні
№ |
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2003 жыл |
2004 жыл |
өткен жылғы пайызбен |
1. |
Республикалық ЖІӨ- дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі |
% |
29,3 |
33,4 |
113,9 |
2. |
Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны |
бірлік |
13177 |
1536 |
— |
3. |
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі |
млрд тенге |
2336,9 |
2618,6 |
112,1 |
4. |
Салық салуға дейінгі жиынтык табыс |
млн тенге |
401087 |
351600 |
87,7 |
5. |
Негізгі қызметтен табыс |
млн. тенге |
402210 |
324832 |
80,8 |
6. |
Өнеркәсіп табыстылығының деңгейі |
% |
23,0 |
37,8 |
164,3 |
7. |
Негізгі капиталға салынған инвестициялар |
млн. тенге |
587953 |
475820 |
80,9 |
8. |
Негізгі қызметтегі қызметкерлер |
мың адам |
671,2 |
626,1 |
93,3 |
9. |
Негізгі қызмет өнеркәсіптік қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы |
теңге |
26226 |
27759 |
105,8 |
Ескертпе:
— ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;
Өнеркәсіпте жұмыс істейтін персонал саны жыл сайын азайып келеді, бұл еліміздегі жұмыссыздар санының артуына әкелуі мумкін. Айлық еңбек ақы мөлшері жылдан-жылға артып отыр.
Республикада жүргізілген экономикалық реформа келесідей сандық және сапалық парметрлермен сипатталады.
Дамудың бірінші кезеңінде (1992-1994 жж.) басты назар шет елдік ірі инвестицияларды стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға тартуға аударылды. Ұлттық теңгенің енгізілуімен басталатын екінші кезеңде нарықтық шаруашылық жүргізу механизмінің тетіктерін (нормативті-құқықтық базаны жетілдіру, салықтық, бюджеттік, банктік реттеу, сыртқы экономикалық байланыстарды жетілдіру, кедендік істі жолға қою, нарықтық инфрақұрылымды дамыту) жасау арқылы ұлттық макроэкономикалық саясатты қалыптастыру жүргізілді. Осы кезеңнің нәтижесі болып, экономиканың либерализациясы, нарықтық экономика және инфрақұрылым институттарының калыптасуы, елдегі қаржылық тұрақтану танылады. Еліміздің дамуының үшінші кезеңінде (1997-2003 жж.) экономиканың тұрақтануы байқалады. ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасы құрылымдық өзгерістердің кешендігі және көлемі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Қабылданған шаралар қазақстандық қоғамның барлық жақтарын қамти отырып, ЖІӨ-нің, өнеркәсіптік өндірістің және экономиканың инвестициялану көлемінің артуымен сипатталады. Республикада жүргізілген реформалардың қорытындысында:
- экономикалық, инфляциялық, төлем, инвестициялық дағдарыстарды басқару арқылы, экономикада даму қамтамасыз етілді;
- ЖІӨ-де импорттың үлес салмағы азайып, экспорттың дамуы байқалады;
- Тұрғылықты халықтың нақты табыстарының артуы және жұмыссыздық деңгейі азайғаны байқалады;
- Экономиканың салалық құрылымы өзгеріп, өнеркәсіптің үлес салмағы артты .
Біздің ойымызша қазір республикада дамудың төртінші кезеңі (2000 жылдан басталады) орын алып отыр. Осы кезеңде экономикада өсу фазасы байқалады, шаруашылық жүйесінің реформациясы іске асып, экономикалық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасты деп айтуға болады. Өнеркәсіптің дамуы көрсеткіштерінің өсу серпіні байқалып, жалпы Қазақстан Республикасын нарықты экономикалық ел деп дүние жүзі танып; дамуын оң бағалап отырған кезде, тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы қай деңгейде екендігі байқалады.
3 кестеде — тоқыма және кілем өнеркәсібі даму көрсеткіштерінің серпіні берілген.
