1924-1925 жж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу үлкен күрделі процесс  болды.  Бірақ осынау  межелеу шаралары  бас-аяғы бір жарым жыл ішінде  жүзеге  асырылып бітті. Сондықтан да  жоғарыда  айтып  өткеніміздей  шекараны  анықтауда жаңсақ тұстар  орын  алып жатты.

Аумақты межелеу процесі  өте қысқа  мерзімде, іс жүзінде  тақыр жерде  ұсақ масштабтағы  ескі, жаңсақтығы көп  карталар бойынша жүргізілген. Әлбетте құжаттың  сипаттамалық  және графикалық  бөлігінде  көптеген  қателіктер мен бұлдыр жайттар  орын алды. Бұған қоса  кейінірек сипаттамада  халықтың  этностық процестері  бойынша  тарихи  қалыптасқан тұрмысы мен шаруашылық  жүргізуі нашар  ескерілген дейтін ескертпелер  енгізілді. Осы  себептерге  орай  бұл құжат қисыны  жағынан  аяқталған деуге келмейтін еді. Тіпті оның  кіріспесінің өзінде  былай деп көрсетілген: «шекараның  осы сипаттамасы  абсолютті  тұрғыда  дәл болып табылмайды, өйткені,  ондай дәлдікті  аудандастырудың  толық  бекітілу   бойынша  ғана белгілеуге  болады, бірақ Өзбек КСР-інің РКФСР-мен және ТКСР-мен шекарасының келтірілген сипаттамасы соңғы материал,  демек  бұған дейін  жарияланғанның  бәріне  қарағанда  барынша  дәлденген  болып табылады /38/.

Міне, осылайша шекара белгілеудің  бастапқы  кезінен бастап  тек қана   принципті межелеу  идеясын  негізге алды. Сондықтан  да онда шекара  сызығын  анықтауда бұдан да  дәлдіктің  болуы  қажеттілік  және  болашақта жүзеге  асырылуы тиіс  екендігі ескертілген.

Мұндай  бұлдырлық  республикааралық  шекара  сызығының  өтуін  нақтылау  немесе дәлдеу  жөнінде  жалпы  мемлекеттік  деңгейде  дәйекті  қадамдарды  талап етті. Өйткені  жас республикалардың  қауырт  экономикалық  және әлеуметтік  қалыптасуы  шаруашылық жүргізу  және әкімшілік   жауапкершілік  шекараларын  нақты  бөлуді қажет етті /39/.

Шекарадағы  түйіткілді  мәселелер  өз шешімін  табуды  талап етіп,  одақтық деңгейде  қайта-қайта  көтерілді.  Мәселенің  қаншалықты  өткір қойылғандығын 1928-1934 жылдар ішінде  төрт рет  комиссиялар құрылып, шекара дауларына араласқанынан байқауға болады. Бірінші комиссия 1928 жылы құрылып,  22-24 қазандағы  акт бойынша  Қазақ АКСР-ның  бұрынғы  Іржар (кейінірек  Мақтаарал атын  иемденді)  ауданы мен  Өзбек КСР-ның бұрынғы Мырзашөл ауданы  арасындағы шекараның даулы емес бөлігін  ғана  ішінара  белгіледі. Комиссия  қабылдаған акттың бір  көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік Мұрағатының 20-қорының 1-ші  тізбесі, 19 шы  бумасында сақтаулы тұр. Ол бойынша шекара былай  белгіленген:

1. Названная граница  в районе по  от реки Сыр-Дарьи до северо-восточного угла земель Кунградское Мел т-ва  проходящая  по Тугайным и  притугайным  угодиям в  настоящий момент не может быть  установлены ввиду наличия  неразрешенного скоро из –за  принадлежности  адм аулов  за № 8,9,11 и 12 бывш. Ирджарской вол и том или  другой из смежных  республик. Упомиянутый спор  требует  возможно  скорейшего разрешения, по таковое  выходит за проблемы компентенции  настоящей  комиссии несколько представляемы учрежений узбекской  ССР не считают себя  уполномоченными  входит в разрешения  этого спора без особого  дохода свеому  Правительству.

