Қазақстанның сыртқы экономикалық қарым-қатынастар туралы қазақша реферат

Қазақстан – Қытай экономикалық қатынастары. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күннен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Республикасысының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың  ХХІ ғасырдағы  дамуы көбіне – көп  Қытаймен  байланысты болады. Көптеген  елдер Қытаймен  арақатынасты  өз  саясатының  негізгі  өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие».

1992 жылғы 3 қаңтарда екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен мазмұндама жарияланды. Сол жылы ақпан айында ҚХР Алматыда өз елшілігін ашқаннан кейін желтоқсанда Қазақстан Республикасы Пекинде өз елшілігін ашты.

1993 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Пекинде болып Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминьмен кездесіп ұзақ мерзімге арналған келісімге қол қойды. Онда екі ел арасында дипломатиялық қатынастың ресми түрде орнағаны атап айтылды. Қытайда Қазақстан елшілігінің ашылуы, Қазақстан-Қытай шекара келісіміне қол жетуі республикамыз дипломатиясының зор табысы. «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл магистраль толық іске қосылғанда Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтпек.

Екі ел қара, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, машина жасау, транспортты дамыту үшін бір-біріне көмек көрсетуге дайын екендіктерін айқын көрсетті.

1995 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қытайға ресми сапары болып, онда келіссөздердің нәтижесінде екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дрстық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен Декларацияға қол қойды.

1995 жылғы 8 ақпанда ҚХР тарапынан Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы, яғни Қазақстанның саяси тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына қарсы күш қолданбауға экономикалық зорлық көрсету деп бас тартуға міндеттеме алған келісімге қол қойылды.

Қазақстан мен Қытайдың өзара қатынасына қаяу түсірген ядролық қауіпсіздік проблемасындағы ең өзекті мәселе – Алматыдан 700 километр қашықтықта орналасқан Лобнор полигонындағы ядролық сынақтар туралы мәселе еді. Лобнор полигоны 1964 жылы құрылды. Сол жылы 16 қазанда атом бомбасы атмосферада жарылды.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян-Цзэминнің Қазақстанға 1996 жылғы шілде айындағы тұңғыш ресми сапары өзара қатынастар тарихының жаңа бетін ашты.

Цзян Цзэминь: «Қытай мен Қазақстан басшылары екі елдің дәстүрлі достық қарым-қатынастарын дамытуға зор маңыз береді. Соңғы жылдары менің және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында осы күнге дейін көп кездесулер болып өтті. Біздің арамызда қазірдің өзінде бірлескен саяси құжаттарда өз бейнесін тапқан және екі жақты қарым-қатынастарымыздың тұрақты дамуы үшін саяси және заңды іргетасы болып отырған, екі жақты қарым-қатынастардың және ірі халықаралық проблемалардың үлкен тобы бойынша ортақ түсіністіктің бір қатарына қол жеткіздік»  деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Алматыдағы жоғары деңгейдегі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен Декларацияға қол қойды. Онда екі ел «Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасындағы 1996 жылғы 26 сәуірде қол қойылған  шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімді жоғары бағалайды, осы келісімді жүзеге асыру жөніндегі пәрменді іс-шаралар қабылдауға және шекара ауданындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімді жедел түрде әзірлеу үшін одан әрі қарай күш-жігер жұмсауға бел буғаны туралы мәлімдейді», — деп көрсетілген.

Сонымен қатар онда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтумен қатар Азияда ХХІ ғасырда бірлесіп даму мәселелерін талқылау қажеттігі айтылды. Қытай Халық Республикасының төрағасы тұңғыш рет Лобнордағы ядролық сынақтарға тиым салу шешімі туралы тарихи мәлімдеме жасады.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы саяси және экономикалық қатынасты дамыту 1991 жылғы шілде айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге бірінші сапарынан басталды. Ол кезде Қазақстанның Қытайға баратын темір жолы Ресей арқылы өтетін. Ендігі бағыт – сыртқа шығатын балама жолдар құрастырыла басталды. Осыған орай Қытай жағы Үрімжіден «Дружба» (Достық) стансасына дейін 460 шақырымдық темір жол тартып, 1991 жылғы 1 қыркүйекте бірінші жүк поезды жолға шықты.