3 кесте — ҚР-сы тігін және кілем өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2003 жыл |
2004 жыл |
өткен жылға пайызбен |
1. | Өнеркәсіп өндірісінің көлемі |
млн. тенге |
39673 |
37474 |
94,5 |
2. | Өнеркәсіп өнімдерін өндірудің жалпы көлеміндегі сала өнімдерінің үлесі |
% |
1,7 |
1,4 |
82,3 |
3. | Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны |
бірлік |
724 |
188 |
— |
4. | Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс |
млн.тенге |
-760 |
-200 |
26,3 |
5. | Негізгі қызметтен табыс |
млн.тенге |
-490 |
-42 |
8,6 |
6. | Тиімділік деңгейі (залалдығы) |
% |
-2,1 |
0,3 |
14,3 |
7. | Негізгі капиталға салынған инвестициялар |
млн. тенге |
963 |
_ |
— |
8. | Негізгі қызметтегі қызметкерлер |
мың адам |
24,4 |
25,4 |
104,1 |
9. | Өнеркәсіптің гізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы |
теңге |
9851 |
10669 |
108,3 |
Ескертпе:
— ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген;
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 2003 жылдан артқаны байқалады. 2003 және 2004 жылдарды осы көрсеткіштің төмендеуі саланың дамуын теріс бағалауға негіз болады. Өнеркәсіп өнімдері өндірудің жалпы көлемін деп сала өнімдерінің үлесі жылдан-жылға кеміп отыр. Тиімділік деңгейі (заладығы) 2003 жылдан бері артып отырғанымен, 2004 жылдың қорытындылары бойынша да теріс шаманы құрайды. Негізгі қызметтегі қызметкерлер саны 24-25 мың адам шамасында сақталып қалып отыр. Өнеркәсіптің негізгі қызметіндегі қызметкерлердің орташа айлық жалақысы қарастырылып отырған жылдары артып отырғанымен, жалпы өнеркәсіптегі жалақы мөлшеріне қарағанда артта қалуда.
4 кесте — ҚР-сы тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі натуралдық өлшемі мен өнім өндірісі
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2003 жыл |
2004 жыл. |
|
Өткен пайызбен
жылға (%) |
1. |
Кардо немесе тарақпен түгілген майсызданған жуылған жүн |
тонна |
4707 |
6762 |
|
144 |
2. |
Мақта талшығы, кардо және тарақпен түгілген |
тонна |
137364 |
131942 |
|
96 |
3. |
Маталар-барлығы |
мың шаршы метр |
19162,9 |
22975,5 |
|
120 |
4. |
Арнайы маталардан басқа, мақта маталары |
мың шаршы метр |
14204 |
19926 |
|
140 |
5. |
Төсек жаймалар |
мың дана |
1727,8 |
1599,8 |
|
93 |
6. |
Кілемдер мен кілем бұйымдары |
мың шаршы метр |
133,6 |
97,7 |
|
73 |
7. |
Киіз |
тонна |
248 |
378 |
|
150 |
8. |
Машинамен және қолмен тоқылған тоқыма шұлықтар |
мың дана |
3007,8 |
2396,4 |
|
80 |
9. |
Ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, трикотаждан басқа |
дана |
265866 |
291492 |
|
110 |
10. |
Әйелдер мен қыздарға арналған сырт киімдер, трикотаждан басқа |
дана |
422415 |
409169 |
|
97 |
11. |
Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі |
тонна |
389 |
389 |
|
100 |
12. |
Бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған мақта иірім жібі |
тонна |
2452 |
3743 |
|
153 |
Ескертпе:
— ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген:
Статистика агенттігінің ақпараттары бойынша азық-түлік емес тұтыну тауарларына шығындар жалпы тұтыну шығындарының ішінде келесідей үлес салмақтарын иемденеді екен: киім, мата және аяқ киім алуға 43-49%, үй үшін әртүрлі тауарлар-11-12%, көлік құралдарына бензин, қосалқы бөлшектер-8-11%, дәрі және медикаменттерге-6-8% .
2003 жылғы саладағы дамуды біз экономикалық қауіпті деп
бағалаймыз. 2004 жылғы жедел деректерге сүйенсек, салада
экономикалық өсу нышандары болғанымен, аяғына тік тұрды деп
айтуға әлі ертерек болар еді.
Келесі тауар топтары бойынша арту қарқыны анықталған: кардо немесе тарақпен түтілген майсызданған жуылған жүн, маталар, арнайы маталардан басқа, мақта маталары, киіз, ерлер мен ер балаларға арналған сырт киімдер, бөлшек саудаға арнап өлшеп оралмаған жүн иірім жібі. Қарастырылған тауарлық топтар бойынша өнім шығаратын тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының дамуына кедергі болып, ішкі нарықта арзан импорттық тауарлардың басым болуы табылады.