2. Граница в дальнейшемся   следований  между  северо- восточным углом Кунградской мел т-ва и   Северным Полярно-Степским каналом проходит  по  границам следующим  землепользованиями: а) с правой стороны-1) Кунградского Мел. Т-ва; 2) пос. Первомайского; 3) Сем. Хоз Малей и 4) пос. Н.Вознесенского и Сыр-Дарьинских  хуторов.

3. Следующая часть границы  проходящая в районе пос Ново-Рождественского  с одной  и пос. Промтарского с другой стороне не  может быть  в настоящий момент  установлена из-за  невыяснености вопроса о принадлежности  земельного  объединения Л-9-9 возникшаго на землях пос. Н.Рождественского  изучения со съемкой  местности.

4. Южней пос. Пролетарского  граница  должна быть  установлена в  пустынной местности, при чем естественных местных признаков, по  которым можно  было-бы  установить границу  и описать  в настоящем протоколо-нет. Границу надо  устанавливать  обычая  ее исскуственными межевыми знаками, Роковую работу  наиболее  целесообразно  произвести  с  одновременными  инструментальным прохождением  границы /40/. Шекараның  өлшемі осылайша  белгіленеді.

Осы  комиссияның ойы бойынша –делінген сол өлкедегі-шекараның аталған  бөлігін нақты  анықтау үшін  құрамында жер  өлшеушілер партия  жұмысшылары  бар  айрықша  экспедиция  ұйымдастырылады. Экспедиция сумен қамтамасыз  ету, уақытша  тұрғын-жайлармен де  халықты қамтамасыз  етуі керек  /41/.

Құжаттың аяғына  бұл  акт екі  данадан тұрады,  оның бірі  жолдас Байзақовқа, екіншісі жолдас Роковойға  берілді делінген.

Бірыңғай  шешімдер қабылдағанымен  бұл  комиссия  жұмыстары да халықты  толық қанағаттандыра  алмады.

Араға үш жыл  салып 1931 жылы тағы да  бір комиссия  құрылды. Бұл комиссияның  қорытындысы 27 актісімен Қазақ АКСР-нің Қызылқұм және Мақтаарал ауданының Оңтүстік бөлігі мен Өзбек КСР-нің  Жызақ және  Фариж аудандарының арасындағы шекараны белгіледі. Шекара  жергілікті орынға бармастан болжамды болжамды түрде белгіленген. Комиссияның шешімі Өзбек ОАК-тың 1935  жылғы 25 наурыздағы қаулысынан қуатталған, бірақ оған  Қазақ ОАК 1935 жылғы 9 желтоқсанда қарсылық келтірген /42/. Екі жақтың да толық түрде келісімге келгенінен соң оны толық мәнді комиссияның шешімі  болған еді деп айтуға келмейді.

-үшіншісі  1934 жылғы құрылып, 24 сәуірдегі актісімен мұның алдындағы комиссия 1931 жылы 27 маусымда бекіткен шекараны қуаттаған. Бұл комтссия жұмысының нәтижесін де өзбек жағы қуаттап, қазақ жағы қарсылық келтірді.

-төртіншісі, 1934 жылы құрылып, 23 қарашадағы хаттамасы бойынша келісімге келе алмаған/43/. Жоғарыдағы мәліметтерден байқап отырғанымыздай Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу процестерінен кейін құрылған төрт коммиссия да айтарлықтай өз мақсаттарына жете алмады. Яғни, ортақ шешімдерге келе алмаған. Ал жалпы тарихи заңдылықтарға сәйкес комиссияның мұндай нәтижелері ымырасыз деп есептелінеді.

1936-1937 жылдары тең дәрежелі жаңа комиссия құрылып, ол тұңғыш рет Қазақстан-Өзбекстан шекарасының үлкен  бөлігін принципті түрде келістірген оның нәтижесін Қазақ КСР және Өзбек КСР Жоғарға Кеңестері өз қаулыларымен бекіткен. Алайда бұл келісушілік те заңдық тұрғыда аяқталу деңгейінде болмаған, өйткені, ол одақтық деңгейде бекітілмеген. Іс жүзінде бұл шекарада  әу бастағы бұлдырлық қала беріп, ол кезекті шекаралық және шарауашылық дауларын туындатқан. 1940 жылы қазақ жағы 1936-1937 жылдарғы тең дәрежелі комиссияның қазақ бөлігіндегі мүшелерге қатысты репрессияларға ұласқан /44/.

