Қазақстан тоталитарлық жүйе кезінде (20 – 30 жылдар) туралы қазақша реферат

  1. Азамат соғысынан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның саяси, экономикалық дамуы, ЖЭС;
  2. Қазақстан индустрияландыру кезінде;
  3. Қазақстандағы ұжымдастыру;
  4. Қазақстан мәдениеті, білім, ғылымның дамуы, қазақ кеңес интеллигенциясы;
  5. Қазақстан жеке басқа табыну кезінде.

Азамат соғысы кезінде қираған өндіріс орындары мен транспортты, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру саласындағы атқарылған шаралар. Оның қарқыны, барысы. Соғыс барысындағы өлке экономикасының дағдарысқа ұшырауы. Осыған байланысты атқарылған шаралар. Кеңес үкіметіне қарсы бас көтерулердің орын алуы. Елдегі 20 жылдар-дың басындағы саяси – экономикалық дағдарыс. Жаңа экономикалық саясаттың қабылдануы. 1921 жылғы Қазақстандағы “жер – су” реформасы. Бұл саладағы жіберілген қателіктер мен асыра сілтеулер. ”Қосшы одағы”,  мақсаты және оның ауылдағы кеңес саясатын жүргізудегі ролі.

Қазақ жерлерінің Қаз. АССР – не бірігуі. 20 – 30 жылдардағы республикадағы қоғамдық – саяси өмір. 1924 жылғы шілде айындағы облыстық партия ұйымының құрылуы. Оның өлкелік партия ұйымына ауысуы.Қазақстан кәсіподақтары ұйымының құрылысы. Социалистік жарыс шараларының басталуы. Облыстық комсомол ұйымының өмірге келуі. Халықтың кеңес органдарының жұмысына қатысуы. Қазақстандағы алғашқы коммунистік сенбіліктер. Екпінді еңбек топтарының дүниеге келуі, оның республика жұртшылығына тарауы. Қоғамдық саяси қозғалыстар мен халық белсенділігінің ел экономикасын қалпына келтірудегі маңызы.

Қазақстандағы индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктері мен барысы. Қазақстанның Кеңес Одағының шикізат базасына айнал-дыру жоспарының басталуы, мақсаты. Алғашқы кәсіпорындар. Республикадағы мұнай, электр энергиясын өндірудің артуы. Ембі мұнайлы ауданы өндірістік қуатының артуы. Гурьев – Орск мұнай құбырының салынып, іске қосылуы. Жұмысшы табы құрамының өсуі, ондағы қазақ-тардың үлесі.

Алғашқы бесжылдықтар кезіндегі Қазақстан. Оның орындалу барысы. Қорытындысы.

Қазақстандағы ауылшаруашылығын коллективтендірудің баста-луы. Оның өзіндік ерекшелігі мен мақсаты, барысы. Коллективтендіруді қысқа мерзімде аяқтаудың Сталиндік жоспары. Халықты жаппай күш-пен отырықшыландыру мен колхозға тарту. Шаруалардың малын мем-лекет қарамағына алу. Бұл саладағы асыра сілтеулер. Халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен өмір салтының бұзылуы. Оның зардаптары мен қазақ даласын қамтыған аштықтың басталуы, көлемі. Қазақ халқының Сталиндік күштеу саясатына қарсылығы. Көтеріліс қамтыған аудандар. Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. Халықтың  басым көпшілігінің еріксізден шет елдерге қоныс аударуы. Қазақстан территориясының кулактарды жер аудару аймағына айналуы. (46091 кулак жанұясы Қазақстанға жер аударылды.)

Ф.И. Голощекин және оның Қазақстандағы саяси қызметі. “Кіші Қазан төңкерісін” жариялау, оның мәні мен мақсаты.

Бүкіл елдегі Сталиндік террордың басталуы. Оның Қазақстанға әсері. Қазақ жеріндегі лагерлер жүйесінің қалыптасуы. (Карлаг, Степлаг, Алжир) Қазақстандағы “халық жаулары” салған құрылыстар.

ХХ ғасырдың 30 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстанның саяси құрылысы. (Қазақ ССР – інің құрылуы, Қазақстан Конститу-циясының  қабылдануы, оның  нақты мәні мен маңызы.)

Қазақстанның 20 – 30 жылдардағы мәдени дамуы. Сауатсыздықты жою ісі, нақты мақсаты мен жүру барысы. Халықты жаппай оқыту, Сауатсыздықты жою мектептерінің ашылуы, оған халықтың тартылуы. Прогрессивтік мәні. Арнаулы орта, жоғары білім беру жүйесінің қалып-тасуы. Қазақстандағы алғашқы арнаулы орта және жоғары оқу орын-дары. Жұмысшы факультеттерінің ашылуы. Оған қазақ жастарының тартылуы. Ұлттық техникалық интеллигенцияның қалыптасуы. Мәде-ниет ошақтары. Ұлттық музыканы, әдебиетті, өнерді, жалпы мәдениетті дамытудағы алғашқы шаралар. Ұлттық драма және опера театрларының ашылуы. Ұлт аспаптар оркестрінің құрылуы. Суретшілер және жазушы-лар одағының ұйымдастырылуы. Қазақстан жазушылары мен ақында-ры, олардың шығармалары,көтерген тақырыптары. Өнер қайраткерлері, олардың қызметі. Қазақстан өнер шеберлерінің Москвадағы алғашқы онкүндігі. Қазақстан ғылымының қалыптасуы мен ғылыми зерттеу орындарының ашылуы.

КСРО Ғылым Академиясы Қазақ филиалының құрылуы.     Мәдени революцияның қарама – қайшылықтары. Қазақстан саяси, мемлекет қайраткерлері, ақын, жазушылары, ғылым өкілдерінің репрессияға ұшырауы. Қазақстандағы репрессия көлемі мен оның зардаптары.


Тағы рефераттар