Осы мәселенің оң шешімі отандық нарықтан азықтық емес тауарлардың импорттық арзан баламаларын ығыстыратын бәсекеқабілетті өнімді шығаруды ұйымдастыру деп ойлаймыз.
Отандық тауар өндірушілерге бәсекеқабілетті өнім шығаруда нақты қолдау көрсету үшін 2003 жылы «2003 — 2004 жылдарға арналған жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларындағы импортты алмастыру бағдарламасы» қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның кұжатта жеңіл және тамақ өнеркәсібінің дамуының басым бағыттары аныкталып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін ірі тауарлар топтары бекітілген болатын. Оларға мақта-мата және жүн тоқыма жіптері жатқызылды .
Берілген шаралардың бір бөлігі тәжірибелік маңызға ие болып, нақты сипат алды. Оларға келесі шараларды жатқызуға болады:
-франчайзингтік қызмет көрсету нарығын, оның аспекгілерін, сыйымдылығын, қозғалу механизмдерін зерттеу;
-импорт алмастыру бағдарламасының басымды бағыттарына кіретін кәсіпорындар басшыларына, өндірісті қайта жандандыру мен дамуы үшін, лизингті пайдалануды ұсыну.
Сонымен қоса, бұл бағдарламалық құжатта, басымдылықтарға сәйкес, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын жеңілдікті несиелеу механизімі қарастырылды. Несиелеу мемлекеттік бюджет қорларынан, тек екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер толық жауапкершілікті жобалық тәуекелді өздеріне алып және бюджет қаражаттарының қайтарылуына кепілдік беруі керек еді.
Мұнда таң қаларлық жағдай қалыптасты. Ақшаның қайтарылуына жауапкершілік банк мойнында болғанымен, несие алу үшін рұқсатты кәсіпкер ҚР экономика және сауда Министірлігінен алуы қажет және де Министрлік және басқа ынталы органдар кәсіпкерге жоба бойынша оңтайлы тұжырым берсе де, бұл банк несие беретіндігінің кепілі болып табылмады.
Сөйтіп нәтижесінде жеңілдікті несиенің құны, қосымша рұқсаттарды есепке алғанда, бірнеше рет артады, сондықтан кәсіпкерге қарапайым коммерциялық несиені банктен алғаны тиімді болып қалды .
Қазір осы — бағдарламаның қорытындыларын талдай отырып, кейбір кемшіліктеріне қарамай — ақ бағдарламаның негізгі бағыттарының орындалуы тоқыма және тігін өнеркәсібі саласында белгілі йымдастырушылық — экономикалық ұмтылыстарға қол жеткізді деп айтуға болады.
Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ең үлкен өндіріс көлемінің өсуі келесі өнім түрлерінде байқалады:
- сыртқы тоқыма киімдер;
- бөбектерге арналған тоқыма киімдер;
- трикотаж іш киімдер;
- жүн тоқыма жіптері;
- былғары шикізаты;
- спорт және қорғаныс киімдері.
Жүргізілген зерттеулер сала кәсіпорындары өндіре алатын бәсеке қабілетті, тұтынушылар сұранысына ие тауарлар тобына төсек жаймасын тігу жататынын көрсетті.
Ішкі нарық арзан және ортаң қолды тауарларға толы десек қателеспейміз. Қалалық және ауылдық елді мекендерге Қытай, Түркия және басқа елдерден алып келінетін арзан тауарлық бұйымдар Қазақстанның табиғат жағдайында тез тозып, жарамсызданады.
Ақырғы және аралық өнім өндіруші салаларының жағдайы қиын болып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде технологиялық артта қалу мәселесі шешуін күтуде. Негізгі құралдарды жаңартпай, өндірістің техникалық деңгейін ары қарай дамыту мүмкін еместігін білсек те, көп кәсіпорындардың қазіргі қаржылық жағдайы техникалық қайта жарақтандыруды көтере алмайтынын айта кетуіміз керек. Қазіргі кезде отандық тоқыма және кілем өнеркәсібі салаларының негізгі капиталының тозу деңгейі 50 % — ға жетті. Саусақпен санарлықтай кәсіпорындар ғана заман талаптарына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған, кәсіпорындардың 1/3 — інде жаңа құралдардың толық тізбегі болмаса да, жаңа элементтері бар. Қалған кәсіпорындарда 20-30 жылғы құрал — жабдықтар пайдаланады.
