Бухгалтерлік есеп стандарттары —   есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі,  олар қаржылық есеп беретін барлық  субьектілер үшін  нормативті құқықтық  құжаттар болып табылады.  Стандарттардың  негізінде  есептің жеке учаскелері,  сонымен қатар   шаурашылық  субьектілерінің   салалық ерекшеліктері   бойынша    бухгалтерлік    есепті  жүргізудің  базалық    тәртіптері  бекітіледі.

Стандарттар есептің  әр түрлі  аспектілерін суреттейді  және  қандай да бір  әдістері мен  амалдарын  дұрыс пайлануды талдаудың  әдістемелік  негізі, құралы болып қызмет атқарады.

1997  жылдың 1  қаңтарынан   бастап   Қазақстан   Республикасы  халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттарына    көшу негізінде қазіргі кезде   сандық түрде  қолдану   бойынша  әдістемелік  ұсыныстарды  дайындаумен     толықтырылып отыратын  20  стандарттарын   енгізді.  Халықаралық  тәжірибедегі  сияқты  Қазақстанда қызмет  етіп  отырған   есеп  стандарттарын  былай  бөлуге  болады:

v     Жалпы  әдістемелік ( № 4  « Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы   есеп  » және т.б. );

v     Әлеуметтік саясат  бойынша стандарттар  (№ 16  « Зейнетақылық   қамтамасыз ету шығындары есебі »  және  т.б.) ;

v      Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері  бойынша  стандарттар  (№6  « Негізгі  құралдар  есебі »,  №7 « Тауарлы —  матералдық қорлар есебі », №8 « Қаржылық инвестициялар есебі ») және т.б.

Қазақстандық  бухгалтерлік есеп стандарттарының тізімі ұсынылады: 

Стандарт   нөмірі

                      Стандарт атауы Енгізілген жылы

БЕС 4

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

1997

БЕС 5

Табыстар

1997

БЕС 6

Негізгі құралдар есебі

1997

БЕС 7

Тауарлы-материалдық қорлар есебі

1997

БЕС 8

Қаржылық инвестициялар есебі

1997

БЕС 9

Шетел валютасындағы  әрекеттер есебі

1997

БЕС 10

Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу

1997

БЕС 11

Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп

1997

БЕС 12

Күрделі құрылысқа келісімшарт

1997

БЕС 13

Консолидирленген қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктеріне инвестициялар есебі

1997

БЕС 14

Тәуелді шаруашылық  серіктестіктеріне  инвестициялар есебі

1997

БЕС 15

Қаржылық есеп беруде  бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін бейнелеу

1997

БЕС 16

Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі

1997

БЕС 17

Жал есебі

1997

БЕС 18

Инвестициялық қорлар есебі

1997

БЕС 19

Зейнетақы жинақтау қорларына  есеп беру есебі мен құрылуы

1997

БЕС 20

Мұнай-газ өндіруші қызмет есебі мен есеп беруі

1997

БЕС 21

Банктердің қаржылық есеп беруі

1998

БЕС 23

Шағын кәсіпкерлік субьектілердің  есебі және есеп беруі

1998

БЕС 24

Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру

1998

БЕС 25

Зейнетақы активтерін басқару  бойынша компаниялардың есебі   мен есеп беруін құруы

1998

БЕС 27

Есепті кезең мерзімінен  кейінгі болжанылмаған жағдайлар мен оқиғалар

1999

БЕС 28

Материалдық емес активтер есебі

2000

БЕС 29

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық  жұмыстар шығындары есебі

2000

БЕС 30

Қаржылық есептілікті ұсыну

2003

БЕС 31

Таза табыс не зиян есеп мерзімдегі маңызды қателер және есеп саясатындағы өзгерістер

2003

БЕС 32

Жалпы сақтандыру саласында сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі

2003

БЕС 33

Делдалдық қызметін әрекеттерін ақпараттандыру және есептеу

2004

2008  жылдың 1  қаңтарынан    Қазақстан Республикасы  « Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есептілік »  заңының  2- бабына сәйкес  мемлекеттік мекемелерді,   ірі кәсіпкерлік  субьектілерін   және жария мүдделі  ұйымдарды  қоспағанда,  дара кәсіпкерлер  мен  ұйымдар  қаржылық  есептемелікті  ұлттық стандарттарға  сәйкес  құрастырады,  мынадай  санаттарға байланысты:

1)    Қазақстан  Республикасының  заңнамасына   сәйкес  шаруа немесе фермер   қожалықтары,  ауыл шарушылығы  өнімдерін  өндіретін  заңды тұлғалар  үшін  ,  сондай-ақ  оңайлатылған декларация  негізінде   арнайы салық  режимін  қолданатын   шағын  кәсіпкерлік  субьектілер  бухгалтерлік  есепті   « Қаржылық  есептемеліктің  № 1 Ұлттық  стандарттары  » бойынша жүргізеді;

2)    Бірінші тармақтардағы аталғандарды қоспағанда,  шағын кәсіпкерлік  субьектілеріне ,  сондай-ақ  коммерциялық  ұйымдарға,  шетелдік заңды  тұлғалардың  Қазақстан  Республикасының   заңнамасына сәйкес  Қазақстан  аумағында тіркелген   филиалдары мен  өкілдіктері мен  бухгалтерлік  есепті   « Қаржылық  есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары  » бойынша  жүргізеді;

3)      Орта кәсіпкерлік  субьектілері ,  сондай-ақ  оралымды  басқару  құқығына негізделген   мемлекеттік  кәсіпорындар  ( қазыналық кәсіпорындар ) бухгалтерлік есепті « Қаржылық  есептемеліктің  № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша  жүргізеді.

Ірі кәсіпкерлік субьектілер мен жария мүдделі  ұйымдар қаржылық есептілікті    халықаралық  стандарттарға   сәйкес  жасауға міндетті.

1,2,3 – тармағында аталған ұйымдар  есептілік  саясатын  бекіткен олардың  басшы органдарының шешімі  бойынша  қаржылық  есептілікті  халықаралық стандарттарға  сәйкес  жасауға құқылы.


Тағы рефераттар