Ұлы Отан соғысы жылдары шекара мәселесін қайта қарау кейінге ығыстырыла түсті. Өйткені ондағы бірінші кезектегі мәселе соғыс мұқтаждықтарын қанағаттандыру болатын. Осы көзден бастап КСРО ыдырағанға дейін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара үш рет ірі өзгерістерге ұшырады. Олар 1956 жылғы, 1963 жылғы және 1971 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Қазақ КСР-і және Өзбек КСР-іарасындағы шекараны ішінара, өзгерту туралы» жарлықтары арқылы жүзеге асқан болатын. Бұлардың әр қайсысы да тарихта зор маңызға ие. Әрбір өзгерту кейінірек үлкен даулар туғызды. Біріншісі 1956 жылы жүзеге асқан болатын. Ол мынадай құжаттар арқылы заңдастырылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ КСР құрамынан Бостандық ауданы және Мырзашөл жерінің бір бөлігін Өзбек КСР құрамына беру туралы қаулысы», Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақ КСР-нен берілген Бостандық ауданын және Мырзашөл жерінің бір бөлігін Өзбек КСР құрамына қосу туралы Жарлығыә және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылғы 13 ақпанындағы «Қазақ КСР және Өзбек КСР арсындағы шекараны ішінара өзгерту туралы» Жарлығы /45/.

1956 жылғы 15 наурызда  Газлыкент ауылында толтырылған Қазақ КСР-нен Өзбек КСР-не Бостандық ауданы мен Бетпақдаланың бір бөлігін беру туралы Қазақ Кеңестік Соцалистік Республикасы мен Өзбек Кеңестік Соцалистік Республикасы комиссияларының хаттамасы толтырылған. Хаттама ОҚОММ-ның 121-қоры, 8-тізімдеме, 281-іс, №49а бумасында түпнұсқа  түрінде сақтаулы тұр. Енді Хаттаманың ішіне үңілейік.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылдық 13 ақпанындағы «Қазақ КСР мен Өзбек КСР арасындағы шекраны ішінара өзгерту туралы» толық құрамы мынадай: Байғалиев Р.Б. (Комиссия төрағасы), Қазақ КСР кеңшарлар министрінің орынбасары жолдас Арыстанбеков Х., Қазақ КСР ауылы шаруашылығы министрінің орынбасары жолдас Забежанский Н.Х., Оңтүстік Қазақстан облаткомның төрағасы жолдас  Оспанов К.Р. және Қазақ КСР-нің ауыл шаруашылық Министрлігінің жерге орналасу басқармасының бастығы жолдас Шереметоев В.А..,  ал Өзбек КСР-і Министрлер кеңесінің басқару комиссиясы толық құрамы мынадай: Өзбек КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары жолдас Абдурахманов А.А. (комиссия төрағасы),  Ташкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары жолдас Мырзабеков Г.Г.,   Өзбек КСР-нің ауыл шаруашылық Министрлігінің орынбасары жолдас Исамұхамедов М.И. Өзбек КСР кеңшарлар министрінің орынбасары жолдас Мангутов Н.М. және Өзбек КСР-нің ауыл шаруашылық Министрлігінің жерге орналасу басқармасының бастығы Кунявский М.Н. болды /46/. Осы 10 комиссия мүшесі қол қойған хаттамада елді –мекеннің қанша өндіріс, оқу және т.б. орындарымен қоса Өзбек КСР-не енгендігі анық көрсетілген. Яғни, былай жазылған:

  1. Бостандыкский район Южно-Казахстанской области Казахской ССР в границах  описанных в приложении к указу Призидума верховного Совета Союза ССР от 13 февраля 1956 года «О частичном изменении границы между Казахской ССР и Узбекской ССР, земельной площадю в 4180 квадраттых километров.

В составе района передаются 16 колхозов, Бостандыкская и Южная машинно-тракторные станций, консервный, маслобойный и мраморный заводы, Актамское рудоуправление, Бричмуллинский и Чирчикский лесхозы с местью лесничествами, райпромкобинат,  артели промысловой коопераций «30 лет Октября» и «Кенес», 51 школа Министерства просвещения КазССР, 24 культурно –просветительных учреждения, 32 лечебно –профилактических учреждения, бани, электростанций, гостиницы и другие комунальные предприятие и другие учреждения, предприятия и организации, находящеся на территории района.