1991 жылғы желтоқсанда Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады, ол бес жыл мерзімге күшінде болды. Ал, 1992 жылғы ақпанда Қазақстан — Қытай үкіметаралық мазмұндамасына қол қойылды. Онда азаматтық авиация, темір жол және автомобиль транспорты, экономика, сауда, ғылым мен техника саласында екі жақты ынтымақтастықты жолға қойып, дамыту көзделді. Тауар несиесі туралы келісім бойынша Қазақстан 1993-1995 жылдары Қытайдан 30 миллион юаньға әртүрлі тауарлар мен жабдықтар алатын болды.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы мен Қазақстан арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар 1992 жылдың сәуір айынан бастап темір жол қатынасы орнатылғаннан кейін дамыды. 1992 жылдың тамыз айында Қазақстан мен Қытайф өзара өкілдіктер ашу туралы келісімге қол қойды. 1995 жылы Достық – Алешанькоу темір жол өткелдері арқылы жүк тасымалының көлемін арттыру туралы келісімге қол қойылды. 2003 жылы жүк тасымалының көлемі 7,2 млн. тоннаға жетті. 2004 жылғы 19 наурызда Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Дружба» стансасының жүк тасымалын өткізу қабілетін он миллион тоннаға дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету қажет  деп көрсетілді.

1997 жылы Қазақстанның басынан ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағының шекарасына дейінгі аралықта мұнай құбырын төсеу (қашықтығы 3 мың шақырым), «Ақтөбе мұнайгаз» акционерлік қоғамына үш мыңдай кен орындарын көркейфту, оны пайдалану, қоршаған ортаны сауықтыру, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіру, акционерлік қоғамның 71 миллион АҚШ долларына жуық қазіргі қарызын өтеу т.б. міндеттемелерге Қытай Ұлттық мұнай компаниясымен келісімге қол қойылды. Компания 20 жыл ішінде осы шараларды жүзеге асыру үшін трт миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұмсауды мақсат етіп отыр.

2004 жылғы наурызда ұзындығы 448,8 километрлік Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры іске қосылып, ол Ақтөбе және Атырау облыстарын байланыстырады және бұл құбыр Батыс Қазақстан мен Батыс Қытай арасына салынатын халықаралық мұнай құбырының бастапқы кезеңі болып табылады. Болашақта оның ұзындығы 3 мың километрге жетіп, жоба 3-3, 5 миллиард долларға белгіленді. 2004 жылы оның 2-кезегі іске қосылған кезде жылына 10 миллион тонна мұнай шетелге шығарылатын болады.

2004 жылғы мамыр айында екі ел арсында Атасу-Аламанькоу мұнай құбыры құрылысын салу туралы келісімге қол қойфылды, ұзындығы – 588 километр жоба шамамен 688 миллион АҚШ долларына белгіленген, алғаш іске қосылған кезде (2005 ж) оның қуаты жылына 10 миллион тонна мұнайф шығаруға жеткен.

Сонымен қатар екі ел арасында сауда экономикалық қатынас жылдан жылға дамуда. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2004 жылы 4 миллиард 500 миллион АҚШ долларына жетті.

Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Негізгі экспорт қара және түсті металл, оның ішінде металл сынықтары мен мыс болып табылады. Импорт құрылымы: техника мен құрал-жабдықтар, тоқыма бұйымдары, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері, фосфор тыңайтқыштары. 2001 жылдан бастап Қазақстан бидайы Қытай рыногіне шығарыла бастады.

Қазіргі кезде Қазақстанда лн сегіз Қытай компаниясы және 70 бірлескен кәсіпорын қызмет істейді.

Қытай Қазақстанның халықаралық бастамаларын үнемі қолдап келеді. 2002 жылғы маусым айында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің тұңғыш саммитіне ҚХР-ның сол кездегі төрағасы Цзян Цзэминьнің қатысуы ерекше маңызды болды.

