Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі туралы қазақша реферат
Жоғарыда айтылғандай Қазақстан агроөнеркәсіп кешені дамуның басты бағыттары негізінен алғанда ұйымдық және технологиялық мазмұнда болды. Алайда, оларды жүзеге асыру үшін экономикалық және әлеуметтік-құқықтық жағдайлар қажет. Сондықтан да қазіргі уақытта шын мәніндегі экономикалық тәуелсіздікке және шынайы азық-түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу, агробизнесті дамыту және нарықтық қатынастарды толық игеру үшін экономикалық реформаларды терендету және кеңейту қажеттілігі туып отыр.
Әрине, нарықтық экономика заңмен тыйым салынбайды қызметтің кез келген түрімен айналысатын іскерлердің бостандықтағы қарым-қатынастарына негізделеді. Дей тұрғанмен, агроөнеркәсіптік кешен үшін мемлекеттік реттеу жағдайында ғана шешілетін проблемалар ерекше белгі болып табылады. Олардың қатарында шаруашылық жүргізу нәтижелерінің адам бақылауына көнбейтін табиғи және әсіресе ауа райы жағдайларына тәуелді болуымен өндіріс қоры мен қызмет көрсетудің бағалық конъюнктурасымен анықталатын ауыл шаруашылық өндірісінің төмен рентабельділігін, ірі, бірақ өзін-өзі баяу ақтайтын күрделі қаржыны игеру қажеттілігін және басқа факторларды айтуға болады.
Сонымен бірге мемлекеттік ұйымдардың агробизнеске шамадан тыс араласуы жағымсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Сондықтан да, мемлекеттік реттеу ең қажетті шаралармен шектелуі тиіс. Олардың қатарына мыналар жатады:
- Нарықтық қатынастарды дамытуға ынталандыратын заң мен нормативтік актілер жасау және қабылдау жолымен құқықтық базаны қалыптастыру және олардың жүзеге асырылуы мен орындалуына бақылау жасау;
- Баға белгілеу, салық салу, қаржылық-несиелік қарым-қатынас, қамсыздандыру және басқа мәселелерді дұрыс шешуді қарастыратын аграрлық саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Агроөнеркәсіп өндірісін тұрақтандыру, тауар өндірушілердің табысын қолдау және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен пайдалану есебінен өңдірістің сапалық қайта құрылуын жеделдету үшін жекелеген салалар мен аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік құрылымдық саясатты жүзеге асыру;
- Халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы қызметті үйлестіру;
- Ауыл шаруашылық және жер ресурстарны бөлу, жер реформасын жүзеге асыру, жер кадастры енгізу;
- Шаруалардың әлеуметтік қорғалу жүйесін агроөнеркәсіп кешенінде әлеуметтік саясатты реттеу; Шаруалардың зейнетақысының қамтамасыз етілуіне, тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық құрылысқа қатысу, ауылдық жерлерде фермерлік үлгідегі шағын елді мекендерді дамыту, республиканың аз табысты тұрғындарын мемлекеттік бюджет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өндірісінен босап қалған еңбекке жарамды тұрғындарды еңбекпен қамту және басқа проблемаларды шешуге қатысу;
- Ғылыми зерттеу, селекциялық және асылдандыру ісін қаржыландыру және ұйымдастыру, ғылым мен техника жетістіктерін өндіріске енгізу;
- Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу жөніндегі шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Азық-түлік пен ауыл шаруашылығы шикізатының мемлекеттік ресурсын қалыптастыру;
- Табиғи ресурстарды пайдалануға, қоршаған ортаның жай-күйі мен қауіпсіздік техникасын сақтауға, азық-түлік сапасына бақылау жасау, санитарлық бақылау, жерге орналастыруға, өсімдіктерді қорғауға және ветеринарлық жағдайға бақылауды жүзеге асыру;
- Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын басқару;
- Агробизнеске заңдық қызмет көрсету және оларды құқықтық тұрғыдан қорғау.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттен алу және жекешелендіру, оңдағы меншікті тікелей тауар өндірушілерге, яғни шаруаларға беру проблемасы ерекше маңызды болып табылады.