Все предприятия и хохяйственные  организации передаются с баланса соответствующих министерств и ведомств Казахской ССР на баланс министерством и ведомствам Узбекской ССР по состояни на 1-е января 1956 года со всеми планами производства, заготовок и государственных поставок и закупок, лимитами труда и зарплаты и фондами материально –технического снабжения.

Прием и передаче должны быть закончены до 1 мая 1956 года.

2. Часть земель Голодной степи, площадью 4901 квадратный километр, в гараницах, описанных в приложении к указу Президума Верховного Совета Союза ССР от 13 февраля 1956 года, с каракулеводческим совхозам имени Тимирязева.

Передаче и прием совхоза производится Министерствами совхозов Казахской ССР «Узбекской ССР по состоянию на 1-е марта 1956 года.

3. Техническое оформление границ в натуре по Бостандыкскому району и Голодной степи, согласно описанию, изложейному в приложений к указу Президума Верховного Совета СССР от 13 февраля 1956 года, должно  быть произвежено Южно –Казахстанским и Ташкентским областными управлениями сельского хозяйства до 1-го июня 1956 года.

4. Настоящий пртокол соглазшен на сессии Бостандыкского районного Совета депутатов трудящихся 15 марта 1956 года /47/.

Міне, осылайша КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақ және Өзбек КСР-лері арасындағы шекараларды  ішінара өзгерту туралы» жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының  орталығы Газылкент ауылында орналасқан Бостандық  ауданы Өзбек КСР-інің құрамына берілді /48/.

Бостандық ауданының Өзбек КСР-не өту тегіннен тегін орнаған процесс емес. «Өткен ғасыр ортасында Өзбекстанға өтіп кеткен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бостандық ауданның тағдырына араласып, сол кездегі үкіметтік комиссияның құрамында болған бұл күні көзі тірі жалғыз куәгер бар. Ол – профессор, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, бүгінде зейнеткер Хайдар аға Арыстанбеков. 1954-1957 жылдары Қазақ КСР-і кеңшарлар министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Хайдар аға сол жылдардың сойқанын еске ала отырып, «тастанды қандастырымның зары әлі құлағынан кетпейді» дейді /49/.

Қазақ КСР-нен Бостандық ауданының Өзбек КСР-не өту себебін Хайдар Арынбеков ақсақал 2002 жылдың мамырында Жас Алаш газетіне берген сұхбатында былайша түсіндіреді. Алдымен өзбектер Бостандықты сұрап Мәскеу жаққа хат берген. Ол кезде Өзбек КСР-нің бірінші хатшысы Мұхитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты.

«Біріншіден, Қазақстан бұл ауданға Ташент арқылы қатынайды (Жол жоғы рас-тұғын. Тауды айналып, Өзбекстан арқылы баратынбыз). Екіншіден, мақта саламыз, мал көбейтеміз, экономиканы көтереміз, т.б…. Қысқасы, өзбектер осынау шұрайлы өлкемізді әйтеуір бір сылтаумен қолға түсіргенше асықты /50/. Сонан соң құрамында жеті адам бар –Ж.Ташенов, М.Бейсебаев, С.Дәулетов, Х.Арыстанбеков, А.Морозов, В.Богасов және  В.Шереметьев қол қойған комиссия мүшелерінің хаты Орталық Комитетке жол тартады. 1955 жылдың 1 маусымында жазылған бұл хат жөнінде Х.Арыстанбеков былай дейді:

«Өзбек КСР-не Мақтаарал ауданының кейбір бөліктерін беруге келісеміз, ал Үкіметтің Бостандық ауданын беру туралы өтінішін негізсіз деп санаймыз деп атап көрсетіп, хат жаздық. Алайда Шымкент облыстық атқару комитетінің төрағасы боп істейтін арамыздағы А.Морозов хат соңына: Согласен с пунктами 1,2 и 4 что касается Бостандыкского района считаю целесеобразным еще раз обсудить этот вопрс и провильно было бы решить о передачи его в состав Узбекской ССР» деп жазып, бізбен толық келіспейтінін білдірді. Ол өзі сондай бірбет, Мәскеудің ғана ыңғайымен жүретін адам еді/51/.