Қазіргі уақытта Қытайда 1 миллион 300мың қазақ тұрады. Олар негізінен Шыңжаң ұйғыр автономиялық районына қарасты Іле  қазақ автономиялық обылысының Алтай, Тарбағатай, іле аймақтарында, Санжы, Бұратала облыстарында, Құмыл аймағында, Гансу өлкесінде, Күйтің, Шыхызы, Үрімжі қалаларында тұрады.

Президент Н.Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда Қытайға жасалған мемлекеттік сапары кезінде қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай халық Республикасы арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт және екі ел арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы екі жақты қатынастарды үздіксіз дамытуға серпіп беретіндігі атап көрсетілді.

Мемлекет басшылары лаңкестік, сепаратизм және экстремизм жарандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі қатер болып табылатынын баса көрсетті.

2003 жылғы 3 маусымда ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанда мемлекеттік сапармен болды. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы бірлескен декларацияға қол қойып, соның нәтижесінде екі елдің өзара қарым-қатынасын әрі қарай дамыту жолдары айқындалды.

Президент Н.Назарбаев 2004 жылғы 16-19 мамырда ҚХР-да ресми сапармен болды. Іс-сапар барысында, осы ресми сапарға Қытай жағы өте үлкен мән беріп отырғанын атап көрсетті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық саладағы қатынастарда мынадай принциптер басшылыққа алынды: егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, ішкі істерге араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт қатар өмір сүру, барлық елдердің халықтарының әлеуметтік құрылыс пен даму үлгісін таңдау құқықтарын құрметтеу.

Қауіпсіздік және әскери салада, екі ел шекара ауданындағы достық, сенім және ынтымақтастық ахуалын одан әрі нығайту үшін қорғаныс күштерді өзара қысқарту туралы келісім жасады. 1996 жылдан бастап Лобнор ядролық сынақ полигоны өз жұмысын тоқтатты. 1995 жылы Қытай-Қазақстан қауіпсіздігіне берілетін кепілдіктер туралы келісімге қол қойды. 2002 жылғы 11 мамырда екі ел арасындағы шекараны демаркациялауға қол қойылды.

Трансшекаралық өзендер мәселесі де өз шешімін әділетті шешуді күн тәртібіне қойып отыр. Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына ерекше мән береді.

Сауда-экономикалық салада теңдік пен өзара тиімділік принципін ұстану, энергетика, металлургия,  мұнай-химия өнеркәсібі, минералды тыңайтқыштар өндірісі, көлік, тоқыма өнеркәсібі салаларындағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу туралы келісімге қол қойылып, ол жүзеге асырылуда.

2004 жылғы Қазақстан мен Қытай делегацияларының кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде Қытай халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао көршілес екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор үлес қосқаны үшін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа үлкен алғысын білдірді.

Қазақстан-Ресей экономикалық қатынастары.Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында қаржылық автономияға қол жеткізе берген кезде Ресей республикаға байкот жариялай бастады. Бір айдан кейін республика өнеркәсібінің көптеген шешуші салалары тоқтай бастаған соң, екі көрші ел қаржы және сауда саясатын толық келісіп жүргізуге бағытталған келісімге қол қойды. Осыған қарамастан, Қазақстан Ресейден тәуелсіз экономикалық саясат жүргізуге тырысты, сөйтіп мұнайдың бұрын зерттелген кен орындарынан өрі (Ресейдің «орталық  мүддені бөлісеміз»  деген талабынан дербес болу үшін)  жаңа кен орындарын барлау және құқын сатуға кірісті.

1992 жылы 17 қаңтарда Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасында шаруашылық қызметтегі шектеулерді жою туралы келісімге қол қойылды. Онда: кәсіпкерлік, тауарларды өткізу, сатып алу, ауыстыру, жұмыс және қызмет аумақтары арқылы жүктің барлық түрін тасымалдауға қосымша алым алмауға міндеттенеді.

1992 жылғы 25 мамырдағы екі ел арасындағы келісім-шарт Қазақстан-Ресей арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізін қалады. Онда жалпы экономикалық кеңістік құру т.б. мәселелер бойынша келіссөздерге қол қойылды.