Осы ретте Қазақстан аймағында тоқыма және кілем өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтардың шығарылмайтынын, шығарылатын кейбір станоктардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмен екенін, ал бағасының шарықтап тұрғанын айта кету өте орынды деп есептейміз. Импорттық, еңбек өнімділігі жоғары және үнемді құрал — жабдықты сатып алуға, қайталап айтамыз, кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайы қолды байлайды.
Саладағы экономикалық қауіпті жағдайдың қалыптасуына бұрынғы, көбіне рационалды емес, шарушылық байланыстардың үзілуін жатқызуға болады. ТМД елдерінен келетін мата импорты қысқарды. Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстандағы күштеп мақта өсіруге негізделген, нәтижесінде үлкен аудандар улы химикаттармен уланған, Аралдың тартылуынан себеп болған мономәдениеттің жойылуы нәтижесінде мақта өсірудің қысқаруы және әлемдік бағаға көшу тоқымамен айналысушыларды қапыда қалдырды. Ескірген кұрал-жабдық максималды көлемде, сұраныс жоқ, енсіз және сирек стандартты маталардың максималды погон метрлерін өндіру жағдайы қалыптасқан кез болды (дәл осы көрсеткіш жоғарыдан жоспарланатын). Бартер арқылы шикізат алу шаралары нәтижесіз аяқталды. Жеңілдікті бағамен алған мақта, әлемдік нарықта қайта сатылып тоқымашыларға түспеді. Мақта — мата және аяқ-киім өндірушілерін біріктіретін трансұлттық компания (ТҮК) құру туралы келісім әлі іске асқан жоқ.
Екінші мәселе бақыланбайтын, реттелмейтін импортпен байланысты. Киім, тиркотаж, аяқ-киімнің 3/4 бөлігі ұйымдастырылмаған нарықта (негізінде Қытай, Түркиядан келеді) сатып алынады. Біздің кәсіпорындар баға тұрғысынан импорттық тоқыма, киім өнімдерімен бәсекеге түсе алмайды. Қазір бәсекенің негізгі бөлігі импорттық өнімдерге, негізінен Қытай өнімдеріне тиеді .
Алыс және жақын шетелдерден келетін импорттық тоқыма өнімдерінің сапасы көбінесе төмен болып, тігістері ажырап жатады. 2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің экспорт және импорт көлемі 5 — кестеде көрсетілген.
5 кесте — Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібі бойынша экспорт және импорт
(млн. доллар)
№ | Көрсеткіштер | Экспорт | Импорт | ||||||||||
|
|
|
|
2003
|
2004 |
2003 жыл |
2004 | ||||||
1 | Тоқыма және тоқыма өнімдер, барлығы |
|
|
115 |
120 |
72,8 |
76 |
||||||
2
|
ТМД елдері |
|
|
50 |
53 |
32,6 |
35 |
||||||
3
|
ТМД-дан тыс елдер |
|
|
65 |
67 |
39,7 |
41 |
||||||
Ескертпе:
— ҚР статистикалық Агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген.
5 кестеден қарастырылып отырған жылдары, тоқыма және тоқыма өнімдері экспорты жоғарылағанын, ал импорттың арту деңгейі экспортқа қарағанда аз болғанын көреміз. Жоғары сапалы отандық тауарлар импорттық балама тауарларға қарағанда 30-40%-ға қымбат. Сонымен қоса, қазір маталар, тоқыма жіптер және тоқыма полотнолар аса шектеклеген көлем мен ассортиментте шығарылып, отандық тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Оларды алып кіргізуге кедендік баж 5-20%-ға дейін болады, нәтижесінде тоқыма және кілем кәсіпорындарының өнімінің қымбаттауына әкеледі. 2003 жылы сыртқы сауда айналымында тоқыма және кілем өнеркәсібі тауарларының үлесі бар болғаны 2,1%-ды құрады. Басқаша сөзбен айтқанда, еліміздің тоқыма және кілем өнеркәсібі халық шаруашылық маңызы жоқ салаға жатады. Қарастырылып отырған саланың тауарлар экспорты 6 кестеде көрсетіледі.