Қазақтар жағының бірлесіп жазған хатына Орталықтың жауабы кешіктірле түседі. Көп ұзамай Н.С.Хрущевтің бұйрығы бойынша Бостандық ауданы ұланғайыр территориясымен, 360-370 мыңдай қолымен қоса Өзбек КСР-нің иелігіне өтеді.  Х.Арыстанбеков былайша еске алады:

«-Ол күнді еске алу маған өте ауыр… (күрсінді). Құжаттарға, картаға қол қоюға барғанбыз. Өзбектер сол жерге түскі ас дайындапты. Менімен бірге барған 3-4 қазақ «Тамақ ішпейміз, кетеміз» деп Бостандық аудандық атқару комитетінен шығып бара жатқанымызда таяқ сүйенген қазақтың екі шалы алдымыздан шығып:

-Шырақтарым-ау, не істедіңдер? Бізді қайда тастап бара жатырсыңдар?! –дегенде, мен шыдамай жылап жібердім…/52/.

Бұл жерде тағы да бір айта кетерлік жай бар. Оңтүстік қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы А.Церклевичтің осы облыстық мәслихаттың хатшысы О.Рахманбердиевке 2000 жылғы 15 ақпандағы №24-9-2/35 хатында мынадай сөздер бар: На ваше письмо №2105.21.01.2000г сообщаем : Согласна указа Призидума Совета СССР от 13.02 1956г о частичном изменение границы между Казахской ССР и Узбекской ССР 1023,0 тыс. га земель, в том числе Бостандыкской район -522,6 тыс. га /53/. Яғни, оның мәліметінше Бостандық ауданынан 522,6 га жер Өзбек КСР-не беріліп кеткен. Ал бұл мәліметке Қазақстан Республикасы мен Өзбек Республикасы арасындағы шекараны делимитациялау жөніндегі комиссияның мүшесі, кезінде Сарыағаш ауданында басшылық қызмет атқарған Н.Сейтжапаров қарсы шығады. Ол бұл мәселе жөнінде Жас Алаш газетіне берген сұқбатында былай дейді:

« -Бұл анықтама қате берілген. Шешім бойынша Бостандық ауданының барлығы 540 мың гектар жерінен 418 мың гектар жер бауырлас елге берілді. Ал қалған 121 мың гектары Қазақстанда қалсын деген шешім бойынша ол жер бізде қалды. Кезінде оны Жамбыл облысы, қазіргі Қазығұрт пен Төле би ауданы пайдаланып отыр» /54/. Біз көбіне кейінгі мәліметке тоқталамыз. Ол жер ресурстары мен тікелей айналасатын А.Церклевич өз мәліметін қайдан алды екен? Айтарлықтай лауазымды азаматтың өз деректерін аспаннан алмаған рас болса керек. Ол да бір сенімді деректергес сүйенген шығар. Бүгінде ол өз позицияларын қорғай алмайды. Өйткені жүйке ауруына шалдыққан екен.

Бостандықты алған өзбектердің қуаныштарында шек болмады. Мұны қазақ халқының өздеріне көрсетілген сыйы деп қабылдады. Барлық баспасөз беттерінде осындай бағытта дәріптеліп жатты. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі комиссиясының депутаттары қазақ халқына мынадай жолдау жазған болатын:

«Дорогие товарищи! На земле подаренных вами мы создадим новые  колхозы и совхозы. Мы позаботимся, о том. Чтобы ярче рацвели на этих землях хлопковые поля, зазеленили сады и виноградники. Мы воздвигнем новые здания школ и здравниц. Благородный узбекский народ никогда не забудет о великодушии и добрате, которые проявили трудящиеся социолистического Казахстана» /55/.

Осылайша Қазақ КСР өкілдерінің бір ауданының жерін Өзбек КСР-не «сыйға» беруі өзбекстандықтар тарапынан зор ықыласқа ие болды.