«Меншік» котегориясы – қоғамдық ғылымдағы ең күрделілердің бірі. Экономистер мен заңгерлер, филосовтар мен социологтар оның мазмұның анықтауда үнемі пікірталас жүргізіп келеді. Бұл жөнінде де тұтас ілім мен жүцелер қалыптасты. Бірақ, барлық уақытта да және әр түрлі елдерде де меншікті ғылыми түсінуден басқа оны жай қарапайым тұрмыстық көзғарасқа қабылдау да қалыптасқан. Бұл проблема төңірегіедегі негігі тұжырымдарға шолу жасау ғылыми ойды дамыту жай түсініктен бастап ең күрделі философиялық-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық көзғарас пен ілімге дейін барғанын дәлелдейді.
Ежелгі Римнің өзінде заңгерлер меншікті затты пайдалану және шамадан тыс пайдалану құқығы ретінде анықтаған. Олар жеке меншіктің шексіз билік, адамның меншік объектісі –затты өз қалауы бойынша иеленуінің құқығы ретіндегі классикалық үлгісін қалыптастырған. Құл да тірі зат ретінде құл иеленушінің шексіз билік жүргізетін обьектісі болып қарастырылған. Алайда, нақты өмірде меншік обьектісіне шексіз билік жүргізу үнемі шектеуге кезігіп отырған.
Мысалы, затты шектен тыс пайдалану сол заттың, яғни меншік обьектісінің жоғалуына әкеліп соққан. Құлды, жұмысқа жегілетін малды дұрыс күтпеу олардың өлуіне себепші болған. Құлдар тек қана өздерінің билеушілерін жек көріп қана қойған жоқ, сонымен бірге еңбек құралдары мен заттарын да ұнатпай, олардың істен шығарды және көзін жоюға тырысты. Міне, осылай затты шектен тыс пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау меншіктің жоғалуына алып келді. Әсіресе, жерді дұрыс пайдаланбаудың ақыры жақсылыққа әкеліп соқпады, жер мұндай жағдайда өзінің құнарлылығын жоғалтып, көпке дейін, тіпті өмір-бақи байлық көзі болудан қалды.
Өмір өзі тұрақты көрсетіп отырғанындай, біреулердің затты иеленуге ұмтылуыбасқа адамдардың да осындай ұмтылысына кезігіп отырған. Сондықтан да жеке меншікке құқықты жүзеге асыру осы басқа адамдардың келісімімен байланысты болған. Міне, осылай меншік жеке бір адамның затқа деген жай қатынасы емес, мүлікті иелену, пайдалану және билеу мәселелеріне байланысты қоғамдық қатынас ретінде әрқашанда көрінуі тиіс.
Меншік ұғымы адамды немесе адамдар қауымын меншік иесі ретінде бекітетін бастапқы негізбен анықталады және онымен әрқашанбайланыста болады. Орта ғасырларда мұндай негіз соғыс, зорлап тартып алу, тіпті ұрлап алу болып табылды. Алайда, азаматтық қауымдастықтың қалыптасуымен және дамуымен адамдар бұл проблемаларды шешудің ақылға қонымды жолдарын тезірек іздестіруді ойластырды.
ХVІІ ғасырда ағылшандық ғалым Д. Локк бір адамның өмір сүруінде, оның табиғи теңдігінде, өз өмір сүруін сақтауының табиғи құқықтық негізі бар деген идеяны дамытты. Бұдан көріп отырғанымыздай, Д.Локк адамды жеке меншік субьектісі ретінде қарастыратын негізге байланысты ойларын ашық айтып отыр.
А. Смит пен Д. Рикардо табиғи бостандықтағы жеке меншік туралы Локктің идеясын қолдай отырып, осындай меншікке экономикалық негіздеу берді. Жеке меншіктің мәңгілігін және қоғамдық меншіктің ақылға сыйымсыз екендігін Гегель өзінің «Құқ философиясы» еңбегінде дәлелдеді. Гегель ілімі бойынша меншік өзінің мәні жағынан тек қана бостандықтағы, толық жеке меншік болып табылады.