Кедендік декларациялар ақпараттары бойынша есептелген бұл кестеде 2004 жылғы тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі тауарлар экспорты 136879,6 мың долларды, ал импорт (7 кестеде көрсеттік) 81082,4 мың долларды құрады, яғни тауарлардың осы тобы бойынша оң баланс бар .
6-кесте — Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің тауарлар экспорты
(мың доллар)
№ | Көрсеткіштер |
2003 жыл |
2004 жыл |
2004 ж. 2003 ж — ға % — бен |
1. | Мақта талшығы |
84716,3 |
101328 |
119,6 |
2 | Мақта-мата иірілген жібі |
15,3 |
111,6 |
729,4 |
3. | Жүннен иірілген жіп |
— |
21,8 |
— |
4. | Қаптар, брезент |
146,6 |
441,2 |
301,0 |
5. | Басқа да тоқыма материалдары |
588,5 |
64,6 |
11,0 |
6. | Өндірістік — техникалық бағыттағы өнім, барлығы |
113023,4 |
129587 |
114,7 |
7. | Маталар, мата емес материалдар |
1357,2 |
2249,8 |
165,8 |
8. | Тоқыма бұйымдары |
456,8 |
502 |
109,9 |
9. | Шұлық бұйымдары |
49,4 |
135 |
273,3 |
10. | Тоқыма, тігін бұйымдары |
1002 |
629,4 |
62,8 |
11. | Көрпелер, ас үй орамалдары |
487 |
— |
— |
12. | Кілем және кілем бұйымдары |
92,6 |
10,4 |
11,2 |
13. | Басқа да бұйымдар |
48,4 |
1 |
2,1 |
14. | Ақырғы тұтыну тауарлары |
6091,4 |
7292,6 |
119,7 |
15. | Барлық өнім |
119114,8 |
136879,6 |
114,9 |
16. | Ақырғы өнім үлесі |
5,1% |
5,3% |
103,9 |
Ескертпе:
- ҚР Кедендік декларациялар мәліметтері бойынша есептелген;
Бірақ, тоқыма және кілем өнеркөсібінің барлық тауарларынан ақырғы өнім экспорты мен импортын бөліп қарастырсақ, импорт 52302,4 мың долларды, экспорт 7292,6 мың долларды құрайды. Ақырғы өнім үлесі тауарлар импортында 64,5 % — ды, экспортында 5,3 % — ды қамтиды. Ақырғы тұтыну тауарлары экспорты төмендеуге, импорты жоғарылауға бет бұрған. Кедендік импорттық және экспорттық бағалар қатынасы бойынша бірқатар тауарлардың «көлеңкелі» импортының ары қарай экспортқа шығарылуында жариялылық алатыны туралы да жанама түрде ой толғауға болады.
7 кесте — Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің тауарлар импорты
(мың доллар)
№ | Көрсеткіштер |
2003 жыл |
2004 жыл |
2004 ж 2003 ж-ға % — бен |
1. | Мақта-мата иірілген жібі |
444,2 |
249,6 |
56,2 |
2 | Жүннен иірілген жіп |
379,9 |
9,2 |
2,4 |
3. | Қаптар, брезент |
5953,8 |
9347,4 |
157,0 |
4. | Басқа да тоқыма материалдары |
12723 |
10838 |
85,2 |
5. | Өндірістік-техникалық бағыттағы өнім, барлығы |
5032,5 |
6470 |
128,6 |
6. | Маталар, мата емес материалдар |
26296,7 |
28780 |
109,4 |
7 | Тоқыма бұйымдары |
5032,5 |
6470 |
128,6 |
8. | Шұлық бұйымдары |
4432,3 |
4069 |
91,8 |
9. | Тоқыма, тігін бұйымдары |
17088,5 |
23612,4 |
138,2 |
10. | Көрпелер, ас үй орамалдары |
1420,8 |
2414,6 |
169,9 |
11. | Кілем және кілем бұйымдары |
355,8 |
3823,4 |
1074,6 |
12 | Басқа да бұйымдар |
153,1 |
244,2 |
159,5 |
13. | Ақырғы тұтыну тауарлары |
46443,5 |
52302,4 |
112,6 |
14 | Барлық өнім |
72740,2 |
81082,4 |
111,5 |
15. | Ақырғы өнім үлесі |
63,8% |
64,5% |
101,1 |
Ескертпе:
-ҚР Кедендік декларациялар мәліметтері бойынша есептелген;
2004 жылы жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің импорты 81082,4 мың долларды құрады.