1992 23 шілдеде Алматыда екі ел үкімет делегациялары өзара төлемақыларды реттеу тәртібі және келісілген қаржы-несие қаражатын жүргізу туралы құжаттарға қол қойды.

Дегенмен 1993 жылы Ресей Қазақстанды сом аймағынан шығаруға мәжбүр етті. Еліміз 1991 жылдың 15 қарашасынан бастап ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізді.

Қазіргі кезде энергиялық жүйелердің қатар жұмыс істеуі, Каспий құбыр желісі конеорциумы, қарашығанақ газ конденсаты кен орнын игеру сияқты екі жақты және халықаралық жобаларда өзара белсенді іс-қимыл жасауда, отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық та ойдағыдай даму үстінде: Атап айтқанда, Каспий теңізі аймағындағы бірнеше жаңа мұнай орындарын бірлесе игеру жөніндегі екі жақты жобалар ойдағыдай даму үстінде. Атап айтқанда, Каспий теңізі аймағындағы бірнеше жаңа мұнай орындарын бірлесе игеру жөніндегі екі жақты жобалар ойдағыдай іске асырылуда.

1994 жылы 28 наурызда «Көрігу мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы»  шартқа қол қойылды. 1996 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы экономика және гуманитарлық салаларындағы интеграцияны тереңдету туралы шартқа қол қойылды.

2002 жылғы 5 ақпанда Президент Н.Назарбаев ақпарат құралдарының өкілдерімен әңгімесінде: «Бүкіл әлемді шырмап алған ғаламдасуға қарсыласудың ешқандай мән – мағынасы жоқ… Біз Қазақстандағы нашар өнімнің сапасын бұқтырып ұстап, соны көрсетпеу үшін шекараларымызды жауып қоя алмаймыз одан да біздің компанияларымыз бәсекеге түсіп, басқалармен таласа-тармаса жүріп өссін, түптің түбінде олар да әлемдік рынокқа шығуы тиіс қой…  Өйткені, біздің Қазақстанда  16  миллион ғана адам бар. Біздің өзімізде өндірілген тауарлардың бәрі бірдей Қазақстанда сатылуы мүмкін емес. Адамдардың саны 60 миллионнан кем түспейтін мемлекет ғана өін-өзі толық қамтамасыз ете алады…  Осы тұрғыдан алып қарағанда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті өзін-өзі дербес күйінде қамтамасыз ете алмайды…  Ал егер бұған Ресейді қоссаңыз, онда 200  миллион адам болып шығады. 200 миллион  адам өз ішінде өз тауарларын өндіре де алады, сата да алады. Сонда өндіріс те дамиды, адамдар да жалақыға ие болады…»  деп түйінді мәселені сөз етті.

2002  жылғы 1 наурызда Алматыда Қазақстан, Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан президенттерінің бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Онда табиғи газ өндіру мен тасымалдау саласындағы кең ауқымды тығыз ынтымақтастық деген объективті мүдделік біздің елдеріміздің өзара байланысының ғана емес, сонымен бірге, әлемдік экономикадағы ғаламдастыру мен интернационалдану процестерінің күшеюінен де туындап отыр, — деп атап көрсетілген.

2004 жылғы  мәлімет бойынша, Ресейдің 89 өңірінің 72-сінің  Қазақстан мен сауда-экономикалық байланыстары бар. Қазақстанның Ресеймен тауар айналымының  үлкен бөлігі (40%) Оралдың үлесіне тиеді. Бұл жерге кен, минералдық отын, мұнай мен мұнай өнімдері, қара металдар, цинк пен одан жасалған бұйымдар, ал Оралдан Қазақстанға қара металдар мен одан жасалған өнімде, станоктар мен жабдықтар, бейорганикалық  химия  өнімдері, минералдық отын жөнелтіледі. Батыс Сібірге негізінен құрылыс материалдары (тас пен қиыршық тас), темір кендері, тұз бен мал шаруашылығы өнімдері, ал Батыс Сібірден Қазақстанға мұнай, ағаш материалдары, тас көмір, минералды тыңайтқыштар, құрылыс материалдары жеткізіледі.