Осы бір өткенге аз ғана көз жүгірту қоғамдық, оның ішінде әміршіл-әкімшіл экономика билік құрған кезеңдегі мемлекеттік идеология ретінде бой көрсеткен қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік меншікті дәріптеу теориясы қате көзғарас екенін дәлелдейді.
Сондықтан да қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында өндірушіге өз еңбегімен жасаған өндіріс қорын қайтару керек пе, әлде қайтармау керек пе деген әңгіме төңірегіндегі пікірталас ты жүргізудің ешқандай қисыны жоқ екендігі дәлелдеуді керек етпейді. Бұл – нарыққа апаратын, дағдарысты жойып, экономиканы көтеретін ең қысқа жол. Оның үстіне өндіруші бұған дейін болған құбылысқа қарама-қарсы жағдайды иеленіп, құрал-жабдықтарды меншігіне айналдыра отырып, мемлекетті экономикаға қызмет етуге мәжбүр етеді.
Сондықтан да мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жоғарыда көрсетілген себептері агроөнеркәсіп кешенінде нарықтық жаңғырудың ең басты негіз болып табылады. Тұжырымдық бағдарлама мемлекеттен алу және жекешелендірудің теориялық және әдістемелік бағыттарын анықтай келе агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салаларының, кәсіпорындар мен ұйымдарының ерекшеліктерін еске ала отырып, мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мүлкін мемлекеттен алу және жекешелендіру жөніндегі Президенттің тиісті жарлықтары мен Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына сүйенеді. Нақты жекешелендіру төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындарды шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға, олардың ассоциацияларына және басқа шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес тәсілдеріне көшіру;
- Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін құру;
- Меншіктің тұлғаландырылған тәсіліндегі ұжымдық кәсіпорындарға көшіру; мемлекеттік мүлікті конкурс бойынша немесе аукционда сату.
Тұрақты өзін-өзі ақтамайтын кәсіпорындарды жекешелендіру осы шаруашылықтың еңбек ұжымы құратын шаруашылық серіктестіктеріне немесе аукционерлік қоғамдарға олардың мүлкін тегін беру немесе ұжым бұл мүлікті алудан бас тартқан жағдайда аукцион немесе конкурс арқылы сату жолымен жүргізіледі.
Біртұтас және технологиялық ажырамас өндірісі бар құс фабрикалары, мал шаруашылығы кешендері, жылыжай комбинаттары және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары басым жағдайда акционерлік қоғамдарға және корпорацияларға айналдырады.
Нан өнімдері, ет, сүт, тамақ, жеміс-көкөніс қалбырлау өнеркәсібі жүйесіндегі және материалдық-техникалық жабдықтау, жөндеу, машина жасау, агросервистік қызмет көрсету, транспорт және ауыл шаруашылық өнімдерін тарату саласындағы кәсіпорындарды және құрылыс пен су шаруашылығы кешендерін мемлекеттен алу және жекешелендіру көпшілік жағдайда акционерлендіру жолымен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тауар өндірушілердің мүдделері барынша толығырақ қорғалады. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және сақтаумен тікелей байланысты салаларда, сондай-ақ қызмет көрсететін сфераларда акциялардың ең кем дегенде жартысы олардың қызметін пайдаланатын және өндеуге өндірістік және әкелетін кәсіпорындарға, шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына өткізілуі тиіс.
Ұсақ және орта дайындау, өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының мүлкі жекешелендірілгенде, оларды селолық өндірушілердің қатысуымен жабық акционерлік қоғамға айналдырған жағдайда мемлекетке акциялардың бақылау пакеті қалдырылмайды. Республика немесе облыс рыногінде ерекше орын алатын кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекет қатысуымен ашық акционерлік қоғамдарға айналдырылуы керек. Мемлекеттің спирт, ликер-арақ және темекі өнімдерін өндіретін салаға монополиясын сақтау маңыздылығы есепке алына отырып, сондай-ақ шикізатты, материалдар мен құрал-жабдықтарды сырттан сатып алу үшін валюталық қорды тиімді пайдалану қажеттілігіне байланысты өнеркәсіптің бұл саласындағы кәсіпорындарды жекешелендіру кезінде олар акциялардың 51%-і мемлекет меншігінде сақталынатын ашық акционерлік қоғамға айналдырылады.