Арада уақыттар сырғып 1963 жыл  да келді. Осы жылы да шекара тарихында зор маңызға ие болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 26 қаңтардағы Киров, Мақтаарал ауданын және Қызылқұм ауданының Қызылқұм және Шымқорған ауылдық кеңесін Өзбек КСР-нің құрамына беру, Киров ауданының Жаңашардара, Шардара  ауылдық кеңестері және Сырдария қалалық поселкесін Қызылқұм ауданына беру туралы жарлығы /56/ жариялады. Бұл жолғы жарлық тіпті, сойқан болды. Содан үзінді келтіре жөн санап отырмын.

Указ.

     Президума Верховного Совета Узбекской ССР «О включении части терртории  Южно-Казахстанского края Казахской ССР состав Узбекской ССР.

Президум Верховного Совета Казахской Советской социалистической Республики своим указом от 26 января 1963 года передал в состав Узбекской ССР массивы похотных и пастбищах земель Чимкентской и Кзыл Ординской областей Южно-Казахстанского края общей площадью 3663 тысячи гектаров и располаженные на этих землях колхозы, совхозы Пахта-Аралского  и Кировского колхозно-совхозных управлении, а также все учреждения, предприятия и организаций, находящиеся на территории передаваемых земель.

Этот виликодушный   акт  трудящиеся Узбекстана воспринимает с чувством большой радости  и сердечной блогодарности народу братского Казахстана /57/.

Енді осы шекара бөлінісінің себебіне келейік: Осы кезде сессия төрағасы Қонаев болатын. Артынша Мұхитдинов саяси бюроға мүше боп Москваға ауысты . Оның орнын Ниязов басты. Осы кезде бір нәрсеге мән беру керек. Ниязов өндіріс академиясында Хрущевпен бірге оқыған. Бұл –бір. Ал Жоғарғы Кеңеске төрағалыққа Насреддинова келе қалды. Хрущев Насреддинова не айтса да өлетін. Ел аралауға шыққанда екеуі машинаға бірге мініп, бірге түсіп жүретін еді. Содан олар: «мынау Мақтаарал, Киров Ричевский – мақталы аудандар, қазақтар мұның бәріне Ташкент арқылы келеді. Осы жерлерді бізге беріңдер деп тағы мәселе қойды /58/.Сонда қазақ халқының жанашыр қайраткерлері бұған қарсы шығады. Олар «Бұл Қазақстанның негізгі мақта өсіретін аймақтары,  мұны беруге болмайды» деп шешім шығарады. Бұған Хрущев «Біз Украинаға бүкіл Қырымды беріп жібердік. Ал сендер бір –екі аудан үшін…» деп айқаймен тойтарыс береді.

Үш ауданның жерлерін өздеріне қаратқан Өзбек КСР-нің басшылығы өлкелерде -әкімшілік –аумақтық өзгерістер жүргізіп жіберді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы «Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің территориясының бір бөлігін Өзбек КСР-нің құрамына беру туралы» Жарлығында былай делінген:

Жалпы мемлекеттік мүдені негізге ала отырып, Мырзашөл даласындағы жерлердің бытыраңқылығын жою, бұл жерлерді мақта және басқа ауылшаруашылық өнімін өндіруді ұлғайтуға шаруашылық жағынан жедел игеру және анағұрлым тиімді пайдалану мақсатымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президумы қаулы етеді.

Шымкент облысының жалпы жер көлемі 959 мың гектар Киров және Мақтаарал аудандары, Қызылқұм ауданының Қызылқұм және Шымқорған селолық Кеңестері сондай-ақ Өзбек КСР-і ұзақ уақыт пайдаланып келген Шымкент облысының 1554 мың гектар және Қызылорда облысының 1550 мың гектар жайылымдық жері Өзбек КСР-нің құрамына берілсін.

Указ 1963 жылғы 1 февральдан бастап күнінен енеді /59/. Жарлық соңына Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  төрағасы Ш.Шәріпов пен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының  хатшысы үшін – Президиум мүшесі М.Нұғыманов қол қойған.

Бұл жарлық сол кездегі баспасөз беттерінде кеңінен насихатталып жатты. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының  «Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің территориясы бір бөлігін Өзбек КСР –нің құрамына қосу туралы жарлығында былай делінген.

