Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері туралы қазақша реферат
Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел эканомикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Салық жүйесін мемлекетпен заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдарымен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Кез келген мемлекеттің салық жүйесі оның әлеуметтік, саяси, экономикалық және ұлттық ерекшеліктеріне орай қалыптасады. Сондықтанда Қазақстанның салық жүйесі дамуының үш кезеңін көрсетуге болады:
1 Қарапайым салық жүйесі
2 Әкімшілік басқарудағы салық жүйесі
3 Жаңашыл салық жүйесі
Енді осы салық жүйесі кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін айтып көрсетіп, жеке-жеке тоқталып өтелік. Қарапайым салық жүйесі Қазақстан аумағында революцияға дейін қалыптасты. Бұл салық жүйесі, бір жағынан, өзіндік тарихи әдісті, ұлттық әдет-ғұрыпты, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайларды еске ала отырып құрылса, екінші жағынан Ресей жөне көршілес орта азиялық мемлекеттермен болатын сауданың, шаруашылық және экономикалық байланыстардың әсерінен қалыптасаты.
Қазақ феодалдары мал жайылымдарына арналған ең құнарлы жерлерді өз қолдарыңда иемденіп мал ұстаушы көпшелі халық пен жер өндеушілер феодалдарға жер рентасын төлейтін болды. Мал шаруашылығы
аудандарына малдың жиырмадан бір бөлігі зекетті, ал жер өндейтін аудандарда егіннің оннан бір бөлігі — ұшырды төледі. Сонымен қатар хандар мен сұлтандардың көшіп-қонуының жағдайын жасау, жауынгерлер беру, қару-жарақпен және азық-түлікпен қамтамасыз ету мойындарында болды. Халық өз хандарына ерікті түрде соғым, сыбаға беретін болды. Хандар соттың үкімін оннан бір бөлігі ретінде соттық бажды (хандық) және көшпелі көпшенді керуендерден баж жинады.
Сонымен бұл қарапайым салық жүйесі сол аймақтағы байлар мен хандардың жеке қажетін қанағаттандыруға, өсіп-өркендеуіне байланысты қалыптасуымен ерекшеленеді.
Революция төңкерілісінен кейін жаңа Үкіметтің билік алуы Казақстан аумағында қалыптасқан салық жүйесіне біршама өзгерістер енгізді, Кенес Одағы біртұтас салық жүйесін орнатып, оның таралуы барлық аймақты қамтыды. Алғашқы салықтар көбінесе азық-түліктен алынды.
Бұл салық жүйесінде әкімшілік — командалық басқару етек алды. Мемлекет тек салық жүйесін ғана емес, барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын қадағалап, бақылап, басқарып отырды.
Қазақстанның 1992 жылға дейін өзіндік салық жүйесінің болмағанын айта кеткен жөн, өйткені ол жалпы Одақтың салық жүйесіне енді. Оның құлдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мүшелерімен келісе отырып, салық жүйесін қалыптастыру міндеті тұрды.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған » Қазақстан Республикасындағы салық жүйіесі туралы » Заңды тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан Қазақстан Республйкасында:
1 Жалпы мемлекеттік салықтар;
2 Жалпыға міндетті төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
3 Жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді;
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылысқа кездескен ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты.
Салық санының көптіті, айналымды анықтаудың қиындығы шектен тыс дәлелсіз беріліен салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салудың негздерінің тыс қалуы және тағы басқа кемшіліктер салық жүйесінің одан қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз. Сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі ары қарай дамиды.
Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының үзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бұл құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкес қызмет егуге жеткізу көзделген.
Осы концепцпясы іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 24.04.95 жылы қабылдаған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Жарлығы болып табылады. Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше жақыңдатылған,
Енді бұрын қызмет еткен 45 түрлі салықтар мен алымдардың саны едәуір қысқартылып , жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген. Бірақта Президент жарлығының өмірге енгенінен бастап оған көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, салықтар саны 11-ден 17-ге дейін өсірілді.
Қазіргі уақытта, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа салық кодексі күшіне енді. Осы кодекс бойынша 9 түрлі салыктар мен 27 түрлі бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер заңды және жеке түлғалардан алынады.
Салық жүйесінде басты орынды салықтардың түрлері алатып сөзсіз. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі бойынша Қазақстаң Республикасында мынадай салықтар қалыптасқан;
1 Корпорациялық табыс салығы;
2 Жеке табыс салығы;
3 Қосылған құнға салынатын салық;
4 Акциздер;
5 Жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері;
6 Әлеуметтік салық
7 Жер салығы
8 Заңды және жеке түлғалардың мүлкіне салынатын салық;
9 Көлік құралдарына салынатын салық.
Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі деп танылады. Оған сәйкес салық төлуші салық органына тіркеу есебіне тұруға; салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Мемлекет салық қызметі органы арқылы салық төлеуішден — оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған жағдайда оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Жоғарыдағы Қазақстан Республикасының даму кезеңдері керсеткендей, салық жүйесінің даму кезеңі деп бір орында, өзгеріссіз тұрып қалуы мүмкін емес. Ел жономикасының дамуы, нарықтық қатынастарға көшу жолында қалыптасатын іс-тәжірибелер, экономиканы дамыған елдердің тәжірибелерін, талдап-жинақтау барысында, салық жүйесі де өзгеріп, дамып, бара-бара жақсара түсуі тиіс.
Тағы рефераттар
- Кикілжің проблемасының зерттелінуінің теориялық қағидалары
- Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді болжау ерекшеліктері
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі
- Макроэволюция мен Микроэволюция
- Ертеңгілік жаттығудың бала өміріндегі орны балабақшадағы ертеңгілік