Жекешелендіруге жатпайтын кәсіпорындар мен ұйымдар:
- Мал дәрігерлік қызмет;
- өсімдік карантинасы;
- мемлекеттік тұқым инспекциясы;
- өсімдіктердің сорттарын сынау жөніндегі комиссиялар, сорт сынау станциялары және мемсоручаскелері;
- химияландыру және өсімдіктерді қорғау станциялары;
- өнім сапасы жөніндегі инспекциялар;
- мемлекеттік ауыл шаруашылығын бақылау ; жоғары және орта оқу орындарының оқу шаруашылықтары;
- мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің тәжірибелік және тәжірибе-эксперименттік шаруашылықтары;
- мемлекеттік асыл тұқымды және жылқы зауыттары;
- мемлекеттік асылдандыру шаруашылықтары;
- дәрілік өсімдіктер кеңшарлары;
- су шаруашылығы және суландыру жүйелері мен құрылыстары обьектілері;
- әлеуметтік инфрақұрылым обьектілері (білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері);
- мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары балансында тұрған өндірістік инфрақұрылым обьектілері (көпірлер, плотиналар, жолдар, су құбырлары, суландыру жүйелері, жылу және электр жүйелері, канализациялық жүйелер, байланыс құралдары және т.б.).
Тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешен өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және жеке меншік базасында жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда І сфера (ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын шығару) басым жағдайда мемлекеттік меншікке негізделеді; ІІ сфера (ауыл шаруашылығы өндірісі) жеке; ІІІ сфера (ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өңдеу) жеке және мемлекеттік меншікке негізделеді.
Ауыл шаруашылығы өнімі рыногін мемлекеттік реттеу басым жағдайда бағалақ, қаржылық, несиелік және салықтық құралдарды пайдалану арқылы экономикалық әдіспен жүзеге асырылады.
Баға саясатының негізгі бағыты еркін тағайындауға көшу болып табылады. Рыноктің қалыптасуы барлық тауар өндірушілердің меншік және шаруашылық жүргізу әдістеріне қарамастан баға белгілеу мен өнімді өткізу арналарын тандауда толық түрде өз бетінше шешім қабылдауын қарастырады. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген белгілі бір мемлекеттік қажеттілікті өтеу үшін мемлекет өндірушілермен ерікті және өзара тиімді контрактіге отырады. Онда келісімді бағадан басқа салықтық, несиелік жеңілдіктер мен материалдық техникалық ресурстарды қамтамасыз ету, өндірістік және өндірістік емес обьектілерді қаржыландыру жөнінде әр түрлі ынталандыру шаралары қарастырылуы мүмкін. Алайда, еркін баға агроөнеркәсіп кешенінің І және ІІІ сфераларындағы кәсіпорындарды демонополизацияланған жағдайда ғана тиімділік беруі мүмкін, ал басқаша жағдайда өндірістің құлдырауы мен бағаның өсуінен қашып құтылуы мүмкін емес.
Селолық өндірушілер табысын қолдау мақсатында өнімді өткізу мен жеңілдік несиелерге жол ашуды қамтамасыз етуге кепілдік беретін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлеріне сауда және сатып алу операциялары қарастырылған. Сондай-ақ, биржалар болашақ өнімді сатып алуға ауыл шаруашылық өндірушілермен келісім-шартқа отырған жағдайда фьючерстік сауда-саттық тегеріші пайдаланылады. Мұндай фьючерстік операциялардың артықшылығы тауар өндірушілер өнім алғанғадейін процентсіз несиелерді пайдалана алатындығында жатыр.
Мемлекеттік реттеусіз монополизм жағдайында өнеркәсіп және ауыл шаруашылық арасындағы бағаның паритетін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан да өңдіріс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қызмет көрсететін немесе олардың өнімін өңдейтін барлық монополист – кәсіпорындар үшін келісімді бағаның жоғарғы шегін (немесе рентабельділік деңгейінің шегін) белгілеу қажет.