2001 жылы Каспий тұрба құбыры консорциумы іске қосылды, 2004 жылы 28 миллион тонна мұнай осы құбыр арқылы шетелге шығарылды.

2004 жылдың қаңтар айында Ресей Президенті Қазақстанға жасаған ресми сапарында ынтымақтастықтың  жетекшісі бағыттарын айқындайтын бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, сауда-энергетикалық кешен, ғарыш кеңістігін игеру, әскери-техникалық ықпалдығы, тағысын тағылар. Сонымен бірге келісімдік-құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық көлік дәміздерін дамыту, тариф саясатын реттеу мәселелері де осы кездесуде оң шешімін тапты. Н.Назарбаевтың 2004 жылғы 29 маусым мен 4 шілде аралығында Ресейге жасаған жұмыс сапары да табысты болды.

Екі ел арасындағы мұнай – газ саласындағы ынтымақтастық  Каспий теңізіндегі кеніштерден мұнайды бірлесіп өндіруге жағдай туғызды. Каспий теңізі солтүстік бөлігінің табанын бөлу туралы екі жақты келісімнің халықаралық хаттамасына сәйкес бүгінгі таңда «Құрманғазы», «Орталық» және «Хвалынсое»  кеніштерінде көмірсутегі  қорларын игеру жобалары жүзеге асырылады. Екі жақты байланыстардың маңызды тұстарының бірі ретінде отын энергетика  саласындағы ынтымақтастықты айтуға болады.

2004 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 7,5 миллиард долларлық көрсеткішке жеткен. Оның ішінде Қазақстанның экспорттық үлсі 2,57 миллиард доллар болса, импорттық үлесі 4,33 миллиардты құрады. Бұған қоса, Каспий теңізінің  Қазақстандық  қайраңындағы мұнайды бірлесіп игеру отын – энергетикалық салалар бойынша жаңа жобаларды  жүзеге асыруға, бірлескен газ альянсын құруға, әскери техникалық байланысты нығайтуға байланысты да аршынды қадамдар жасайды. Қорғаныс саласына қатысты өзара келісімдер нәтижесінде бұдан былай  Қазақстан Ресейден әскери техниканы аталған  елдің ішкі бағасының деңгейімен сатып алмақ.

Ресеймен бірлескен 1100 кәсіпорын  тіркелген. Еліміздің эканомикалық өсу жағдайында  мәшине жасау,  түсті металлургия, жоғары технология құрал – жабдықтар ауыл шаруашылығы, шикізат, құрылыс материалдарына ресейлік инвестициялық  бағытталуы басымдық  алып отыр.

Ресей басшысы кейінгі кездесулерде  интеграциялық  процестерге кең сертін беру мәселелері де жан – жақты талқыланып, бұл тұрғыда Қазақстан  бұрынғы кеңестер кеңістегіндегі басты бастамашы ретінде үлкен роль атқарып келе жатқанын да атап көрсетті.

2003 жылғы мәлімет  19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина призиденттері Біріңғай эканомикалық  кеңістік құру туралы келісімге қол қойды. Онда біріңғай сыртқы сауда, салық,  ақша – кредит,  валюта, қаржы саясаты жүргізіледі.

2003 жылғы мәлімет бойынша еліміздегі  1697 бірлескен кәсіпорындардың  528 – і Ресей үлесіне тиеді.

Сонымен Қазақстан мен Ресей арасындағы саясат, қауіпсіздік және эканомика саласындағы ынтымақтастық қазіргі кезеңнің  талаптарына сәйкес кеміп отыр деген қорытынды жасауға болады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, 1995-2005ж.ж. аралығында еліміздің экономикасында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамызтөмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын  көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды. Оған басты себеп мемлекет мемлекет меншігінде болған барлық өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы ұжымдарын (колхоздар мен совхоздар) жеке меншікке айналдырып, шетел инвистицияларын тарту. Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өнеркәсіп өнімі 1995 жылғы 1100,5млрд. теңгеден 2005жылы 6985,2млрд теңгеге, ауыл шаруашылық өнімі 335млрд. теңгеден 606млрд. теңгеге, экспорт көлемі 5871,6 млрд. теңгеден 12900,4 млрд. теңгеге, импорт көлемі 3655,1 млрд теңгеге көбейді.

