Қазақстандағы республикалық маңызы бар музейлер: 

—       Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының музейі (Астана)

—       Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің музейі (Астана)

—       Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы)

—       Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі (Алматы)

—       Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының археология музейі (Алматы)

—        Мемлекеттік «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық музейі (Түркістан)

—       «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік қорық музейі (Тараз)

—       Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі (Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы)

—       Абайдың Жидебай-Бөрілі тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі (Семей)

—       ҚР Алтын және асыл металдар музейі (Астана)

—        Ұлытау мемлекеттік тарихи-өлкетану және табиғи қорық музейі (Қарағанды облысы)

—        «Ордабасы» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы (Оңтүстік Қазақстан, Ордабасы ауданы)

—       С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені (Алматы)

—       Ықылас атындағы Республикалық музыка аспаптар мұражайы (Алматы)

—       ҚР Кітап музейі (Алматы)

—       Сарайшық ашық аспан астындағы мұражай

—       «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық музейі (Алматы облысы)

—       Есік ашық аспан астындағы музей (Алматы облысы)

Қазақстанның әрбір облысында жұмыс жүргізетін облыстық музейлер, қалалалық, аудандық, мекемелік музейлер қор, экспозиция, экскурсиялық жұмыстарды жүргізіп келеді.

Музейлер өздерінің бағыттарына сай қорлар жинақтап, зерттеп, оны экспозицияда көрсету жұмыстарын жан-жақты өрбітумен қатар келушілерге мәдени-ағарту бағыттарында қызмет көрсетіп, еңбек етеді.

Қазақстан музейлерінің картасында музейлер республи-калық, мекемелік, облыстық, қалалық, аудандық деп бөлінген. Осы аталған музейлер өз бағыттарына қарай ерекшеленеді. Мысалы, тарихи-өлкетану, мемориалдық, бейнелеу өнері, тарихи-мәдени қорық, әдеби, археология, этнография, т.б. болып жіктеледі. Қазіргі кезде Қазақстанда 200-дей музейлер өз бағыттарына сай қор, экспозиция, ғылыми-зерттеу, тәрбие-ағарту, мәдениетті насихаттау жұмыстарын жүргізуде.


Тағы рефераттар