Қаржылық саясаты селода көпукладты экономиканы құрудың бастапқы кезеңінде бәсекелестікті тудыруға және дамытуға жағдай жасауы керек. Сондықтан да қаржылық көмек ең алдымен тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік бағаны қамтамасыз етуге, агралық сфераны жеңілдікпен қаржыландыруға көмектесетін коммерциялық банкілердің шығындарын жабуға, сондай-ақ жекелеген селолық аудандар, экологиялық аймақтар жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға, шаруашылық айналымынан шығып қалған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта қалпына келтіруге бағышталуы тиіс.
Тауар өндірушілерді бюджет есебінен кең көлемде қаржыландыру нарықтық экономика толық орнатылғанда ғана мүмкін болады. Мұндай жағдайда мемлекеттік қаржылық қолдау шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, табиғат апаттарының шығындарын өтеуге, су шаруашылығы және топырақты суландыру жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығындағы жаңа немесе ерекше қиын өңдірістерді ұйымдастыруға бағытталады.
Экономиканың аграрлық секторындағы несие саясаты ауыл шаруашылығындағы өте төмен табыстылықты есепке алады. Сондықтан да ол төмендегі арналар бойынша бағытталуы тиіс:
- ауыл шаруашылығын несиелендіретін банкілер қызметін ұйымдастырушы ерекше мемлекеттік несиелік институттар құру;
- меншік және шаруашылық жүргізу тәсіліне қарамастан барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерін өнім жинағанға дейін өнімнің тауарлық бөлігіне 50%-ке дейінгі көлемде, өнім жинау кезеңінде 20%-ке дейінгі көлемінде процентсіз қаржы, сондай-ақ несиелендірілетін обьектілердің басқа түрлеріне азайтылған несиелік қаржы (10%-ке дейін) алуға жол ашуды қамтамасыз ету;
- несиені қамтамасыз етуге төмендетілген талап орнату;
- коммерциялық банкілерге қарыздарын қайтаруға кепілдік беру;
- ауыл шаруашылығына несие беретін банкілерге бағалы қағаздар шығару құқын беру және олардың эмиссиясы мен айналымы үшін ерекше қолайлы жағдай жасау (эмиссия жөніндегі жеңілдіктер ауыл шаруашылық несиесіне қажетті қаржылық ресурстарды арзандатуымен қатар тез жинақтауды жеделдетеді);
- несиелік қаржыны төмендетілуі мен қарыздың қайтарылмауынан туындаған шығындарды жабу үшін ауыл шаруашылық несиесін ұйымдастыруды мемлекеттік қаржыландыру.
Ауыл шаруашылығына деген мемлекеттің салық саясаты өзінің фискальдық мәнін жоюы керек. Салықтың түрлері мен мөлшерін анықтаған кезде тікелей салық салу жолымен жеңілдетілген салық салу есебінен жүзеге асырылатын олардың ынталандырушы функцияларына ерекше назар аударылуы қажет.
Жерге біртұтас салық енгізілгеннен кейін, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатындықтан, ауыл шаруашылық кәсіпорындары табысқа салық төлеуден босатылды. Бұл аграрлық өңдірістің нәтиже беретін көрсеткіштеріне тіпті салық салудан босатылуға алып келді. Нәтижесінде салық көмегімен бағаны, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатудың көлемін, жеке тұтынуға және қорлануға бағытталатын пайданы мемлекеттік реттеу мүмкін болмай қалды. Осыған байланысты салық салудың негізгі обьектісі ретінде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін – пайда, ал ұжымшарлар үшін жалпы табыс белгіленді.
