Кеңес беру — әлеуметтік көмек беру әдісі ретінде туралы қазақша реферат
Кеңес беру әлеуметтік жұмыстардың маңызды әдісі мен технологиясы болып табылады.
Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара.
Әлеуметтік кеңес берудің түрлі әдістері мен тәсңлдері бар. Солардың арасынан: қадағалау, тестілеу, көндіру, сендіру, хабарлау, кіші теенинг және басқаларын атап өтуге болады.
Мақсаты бойынша бірі-біріне ұқсас және кіәсіптік қызмет түрлерінің техникасы- консалтинг, психотерапия, психокоррекция сияқты бір-біріне жақын кеңес беру түрлерін бөліп қарау қажет.
Әлеуметтік қызметтте, әсіресе отбасымен жұмыс жүргізгенде, психологиялық кеңес беру пайдаланылады, яғни «адамдарға ықпал етудің негізгі жолы — әғгіме-дүкен құру қажет болып табылатын, тұлғалар арасындағы қатынастардың қиыншылықтарына байланысты әрқилы психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тікелей жұмыстар жүргізу». Психологиялық кеңес беру өтініш иесіне ең алдымен оның тұлғааралық қатынастарын қайта құруға, ал психокоррекциялық немесе психотерапиялық ықпал ету негізінен өмірі қиындықтары мен шиеленістері негізіне жататын адамның ішкі мәселелерін шешуге бағытталған.
Кез келген кеңестік көмек көрсету өтініш берушінің қажеттілігіне негізделуі тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда екі негізгі мақсат туралы айтуға болады:
1) өтініш иесінің жеке өмір сүруіне ие болуының тиімділігін арттыру;
2) өтініш иесінің проблемалық жағдайды және қолдағы мүмкіндігін молайту қабілетін дамыта түсу.
Кеңес беру мақсатының қорытындысы — өтініш берушіні өзіне-өзі көмектесуіне үйрету және осылайша оны өзіне-өзі кеңесші бола білуіне баулу.
Сұраныстың сипатына немесе мәселенің түріне қарамастан негізіне өзгерту идеясы жататын кеңес беру өткізудің 4 негізгі стратегиясы бар:
1) жағдайдың өзін өзгерту;
2) жағдайға бейімделу үшін өзін өзгерту;
3) оның жағдайдан шығуы;
4) сол жағдайда өмір сүру жолдарын таба білу.
Қазіргі әлеуметтік қызметте кеңес берудің Дж. Иген моделі кеірек тараған. Дж. Иген кеңес беруді «мәселелердің менеджементі» ретінде, яғни мәселелерді басқарушы ретінде (нақ «шешім» емес, проблемалардың бәрі бірдей толығымен шешіле қоймауы мүмкін) қарастырып және кеңес алушыға көмек көрсетудің негізгісі үшеу болып табылатын 9 сатыға бөледі:
1) мәселелерді анықтау мен айқындау:
1.1. кеңес алушының өзінің тарихын мазмсұндауға көмектесу;
1.2. орнықтыру;
1.3. шоғырландыру;
2) мақсаттарды қалыптастыру:
2.1. жаңа көріністер мен мақсаттар жиынтығын жасау;
2.2. мақсаттарды бағалау;
2.3. нақты бір әрекеттер үшін мақсат таңдау;
3) әрекеттерді жүзеге асыру:
3.1. әрекеттердің стратегиясын жасау;
3.2. стратегияны таңдау;
3.3. стратегияны жүзеге асыру.
Отбасылық кеңес беру отбасындағы ересектер мен баланың арасындағы әлеуметтік проблемалар, шиеленістік жағдайлар кезінде әлеуметтік-педагогикалық ақыл-кеңестік көмекті қамтиды. Әлеуметтік-психологиялық кеңес беруге қарағанда бұл жағдайдағы ерлі-зайыптылар мәселесі мен отбасылық қарым-қатынастардың психологиясы талдау нәрсесі болып табылмайды.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:
- өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т.б.;
- тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т.б.;
- отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;
- рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау;
- бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б,;
- отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала – ата-ан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.
Отбасылық кеңес берудің айырмашылығы — әлеуметтік қызметкер кеңес беру барысында не жаппай отбасымен, не отбасы мүшелерімен жеке-жеке кезең-кезеңмен жұмыс жүргізеді де, соңынан олардың бәрін кездестіреді.
Отбасылық кеңес беру мәселердің кең шеңберін қамтитын ақыл-кеңес беру бағыттарының бірі ретінде ерлі-зайыптылардың, бала мен ата-аналар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қарастырады. Көбінесе мұнымен қазіргі кезде белсенді түрде бастау алып, қарқынды дамып келе жатқан психологиялық-педагогикалық кеңес беру қызметімен айналысады. Әдетте 14-15 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналарының қатысуында кеңес беру жүргізіледі, өйкені олардың мәселелерін отбасының қатысуынсыз шешу қиындыққа түседі. Ата-аналарға кеңес беруде жағдайға қатцысты көз қарас обьективті және субъективті болуы тиіс, яғни мәселелер отбасы көзқарасы тұрғысынан және кеңес беруші көзқарас тұрғысынан бекітілуі керек.