5 және 6, 7 кестелердегі статистикалық және кедендік ақпараттардың бір-біріне сәйкес келмеуі де көп тауарларға шекарадан өтерде кедендік баж төлемдерінің төленбеуін немесе «көлеңкелі» түрде өткізілетінін дәлелдейді.
Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі тағы бір мәселе —бағдарлы емес және залалды өндірісті қайта профильдеу, техникалық қайта қаруландыру және кез-келген тиімді тапсырысқа құрал — жабдықты қайта оңалуға мүмкіндік беретін, ресурс үнемдеу технологияларының бәсеке қабілеттілігін меңгеру болып танылады. Салаға тауарларды модельдеу мен маркетингтік жаңа қызметтері, барлық түйіндес салалардың барлық кешенін қамтитын, оның ішінде аралас маталар (мақта, зығыр және синтетикалық жіптер), бояулар, мақсатты инвестициялық бағдарламалар, айналым қорларды азайту үшін несиелер қажет.
Макро деңгейде саланың экономикалық қауіпсіздігіне келесі факторлар қатер төндіреді: ішкі нарықтың сапасыз импорттан және теріс пиғылды бәсекеден қорғалмағаны, кәсіпорындарды айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, бюджет және жабдықтаушылар алдында қарыздың ұлғаюы, құрал-жабдықтың техникалық жағдайының төмендігі, кәсіпкерлердің салаға инвестицияларды салуға асықпауы, білікті мамандардың жұмыстан кетуі .
Біздің есептеулеріміз отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында екендігін, сала өнімдерінің бәсекелік қабілеті төмен деңгейде екенін көрсетті.
Қазақстан аумағындағы тоқыма өнімдерінің нарығын сипатгай келе, саланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тоқыма және кілем өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру, саланың өндірістік әлуетін толығынан пайдалану қажеттілігі бар екенін байқаймыз. Аталған мәселелерді шешу үшін мемлекет тарапынан, сонымен қатар, кәсіпорын тарапынан да бірнеше шаралар атқарылуы тиіс. Олардың қатарына, мемлекет тарапынан келесі бағыттар іске асырылуы керек:
- импорт алмастыру саясатының белсенділігін арттыру;
- өндіріске қажет сырттан әкелінетін шикізаттарға, құрал — жабдықтарға кедендік салымдарды азайту;
- отандық өндірушілерді теріс пиғылды бәсекеден қорғау, ішкі нарыққа енетін өнімдердің сапасын, олардың халықаралық талаптарға сәйкестігін қатаң бақылауға алу.
Кәсіпорын тарапынан келесі шаралар шешілуді қажет етеді:
- бәсекеге төзімді өнімдер шығару қадамдарын жасау;
- өндірісті инновациялық құрал-жабдықтармен жаңарту;
- өнімнің жаңа түрлерін өндіруді қолға алу;
- маркетингтік ізденістердің, өткізу желістерінің мәнін бекіту;
- мүмкіндігінше жаңа нарықтарға шығу.
Мезо деңгейдегі тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық қауіпсіздігін талдау үшін біз зерттеу жұмысымызда Алматы қаласындағы саланың дамуына тоқталып өтеміз. Алматы республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие. Күшті өндірістік потенциалы, нарықта қалыптасқан жеке субъектілері, біршама шетелдік әріптестері және жоғары ғылыми-техникалық, кадрлық, қаржылық әлуеті бар Алматы инвестициялық турғыдан тартымды деп есептеледі .
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында шағын кәсіпорындардың үлесі басым. Бұл сектор бәсекеқабілетті, технологиялық дамыған және қажетті болып табылады. Бірақ, өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ірі және орта кәсіпорындардың (50-ден аса жұмыскері бар) үлесіне жалпы өнімнің 73,9 % — ы, шағын кәсіпрындардың үлесіне 15,4 % — ы, өнеркәсіптік емес кәсіпорындарының балансындағы қосалқы өндірістерге — 2,8 % — ы сәйкес келді.