Жалпы алғанда, салықтар мен аударулар кәсіпорынның жалпы табысының 20-25%-інен аспауы керек. Өйткені, жалпы табыстың 25%-інен 50%-іне дейін салыққа лаынуы тек қана өндірісті қалпында ұстауды қамтамасыз етсе, ал 50%-тен астам салық салу өңдірістің шығынға батып, жабылуына алып келеді. Жеке меншікке негізделген жеке немесе отбасылық еңбек (шаруа қожалықтары, кооперативтер және т.б.) сияқты шаруашылық жүргізудің өркениетті тәсілдеріне болашақта салықтың тек қана бір түрі – жалпы табысқа салық салу қолданылуы керек. Одан әрі ауыл шаруашылығындағы дағдарыстан өту мен аграрлық рынокті қалыптастырудың шама-шарқына қарай салық жүйесі күрделене түседі. Оның негізгі элементтері мыналар болады: пайдаға (таза табыс) салық, капиталдың өсуіне салық, қозғалмайтын мүлікке салық, жалданбалы жұмыс күшін әлеуметтік сақтандыру, акциздер.
Инвестициялық саясат агроөнеркәсіп кешеніндегі көпукладты экономиканың қалыптасу кезеңінде көптеген өзгерістерге ұшырайды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең көлемдегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, әлеуметтік сферадағы обьектілер құрылысын салу, сондай-ақ селолық тауар өндірушілерді қаржылық жағынан қолдау үшін мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру сақталады. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басқа барлық шараларына инвестиция бөлу қайтарылу негізінде жүргізілуі тиіс.
Агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасында инвестициялық саясаттың басым бағыттары мыналар болып табылады:
- конверсия нәтижесінде босап қалған бұрынғы кәсіпорындарды қайта бағдарлау мен жаңа құрылыстар салу есебінен өзін экономикалық жағынан ақтайтын ауыл шаруашылық және азық-түлік машиналарын жасайтын өзіндік база жасау;
- түпкілікті техникалық қайта жарақтандыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жабдықтау;
- алдыңғы қатарлы технологияға және өндіріс құралдары рыногіндегі коньюнктураның өзгерістеріне тез бейімделетін аз сериялы өндіріспен айналысатын орташа және ұсақ кәсіпорындарды дамыту.
Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға паритетінің сақталмауы жағдайында мемлекеттік қолдау көрсету жолымен меншіктің барлық тәсіліндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының сапалық жаңғыруын, негізгі қордың шапшаң қалпына келтірілуін және жаңартылуын, өндірістік инфрақұрылымның дамытылуын көздейді.
Агроөнеркәсіп кешенінің өңдеу сферасында мемлекеттің қатысуымен тікелей селолық елді мекендерде өңдеу (кіші және орта қуаттылықтағы) жөніндегі кәсіпорындар салынатын болады.
Тұжырымдық бағдарлама сондай-ақ әлеуметтік даму және Республика агроөнеркәсіп кешенін мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дағдарыстан шығу және нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде дамытудың негізгі бағыттары бойынша қосымша мынаны атап өтуге болады: Батыстың көмегіне сүйену керек әрі ондай көмекті кері қайтаруға болмайды. Бірақ, бұл гуманитарлық көмек немесе мейірімділік актісі ретінде қабылданбуы керек. Өйткені, мұндай мүсіркеушілік – біз үшін басы артық дүние. Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларын алу үшін несиелер (ақылға сыйымды мөлшерде), капиталды сырттан әкелу және бәсекелестіктің басқа тәсілдерінің қажеттілігі пісіп жетілгендігін мойындауымыз керек.
Ашық экономика, шетелдік капиталдың, жаңа тауарлар мен жаңа жұмыс орындарының келуі әрқашан да зиян, бірақ біздің экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіп өндірісінің қазіргі жағдайдағы жай-күйі үшін кейбір қазіргі радикалдардың асыра сілтеушілігі сияқты тіптен қауіпті. Қазіргі тынымсыз және қиын уақытта тек салмақты экономикалық шешім мен ұзақ мерзімді саяси тұғырнама ғана табысқа жеткізеді. Біз бұл жерде экономиканың аграрлық секторында, ең алдымен тікелей ауыл шаруашылығы өндірісінде шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдерін бағалау және таңдау жолдарын іздестіруге тұспа-тұс келеміз.
Тағы рефераттар
- Сульфат целлюлозаны жуу және тазарту технологиялық процестерін автоматтандыру
- Сана
- Қаржылық есеп беруді жасау
- Табыс және шығындардың есебі
- Африканың жер бедері мен геоморфологиясы