Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар туралы қазақша реферат

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін бұл процесті басқаруға қажет жаңа оңтайлы әдістерді жасауды және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету керек.

Мемлекет тарапынан қажет шаралар:

— өндірістік секторды дамыту үшін оңтайлы жағдайларға жету бағытындағы салық жүйесін жетілдіру;

— фармацевтикалық өнеркәсіпке инвестициялау үшін ынталандырушы шараларды ендіру;

— кеден бақылауын жетілдіру және контрабандамен күрес;

— әрекет етуші заңнама бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде отандық фармацевтикалық өндірушілерге басымдылық беру;

— өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар өндірісіне мемлекеттік тапсырыс;

— ішкі нарықтың ашықтылық деңгейін әртүрлі сыртқы экономикалық шаралар арқылы реттеу (кедендік тарифтер, импортты шектеу және т.б.)

— фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың жүйесі мен құрылымын жетілдіру;

— халықты сапасыз фармацевтикалық өнімнен қорғау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік орган жанындағы бақылау – қадағалау бөлімін құру.

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік органның рөлі мынада болады:

— стратегияны жасау, өндіріс жағдайларын бақылау және мемлекеттік қолдау үшін инвестициялық жобаларды іріктеу;

— жергілікті органдардың тапсырыстарын жинау мен өндірушілерді ақпараттандыру арқылы дәрілік препараттардағы денсаулық сақтаудың жалпы қажеттіліктерін анықтау;

— негізгі өмірлік маңызы бар дәрілік препараттардың тізімін жасау;

— өндірушілерге лицензия беру;

— дәрілік препараттардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын бақылау;

— дәрілік препараттарды сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру;

— дәрілік препараттардың өндірісі саласындағы әрекет етуші заңнамаға өзгертулер мен толықтыруларды дайындау.

Қысқа мерзімді кезеңде келесідей міндеттер анықталуы керек:

-отандық тауар өндірушілерді қолдауды және республиканың фармацевтикалық өнеркәсібінің дамуына шетелдік инвестицияларды тарту үшін жағдайларды қамтамасыз ететін заңнамалық базаны құру;

— саланың ұйымдастырушылық, ғылыми – техникалық және өндірістік инфрақұрылымын жасау;

— саланың ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

— халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін және шетелдік технологияларды қолдану арқылы өздерінің өсімдік және мал шикізатында жұмыс істейтін фармацевтикалық өндірістерді қайта жөндеу;

— республика үшін өзіндік шикізаттың барлық түрінен жасалған жаңа дәрілік препараттарды өндіріске ендіру;

— өзіндік шикізаттың негізінде медициналық бұйымдардың өндірістерін жасау.

Ұзақ мерзімді кезеңнің міндеттері келесідей болуы керек:

— негізгі және көмекші фармацевтикалық өндірістерді және олармен байланысты өнеркәсіптік және ғылыми – техникалық инфрақұрылымдарды дамыту;

— фармацевтикалық өнеркәсіп үшін кадрларды дайындау;

— қазақстандық ғалымдармен жасалған жаңа дәрілік препараттар бойынша ғылыми жобалардың жоспарын іске асыру.

Фармацевтикалық зерттеу процесі, өнім өткізудің инновациялық негізінде құрылады. Аталған стратегия түрлі қаржы-эконмикалық әдістерді қолдану арқылы дайындалған. Ғылыми-қаржылық әдістемесі дегеніміз – жалпы ережелер жүйесі, арнайы тәсілдер мен экономикалық зерттеу әдістері болып табылады. Олар инновациялық менеджмент теориясының терртториялық базасын құрайды. Яғни кешенді зерттеулер мен инновациалық стратегияларды дайындау жұмыстарын, компания қызметінің басты мақсатарымен байланыстыра отырып жүргізген дұрыс. Осыған сәйкес барлық ғылыми-зерттеу жобаларыкомпания мақсатына жетуге арналған негізгі тәсілдер тұрғысынан қаралуы тиіс. Осылайша инновациялық өнім өткізу саясаты-өзара тығыз байланысты түрлі аспектілерден құралған жоғарғы интеграцияланған біптұтас жүйе. Инновациялық стратегияны іске асыру кезеңдерін тереңірек қарастырайық. Инновациялық өнім өткізу бойынша үлесін көбейтуге арналған іс-шаралар тізбегі түрін қабылдайды. Ең алдымен ұйым міндетіне сәйкес дамудың негізгі стратегиялық приореттері сараптаудан өткізіледі.

Жалпы «Химфарм» компаниясын зерттей келе, бұл кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекеге қабылетті. Және статистикалық талдау жүргізуде бұл кәсіпорынның ЖҰӨ-ге қосатын үлес пайызы жоғарғы деңгейде байқалады.


Тағы рефераттар