Барлық тіркелген жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 181 — 1 немесе 73 % — ы киім өндірісімен айналысады, тоқыма бұйымдарын шығарумен 46 кәсіпорын немесе 18 % — ы шұғылданады, былғары, былғары бұйымдары және аяқ киім өндірумен 22 кәсіпорын ( 9 % — ы) маманданған (8 кесте ).
Алматы қаласында маталарды өндеумен айналысатын бір де бір кәсіпорын жоқ, пайыздық үлес салмағы бойынша киім өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың үлес салмағы басқаларына қарағанда басым.
8 кесте — Алматы қаласының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының өнеркәсіп жіктегіші бойынша орналасуы
№ |
Жіктегіш нөмірі мен аты |
Кәсіпорындар саны |
||
|
|
бірлік |
саны |
|
1 |
17-тарау |
Тоқыма бұйымдарын шығару |
46 |
18 |
2 |
17.1 |
Иіру |
7 |
3 |
3 |
17.2 |
Тоқыма өндірісі |
6 |
2 |
4 |
17.3 |
Маталарды өндеу (отделка) |
— |
— |
5 |
17.4 |
Дайын тоқыма бұйымдарын шығару |
18 |
6 |
6 |
17.5 |
Басқа да тоқыма материалдарын шығару |
8 |
3 |
7 |
17.6 |
Трикотаж және тоқылған маталар өндірісі |
1 |
0,5 |
8 |
17.7 |
Трикотаж және тоқылған бұйымдар өндірісі |
6 |
2 |
9 |
18-тарау |
Киім өндірісі |
181 |
73 |
10 |
18.1 |
Теріден киім өндірісі |
7 |
3 |
11 |
18.2 |
Тоқыма материалдардан киім өндірісі |
159 |
64 |
12 |
18.3 |
Теріні өңдеу және бояу, теріден бұйымдар жасау |
15 |
6 |
13 |
19-тарау |
Былғары,былғарыдан бұйым өндірісі және аяк киім өндірісі |
22 |
9 |
14 |
19.1 |
Теріні өндеу |
9 |
4 |
15 |
19.2 |
Шабадан, сөмке және басқа да тері галантерея бұйымдар өндірісі |
2 |
1 |
16 |
19.3 |
Аяк киім өндірісі |
11 |
4 |
17. |
Барлығы |
249 |
100 |
Ескертпе: ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ассоциациясы бойынша есептелген.
Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын бағалау үшін 8 кестені тұрғыздық. Қарастырылып отырған мерзімде өндірілген өнім көлемінің, жалпы өнеркәсіптік өнім көлемііндегі сала өнімінің үлесінің, саладағы жұмыскерлер санының, өнеркәсіп бойынша жалпы жұмыскерлер санындағы сала персоналының үлесінің төмендегені анықталды.
Бір қуантатын жағдай, бір жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы артып отыр. Негізгі құралдардың тозу деңгейі жылдан-жылға артып, 2003 жылы 65,4 % — ды құрады, бұл көрсеткіш тек саланың дамуын теріс бағалайды. Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнім көлемінің жылдан — жылға артқаны байқалтанымен, физикалық көлем индексінің төмендегені байқалады.
9 кесте — Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2003 жыл | 2004 жыл |
2004Ж. 2003ж-ға %-бен |
1 | Өнім көлемі |
млн. тенге |
2091,8 | 3428,8 | 163,9 |
2. | Физикалық көлем индексі |
% |
125,4 | 113,7 | 125,4 |
3. | Сала өнімінің жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі |
% |
2,0 | 2,1 | 105 |
4. | Өнеркәсіптік кәсіпорындар саны |
бірлік |
249 | 251 | 100,8 |
5. | Қызметкерлер саны |
мың адам |
3,895 | 3,719 | 95,5 |
6. | Қызметкерлердің орташа айлық жалақысы |
теңге |
12396 | 15647 | 126,2 |
7. | Сала жұмыскерлерінің жалпы өнеркәсіптегі
персоналдағы үлесі |
% |
8,4 | 8,3 | 98,8 |
8. | Негізгі құралдардың тозу деңгейі |
% |
65,4 | 67,3 | 102,9 |
9. | Негізгі құралдарды жаңалау коэффициенті |
% |
0,5 | 0,7 | 140 |
Ескертпе:
-Алматы қалалық статистика Басқармасының мәліметтері бойынша есептелген;
Негізгі құралдардың тозу деңгейі артып отыр. Негізгі құралдардың жаңару коэффиценті өте аз шамада оң шамаға өзгеруде. Жұмыскерлердің саны қарастырылып отырған жылдары тек төмендегені байқалады.
