Қазақстанның жер қоры, оны пайдалану және қорғау. Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты:  Қазақстанның жер қорымен танысып,  оның қазіргі эко- логиялық жағдайына талдау жасау. Жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғау шаралары.

Семинар сұрақтары:

1. Қазақстанның жер қорлары.

2. Топырақты пайдалану мен топырақ құнарлылығын арттыру және қорғау.

3. Қазақстан Республикасының “Жер туралы ” заңы.

Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер Қазақстанның жер қорларымен танысу  барысында  республика территориясындағы жер қорының қанша бөлігінің  ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп орындары мен  елді мекендерге және құрылыстар мен жолдар салуға жұмсалатынына назар аударулары керек.

Сонымен бірге ауыл шаруашылық жерлерінің  ішіндегі жыртылатын, көп жылдық өсімдік ағаштар егілетін (бақтар, жүзімдіктер т.б), үй іргесінде пайдаланылатын жерлерге және шабындықтар мен жайылымдар көлеміне талдау жасай отырып, қазіргі жер қорының құрылымымен, оның экологиялық жағдайымен,  келешектегі өнім беру мүмкіндіктеріне  байланысты мәселе- лермен танысады.

 Топырақ — адамзат тіршілігін жалғастыратын, экологиялық қызмет атқаратын маңызды  объект.

Сол үшін  топырақты пайдалану мен оның құнарлылығын арттырудың төмендегі тәсілдерін  оқып үйрену керек: а)топырақтың су, ауа, жылу тәртібін жақсарту, б) қабаттар арасындағы заттар айналымын үдету және микробиоло- гиялық үрдістерді дамыту; в) егістікті арам шөптер мен  зиянкестерден және ауыл шаруашылығы дақылдарының кеселінен сақтау; г) су және жел эрозиясы -нан  сақтау; д) өсімдік қалдықтары мен тыңайтқыштарды топыраққа жасыру;

е) топырақты өңдеу тәсілдерін жетілдіру.

Үкіметіміз соңғы жылдарды табиғат қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Елімізде казіргі  кезеңде жер ресурстарына деген жауапкершілік артты. Қазақстан Республикасының “Жер туралы”  заңы халық талқысынан өтіп,   қабылданды. Бұл заң топырақты қорғау мен оны тиімді пайдаланудың басты заңды құжаты болып табылады. Топырақтың құнарлылығын сақтау, қорғау мен тиімді пайдалануға деген қөзқарас пен  жауапкершілікті арттыру үшін ҚР-ның жер туралы заңының барлық баптарымен толық танысу керек.

Әдебиеттер:

1. Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы.-Алматы, 2000. ҚҰУ.

2.  Ковда В.А. Основы учения  о почвах. – М, Наука, 1973 изд Книга, -99-126 бет.

3.  Тазабеков Т. Топырақтанудың түсіндірме сөздігі. – Алматы: Рауан, 1993.

-448 бет

4.  Геннадиев А.Н. Почвы и время: Модели развития. -М., Изд. МГУ, 1990.

5.  Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая  школа. 1981,- 400 с.

6. Науменко А. Эколого-генетический анализ почвенной карты Казахстана. /Вестник КазГУ Сер. Географическая.1996. №3

7.  Банников А. Г., Рустамов А. К. Охрана природы.- М.: Колос, 1977.

Рефераттар тақырыптары:

1.Топырақ құнарлылығын арттырудың жолдары.

2. Ауыл шаруашылығын химияландыру.

3. Сор және сортаң топырақтар.
Тағы рефераттар