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі өндіріс көлемінің елеулі кемуіне әсер еткені белгілі. Технологиялық артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік –осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

Ішкі капитал мен жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарына да тәуелді болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр. Бүгінде Қазақстан зор мүмкіндіктер табалдырығында тұр. Мәселен, Азияның ең кедей елдерінің өзі 30 жыл ішінде қайыршылықтан шығып, индустриялы мемлекеттерге айналғаны белгілі. Алғышқылары Корея, Тайвань және Сенгапур болса, қазір оларға Малайзия, Индонезия және Тайланд қосылып отыр. Қазақстанның көршісі Қытайдың да экономикасы жоғары қарқынмен дамуда. Соған орай бұл елдер күллі әлемде Азия жолбарыстары ретінде танылып отыр.

2030жылға қарай Қазақстан өзінен-өзі көтеріле  қалмайды. Ол республика халқының қажырлы еңбегі арқылы ғана дамыған елдер қатарына қосыла алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Райханұлы Н.  Өткен жылдың қорытындысы не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
  2. Райханұлы Н.  Экономиканың жарты жылдық қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
  3. Райханұлы Н.  Экономикалық дағдарыстан қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.
  4. Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.
  5. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.
  6. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. //Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
  7. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.
  8.  Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. А.-1997-19-21б.
  9. Райханұлы Н.  Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?) // Ақиқат.-1997-№5-11-18б.
  10.  Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. // Ақиқат.-2003-№7-30-32б.
  11.  Сатымбекова К. Тенденции экономического развития РК в современных условиях. // Саясат.-2005-№8-4-5.
  12.  Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. // Жаршы.-2004-№2-60-62б.
  13.  Дүйсенбек Ә. Инвестиция –экономика  емшісі. // Егемен Қазақстан.-1997-№8-6-7б.
  14.  Нұрмолдақызы Г.  Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы. // Қаржы-қаражат.-1998-№7-23б.
  15.  Нұрмолдақызы Г. Қазақстанға инвестиция қайдан құйылуда? // Егемен Қазақстан.- 1989-№1-4б.
  16.  Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. // Ақиқат.-1998-№2-33-35б.
  17.  Шыңғыс М. Инвестиция –экономика өзегі. // Жас Алаш.-1998-№4-2б.
  18.   Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. // Жас Алаш.-2002-№9-9б.
  19.  Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанның экономикалық даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б.
  20.  Шалғынбаев Н.  Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. // Саясат.-2004-№8-49-51б.
  21.  Райханұлы М. Жыл қорытындысы не көрсетті? // Ақиқат.-1998-№4-30-32б.
  22.  Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2003
  23.   Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. Алматы.-2005

ҚОСЫМША

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер        

Кесте 1

Жалпы көрсеткіштер 1997 2000 2001 2003 2005
Халықтың саны (жыл соңында), мың адам

Табиғи өсім, халықтың азаюы, мың адам

1000 халыққа

Жұмыспен қамтамасыз етілген халық, мың адам

Өнеркәсіп өнімі, млрд теңге

Ауыл шаруашылығы өнімі, млрд теңге

Оның ішінде:

Өсімдік өсіру өнімі

Мал шаруашылығы өнімі

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау, млн т

Жүк айналымы – барлығы, млрд ткм

Жолаушы айналымы – барлығы, млрд пкм

Сыртқы сауда айналымы – барлығы, млн долл.

Экспорт

Импорт

ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы, млн долл.

Экспорт

Импорт

ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы, млн долл.