Отбасылық кеңес беру процесі конгитивті және эмоционалды аспектілерді қамтиды. Кеңес беру барысында кеңес алушының немесе жалпы отбасының мәселелері шешіліп қана қоймайды, оларды шешудің тиімді деңгейдегі жолдары да іздестіріледі. Отбасылық кеңес беру – бұл ең алдымен тұлғаның ішкі байлықтарын эмоционалды тиімді факторлардың көмегімен аша білу үшін жағдай туғызатын өзара араласу, отбасының эмоцианолды байланыстарын қалыптастыру, осы байланыстардың белгілі бір қозғалыстары.
Мұндай жағдайда отбасылық кеңес беруді бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мұндай жіктеу отбасылық проблемаларға кеңес беру тәжірибесінде кездесетін төмендегідей бөлулерден туындайды:
- некелескенге дейінгі проблемалар: жынысаралық қатынастардағы махаббат пен өзара түсіністік, некелік іздеу салу, неке таңдау, жалғыздық және тағысын тағы проблемаларға түсінік беру. Мұндай жаңдайдағы проблемалар жігітттік кезде де, сонымен бірге ересек кезде де жиі кездеседі, мысалы, бірінші некеден кейін қайтадан үй болу, өмірлік серік іздеу, ерлі-зайыптылардың көзге шөп салушылықтарынан кейін шешім қабылдаулары;
- жас отау иелері өмірлерінің бастапқы кезеңіндегі проблемаларына кеңес беру. Бұл кезеңде отбасылық өмірге деген тәжірибенің жоқтығы салдарынан жанжалдың болып тұруы, ерлі-зайыптылардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастары, бала туу жөніндегі мәселені шешу туралы сөз қозғалады;
- бала – ата-ана проблемаларына кеңес беру: баланың мектептегі оқуы мен тәртібі, дамуының ауытқушылығы, отбасындағы тәрбие беру мәселесі және басқалар;
- неке бұзысу мен ажырасқаннан кейінгі алаңдаушылық;
- отбасылық жанжал мен дағдарысқа кеңес беру.
Отбасылық кеңес берудің техникасы
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, жұмыс фазасы, шешім мен әрекет фазасы және кері байланыс фазасы.
Бірінші фазасы — өтініш иесімен байланыс орнату. Қорытындысы: олармен өзара әрекеттесу шегін анықтау. Ол бастапқы әңгіме-кеңес барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада араласу мен оны құрайтын арақашықтық анықталады.
Екінші фаза — өтініш иесінің проблемаларын, отбасының проблемаларын анықтау. Қорытындысы: кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері. Кеңесші нақты проблеманы бағдарлап, оның мәнісін анықтап түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, бір жақты пікірге тоқталады. Кеңес алушы проблеманы қабылдауы тиіс. Кеңесші кеңес алушыға проблеманы өзінің атынан ғана емес, үшінші біреудің атынан да ұсыну құқығын бере алады. Бұл кезеңдегі маңызды проблема – дилеммаларды түсіне отырып, біршама келісімге келу болып табылады.
Үшінші фаза – жұмыстық. Қорытындысы: кеңес алушымен бірге проблемаларды жаңаша түсіну.
Бұл фаза үшін мынандай динамика тән: кеңес алушы мен кеңесшінің арасындағы байланысты құрылымдарға бөлу, кеңес алушының жүйесі тарылуы, төзуі мен қарсы тұра білуі үшін бақыланатынын жағдайлар жасау, кеңес алушының төзімнен шығуы мен өз иелігін табуы.
Төрітінші фаза – шешім мен әрекет қабылдау. Қорытындысы: қалыпты табиғи жағдайдағы кеңес алушының тиімді мінез-құлқы.
Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Өзі үшін қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінікіндей қабылдап, дербестік пен сенімге ие болған соң, іске кіріседі.
Бесінші фаза – кері байланыс. Қорытындысы: кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағатттандырады.
Кеңесші ішінара мұндай ақпараттарды кеңес беру барысындағы төзімділіктің белгілерін қадағалау кезінде алады. Сондай-ақ ол жағдайды анықтай отырып, көріністері қайталанбалы кездесулер өткізеді.
Тағы рефераттар
- Африка территориясын геологиялы зерттеу тарихы
- Қазақстан Республикасы, топырағы, өсімдіктері, жануарлары
- Басқарушылық шешімдер
- Бюджет жүйесінің буындары арасында кірістер мен шығыстарды бөлу
- Қазақстандағы Баспа ісі және «Қазақ энциклопедиясы» баспасының қазақ баспасөзін дамытудағы рөлі