Қазақстан Кеңестік Социолистік Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Президумы өзінің 1963 жылғы 26 январьдағы указымен Оңтүстік Қазақстан өлкесінің Шымкент және Қызылорда облыстарындағы жалпы көлемі 3,663 мың гектарлық жыртылатын және мал жайылатын жерлерді және осы жерлерге орналасқан Мақтаарал және Киров колхоз–совхоз басқармаларының колхоздарын, совхоздарын, сондай-ақ берілгелі отырған, территорияға орналасқан барлық мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды Өзбек КСР-нің құрамына берді.

Бұл игі ниетті істі Өзбекстаның еңбекшілері туысқан Қазақстан халқына деген зор қуаныш және шын жүректен алғыс айту сезімімен қарсы алды, бұдан Кеңес Одағы халықтарының мызғымас, шын ниеті Лениндік достығынның олардың жан–жақты өзара көмегінің жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Қазақ   КСР территориясының бір бөлігін Өзбек КСР-нің құрамына беру советіне мақта шаруашылығының және халық шаруашылығының басқа да салаларын одан әрі шапшаң қарқынмен дамытуға, партияның ХХII съезі алға қойған міндеттерді ойдағыдай шешуге қызмет ететін болады.

Кеңес Республикасының нығайып, өркендеп келе жатқан туысқандық ынтымағы Камунистік партияның көрегендік лениндік ұлт саясатының аса қуатты техникалық базасын жасау СССР халықтарын бұрынғыдан да тығыз топтастырып және біріктіре беретіні жөніндегі КПСС Программасы қағидасының нақтылы дәлелі болып табылады.

Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Президумы қаулы етеді:

1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының 1963 жылғы 26 январьдағы указы бойынша берілген Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесі территориясының бір бөлігі Өзбектің Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына қосылсын.

2. Қазақ КСР-нен бұл жерлерді, шаруашылықтарды, мекемелер мен ұйымдарды Өзбек КСР-нің құрамына беруге байланысты қажетті шараларды жүзеге асыру Өзбек КСР Министрлер Кеңесіне тапсырылсын/60/.

Бұл жарлыққа Ташкент қаласында 1963 жылдың 28 қаңтарында Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы Я.Насреддинова мен Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Р.Сахибаев қол қойған.

«Халықтар достығы үшін, мемлекет мүддесі үшін» деген Оңтүстік Қазақстан газетіне шыққан мақалада үш аудан жерінің Өзбекстанға берілуі заңды әрекет болды деп жазылған. Онда мырзашөлдіктер үшін су т.б. мәселелердің тапшылығынан бұл жер қазақтарға қарағанда өзбекстандықтар үшін тиімді. Сондықтан да шекараға өзгерліс қоғамдық қажеттікті қанағаттандырып отырғандығы айтылды/61/. Шекарадағы ауыс –түйістерді жағымды жағынан насихаттауға баспасөз құралдары мен партияға жан –тәнімен берілген қайраткерлер көп жұмыстар атқарды. Мәселені жер –жерлерде маркстік –лениндік теория тұрғысында пайымдап, қолдап жатты. Бірақ, бұл өзгеріс қаншама адамның тағдырына тікелей әсер ететін процесс болды.  Оның жағымсыз жақтары да аз болмады.

Жарты жылдан кейін Өзбек КСР-нің Сырдария облаткомның бастығы өз сөзінде: «Прошло полгода с того помятного и волнуюшего дня, когда провительства Казахстана по –братский передало цветущие земли Пахта –Аральского и Кировского районов в состав Узбекской ССР.

Выражая свой сердечные чувства, трудящихся предаваемых районов говорили, что с честью оправдают наказ казахстанцов, будет плечем к плечу с братьями –узбексками вести дальнейщея преобразование Голодной степи, всемирно увеличивать производства «белогозолота»-деп шаттанды /62/.