Экспорт

Импорт

 

14901,5

70,0

4,7

6105,4

1142,8

335,0

177,7

157,3

1065,9

149,7

66,6

9526,7

5871,6

3655,1

3114,3

1510,5

1603,8

6412,4

4361,4

2051,3

14865,3

72,1

4,8

6201,0

1798,3

402,0

223,5

178,5

1293,1

207,1

73,1

13852,2

8812,2

5040,0

5068,4

2336,7

2731,7

8783,9

6475,5

2308,3

14850,5

73,4

4,9

6698,8

2000,2

533,6

325,8

207,8

1404,4

225,4

84,2

15085,1

8639,1

6446,0

5954,1

2644,6

3309,5

9131,0

5994,5

3136,5

14866,0

77,5

5,2

6708,9

2336,9

557,4

325,3

232,1

1531,1

  232,3

92,7

16254,3

9670,3

6584,0

5237,6

2194,4

3043,2

11016,7

7475,9

3540,8

14951,3

93,7

6,3

6985,2

2794,4

606,7

 

348,6

258,1

1681,1

258,3

93,6

21227,3

12900,4

8326,9

6874,0

2954,2

 3919,8

14353,3

9946,2

4407,1

 Қазақстан Республикасы аймағының 2005 жылғы дамуын сипаттайтын негізгі әлеуметтік-экономикалық индексі, % есебімен

Кесте 2

Республикамыздағы облыстар мен ірі қалалар Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) Негізгі капитал

(қорға) инвестиция

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау Номинальді орташа айлық еңбекақысы
Қазақстан Республикасы,

Соның ішінде:

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Қазақстан

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Астана қ.

Алматы қ.

 

108,8

 

117,2

118,6

115,9

100,3

104,1

114,2

110,1

102,7

112,5

118,7

108,6

113,5

103,4

109,8

111,5

115,3

 

110,6

 

93,3

122,8

163,1

130,7

112,5

402,5

68,1

102,1

139,5

148,4

101,9

166,3

112,6

125,0

122,8

82,8

 

101,4

 

98,8

98,8

103,6

112,3

101,1

112,7

104,3

101,1

98,5

108,6

104,3

90,0

94,3

105,2

98,4

113,7

 

109,8

 

101,4

82,8

111,6

159,2

102,0

100,4

101,9

116,5

100,7

101,9

95,4

104,4

101,4

123,2

130,7

129,5

 

114,3

 

125,1

113,2

112,5

116,1

106,7

109,0

109,5

110,7

120,6

117,0

115,4

110,3

111,8

112,7

119,4

115,2

  Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі, мың га

Кесте 3

Шаруашылық дақылдары 1997 2000 2001 2003 2005

Шаруашылықтың барлық санаттары

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

15285,2

11392,5

550,5

384,2

156,3

96,1

38,8

3050,8

16195,3

12438,2

631,1

448,2

160,3

102,6

38,8

2823,7

16785,2

13208,7

560,8

347,5

164,6

107,7

41,4

2701,7

17756,3

14022,7

609,2

409,6

163,0

108,7

47,0

2805,5

17454,2

13872,6

862,9

631,9

166,9

110,2

42,2

2399,3

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

10927,2

  8251,5

   233,3

   177,8

       8,1

     14,4

       6,0

 2441,2

10855,4

  8618,6

    225,4

    181,8

        8,7

      10,7

        4,4

  1987,2

10625,9

  8644,3

   144,7

   109,0

       7,6

       9,7

       3,2

 1816,2

10530,8

  8642,8

    120,6

      90,8

        6,3

        6,3

        2,5

  1752,2

9661,0

8002,9

  221,3

  190,0

      5,7

      5,4

      2,6

 1423,1

Халықтық  жеке  шаруашылығы

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

382,7

55,0

31,3

27,3

135,7

60,6

12,8

87,3

492,1

97,1

58,2

50,1

134,4

69,1

15,8

117,5

543,2

112,8

74,9

45,9

137,4

71,4

19,3

127,4

581,0

127,4

79,5

48,4

136,2

73,5

21,2

43,1

532,9

113,0

63,0

48,1

139,0

73,6

18,8

125,4

Шаруа (фермерлік)  шаруашылығы

Барлық егіс көлемі

Дәнді дақылдар

Майлы дақылдар

Картоп

Көкөністер

Бақша дақылдары

Мал азықтық дақылдар

3974,8

3086,0

285,9

179,1

12,5

21,1

20,0

549,3

4847,8

3722,5

216,3

17,2

22,8

18,6

719,0

5616,1

4451,6

341,2

193,5

19,6

26,6

18,9

758,1

6644,5

5252,5

409,1

270,4

20,4

28,9

23,3

910,2

7260,3

5756,7

578,6

393,8

22,2

31,2

20,8

850,8

 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру  

Кесте 4

Ауыл шаруашылығы өнім түрлері

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары

Халықтық  жеке  шаруашылығы

Шаруа (фермерлік)  шаруашылығы

 