Мақта маталары, мата емес материалдар және олардан жасалған бүйымдар топтары бойынша натуралдық өлшем бойынша өсу байқалады, қалған тауарлық топтар бойынша құлдырау байқалады. Біздің жасаған қорытындыларымыз бойынша, Алматы қаласының тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы экономикалық дағдарыс жағдайында екені анықталды. Қаладағы саланың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолдану қажеттігі бар.
Натуралдық өлшеммен есептегендегі өнім өндірісі 10 кестеде сипатталады.
10 кесте — Алматы қаласындаға тоқыма және кілем өнеркәсібінің натуралдық өлшеммен өнім өндірісі
№ | Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2003 жыл |
2004 жыл |
2004 ж. 2003 ж -ға %-бен |
1. | Мақта маталары, барлығы | Мың кв, м |
14138 |
19939 |
141 |
2. | Төсек жаймалары |
мың дана |
740,3 |
200,3 |
27,1 |
3 | Кілем және кілем өнімдері |
мың кв. м |
130,7 |
89,6 |
68,5 |
4. | Мата емес материалдар және олардан жасалған бұйымдар |
мың кам |
1030,3 |
1222,4 |
118,6 |
5. | Машинада және колдан тоқылған жемперлер |
мың дана |
20 |
2,2 |
10,7 |
6. | Ерлердің жұмыс киімі |
мыңдата |
66,6 |
57,5 |
86,3 |
7. | Әйелдердің жұмыс киімі |
мың дата |
75,7 |
39,6 |
52,3 |
8. | шалбарлар және баскиімдер |
мың дана |
46 |
-2 |
— |
9. | Киім аксессуарлары |
мың дана |
6012,1 |
-2 |
— |
Ескертпе:
— Алматы қалалық статистика Басқармасының мәліметтері бойынша есептелген.
Қазақстан Республикасындағы жалпы өнеркәсіптің, тоқыма және кілем өнеркәсібінің, Алматы қаласындағы осы саланың дамуын, тоқыма және кілем бұйымдары бойынша экспортты және импортты, Алматы қаласындағы тіркелген жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін бағалай келе біз келесідей тұжырымдарға келдік:
— Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр:
а) рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша — 16,6%, тоқыма және кілем өнеркәсібі бойынша -2,5%;
ә)жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша — 27759 теңге, салада — 9095 теңге, Алматы қаласы бойынша — 15647 теңге ;
б) негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде — 41%, салада -51 %, Алматы қаласы бойынша —65,4 %-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.
Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының 73 %-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға барлық тіркелген кәсіпорындардың 18 %-ы, былғарыдан бұйымдар жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық қауіпті жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттық тауарларды тұтынамыз.
— Ақырғы өнімнің экспорттық үлесі тоқыма және кілем тауарларының көлемінде 5,3%-ды, импорттық үлесі -64,5 %- құрайды. Сала бойынша тоқыма шикізатын (мақта талшығы, мақта-мата иірілген жібі, терілер, былғарылар) экспортқа шығарып, дайын өнімді импортқа алып, отандық өңдеуші кәсіпорындар нарықта шетелдік бәсекелестерімен баға, тауарлық марка тұрғысынан күреске түсе алмай отыр. Бұл жағдай, тұтынушылардың импорттан тәуелді екенін (сәнді де солар анықтайды), азықтық емес тұрғыдан экономикалық қатер бар екенін көрсетеді.
Микродеңгейде экономикалық қауіпсіздікті, оның Қамтамасыз етілу деңгейін келесі бөлімде «Алматы кілем» мысалдарында 1 — бөлімде ұсынылған әдістеме бойынша бағалаймыз.
Тағы рефераттар
- КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА курстық жұмыс
- Бала тәрбиесі баршаға ортақ балабақшадағы ашық сабақ
- Тұтынушылық несиелендіру дипломдық жұмыс
- Қоршаған ортамен танысу (балабақшадағы ойын)
- Константин Фимич Шувалов