1971 жылы Өзбекстанға кеткен Қазақ жерлері біраз бөліктері қайтарылды. Ол мынадай құжат пен қаулы –жарлықтар негізінде заңдастырылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 11 мамырдағы «Өзбек КСР-нің Сырдария облысы аумағының бір бөлігін Қазақ КСР-нің  құрамына қосу туралы Жарлығы Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 11 мамырдағы «Өзбек КСР-інің Сырдария облысы аумағының бір бөлігін Қазақ КСР құрамына беру туралы» Жарлығы және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1971 жылғы 28 маусымдағы «Қазақ КСР және Өзбек КСР арасындағы шекараны ішінара өзгерту туралы» № 1832 VIII Жарлығы /63/. Осы Жарлықтарға сәйкес Жетісай, Киров т.б. бірсыпыра жерлер Өзбек КСР-нен Қазақ КСР-не қайтарылды. Бұл да үлкен күреспен  келген жетістік болды.

«Хрущев орнынан алынды. Орнына Брежнев Бас хатшы болды. Қазақстанды Юсупов басқарды. Бірақ ол уақытта жерлердің бәрі беріліп біткен. Артынша Димаш аға қайта билікке келді. Орталық Комитеттің бірінші хатшысы Рашидов ендігі жағдайды түсіне бастады да, қайтадан Мақтаарал, Жетісай аудандардың кейбір бөліктерін қайтарып беруге мәжбүрленді. Бірақ өзбектер бірнеше шаруашылықты алып қалды. Шымқорған атты қаракөл зауыты болатын. Ол дегенің 85 пайыз 1 сортты қаракөл беретін. Ал қаракөл әлемдік рынокта алтынмен пар-пар бағаланды /64/. Шымқорғаннан өзге де бірсыпыра жерлер Өзбек КСР-да қалып қойды. Өйткені 1963 жылы үш аудан жерінде «Сыйға» алған өзбектер 1971 жылға дейін қайта –қайта әкімшілік аумақтық өзгерістер жасап жіберді. Бір аудан жерінің өзін 5-6 бөліктерге бөліп, оларды да өзге аудандармен байланыстырып жіберді. Нәтижесінде бұрынғы көлемінен әлдеқайда аз территориясы қалған аудандар пайда болды. Кейін сол аудандарды қайтару керек болғанда бұрынғы жерлердің жартысына жуығын алып қалуға қол жеткізді.

Өзбекстаннан қазақ жерлерінің ата жұртына қайта қосылуына Д.Қонаевтан өзге Жұмабек Ташенов,  Нұртас Оңдасынов секілді қазақ қайраткерлері зор еңбек сіңірді.

Осы арада мына бір деректі де еске ала кеткіміз келіп отыр. 1960жылы өткен Қазақстанның 40жылдығына Н.Хрущев келем дейді де келмей қалады. Ол келесі жылдың 24 маусымында келеді. Соны Демекең «Ол Сталина до Горбачева»  деген кітабында былайша еске алған екен: «Хрущев был плохом настроении и рано ушел с приема», деп жазады да, оның себебін ашып айтпаған. Ал оның себебі былай болған екен. Қолында арағы бар Хрущев Оңдасыновтың қасына келеді де: «Мақта өсіретін үш ауданды Өзбекстанға беруге үнемі қарсы болушы едің, ертең Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қаулысы алынады»,-деп кекетеді. Сонда Нұрекең: «Мен қазір Қазақстанда басқарам, әлі де қарсы болар едім»,-депті. Неткен жүректілік? Ол бұл кезде Атырау облысын басқаратын. Мұны оның қасындағылар да естіп тұрды ғой. Бірізділік танытып, мәселенің жөнін түсіндірмек деудің орнына әлгілер оған: «Кешірім сұрап, ертең сессияда аудандарды беру туралы ұсыныс жаса»-дейді. Бірақ оған Нұрекең көнбейді /65/.

Ж.Тәшенов те қазақ жерлерінің Өзбек КСР-нен қайта оралуына көп еңбек сіңірді. Әділдік үшін ол да Москва шенеуніктеріне қорықпай қарсы тұра білген. Дегенмен де Кеңес өкіметі кезінде барлық билік тізгінін өз қолына мықтап ұстаған Комунистік  партияның үстемдігі жоғары еді. Сондықтан да оған ешкім де төтеп бере алмады. Соның салдарынан қазақтың көп жері Өзбекстанның құрамында қалып қойды. Ал ақиқат үшін жан –тәнімен күресе білген жандар өкіметтің қырағы саясатына ілігіп кете барды. Осындай қайраткерлерді біз бүгінде қалай құрметтесек те жарасады.
Тағы рефераттар