2000

2002

2005

2000

2002

2005

2000

2002

2005

Астық,мың т

Шитті мақта, мың т

Қант қызылшасы(фабрикалық),

мың т

Күнбағыс,мың т

Картоп,мың т

Көкөністер,мың  т

Бақша дақылдары,мың т

Жеміс-жидек, мың т

Ет (сойыс салмағымен), млн т

Сүт,млн т

Жұмыртқа,млрд дана

Жүн (физикалық салмағымен),мың т

9272,6

44,4

83,7

18,5

87,7

114,3

22,9

8,2

0,0

0,2

0,9

2,1

8158,0

31,8

122,9

24,0

69,3

70,3

16,1

4,6

0,0

0,2

1,1

2,1

8047,9

29,6

127,5

48,0

75,3

68,8

24,2

2,4

0,0

0,2

1,2

1,9

200,5

57,2

17,0

16,7

1830,6

1200,5

245

143,4

0,6

3,6

0,9

19,5

304,4

67,4

29,7

23,3

1916,7

1271,4

287,8

162,0

0,6

3,7

1,0

20,4

280,2

35,1

18,7

27,0

1909,9

1282,2

256,9

144,4

0,6

3,9

0,0

21,0

6423,8

315,9

181,8

113,9

266,5

467,2

251,3

19,6

32,8

152,6

11,2

2,0

7497,5

261,5

219,6

142,5

282,8

515,3

324,9

19,1

32,8

167,0

10,5

2,3

6449,3

338,0

277,4

217,6

323,1

587,3

322,7

15,3

42,2

195,6

13,2

3,0

 Мал және құс саны, мың бас

Кесте 5  

Мүйізді ірі қара және құстар 1997ж 2000ж 2001ж 2003ж 2005ж

Шаруашылықтың барлық санаттары

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

3998,2

1962,3

9656,7

984,2

969,6

96,1

18,0

4106,6

2014,7

9981,1

1076,0

976,0

98,2

19,7

4293,5

2077,2

10478,6

1123,8

989,5

103,8

21,1

4559,5

2171,4

11273,0

1229,8

1019,3

107,5

23,8

4854,6

2272,3

12148,6

1354,1

1061,8

113,8

25,0

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

353,8

124,3

1114,2

117,0

87,2

16,2

8,7

344,4

118,0

949,8

103,0

72,7

14,7

9,6

340,9

115,2

897,0

116,3

67,2

15,1

10,1

342,3

112,1

850,0

152,0

62,2

14,7

11,9

345,9

113,0

866,0

187,8

62,6

14,3

11,8

Халықтың жеке қосымша шаруашылығында

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

3413,9

1734,8

7675,4

839,0

793,5

71,6

9,1

3552,7

1802,8

8190,9

941,3

824,5

74,8

9,9

3731,6

1864,7

8607,7

976,1

837,2

78,9

10,8

3935,4

1937,7

9151,7

1034,6

853,4

81,7

11,7

4179,1

2021,8

9694,8

1103,0

879,0

86,1

12,9

Шаруа шыруашылығында (фермерлік)

Мүйізді ірі қара,

Оның ішінде:

Сиыр

Қой және ешкі

Шошқа

Жылқы

Түйе

Құс,млн бас

230,5

103,2

867,1

28,2

88,9

8,3

0,2

209,5

93,9

840,4

31,7

78,8

8,7

0,2

221,0

97,3

973,9

31,4

85,1

9,8

0,2

281,8

121,8

1271,3

43,2

103,7

11,1

0,2

329,6

137,5

1587,8

63,3

120,2

13,4

0,3


Тағы рефераттар